#TabysCard – өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған карта
Өзін-өзі жұмыспен қамтудан түскен кірісті арнайы картаға алыңыз және күнделікті шығыннан кешбэк қайтарып алыңыз
#TabysCard артықшылықтары
Таңдалған санаттарда және bcc club серіктестерінде жасалатын күнделікті саудадан кешбэк қайтарамыз
Клиенттерден, сервистерден және маркетплейстерден төлем қабылдаңыз. Карта өзін-өзі жұмыспен қамтыған жеке тұлғаларға арналған
ҚР кез келген банкінің картасына айына 300 000 ₸ дейін тегін аударымдар
USD немесе EUR шоттарын қосып, валютаны тиімді бағаммен онлайн айырбастаңыз
Бүкіл әлем бойынша банкоматтардан комиссиясыз 1 500 000 ₸ дейін ақша алыңыз
#TabysCard тек цифрлық форматта шығарылады, пластик нұсқасы жоқ
Сауда ақысын смартфон арқылы төлеу үшін Apple Pay, Samsung Pay, Google Pay, Garmin Pay контактісіз төлемін қосыңыз
#TabysCard картасына түсетін қаражат сіздің жеке кәсіптен алған табысыңыз болып саналады. Ол:
тапсырыс берушілерден түсетін табысты карта арқылы қабылдауға
жеке қаражат пен өзін-өзі жұмыспен қамтудан түскен табысты бөлуге
заң аясында және ашық жұмыс істеуге мүмкіндік береді
Ай сайын теңгемен кешбэк алып, табыс табыңыз

#TabysCard ережелері мен шарттары
| Карта класы | Visa Gold |
| Карта түрі | цифрлық |
| Валюта | KZT (негізгі шот), USD, EUR (қосылу кезінде) |
| Картаны шығару | ҚР резидентіне 0 ₸ |
| Ай сайын қызмет көрсету | Тегін |
| Кешбэк | сүйікті санаттарыңызда 10% дейін bcc club серіктестеріне 20% дейін |
| Ай сайынғы кешбэк лимиті | 10 000 ₸ 20 000 ₸ #картакарта болса |
| Картаны қайта шығару | 0 ₸ – жарамдылық мерзімі аяқталғаннан кейін 1 000 ₸ – клиенттің өтініші бойынша |
| Қолма-қол ақша алу | әлемдегі банкоматтарда айына ₸ 1 500 000 дейін – тегін айына 1 500 000 ₸ жоғары – 1%, кемінде 250 ₸ |
| bcc.kz сайтындағы ҚР кез келген банкінің картасына ақша аудару | айына 300 000 ₸ дейін – тегін айына 300 000 ₸ жоғары – 1% кемінде 250 ₸ |
| bcc.kz сайтындағы шетелдік картаға ақша аудару | 0,5% + 500 ₸ |
| SMS хабарламалары | Тегін |
Жиі қойылатын сұрақтар
Өзін-өзі жұмыспен қамтыған — бұл өзіне жұмыс істейтін және ресми түрде әлеуметтік аударымдар мен жарналарды төлейтін адам.
Клиент өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнайы салық режимін таңдай алады және ЖК-сіз, күрделі есептіліксіз заңды түрде жұмыс істей алады.
Өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлға болып келесі талаптарға сәйкес келетін Қазақстан азаматы танылуы мүмкін:
- ЭҚЖЖ тізбесінен өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған қызметті жүргізеді;
- ЖК тіркемей және қызметкерлерді жалдамай жұмыс істейді;
- айына 300 АЕК дейін табыс табады.
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар табысынан келесі төлемдерді төлейді:
міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) – 1%;
жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) – 1%;
әлеуметтік аударымдар (ӘА) – 1%;
міндетті медициналық сақтандыруға (МӘМС) аударымдар – 1%.
Карта KZT негізгі валютасында ашылады және тек сол ғана өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнайы шот болып саналады.
1. bcc.kz қолданбасында тіркеліңіз немесе қолданбаға кіріңіз
2. «Жаңа шот немесе өнім» сілтемесін басыңыз
3. Тізімнен #TabysCard таңдап, «Картаны ресімдеу» батырмасын басыңыз.
Өзін-өзі жұмыспен қамтыған ретінде eSalyq business тегін мобильді қолданбасында тіркелуге болады. Оны App Store, Google Play және App Gallery-ден жүктеуге болады.
- App Store-дан немесе Google Play-ден e-Salyq Business қолданбасын жүктеп алыңыз.
- Қолданбаны ашып, тілді таңдаңыз.
- ЖСН енгізіп, «eGov Mobile арқылы кіру» батырмасын басыңыз
- eGov Mobile бағдарламасында кіруді растаңыз.
- «ӨЖҚ ретінде жалғастыру» (өзін-өзі жұмыспен қамтыған) сілтемесін таңдаңыз.
- Қызмет түрлерін белгілеңіз және «Қосу» батырмасын басыңыз.
Маңызды: өзін-өзі жұмыспен қамтыған мәртебесі бірінші чек берілгеннен кейін пайда болады
- E-Salyq Business қолданбасында тіркеліңіз.
- Басты бетте «Чектер» бөлімін ашыңыз.
- «Чек беру» батырмасын басыңыз.
- Міндетті өрістерді толтырыңыз және «Сомаға чек беру» батырмасын басыңыз.
Келесі чекті беру үшін «Кері қайту» батырмасын басыңыз.