Банк ішінде төлеудің қауіпсіз әрі жедел тәсілі
Артықшылықтар
Қалай қосылуға болады?
-
1Эквайрингті қосыңыз
Сіз BCC клиенті болсаңыз, эквайрингтің іске қосылғанын тексеріңіз.
BCC клиенті болмасаңыз, қызметті онлайн немесе бөлімшеде қосыңыз -
2BCC QR қызметін іске қосыңыз
Эквайринг аясында QR арқылы төлем қабылдауға рұқсат алыңыз
-
3Комиссиясыз төлем қабылдаңыз
bcc.kz қолданбасы арқылы 0% комиссиямен лезде төлем қабылдауды бастаңыз
FAQ
BCC QR – бұл QR-кодты сканерлеу арқылы төлем жасаудың заманауи тәсілі, ол сауда ақысын картасыз, тек смартфонмен төлеуге мүмкіндік береді.
Сауда ақысын төлеу үшін клиентке bcc.kz қолданбасы орнатылған смартфон ғана қажет. Сатып алушы ЦентрКредит Банкі ұсынған POS-терминалыңыздағы (немесе BCC Pay қолданбаңыздағы) QR-кодты сканерлейді – дайын!
Клиентіңізге ыңғайлы, сізге қосымша табыс, сондай-ақ QR-код арқылы жүргізілген транзакция үшін 0% комиссия түріндегі қосымша пайда.
1. Егер сіз BCC клиенті болсаңыз:
- Өзіңізде банктегі эквайрингтің қосылғанына көз жеткізіңіз
- Өзіңізге көрсетілетін эквайринг қызметі аясында BCC QR арқылы төлем қабылдауды іске қосыңыз
- Комиссиясыз төлем қабылдауды бастаңыз!
2. Егер сіз BCC клиенті болмасаңыз:
- Онлайн немесе бөлімшеде есеп айырысу шотын ашып, BCC-дегі эквайрингті қосыңыз
- Эквайринг аясында BCC QR арқылы төлем қабылдауға рұқсат алыңыз
- Қызметті іске қосып, алғашқы күннен-ақ комиссиясыз төлем қабылдауды бастаңыз !
QR-код арқылы жасалған төлемдер басқа түсімдер сияқты келесі жұмыс күні шотқа түседі.
Эквайринг қызметіміздің клиенті болып саналатын кез келген заңды тұлға. BCC QR-ды пайдалану үшін сізге қосымша жабдық қажет емес, банкіміздің POS-терминалы немесе BCC Pay қолданбасы жеткілікті.
Төлем смартфон арқылы жасалады, ал қабылдау – банктің POS-терминалы немесе сатушы смартфонындағы BCC Pay қолданбасы арқылы жүзеге асырылады.
QR арқылы төлем жасау клиенттің қолындағы картаның түріне байланысты емес, ЦентрКредит Банкінің кез келген картасының иесі болу жеткілікті.
Сізді қызықтыруы мүмкін
Сіздің картаңыз — сіздің ережелеріңіз
«Банк ЦентрКредит» АҚ тарифтеріне жалпы ережелер