E-mail: Pr@bcc.kz
Басқарушы компанияларға арналған арнайы депозит арқылы үйді күрделі жөндеуге тиімді шарттармен ақша жинаңыз. Сыйақы мөлшерлемесі — 7,5% (ЖТСМ — 7,76%)
- Орналастырудың ең төменгі сомасы: 1 000 теңгеден бастап.
- Орналастыру мерзімі: мерзімсіз.
- Қосымша жарналар: шектеусіз.
- Ішінара ақша алу: тұрғын үй меншік иелерінің хаттамасы (Үй кеңесінің өтінімі) болған жағдайда ғана.
- Сыйақы мөлшерлемесі: 7,5%.
- Сыйақы төлеу: сыйақы салым сомасына қосылады (сыйақыны капиталдандыру).
Салымды жабу: басқарушы компанияның өтініші негізінде және тұрғын үй меншік иелерінің хаттамасы болған жағдайда жүзеге асырылады. Ақша салынған күннен бастап 1 күнтізбелік ай аяқталғанға дейін салым жабылса, сыйақы төленбейді. Ақша салынған күннен бастап 1 күнтізбелік айдан астам уақыт өткеннен кейін салым жабылған жағдайда, сыйақы салым жабылған сәтте қолданыста болатын сыйақы мөлшерлемесі бойынша төленеді.
Назар аударыңыз: сыйақыдан табыс салығы ҚР заңнамасына сәйкес ұсталады.
Бір ұстаушыға тиесілі төлем карталарының ең көп санына қатысты қолданыстағы талаптарға сәйкес, #BusinessCredit картасы клиенттің карталар санына белгіленген лимитті есептеген кезде ескерілмейтінін хабарлаймыз.
Бұл ЦентрКредит Банкінде 4 картаңыз болса да, бизнеске арналған #BusinessCredit кредит картасын ресімдей алатыныңызды білдіреді.
Осылайша, лимитті есептеген кезде банкіміздің мына карта өнімдері ескерілмейді:
— #bccjunior
— әлеуметтік карта
— #businesscredit
«Бір клиентке 4 карта» шектеуі мына карталарға қатысты қолданыла береді:
— стандарт және премиум санаттағы дебет карталары
— кредит карталары
— зейнетақы карталары
— бизнес-карталар (#BusinessCredit картасынан басқа)
#BusinessCredit кәсіпкерлерге бизнеске қажетті тауарлар мен қызметтерді сатып алу үшін қаржыны икемді пайдалануға қосымша мүмкіндік береді.
#BusinessCredit картасы туралы толығырақ ақпаратты ЦентрКредит Банкінің сайтынан, банк бөлімшелерінен немесе дербес менеджерлерден біле аласыз.
Уақытыңызды бағалаймыз, сондықтан кәсіпкерлер үшін Bank CenterCredit қызметтерін бұрынғыдан да ыңғайлы етуді жалғастырамыз. Енді bcc.business серіктесінің жеке кабинетінде (веб-нұсқада және BCC Business мобильді қолданбасында) сауда эквайрингі қызметін пайдаланып жүрген клиенттер үшін жаңа мүмкіндік қолжетімді.
Егер бизнесіңізге қосымша POS-терминал керек болса, бұдан былай банк бөлімшесіне барудың немесе менеджерді күтудің қажеті жоқ. Өтінімді бірнеше минутта онлайн ресімдеуге болады.
Бұл қалай жұмыс істейді? Сізге өтінімді ресімдеудің ыңғайлы екі тәсілі ұсынылады:
- Қолданыстағы шарт аясында жаңа құрылғыны қосу
- Банктің қазіргі тарифтік талаптарына сәйкес жаңа шарт жасау
Барлығы автоматты түрде іске асады, bcc.business сайтына немесе мобильді қолданбасына кіріп, серіктестің кабинетіндегі «Сауда эквайрингі» бөлімінен қажетті опцияны таңдап, өтінімді жіберіңіз. Кеңсеге баруды, қағазбастылықты ұмытып, бизнесіңізді ауқымды түрде дамытыңыз.
Теперь вы можете заключать форвардные сделки онлайн — в новой версии приложения bcc business.
Форвард позволяет заранее зафиксировать курс, сумму и дату валютной операции. Такой инструмент помогает снизить риски, связанные с изменением валютного курса, и заранее планировать расходы по международным контрактам.
Основные условия:
- валютные пары: USD/KZT, EUR/KZT, RUB/KZT;
- сумма сделки — от 100 000 до 50 000 000 долларов США в эквиваленте;
- срок — от 1 недели до 1 года;
- залоговое обеспечение — 10% от суммы сделки;
- без комиссии.
Форвардные сделки позволяют заранее зафиксировать валютный курс и снизить влияние рыночной волатильности, сокращая риск непредвиденных расходов по международным контрактам. Оформление проходит полностью онлайн, без скрытых комиссий, а при необходимости клиенты могут получить квалифицированную поддержку специалистов банка.
Құрметті кәсіпкерлер!
BCC QR арқылы төлем жасауға 0% комиссия қарастырылған акция ресми түрде тұрақты тарифке айналды. Енді банк ішінде QR арқылы жасалатын төлемдерге 0% комиссия әрдайым қолданылады — мерзімсіз әрі жасырын шарттарсыз.
Бизнесіңізге берер артықшылықтары:
- Қаражатты үнемдеу: тұрақты 0% комиссияның арқасында түсімнің 100%-ы өзіңізде қалады.
- Шығынды азайту: банк ішіндегі төлемдер бойынша эквайринг шығыны болмайды.
- Клиенттерге ыңғайлы: BCC.KZ қолданбасы арқылы жылдам әрі қауіпсіз контактісіз төлем жасау мүмкіндігі
Толық ақпаратты bcc.kz сайтынан немесе BCC Business қолданбасынан біліңіз
ЦентрКредит Банкінің эквайрингін қосып, бизнесіңізге барынша тиімді шарттармен төлем қабылдаңыз!
Қазан айы – жылы жүздесулер мен мерекелер айы, сонымен қатар Ұстаздар күні атап өтілетін ай. Осы кезеңде гүл шоқтары мен тәттілерге сұраныс арта түседі. Бизнестің белсенді маусымда табысын арттыруға көмектесу үшін жаңа акцияны іске қосып отырмыз!
Қазан айының соңына дейін төлемдерді артық шығынсыз қабылдаңыз: ЦентрКредит Банкі гүл және кондитерлік бизнес иелері үшін эквайринг комиссиясын 0%-ға дейін төмендетеді.
Бұл ұсыныс кімдерге арналған?
Акция келесі MCC-кодтар бойынша жұмыс істейтін мерчанттарға (жаңа және бұрыннан бар) қолданылады:
• 5992 — флористика;
• 5441 — кондитерлік дүкендер.
Сізге берілетін артықшылықтар:
- POS-терминалдар және BCCPAY арқылы төлемдерді қабылдау бойынша қызмет көрсету тарифі аясында 0% комиссия;
- күзгі мерекелер қарсаңында табысты арттыру мүмкіндігі;
- кез келген банктің карталары арқылы төлемдерді ыңғайлы қабылдау.
POS-терминалды немесе BCCPAY қызметін дәл қазір қосып, осы қазан айын бизнесіңіз үшін барынша табысты айға айналдырыңыз!
Акция 01.10.2026–31.10.2026 аралығында өтеді. Акция Банк карталары және басқа банктердің карталары бойынша жүргізілген операцияларға қолданылады.
Құрметті клиенттер,
2026 жылғы 12 тамыздан бастап кассалық операциялар тарифіне енгізілген өзгеріс күшіне енетінін хабарлаймыз:
8.1.2-тармақ. Рубльмен (RUB) қолма-қол ақша қабылдау – 10%.
Операцияларды жоспарлау және жүргізу барысында жаңартылған талаптарды назарға алуды сұраймыз.
Ынтымақтастығыңызға алғыс айтамыз.
Бірыңғай банкаралық QR-код (ҰТК QR) арқылы төлем қабылдаған кезде арнайы тарифтің көмегімен сауда эквайрингі бойынша комиссияны үнемдеңіз.
Жаңартылған комиссия мөлшерлемелері келесі қызметтер пакеті қосылған барлық клиентке қолжетімді:
- «Оңтайлы+» және «Премиум» пакеттері: 0,2% (қосымша опциямен — 0%).
- «Ультра» пакеті: 0% (қосымша опциямен — 0%).
Арнайы тариф тек ҰТК QR-коды арқылы төлем қабылдауға қолданылады.
ЦентрКредит Банкімен бірге төлем қабылдау барынша тиімді болсын!
Құрметті клиенттер,
2026 жылғы 16 маусымнан бастап кассалық операциялар тарифіне енгізілген өзгеріс күшіне енетінін хабарлаймыз:
8.1.2-тармақ. Рубльмен (RUB) қолма-қол ақша қабылдау - 5%.
Операцияларды жоспарлау және жүргізу барысында жаңартылған талаптарды назарға алуды сұраймыз.
Ынтымақтастығыңызға алғыс айтамыз.
01.06.2026 ж. бастап бизнес-клиенттерге шотты басқа банктің картасынан толықтыру үшін 2% (кемінде 1 000 теңге) комиссия енгізіледі. «Оңтайлы», «Премиум» және «Ультра» пакеттерін қосқан бизнес-клиенттерге қызмет тегін көрсетіледі.
Балаларға арналған дүкендер, ойыншық сататын дүкендер және ойын алаңдары үшін төлем қабылдаудың тиімді талаптарын ұсынатын жазғы акцияны іске қосамыз!
Қатысушылар: MCC кодтары бойынша жұмыс істейтін жаңа және қазіргі мерчанттар: 5641 – балаларға арналған дүкендер, 5945 – ойыншық сататын дүкендер, 7996 – ойын-сауық (мәдениет және демалыс саябағы, цирк)
Акция өткізілетін кезең:
2026 жылғы 1 маусым – 31 шілде
Акция талаптары:
Акция кезеңінде POS-терминал және BCCPAY арқылы төлем қабылдау бойынша 1 000 000 теңгеге дейінгі айналымға 0% комиссия белгіленеді.
Акция Банк карталарымен, сондай-ақ басқа банктердің карталарымен жүргізілетін операцияларға қолданылады.
* 0% жеңілдікті комиссия 1 000 000 теңге шегіндегі айналымға қолданылады. Лимиттен асқан сомаға стандарт тариф есептеледі.
Құрметті клиенттер,
2026 жылғы 21 мамырдан бастап кассалық операциялар тарифіне енгізілген өзгеріс күшіне енетінін хабарлаймыз:
8.1.2-тармақ. Рубльмен (RUB) қолма-қол ақша қабылдау – 0,3%.
Операцияларды жоспарлау және жүргізу барысында жаңартылған талаптарды назарға алуды сұраймыз.
Ынтымақтастығыңызға алғыс айтамыз.
Енді күнделікті бизнес шығыныңыз сізге сыйлық әкелуі мүмкін. 2026 жылғы 1 мамыр мен 30 қыркүйек аралығында Visa ұйымдастырған сертификаттар ұтыс ойынына қатысыңыз!
Қатысушы болу үшін:
- Сауда ақысын Visa #business немесе #businessprime карталарымен төлеңіз
- Айына жалпы сомасы 50 000 теңгеден кем емес кемінде 5 транзакция жасаңыз
Жүлделер:
Сіз автоматты түрде акция қатысушысы атанып, 10 саяхаттың бірін ұтып алу мүмкіндігіне ие боласыз.
Ай сайын рандомайзер арқылы екі жеңімпаз анықталып, олар туристік агенттіктің номиналы 2 000 000 теңгелік сыйлық сертификаттары беріледі.
Төлем неғұрлым көп болса, ұту мүмкіндігі соғұрлым жоғары!
Құрметті бизнес-клиенттер,
2026 жылғы 04 мамырдан бастап кассалық операциялар тарифіне енгізілген өзгерістер күшіне енетінін хабарлаймыз:
6.2-тармақ. KZT алу – соманың 0,6%-ы, ең азы 1000 KZT
Операцияларды жоспарлау және жүргізу барысында жаңартылған талаптарды назарға алуды сұраймыз.
Ынтымақтастығыңызға алғыс айтамыз!
Құрметті клиенттер,
2026 жылғы 27 сәуірден бастап кассалық операциялар бойынша тарифке енгізілген келесі өзгерістер күшіне енетінін хабарлаймыз:
8.2.1-т. Ресей рублін (RUB) қолма-қол алу – 1%.
Операцияларды жоспарлаған және жүргізген кезде жаңартылған талаптарды ескеріңіздер.
Ынтымақтастығыңызға алғыс білдіреміз.
Құрметті бизнес-клиенттер,
2026 жылғы 12 мамырдан бастап валютамен ақша аудару бойынша бизнес-клиенттерге арналған тарифтерге өзгеріс енгізілетіні туралы хабарлаймыз.
Стандарт тарифтер:
5.5.2-тармақ. ТМД елдерінің валюталарында BCC Business арқылы – аударым сомасының 0,25%-ы, ең азы 3 000 KZT, ең көбі 50 000 KZT;
Оңтайлы+ ҚП:
3.4.1-тармақ. ТМД елдерінің валюталарында BCC Business арқылы – аударым сомасының 0,20%-ы, ең азы 2 500 KZT, ең көбі 40 000 KZT;
Премиум ҚП:
3.4.1-тармақ. ТМД елдерінің валюталарында BCC Business арқылы – аударым сомасының 0,15%-ы, ең азы 2 000 KZT, ең көбі 30 000 KZT;
Ультра ҚП:
3.4.1-тармақ. ТМД елдерінің валюталарында BCC Business арқылы – аударым сомасының 0,08%-ы, ең азы 2 000 KZT, ең көбі 20 000 KZT.
Операцияларды жоспарлау және жүргізу барысында жаңартылған талаптарды назарға алыңыздар.
Ынтымақтастығыңызға алғыс айтамыз.