bcc plus жазылымымен
төмендетілген комиссия
Акция 30.06.2026 дейін ұзартылды
bcc.kz қолданбасында NYSE және NASDAQ биржаларында тікелей сауда жасау мүмкіндігі бар халықаралық бағалы қағаздар нарығына шығуға болады. Енді клиенттер акциялар мен ETF-терді KASE Global арқылы ғана емес, америкалық биржаларда тікелей иелене алады.
Іске қосылғаннан кейін әлемнің жетекші компанияларының бағалы қағаздарын қоса алғанда, 600-ден астам акция мен ETF сатып алу мүмкіндігі болады. Барлық мәміле АҚШ долларымен жүзеге асырылады және Intraday режимінде өтеді — мәміле орындалған сәттен бастап акциялар мен қаражат бірден қолжетімді болады.
Халықаралық нарықтағы сауда кешкі уақытта жүргізіледі:
- жазғы уақытта — сағат 18:30-дан 01:00-ге дейін (UTC +5)
- қысқы уақытта — сағат 19:30-дан 02:00-ге дейін (UTC +5)
Қазақстандағы ең ірі инвестициялық қор, оған 10 000-нан астам адам қаржы салған.
bcc.kz қолданбасы арқылы Қазақстан қор нарығына бар болғаны 7 ₸ бастап инвестиция салыңыз.
- Кез келген тәжірибе деңгейіндегі инвесторларға арналған әмбебап құрал
- Консервативті стратегияға негізделген теңгерімді портфель
- Инвестиция негізінен тұрақты кіріс құралдарына бағытталған
2024 жылғы кірістілік — жылдық 27,15% (дивидендті қоса есептегенде).
Мақсатты кірістілік — жылдық 19-20%.
bcc.kz қолданбасы арқылы инвестиция жасауға болады. Қызмет көрсету аймағы әлемнің 14-тен астам елін қамтиды.
Салалар: энергетика, қаржы, металлургия, құрылыс, инфрақұрылым
Облигациялар мен акциялар арасында теңгерімді бөлу
Портфельдің негізі:
75%-дан астамы — BBB- және одан жоғары рейтингі бар сенімді эмитенттердің облигациялары
Шамамен 20% — АҚШ, Оңтүстік-Шығыс Азия, Латын Америкасы және Қазақстанның жетекші компанияларының акциялары
Қордың 2024 жылғы кірістілігі — жылдық 15,76% (дивидендті қоса есептегенде).
ЦентрКредит Банкі өз клиенттеріне жаңа инвестициялық құрал – шариғат қағидаттарына сәйкес келетін Қазақстандағы алғашқы Wardat al Hayat инвестициялық аралық пай қорын (ИАПҚ) ұсынады.
Қор ашықтық пен әдеп нормаларына сәйкестікті қамтамасыз ете отырып, тек рұқсат етілген исламдық инвестициялық құралдарды (негізінен сукук) қамтиды.
- Мақсатты табыстылық ≈ 4%-дан жоғары
- Бір пайдың құны– 100$
- Салымды bcc.kz қолданбасы арқылы KASE биржасында салуға болады.
Қордың болжамды табыстылығы — АҚШ долларымен (USD) жылдық 4%.
- Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінде (ҚНРДА) сертификатталған және тіркелген (ISIN KZPF00000900).
- Исламдық инвестициялау қағидаттарын ұстанатын инвесторларға арналған және сенімді құралдарға басымдық беретін консервативті стратегияны ұсынады.
- Инвестициялардың басым бөлігі Таяу Шығыс пен Оңтүстік-Шығыс Азияның жетекші эмитенттерінің тұрақты исламдық бағалы қағаздарына (сукук) бағытталған.
- Қордың негізгі қағидаттары –тек халал активтерге инвестиция салу, міндетті садақа (таза табыстың 1%-ы қайырымдылыққа жұмсалады) және шариғат кеңесі тарапынан қатаң бақылау жүргізу.
Ыңғайлы инвестиция жасаңыз
Бұл қанша тұрады
Шот ашу | Тегін |
Шотқа қызмет көрсету | Тегін |
Валюта | KZT, USD |
Биржа | Жергілікті нарық: KASE, KASE Global Халықаралық нарық: NYSE, NASDAQ |
| KASE/KASE Global | Мәміле сомасының 0,03%-ы Акция: 30.06.2026 дейін 0% |
Сондай-ақ
bcc.kz қолданбасында 1 граммнан басталатын алтын мен күміске онлайн түрде, ал бөлімшелерде 5 грамнан басталатын таза алтын құймасына инвестиция жасауға болады
Облигацияларды теңгемен және доллармен алғаш орналастыруға қатысыңыз
Жиі қойылатын сұрақтар
Брокерлік шот ашу үшін «Инвестициялар» бөлімінде «Шот ашу» батырмасын басып, шарттармен танысу қажет. Деректерді тексергеннен кейін SMS-хабарламаның көмегімен Шот ашуға өтінішке қол қою қажет. Шот ашылғаннан кейін Сізге push-хабарлама келеді.
Брокерлік шотты ашу әдетте бір сағаттан аспайды.
Шотты толықтыру үшін «Инвестициялар» бөлімінде «Толықтыру» батырмасын басып, аударым шот-көзін таңдап, соманы енгізу және «Аудару» батырмасын басу қажет
Ақшаны шығару үшін "Инвестициялар" бөлімінде "Аудару" түймесін басып, аударымды алатын шотты таңдап, соманы енгізіп, "Аудару" түймесін басу қажет.
Шоттан қаражатты шығару үшін «Инвестициялар» бөлімінде «Аудару» батырмасын басып, аударымды есептеу үшін шотты таңдап, соманы енгізу және «Аудару» батырмасын басу қажет
bcc.kz қолданбасы арқылы Қазақстан компаниялары мен әлем алпауыттарының KASE қор биржасында саудаланатын акциялары мен облигацияларын сатып алуға болады. Олардың қатарында: Air Astana, «ҚазАтомӨнеркәсіп», Kaspi.kz, Apple, Amazon және басқалары бар. Сатып алуға болатын облигациялар тізімі қолданбада үнемі жаңартылып отырады.
Акциялар мен облигациялардың құнын bcc.kz қолданбасының «Инвестиция» бөлімінен тікелей көруге болады. Сонымен қатар сауда-саттық және бағалар туралы толық ақпаратты Қазақстан қор биржасының Kase.kz ресми сайтынан білуге болады.
Акцияларға инвестициялардан түсетін пайда екі түрлі болуы мүмкін: күрделі өсім (егер акциялардың құны ұлғайса) және дивидендтер (егер сіз акцияларына иелік ететін компания өз пайдасының бір бөлігін акционерлер арасында бөлуді шешсе). Алайда, акцияларға салынған инвестициялар әрқашан тәуекелдермен ұштасатынын және инвестиция жасамас бұрын компанияны мұқият зерттеу қажет екенін есте ұстаған жөн.
Акция – бұл компаниядағы үлес. Инвестор акция сатып алған кезде бизнестің ортақ иесі болады және оның құнының өсуінен немесе дивидендтен пайда таба алады. Алайда әлеуетті жоғары кірістілікпен бірге тәуекелдер де артады – акция бағасы құбылып тұруы мүмкін.
Облигация – бұл негізінде қарыз беру түрі. Инвестор компанияға немесе мемлекетке белгілі бір пайызбен қарызға ақша береді. Облигациялардың кірісі тұрақтырақ, тәуекелі төмен, ал әлеуетті кірістілігі акцияларға қарағанда азырақ болуы мүмкін. Әрбір құралдың өз мақсаты бар:
- Акция капиталын арттырғысы келетін, тәуекелге дайын жандарға арналған.
- Облигация тұрақтылық пен жүйелі табысты қалайтын жандарға арналған.
Бағалы қағаздарды инвестициялық мақсаттарыңызға және тәуекел деңгейіне қарай таңдаңыз:
- Облигация – төмен тәуекелмен тұрақты табыс алу тәсілі.
- Акция – капитал өсіруге арналған, бірақ құбылмалығы жоғары.
Компанияның сенімділігін бағалаңыз: қаржы көрсеткіштерін, қарыз жүктемесін және төлем тарихын зерттеңіз.
Картадағы банк
Ештеңе табылмады
-
Мүгедек тұлғалар үшін қолжетімді болуы
-
Пандус не требуется
-
Кнопка вызова помощи
-
Тактильная плитка
-
Желтые круги
-
Звуковой маяк
-
Мнемосхема
-
Заниженная касса
-
Адаптированный санузел
-
Банкомат с наклейками шрифта Брайля
-
Парковка
-
Пандус
Ештеңе табылмады
Ештеңе табылмады
Сізді қызықтыруы мүмкін
Шын мәнінде маңызды нәрсеге берілетін кредит
Валюта айырбастауға арналған онлайн платформа