Мерзімінен кешіктірілген берешекті реттеу
Берешекті реттеу шарттары мен тәртібі және төлем жасау қабілеті жоқ қарыз алушыға қатысты қолданылатын шаралар
- Жұмыссыз қалу (қысқартуға ұшырау, өз еркімен жұмыстан шығу);
- Жалақының азаюы/кешіктірілуі, жалақысы сақталмайтын демалысқа шығу;
- Декреттік демалыс немесе бала күтіміне байланысты демалыс;
- Қарыз алушының науқастануына байланысты уақытша еңбекке жарамсыздығы;
- Асыраушысынан айырылу (жақын туыстарының қайтыс болуы, ажырасу және т.б.);
- Өзге де жағдайлар, соның ішінде форс-мажор жағдайлары/төтенше оқиғалар.
- БҚШ бойынша сыйақы мөлшерлемесін төмендету жағына қарай өзгерту;
- БҚШ бойынша ай сайынғы төлемді БҚШ-та белгіленген мөлшерден кемінде елу пайызға азайту;
- шетел валютасымен берілген қарыз бойынша негізгі борыш қалдығы сомасының валютасын Қазақстан Республикасының ұлттық валютасына өзгерту;
- негізгі борыш және (немесе) сыйақы бойынша төлемдерді кейінге жылжыту;
- берешекті өтеу әдісін және (немесе) берешекті өтеу кезектілігін, соның ішінде негізгі борышты басым тәртіппен өтеуге өзгерту;
- қарыз мерзімін өзгерту;
- мерзімінен кешіктірілген негізгі борышты және (немесе) сыйақыны кешіру, тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімпұлдың), комиссиялардың және банктік қарызға қызмет көрсетуге байланысты өзге де төлемдердің күшін жою;
- кепіл берушінің ипотека мәні болып табылатын жылжымайтын мүлікті «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» Қазақстан Республикасы заңының 20-1-бабында белгіленген тәртіппен өз бетінше сатуы;
- БҚШ бойынша міндеттемелерді орындаудың орнына кепілге қойылған және (немесе) өзге де мүлікті банкке беру арқылы бас тарту төлемін ұсыну;
- ипотека мәні болып табылатын жылжымайтын мүлікті БҚШ бойынша міндеттемені сатып алушыға бере отырып сату.
1. Банк мерзімінен кешіктірілген берешектің пайда болғаны туралы хабарлама жіберген күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде Банк бөлімшесінде және/немесе жазбаша нысанда не Банктік қарыз шартында (бұдан әрі – БҚШ) қарастырылған тәсілмен БҚШ талаптарын өзгертуге өтініш беріңіз.
2. 1-қосымшаға сәйкес кірістердің азайғанын және берешекті өтеудің қиындағанын растайтын құжаттарды ұсыныңыз.
3. Банк өтінішті алған күннен бастап 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде Сізге келесі шешімдердің бірі туралы жауап береді:
- БҚШ талаптарына ұсынылған өзгерістермен келісу;
- БҚШ талаптарын өзгерту бойынша өз ұсыныстарын беру;
- БҚШ талаптарын өзгертуден бас тарту себептерінің дәлелді негіздемесін көрсете отырып, бас тарту.
4. Банкте жеке тұлғалардан өтініштерді қабылдау арналары:
- банктің bcc.kz мобильді қолданбасы арқылы; нұсқаулық сілтемеде көрсетілген;
- «Банк ЦентрКредит» АҚ сайты: https://www.bcc.kz/deferral/ (кредиттік алаяқтық бойынша);
- жеке тұлғалардың қолма-қол жеткізуі және/немесе банк бөлімшесіне/құрылымдық бөлімшесіне жеке келуі арқылы;
- электронды пошта (е-mail) арқылы: info@bcc.kz.
Қарыз алушы «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» заңның 61-бабы 3-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасында қарастырылған банк шешімін алған немесе осы Заңның 61-бабы 6-тармағының екінші бөлігінде қарастырылған мерзімде БҚШ талаптарын талаптарының өзгергені туралы өзара тиімді шешімге қол жеткізілмеген күннен бастап үш ай ішінде:
кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты емес қарыз бойынша берешекті сотқа дейін реттеу туралы өтінішпен Банк омбудсманына жүгінуге құқылы.
Банктік қызметтерді көрсету және банктердің, банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың банктік қызметтерді көрсету процесінде туындайтын клиенттердің өтініштерін қарау ережесіне
2-қосымша
Қарыз алушының ТАӘ (атауы) және тұрғылықты жері (орналасқан жері) хабарламаның қалыптастырылған күні (күні, айы, жылы)
Банктің интернет-ресурсында және (немесе) мобильді қосымшасында орналастырылған ақпарат
Егер қарыз алушы жеке тұлға болған жағдайда, ол Банктік қарыз шарты (бұдан кейін – Шарт) бойынша міндеттемені орындауды мерзімінен кешіктірген күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде Банкке келіп және (немесе) жазбаша нысанда немесе Шартта көзделген тәсілмен Шарт бойынша міндеттемені орындауды мерзімінен кешіктірудің туындау себептері туралы мәліметтерді қамтитын өтінішті, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы заңының (бұдан кейін - Банктер туралы заң) 36-бабының 1-1-тармағына сәйкес оның Шарт талаптарына өзгерістер енгізу туралы өтінішін негіздейтін табыстары мен басқа да расталған жағдайлар (фактілер) туралы мәліметті ұсынуға құқылы.
Бұл кезде Банктер туралы заңның 36-бабының 1-1-тармағында көзделген қарыз алушы-жеке тұлғаның өтінішін алған күннен кейін он бес күнтізбелік күн ішінде, Банк қарыз алушы-жеке тұлға Шарттың талаптарына жазбаша нысанда немесе Шартта көзделген тәсілмен ұсынған өзгерістерді қарайды, қарыз алушы - жеке тұлғаға:
1) Шарттың талаптарына ұсынылған өзгерістермен келісімі;
2) Шарттың талаптарын өзгерту жөніндегі өз ұсыныстары;
3) осылай бас тарту себептерінің дәлелді негіздемесін көрсете отырып, Шарттың талаптарын өзгертуден бас тартқаны туралы хабарлайды.
Банктің Шарт талаптарын өзгертуден бас тарту туралы шешімін алған жағдайда немесе Шарт талаптарын өзгерту туралы өзара тиімді шешімге қол жеткізбеген жағдайда, қарыз алушы-жеке тұлға Банктің шешімін алған күннен бастап 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде Банкке бір мезгілде хабарлай отырып, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне хабарласуға құқылы.
Қарыз алушы Банктер туралы заңның 36-бабының 2-тармағына сәйкес Шарт бойынша төлемдерді, оның ішінде мерзімінен кешіктірілген берешекті төлеу қажеттілігі туралы Банктің талаптарын қанағаттандырмаған жағдайда, Банктер туралы заңда көзделген шектеулерді ескере отырып, Банк ақшадан, оның ішінде Қарыз алушының банктік шоттарында бар төлем талаптарын қою арқылы (егер осылай өндіріп алу Шартта айтылған болса) даусыз тәртіппен өндіріп алуға құқылы.
Қарыз алушы Банктің шарт бойынша төлемдерді, оның ішінде мерзімінен кешіктірілген берешекті төлеу қажеттілігі туралы талабын қанағаттандырмаған, сондай-ақ қарыз алушы-жеке тұлғаның Банктер туралы заңның 36-бабының 1-1-тармағында көзделген құқықтарды іске асырмаған немесе қарыз алушы-жеке тұлға мен Банк арасында Заңның 36-бабының 2-1-тармағына сәйкес Шарт талаптарын өзгерту жөнінде келісім болмаған жағдайларда, Банк қарыз алушыға қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасында және (немесе) Шартта көзделген шараларды қолдануға, соның ішінде, бірақ онымен шектелмей, берешекті сотқа дейін өндіріп алу және реттеу үшін коллекторлық агенттікке беруге (Банктің Шартта осындай құқығы болған жағдайда), заңның 36-1-бабының 4-тармағында көрсетілген тұлғаға Шарт бойынша құқықты (талапты) табыстауға, Шарт бойынша борыш сомасын өндіріп алу туралы сотқа талап арызбен хабарласуға, сондай-ақ «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» Қазақстан Республикасы заңында көзделген жағдайларды қоспағанда, кепілге салынған мүлікті соттан тыс тәртіппен немесе сот тәртібімен өндіріп алуға құқылы.
- Тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) есептеу;
- ҚР заңнамасының талаптарына сәйкес қарыз алушының банктік шоттарындағы ақшаға даусыз тәртіппен, оның ішінде төлем талабын қою арқылы өндіріп алуды қолдану;
- Берешекті сотқа дейін өндіріп алуға және реттеуге коллекторлық агенттікке беру;
- Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында қарастырылған жағдайларды қоспағанда, қарыз алушының банктік шоттарындағы ақшадан өндіріп алуды қолдану;
- «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» заңның 63-бабында белгіленген талаптарды сақтай отырып, БҚШ бойынша құқықты (талапты) табыстау;
- Банктің ішкі нормативтік құжатында, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында және БҚШ-та қарастырылған өзге де шараларды қолдану.
Ақпараттық хабар
Ондаған жолданымның орнына бір сервис: Қазақстанда кредиттер бойынша борыштарды реттеуге арналған платформа іске қосылады
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Бірінші кредиттік бюромен бірлесіп кредиттер бойынша берешекті реттеуге арналған finkelisim.kz бірыңғай цифрлық платформасын әзірледі. finkelisim.kz цифрлық платформасы медиация тәртібімен «бірыңғай терезе» қағидаты бойынша банк және микроқаржы омбудсмандары негізінде 2026 жылғы 1 шілдеден бастап жұмыс істей бастайды.
Платформа кімдерге арналған?
Жаңа сервис бір уақытта бірнеше кредитор - банктер, микроқаржы ұйымдары не коллекторлық агенттіктер алдында тұтынушылық кепілсіз кредиттер, яғни мүлік кепілімен қамтамасыз етілмеген кредиттер бойынша мерзімі өткен берешегі бар азаматтарға арналған.
Енді қарыз алушыға берешекті реттеу мәселелері бойынша әрбір кредиторға жеке-жеке жүгіну қажет болмайды. Ол finkelisim.kz платформасында олардың алдында міндеттемелері бар барлық кредитор қарайтын бір өтініш бере алады.
Медиатордың қызметтерін қоспағанда, қарыз алушының ұжымдық реттеу рәсіміне қатысуы тегін. Бұл ретте 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін медиатордың қызметтеріне төленетін шығыстар банк және микроқаржы омбудсмандарының есебінен өтелетін болады.
finkelisim.kz платформасы қарыз алушының барлық кредитор алдындағы берешегі туралы мәліметтерді автоматты түрде жинайды және жолданымды қарауға қажетті ақпаратты қалыптастырады.
Жолданымды қарау және кредиторлармен талаптарды келісу нәтижелері бойынша қарыз алушыға 5 жылға дейінгі мерзімге, ал халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын азаматтар мен атаулы әлеуметтік көмек алушылар үшін 7 жылға дейінгі мерзімге берешекті өтеудің бірыңғай кестесі ұсынылуы мүмкін.
Платформада кімдер өтініш бере алады?
Платформада өтінішті бір уақытта мынадай өлшемшарттарға сәйкес келетін қарыз алушы бере алады:
- екі және одан да көп кредитор алдында кредиттер бойынша 90 күнге және одан да астам күнтізбелік күнге созылған мерзімі өткен берешегі бар;
- кредиттер бойынша жиынтық берешек 150 АЕК- 1 600 АЕК, яғни 2026 жылы 648 750 - 6 920 000 теңге аралығында болады;
- берешек бойынша өндіріп алу туралы сот актілері, нотариустың атқарушылық жазбалары және мәжбүрлеп өндіріп алудың өзге де шаралары жоқ.
Бұл ретте ұжымдық реттеу рәсіміне мынадай қарыздары бар қарыз алушылар қатыса алмайды:
- ипотекалық қарыздар;
- автокредиттер;
- кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты банктік қарыздар немесе микрокредиттер;
- алаяқтық жолмен ресімделген кредиттер;
- заңнамаға сәйкес мерзімді әскери қызмет өткеретін қарыз алушыларға төлемдерді кейінге қалдыру берілген кредиттер;
- медиация тәртібімен дауды реттеу туралы келісім қолданыста болған кредиттер;
- төлем қабілеттілігін қалпына келтіру, соттан тыс немесе сот банкроттығы рәсімдері қолданылатын берешек.
Платформада қарыз алушының өтінішін қарау рәсімі қалай өтеді?
- Ең алдымен қарыз алушы өзінің жеке басын растау және бөгде адамдардың өтініш беруін болдырмау үшін платформада тіркеуден, соның ішінде биометриялық сәйкестендіруден өтуі керек. Содан кейін ол берешекті реттеуге өтініш береді.
- Бұдан әрі платформа кредиттік бюроның деректері бойынша қарыз алушының ұжымдық реттеу шарттарына сәйкес келетіндігін автоматты түрде тексереді.
- Егер қарыз алушы белгіленген шарттар мен өлшемшарттарға сәйкес келсе, платформа реттеу аясына енгізілуі мүмкін кредиттер тізімін жасайды және бұл ақпаратты кредиторларға жібереді.
- Кредиторлар қарыздар бойынша мәліметтерді тексереді және берешек мөлшерін растайды. Осыдан кейін платформада қарыз алушыға қол қою үшін құжаттар жіберіледі: омбудсманның шешімі бар хаттама, қарызды өтеудің бірыңғай кестесі, медиатормен шарт, сондай-ақ әрбір кредитормен медиативтік келісімдер.
- Қарыз алушы ұсынылған шарттармен танысып, платформада 72 сағат ішінде құжаттарға қол қоюға тиіс. Егер осы мерзімде құжаттарға қол қойылмаса, бұл реттеу рәсіміне қатысудан бас тарту болып саналады.
- Құжаттарға қол қойылғаннан кейін кредиторлар реттеу рәсіміне енгізілген кредиттер бойынша берешекті өндіріп алуды тоқтата тұрады.
- Бұдан кейін қарыз алушы бірыңғай кесте бойынша төлемдерді енгізеді, ал платформа ақшаны берешек мөлшеріне теңбе тең кредиторлар арасында бөледі.
- Ұжымдық реттеу рәсімін қолдану және оның аяқталуы туралы ақпаратты кредиторлар кредиттік бюроларға жіберетін болады.
- Егер қарыз алушы қол қойылған келiсiмдердiң шарттарын орындамайтын болса, кредитор төлемдердiң 40 күн мерзiмi өткеннен кейiн заңдарда белгiленген тәртiппен берешектi өндiрiп алуға құқылы.
- Бұл ретте қарыз алушының берешекті ұжымдық реттеу рәсіміне қайтадан қатысуына жол берілмейді.
- Кредиттер бойынша мiндеттемелердi орындауға мүмкiндiгi жоқ қарыз алушылар «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабiлетiн қалпына келтiру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген шарттарға сәйкес келген кезде соттан тыс банкроттық рәсiмiн қолдануға өтiнiш беру туралы мәселенi қарауға құқылы.
- Жеке тұлғаның соттан тыс банкроттығына өтініш беру тәртібімен egov.kz электрондық үкімет порталында https://egov.kz/cms/kk/services/economics/pass_P1_mf сілтемесі бойынша танысуға болады.
Берешекті өтеудің бірыңғай кестесі қалай қалыптастырылатын болады?
Бірыңғай кесте қарыз алушының берешегінің жалпы сомасын ескере отырып қалыптастырылатын болады.
Жалпы шарттарда қарыз алушылар үшін:
- жиынтық берешек 1 млн теңгеге дейін болған кезде ең жоғары ай сайынғы төлем 12 ай мерзімге 84 мың теңгені құрайды;
- 5-7 млн теңге аралығындағы жиынтық берешек кезінде ең жоғары ай сайынғы төлем 60 ай мерзімге 117 мың теңгені құрайды.
Халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын қарыз алушылар мен атаулы әлеуметтік көмек алушылар үшін неғұрлым жеңілдетілген жағдайлар көзделген:
- жиынтық берешек 1 млн теңгеге дейін болған кезде ең жоғары ай сайынғы төлем 18 ай мерзімге 56 мың теңгені құрайды;
- 5-7 млн теңге аралығындағы жиынтық берешек кезінде ең жоғары ай сайынғы төлем 84 ай мерзімге 84 мың теңгені құрайды.
Кеңес алу үшін байланыс нөмірі: +7 727 244 2254
Мерзімінен кешіктірілген берешекті реттеу бойынша байланыс тұлғаларының тізімі
Жеке тұлғалардың мерзімінен кешіктірілген берешегі бар қарыздарына қызмет көрсетуге қатысты сұрақтар мен жауаптар
Қайта құрылымдау – БҚШ талаптарын өзгерту: мерзімін ұзарту, төлем мерзімін кейінге қалдыру, жеңілдік кезеңін ұсыну, өтеу кестесін өзгерту, сыйақы мөлшерлемесін немесе өтеу кезектілігін төмендету, соның ішінде қосымша кредит ресурстарын бөлу және т.б.
Банк мерзімінен кешіктірілген берешек пайда болған күннен бастап он күнтізбелік күннен кешіктірмей, БҚШ-та қарастырылған тәсілмен, сондай-ақ ақпараттандыру объектілері арқылы жеке тұлға-қарыз алушыға ақшалай міндеттемелерді орындау мерзімінің кешіктірілгені туралы жазбаша хабарлауға міндетті.
Қалалық телефон нөмірлері
+7 727 244 22 54
+7 727 244 30 30 (3-тармақты таңдаңыз)
Қысқа телефон нөмірлері
Жеке тұлғаларға: 505 (3-тармақты таңдаңыз)
Заңды тұлғаларға: 605 (3-тармақты таңдаңыз)
Жеке тұлғалар: +7 747 111 1505 (7-тармақты таңдаңыз)
Заңды тұлғалар: +7 747 111 1605 (9-тармақты таңдаңыз