Кіру
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Карталар
Карталар
Кредиттік карта
Дебеттік карталар
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға
Балаларға арналған карта
Зейнетақы картасы

TOM / SPOT – кредиттік иықты қолданатын валюта саудасы

Әртүрлі есеп айырысу күндері бар мәмілелерді басқарыңыз
және позиция параметрлерін бақылаңыз

4 есе қолдаумен жасалатын TOM/SPOT мәмілелері деген не?

Бағам айырмасынан еш қиындықсыз табыс табу үшін мәмілелер комбинациясын пайдаланыңыз
TOM

Валютаны сатып алу немесе сату сол күні жүзеге асырылады, ал есеп айырысу келесі күні жүргізіледі

SPOT

Валютаны сатып алу немесе сату сол күні жүзеге асырылады, ал есеп айырысу 2 күннен кейін жүргізіледі

4 есе қаржылай қолдау

Қаржылай қолдау өз капиталыңыздан 4 есе үлкен көлемде позиция ашуға мүмкіндік береді

Артықшылықтары

Мәміле параметрлерін басқару

Тейк-профит – қажетті бағамға жеткенде пайда автоматты түрде бекітіледі. Стоп-лосс – қолайсыз бағам кезінде шығын автоматты түрде шектеледі

Валюталық тәуекелдерді азайту

Stop-out – валюта нарығындағы жоғары құбылмалылық кезінде позицияны қорғауға арналған қосымша механизм.

Формула: TOM/SPOT мәмілесі бағамының 80%-ы

Кез келген уақытта жабу

Позицияны валюталандыру күніне дейін ағымдағы TOM/SPOT бағамы бойынша жабыңыз

Неттинг механизмі

Сатып алу мен сату арасындағы таза айырма бойынша есеп айырысу – қарапайым, ыңғайлы және қаражатты үнемдейді

Комиссиясыз

Ең көп пайда, ең аз шығын

Талаптары

2 500 АҚШ доллары

Мәміле ашудың ең төменгі сомасы

10 000 АҚШ доллары

Сауда-саттықтың ең төменгі сомасы

500 000 АҚШ доллары

Сауда-саттықтың ең жоғары сомасы

USD/KZT, EUR/KZT, RUB/KZT, GBP/KZT

Ұсынылатын валюта жұптары

Күніне 20 операцияға дейін

Мәмілелердің ең жоғары саны

Стоп-лосс және тейк-профит

Тәуекелдерді басқару құралдары

Табыстылық калькуляторы

Кредиттік иық x4
Мәміленің жалпы көлемі
Сатып алу
Сатып алу бағамы
Мәміленің көлемі
Сатып алу сомасы
Бағам көтерілгенде, және сіз валютаны сатасы
Сату бағамы
Мәміленің көлемі
Сатып алу сомасы
Жалпы табыс
Сату сомасы
Сатып алу сомасы
Жалпы табыс
Сіздің табысыңыз

Өз бетінше жабу

Өз бетінше жабу
Валюталандыру күніне дейін позицияны ағымдағы TOM/SPOT бағамы бойынша жабуға болады
Егер позиция жабылмаса, ол жабылған сәттегі онлайн бағам бойынша автоматты түрде жабылады
Банк арқылы автоматты түрде жабу
Егер позиция жабылмаса, ол жабылған сәттегі онлайн бағам бойынша автоматты түрде жабылады
Параметрлер бойынша жабу
Егер тейк-профит немесе стоп-лосс орнатылса, мәміле тиісті бағам деңгейіне жеткен кезде автоматты түрде жабылады

Құжаттар

Нұсқаулық
Толығырақ
Жеке тұлғаларға TOM/SPOT операциялары бойынша салық салу тәртібі
Толығырақ
TOM/SPOT мәмілесін бастау

Жиі қойылатын сұрақтар

TOM/SPOT өтінімін жұмыс күндері Астана уақытымен сағат 10:30-дан 18:00-ге дейін беруге болады.
Мысалы: Егер сіз SPOT мәмілесін сәрсенбі күні жасасаңыз, мәміле бойынша есеп айырысу жұма күні өтеді. Егер SPOT мәмілесі бейсенбі күні жасалса, ол бойынша есеп айырысу дүйсенбі күні жасалады.

Қолжетімді валюта жұптары: USD/KZT, EUR/KZT, RUB/KZT, GBP/KZT.

Ең аз сомасы - 10 000 USD, ең көп сомасы - 500 000 USD

Комиссия жоқ.

Сіз валюталық жұп пен валюталау күнін таңдағанда, жүйе қамсыздандыру сомасы мен Stop out жабу бағамын сізге автоматты түрде есептеп, көрсетеді. Мәміле жасалған сәтте қамсыздандыру сомасы арнайы шотқа есептен шығарылады және мәміле орындалғанға дейін тоқтатып қойылады.


Стоп-аут (ағылш. stop out) – бұл нарықтағы оқиғалар клиент үшін қолайлы сценарий бойынша дамымаған жағдайда, TOM/SPOT мәмілесін мәжбүрлі түрде жабу.

Егер нарықтағы баға Stop out деңгейіне жетсе, Банк клиенттің ықтимал шығындары мен залалдарын қысқарту үшін TOM/SPOT мәмілесін бір жақты тәртіппен жабады.

Есеп айырысу мәмілені валюталау күні өтеді: егер бұл TOM мәмілесі болса, келесі жұмыс күні, ал егер SPOT мәмілесі болса, мәміле жасалғаннан кейінгі екінші жұмыс күні.

Мәмілені жабудың 2 тәсілі бар:

1. Сіз мәмілені жүйе ұсынған бағам бойынша мәміле жасалғаннан кейін кез келген күні немесе Астана қ. уақытымен сағат 16:00-ге дейін есеп айырысу күні қарсы мәмілемен өз бетіңізше жаба аласыз. Мысалы, егер сіз 200 000 АҚШ долларын сатып алуға мәміле жасасаңыз, сәйкесінше, мәмілені жабу үшін жүйе ұсынған бағам бойынша 200 000 АҚШ долларын сатуға мәміле жасайсыз.

2. Егер сіз мәмілені өз бетіңізше жаппасаңыз, онда ол есеп айырысу күні Астана қ. уақытымен сағат 16:00-де қолданыста болатын FX-ақша айырбастаудың онлайн бағамы бойынша автоматты түрде жабылады.

Мәміле FX-ақша айырбастаудың онлайн бағамы бойынша жабылады.

Өтінімдеріңізді өтінімдер тарихынан көруге болады.

Мәміле бойынша есеп айырысу валюталау күні Астана қ. уақытымен сағат 16:00-ден 17:00-ге дейінгі уақыт аралығында жүргізіледі.

Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 388-бабына сәйкес, жеткізілмейтін туынды қаржылық құралдардан түскен табыс жеке табыс салығына (ЖТС) жатады

Сізді қызықтыруы мүмкін

Алтынға инвестиция жасау

Покупайте золотые слитки в отделении банка или оформляйте предзаказ онлайн в мобильном приложении

FX-ақша айырбастау

Выгодные курсы и быстрый обмен
в приложении bcc.kz

Поиск по сайту
Cookie файлдарын баптау
Әрқашан белсенді