Клиентке ұсынылатын артықшылықтар: |
- Құжаттардың ең аз жиынтығы; - Болашақта меншікке өтетін мүлік кепілге қабылданады, қосымша кепіл талап етілмейді; - Қаражатты инвестициялаудың ең үздік нұсқасы; - Тұрғын үй қаңқасы тұрғызылған кезде сатып алынады, яғни тұрғын үйдің құны объектіні тапсыру сатысында белгіленетін құнынан айтарлықтай арзанға түседі; - Құрылыс жүргізу сатысында жақсы пәтерді таңдауға мүмкіндік (жоспар, қабат, жарықтың түсуі және басқалары) көп болады; - Еліміздің абырой-беделі жақсы ірі құрылыс салушыларының бірінен сапалы тұрғын үйді сатып алу. |
Қарыз сомасы | Тұрғын үй құнының 70%-ына дейін, бірақ 80 000 000 теңгеден аспайды |
Клиенттің меншікті қаражаты | Тұрғын үй құнының 30%-ынан кем емес |
Қарыз валютасы | теңгемен (KZT) |
Пайыздық мөлшерлеме | жылдық 17,7% |
Сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі | 19,5% бастап (таңдалған талаптарға байланысты) |
Кредит беру мерзімі | 180 айға дейін |
Өтінімдерді қарау | Кірісті толық растау арқылы |
Қамсыздандыру | Болашақта меншікке өтетін жылжымайтын мүлік + Ақша қардарлығы |
Өтінімдерді қарау мерзімі | 1-3 күн |
Мерзімінен бұрын өтеу | Бір жылға дейін берілген қарызды алған күннен 6 (алты) ай өтпей тұрып мерзімінен бұрын өтеген кезде және 1 (бір) жылдан артық мерзімге берілген қарызды алған күннен бір жыл өтпей тұрып өтеген кезде, өтелген соманың 1% алынады. Шарт жасалған күннен кейінгі 14 күнтізбелік күн ішінде тариф алынбайды. |
Осы арқылы мен «Банк ЦентрКредит» АҚ-қа (бұдан кейін – Банк) Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша рұқсат етілген кез келген тәсілмен менің дербес деректерімді жинауға, өңдеуге, сақтауға және пайдалануға келісім беремін.
Осы келісім маған Банктің және оның серіктестерінің қызметін ұсыну, шарттар жасау және орындау, жоғарыда көрсетілген мақсаттарда Банктің менің дербес деректерімді үшінші тұлғаларға беру, соның ішінде деректерді трансшекаралық беру құқығымен Банкпен арамыздағы қарым-қатынасқа қолданылатын Қазақстан Республикасының заңнамасына және (немесе) шетел мемлекеттерінің заңнамасына сәйкес Банктің өз міндеттемелерін орындауы мақсатында беріледі.
Көрсетілген келісім берілген сәттен бастап күшіне енеді және оның мерзімі шектелмейді.