Мөлдір, икемді әрі тез
Банк ЦентрКредитте Қазақстанда несие алуға болады – Алматы, Астана (Нұр-Сұлтан), Павлодар, Ақтөбе, Өскемен, Ақтау, Шымкент, Қарағанды, Тараз және басқа да қалаларда. Біз бірнеше несие бағдарламаларын тиімді мөлшерлемелермен ұсынамыз және клиенттерге кеңес беру қызметін көрсетеміз.
Біздің банкте келесі несиелерге өтініш бере аласыз:
Бұл – тұтынушылық бағдарлама, оның аясында кепілсіз, табыс туралы анықтамасыз және несие мақсатын көрсетпей-ақ, банктік несие алуға болады. Сізге тек төлқұжат қажет – өтінім 15 минут ішінде қаралады.
Онлайн өтінім арқылы кепілсіз несие алуға зейнеткерлер де өтініш бере алады (жасы – 68-ге дейін).
Бұл – тұрғын үйді сатып алу немесе оны салу үшін жеке тұлғаларды несиелендіру. Сонымен қатар, біз басқа банктерден алынған ипотекалық несиелерді қайта қаржыландырудың тиімді шарттарын ұсынамыз.
Біздің банкте бұл ақшалай несиені несие мақсатын көрсетпей-ақ алуға болады. Несие төлем қабілеттілігін талдаусыз, жылжымайтын мүлік, депозит немесе ақшалай кепілдеме ретінде беріледі. Мерзімі – 3 айдан 120 айға дейін.
Сіз автокөлік сатып алуға несие алуға өтініш бере аласыз. Банк ЦентрКредит жетекші автодилерлердің серіктесі болып табылады және автосалоннан жаңа немесе қолданыстағы көлікті сатып алу үшін тиімді шарттар ұсынады. Мерзімі – 7 жылға дейін. Несие сомасы көлік құнының 90%-ына дейін жабылады. Сондай-ақ, біз жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламаларын жүзеге асырамыз.
Несиелік өтінімді рәсімдеудің ең оңай және жылдам тәсілі – біздің сайтымызда онлайн өтінішті толтыру. Қажетті ақпаратты көрсетіп, банк маманының қоңырауын күтіңіз. Егер сұрақтарыңыз болса, 505 нөмірі бойынша хабарласыңыз немесе WhatsApp, Telegram немесе онлайн-чат арқылы хабарлама қалдырыңыз.