E-mail: Pr@bcc.kz
Облигациялар туралы мәліметтер
| Бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік | № E99-2 |
| Бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеу күні | 09.10.2017ж. |
| ҰСН | KZP02Y15E993 |
| облигациялардың түрі | Реттелген атаулы, купондық, қамсыздандырылмаған, жай акцияға айырбасталатын облигациялар |
| облигациялардың саны | 60 000 000 (алпыс миллион) дана |
| орналастыру құны | 1 000 (бір мың) теңге |
| облигацияларды төлеу тәртібі | Төлеу «Қазақстан қор биржасы» АҚ-тың ішкі ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады |
"Банк ЦентрКредит" АҚ "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасы заңының 16-бабының 2-тармағына сәйкес акционерлерге орналастыру туралы осы хабарлама жіберілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде олардың қолындағы жай акциялардың мөлшерімен бірдей мөлшерде, тең талаптармен бір Облигация үшін 1 000 теңге бағасымен облигацияларды сатып алуды ұсынады.
Акционерлер орналастыру туралы осы хабарлама жарияланған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде "Қазақстан қор биржасы" АҚ-тың ішкі ережесіне сәйкес өтініш жіберу арқылы басымдықпен сатып алу құқығын іске асырады.
Акционерлер басымдықпен сатып алу құқығы бойынша сатып алатын облигацияларға оларды сатып алу туралы өтініш берген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде төлем жасайды.
Өтінім бермеген немесе төлем жасамаған акционерлер осы ұсыныстан бас тартқан деп есептеледі.
Әрбір акционер Облигацияларды (Облигацияларды есептен шығару және есепке алу үшін талап етілетін құжаттарды және деректерді "Бағалы қағаздардың бірыңғай тіркеушісі" АҚ-қа және (немесе) номиналды ұстаушыларға ұсынуды қосқанда) сатып алуға қажетті рұқсатты, мақұлдауды уақытылы алу және өзге іс-әрекеттерді жасау үшін, сондай-ақ "Бағалы қағаздардың бірыңғай тіркеушісі" АҚ-тың және (немесе) номиналды ұстаушылардың қызметіне төлем жасауды қосқанда кез келген комиссияларды, алымдарды және салықтарды төлеу үшін өз бетінше жауап береді.
Осы хабарламаға байланысты сұрақтар пайда болған жағдайда немесе хабарламада көрсетілген қосымша ақпаратты немесе құжаттарды алу қажет болған кезде Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 38 мекенжайы бойынша (+7 727) 2-598-598, ішкі 12100, 12191 телефон нөмірлері арқылы Қазынашылық департаментіне, осы бөлімшені бағыттайтын директор Т.Р. Габасовқа хабарласуды өтінеміз.
"Қазақстан қор биржасы" АҚ-тың орналасқан мекенжайы: Алматы қаласы, Байзақов көшесі, 280, "Almaty Towers" көпфункционалды кешенінің солтүстік мұнарасы, 8-қабат, телефоны (+7 727) 237 53 00, (+7 727) 237 53 11, ресми сайты - www.kase.kz.
1) бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырған мемлекеттік органның атауы: Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі. Бағалы қағаздар шығарылымының мемлекеттік тіркелген күні: 26.12.2005 ж.;
2) шығаруға жарияланған бағалы қағаздардың түрі, саны, бағалы қағаздарға берілген ұлттық сәйкестендіру нөмірі: атаулы, купондық, қамсыздандырумен (ипотекалық), саны – 20 000 000 дана, ҰСН KZPC4Y10B653;
3) облигацияларды шығарған жағдайда, номиналды құны, айналысқа жіберу мерзімі мен өтеу тәртібі, олар бойынша кірісті төлеу тәртібі мен мерзімдері, ковенанттар және (немесе) олардың шығарылым проспектісінде көрсетілген шектеулер қосымша көрсетіледі: қолданылмайды;
4) жарияланған бағалы қағаздардың санын арттыру: жарияланған бағалы қағаздардың санын арттыруға қатысты бағалы қағаздардың шығарылым проспектісіне енгізілген өзгерістерді мемлекеттік тіркеу күні, осы шешімді қабылдаған акционерлік қоғамның органы жарияланған бағалы қағаздардың санын арттыру туралы шешімді қабылдаған күн, бағалы қағаздардың түрі бойынша бағалы қағаздардың шығарылым проспектісіне енгізілген тиісті өзгерістерді мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен кейін жарияланған бағалы қағаздардың саны: қолданылмайды.
5) бағалы қағаздарды орналастыру туралы шешім қабылданған күн: қолданылмайды;
6) бағалы қағаздарды орналастыру басталған күн, орналастыруға ұсынылған бағалы қағаздардың саны және орналастыру тәсілі көрсетілген, бағалы қағаздарды орналастыру талаптары: қолданылмайды;
7) бағалы қағаздарды орналастыру аяқталған күн (орналастырылған есепті кезеңді көрсете отырып), бағалы қағаздар өтелетін күн: облигациялар өтелген күн: 27.12.2015ж. Шығарылым проспектісіне сәйкес облигациялар айналыс кезеңі аяқталғаннан кейін 20 күнтізбелік күн ішінде өтеледі. Сонымен, облигацияларды ұстаушылардың есепшоттарына ақша аударылған күн – 13.01.2016ж.
8) бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы есепті, есепті кезеңде орналастырылған (өтелген) бағалы қағаздардың саны мен түрін көрсете отырып өтеу қорытындылары туралы есепті бекіткен күн:
бағалы қағаздарды өтеу қорытындысы туралы есепті бекіткен күн: 22.02.2016ж.
есепті кезеңде орналастырылған (өтелген) бағалы қағаздардың саны мен түрі: атаулы, купондық, қамсыздандырумен (ипотекалық), саны – 20 000 000 дана;
9) есепті кезеңде акционерлік қоғам шығарған олардың ұстаушыларынан сатып алған бағалы қағаздардың саны мен түрі: есепті кезеңде сатып алынған облигациялар болған жоқ;
10) есепті кезеңде акциялар бойынша дивидендті, облигациялар бойынша кірісті төлеу туралы мәліметтер: облигациялар айналыста болған кезең ішінде төленген сыйақының жиынтық мөлшері 1 660 000 000,00 теңгені, ал негізгі борышты өтеу сомасы 2 000 000 000,00 теңгені құрады;
11) жоюдың негіздемесін көрсете отырып, бағалы қағаздардың шығарылымы жойылған күн: қолданылмайды.
- CCBNb21 (Екінші облигациялық бағдарлама аясындағы бірінші шығарылым):
- Түрі – қамсыздандырылмаған купондық облигация, саны – 80 000 000 дана, ҰСН KZP01Y05D212.
- Бағалы қағаздар шығарылымы 2009 жылғы 26 қарашада D 21-1 нөмірімен мемлекеттік тіркеуге алынған.
- Облигацияларды орналастыру туралы шешім қабылданған күн: 24.12.2009ж.
- Бағалы қағаздарды өтеудің қорытындысы туралы есеп бекітілген күн: 28.01.2015ж. 08.12.2014ж. жай-күйі бойынша аталмыш шығарылым облигацияларының 80 000 000 данасы өтеуді.
- Облигациялар өтелетін күндегі жай-күйі бойынша эмитент сатып алған облигациялардың саны туралы мәліметтер: өтелетін күндегі жай-күйі бойынша сатып алынған облигациялар жоқ.
- Мерзімінен бұрын өтелген облигациялардың саны туралы мәліметтер: аталмыш облигациялар шығарылымының талаптары бойынша мерзімінен бұрын өтелген облигациялар жоқ.
- Есепті кезең ішінде облигациялар бойынша кіріс төлеу туралы мәліметтер: облигациялар айналымы кезеңі үшін төленген сыйақының жиынтық мөлшері 374 476 000,00 (Үш жүз жетпіс төрт миллион төрт жүз жетпіс алты мың) теңгені құрады, ал негізгі борышты өтеу сомасы 2 447 100 000,00 (Екі миллиард төрт жүз қырық жеті миллион бір жүз мың) теңгені құрады
- Түрі – қамсыздандырылған купондық облигация, саны – 1 300 000 дана, ҰСН KZ2CKY10B455.
- Бағалы қағаздар шығарылымы 2004 жылғы 24 желтоқсанда В 45 нөмірімен мемлекеттік тіркеуге алынған.
- Айналыстың басталу күні: 29.12.2004ж.
- Бағалы қағаздарды өтеудің қорытындысы туралы есеп бекітілген күн: 10.02.2015ж. 29.12.2014ж. жай-күйі бойынша аталмыш шығарылым облигацияларының 1 300 000 данасы өтеуді.
- Облигациялар өтелетін күндегі жай-күйі бойынша эмитент сатып алған облигациялардың саны туралы мәліметтер: өтелетін күндегі жай-күйі бойынша сатып алынған облигациялар жоқ.
- Мерзімінен бұрын өтелген облигациялардың саны туралы мәліметтер: аталмыш облигациялар шығарылымының талаптары бойынша мерзімінен бұрын өтелген облигациялар жоқ.
- Есепті кезең ішінде облигациялар бойынша кіріс төлеу туралы мәліметтер: облигациялар айналымы кезеңі үшін төленген сыйақының жиынтық мөлшері 1 192 750 000,00 (Бір миллиард бір жүз тоқсан екі миллион жеті жүз елу мың) теңгені құрады, ал негізгі борышты өтеу сомасы 1 300 000 000,00 (Бір миллиард үш жүз миллион) теңгені құрады.
1. Облигация шығарылымын мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органның атауы: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі;
Облигация шығарылымын мемлекеттік тіркеу күні: 02.06.2015 жыл;
2. Облигациялардың түрі: атаулы купондық қамсыздандырылмаған;
3. Облигациялардың саны: 100.000.000 (бір жүз миллион) дана;
4. Облигациялардың мемлекеттік сәйкестендіру нөмірі: KZP07Y10D219;
5. Атаулы құны: 100,00 (бір жүз) теңге;
6. Айналым мерзімі: Айналым мерзімі айналым басталған күннен бастап 10 (он) жыл. Айналым басталған күн – осы Проспектінің талаптарына сәйкес "Қазақстан қор биржасы" АҚ-тың сауда-саттық жүйесінде бірінші жүзеге асырылған аукционды өткізу күні.
7. Өтеу тәртібі: Облигациялар облигациялардың теңгемен атаулы құны бойынша өтеліп, айналым кезеңі аяқталған кезде 20 күнтізбелік күн ішінде ақшаны төлем жасалатын мерзімнің соңғы күніне дейін облигация ұстаушылардың реестрінде тіркелген облигация ұстаушылардың ағымдағы есепшоттарына аудару арқылы купондық сыйақы төленеді.
Егер облигация ұстаушы Қазақстан Республикасының бейрезиденті болса, онда өтеу теңгемен төленетін болады (облигация ұстаушыда Қазақстан Республикасының аумағында теңгедегі банктік есепшоты болған жағдайда). Облигацияларды өтеген кезде теңгені басқа валютаға (тек қана ЕУРО-ға немесе АҚШ долларына) айырбастауға Эмитент сыйақы төлемі жасалатын кезеңнің соңғы күніне дейінгі кем дегенде 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының бейрезиденті – облигация ұстаушыдан сәйкес жазбаша өтініш алған жағдайда жол беріледі. ЕУРО-мен төленетін төлем Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі нақты төлем жасау күніне белгілеген теңгенің ЕУРО-дағы ресми бағамы бойынша жүзеге асырылады. АҚШ долларымен төленетін төлем "Қазақстан қор биржасы" АҚ нақты төлем жасау күніне белгілеген орташа бағамы бойынша жүзеге асырылады. Теңгедегі соманы шетел валютасына айырбастау инвестордың есебінен жүргізіледі. Қазақстан Республикасының резиденті – облигация ұстаушының пайдасына облигациялар бойынша төлем жасаған кезде теңгені басқа валютаға айырбастауға жол берілмейді.
Облигацияларды өтеу облигациялар айналымға түскен күннен бастап 10 (он) жыл өткеннен кейін жүргізіледі.
Облигацияларды өтеу 050059, Алматы қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 38 мекенжайы бойынша жүргізілетін болады.
Облигациялардың атаулы құнын және соңғы купондық сыйақыны өтеу облигация ұстаушылардың ағымдағы есепшоттарына ақша аудару арқылы жүргізіледі;
8. Кірісті төлеу тәртібі мен мерзімі: Сыйақы мөлшерлемесі –Облигациялардың номиналды құнының жылдық 9% (тоғыз пайызы).
Облигациялар бойынша купондық сыйақы төлеу жылына екі рет, облигациялардың айналымы басталған күннен бастап өтеу мерзіміне дейін жыл сайын, сәйкесінше әр алты ай сайын жүргізіледі.
Сыйақы төлеу айналым басталған күннен бастап жүзеге асырылады. Купондық сыйақы теңгемен, сыйақы төлемін жасаған кезеңнің соңғы күнінен кейінгі күннен бастап 20 күнтізбелік күн ішінде ақшаны облигация ұстаушылардың ағымдағы есепшоттарына аудару арқылы төленеді.
Купондық сыйақы алу құқығы төлем жасалып жатқан кезеңнің соңғы күніне дейін облигация ұстаушылардың реестріне тіркелген тұлғаларға беріледі. Барлық төлемдерді (сыйақы мен қарыздың негізгі сомасын төлеуді) Эмитент Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында (теңгемен) қолма-қолсыз тәртіпте жүзеге асырады.
Егер облигация ұстаушы Қазақстан Республикасының бейрезиденті болса, онда төлем теңгемен төленетін болады (облигация ұстаушыда Қазақстан Республикасының аумағында теңгедегі банктік есепшоты болған жағдайда).
Сыйақы төлемін жасаған кезде теңгені басқа валютаға (тек қана ЕУРО-ға немесе АҚШ долларына) айырбастауға Эмитент сыйақы төлемі жасалатын кезеңнің соңғы күніне дейінгі кем дегенде 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының бейрезиденті – облигация ұстаушыдан сәйкес жазбаша өтініш алған жағдайда жол беріледі.
ЕУРО-мен төленетін төлем Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі нақты төлем жасау күніне белгілеген теңгенің ЕУРО-дағы ресми бағамы бойынша жүзеге асырылады. АҚШ долларымен төленетін төлем "Қазақстан қор биржасы" АҚ нақты төлем жасау күніне белгілеген орташа бағамы бойынша жүзеге асырылады.
Теңгедегі соманы шетел валютасына айырбастау инвестордың есебінен жүргізіледі. Қазақстан Республикасының резиденті – облигация ұстаушының пайдасына облигациялар бойынша төлем жасаған кезде теңгені басқа валютаға айырбастауға жол берілмейді.
Облигациялар бойынша купондық сыйақы есептеуді Эмитент 360/30 (бір жылда 360 күн / бір айда 30 күн) уақыттық базасы есебінен жүргізеді;
9. Ковенант: Осы шығарылым проспектісінде белгіленген облигациялардың айналым мерзімі ішінде Эмитент келесі талаптарды орындауға міндетті:
- Эмитент және "Қазақстан қор биржасы" АҚ арасында жасалған лизинг шартында белгіленген жылдық және аралық қаржылық есептілік беру мерзімдерін бұзуға жол бермеу;
- Эмитентке аудиторлық компанияның осындай есептерін ұсыну мерзімін бұзу жағдайларын есепке алмағанда, Эмитент және "Қазақстан қор биржасы" АҚ арасында жасалған лизинг шартында белгіленген Эмитенттің жылдық қаржылық есептілігі бойынша аудиторлық есептерді тапсыру мерзімін бұзуға жол бермеу.
Шектеулер (ковенанттар) бұзылған жағдайда, Эмитент Эмитенттің ресми сайтында (www.bcc.kz) ақпараттық хабарлама жариялау арқылы ақпарат беру мерзімі бұзылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде аталған бұзушылық туралы облигация ұстаушыларға хабарлайды және бұзушылықтың туындау себебін толық сипаттайды, Эмитентке талап ету туралы өтініш жасау тәртібін қоса алғанда өзінің талаптарын қанағаттандыру бойынша облигация ұстаушылардың ықтимал іс-әрекеттерінің тізімін көрсетеді және www.kase.kz интернет-ресурсына орналастыру үшін оны "Қазақстан қор биржасы" АҚ-қа береді.
Эмитент облигация ұстаушылардың құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында шектеулерді (ковенанттар) бұзуға жол бермеу үшін барлық қажетті іс-шараларды жүзеге асырады. Шектеулер (ковенанттар) бұзылған кезде Эмитент ақпараттық хабарлама жарияланған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде бұзушылықтың пайда болу себептерін жою бойынша барлық мүмкін болатын іс-шараларды қолданады.
Эмитент жоғарыда белгіленген мерзім ішінде көрсетілген шектеулердің (ковенанттар) бұзылу себебін түзету бойынша іс-шара қолданбаған және/немесе Эмитент қолданған іс-шаралар шектеулердің (ковенанттар) бұзылуын түзетпеген жағдайда, облигация ұстаушы 10 (он) жұмыс күні ішінде Эмитентке орналастырылған және Эмитентке тиесілі облигацияларды сатып алу туралы жазбаша өтініш жіберуге құқылы.
Сатып алу процедурасы облигация ұстаушының көрсетілген мерзімде ұсынылған және төмендегі барлық қажетті деректемелері көрсетілген, еркін нысанда құрылған орналастырылған облигацияларды сатып алу туралы жазбаша өтінішінің негізінде ғана жүзеге асырылады:
- заңды тұлға үшін: облигация ұстаушының атауы; бизнес-сәйкестендіруші нөмірі; болған жағдайда мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлігінің нөмірі, берілген күні және берген орган; заңды мекенжайы және нақты орналасқан жері; телефоны; банктік деректемелері; сатып алуға тиісті облигациялардың саны және түрі;
- жеке тұлға үшін: облигация ұстаушының тегі, аты, болса әкесінің аты; жеке сәйкестендіру нөмірі; жеке тұлғасын куәландыратын құжатының нөмірі, берілген күні және берген орган; тұратын жері; телефоны; банктік деректемелері; сатып алуға тиісті облигациялардың саны және түрі.
Орналастырылған облигацияларды сатып алуға өтініш бермеген облигация ұстаушының осы проспектіде көрсетілген аталған шығарылымның айналым мерзімі аяқталған кезде өзіне тиісті облигацияларды өтеуге құқығы бар.
Эмитент орналастырылған облигацияларды сатып алуға берілген жазбаша өтінішті алған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде облигация ұстаушының ағымдағы есепшотына ақша аудару арқылы сатып алу күніндегі жинақталған сыйақының есебінен облигациялардың сәйкес номиналды құнының бағасы бойынша орналастырылған облигацияларды сатып алады.
Егер облигация ұстаушы Қазақстан Республикасының бейрезиденті болса, онда төлем ЕУРО-мен немесе АҚШ долларымен төленеді. ЕУРО-мен төленетін төлем Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі төлем жасау күніне белгілеген теңгенің ЕУРО-ға шаққандағы ресми бағамы бойынша есептеледі. АҚШ долларымен төленетін төлем "Қазақстан қор биржасы" АҚ-тың төлем жасалатын күнге белгілеген орташа бағамы бойынша есептеледі. Теңгемен есептелген соманы шетел валютасына айырбастау инвестордың есебінен жүргізіледі.
Эмитенттің орналастырылған облигацияларды сатып алу туралы өтініштердің барлығын бір уақытта қанағаттандыруға мүмкіндігі болмаған жағдайда, облигация ұстаушылардан облигацияларды сатып алу орналастырылған облигацияларды сатып алуға берілген өтініштердің келіп түскен кезегі бойынша жүзеге асырылады.
Бағалы қағаздар шығарылымы 2009 жылғы 26 қарашада D 21-2 нөмірімен мемлекеттік тіркеуге алынған.
Түрі – қамсыздандырылмаған купондық (реттелмеген) облигациялар, саны – 120 000 000 дана, ҰСН KZP02Y10D210.
Облигацияларды орналастыру туралы шешім қабылданған күн: 24.12.2009ж.
Облигацияларды орналастыру басталған күн: 27.11.2014ж. (есепті кезеңі басталған күні), саны: 1 211 000 дана, орналастыру әдісі: облигациялар шығарылымының проспектісіне сәйкес тек бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында ғана жүзеге асырылады.
Облигацияларды орналастыру аяқталған күн: 26.05.2015ж. (есепті кезеңі аяқталған күні).
Бағалы қағаздарды орналастырудың қорытындысы туралы есеп бекітілген күн: 30.06.2015ж. Есепті кезең ішінде аталмыш шығарылым облигациялары орналастырылмаған. 27.05.2015ж. бойынша 1 211 000 (бір миллион екі жүз он бір мың) дана облигация орналастырылмаған.
Есепті кезең ішінде сатып алынған облигациялардың саны: есепті кезең ішінде Банктің уәкілетті органы осы шығарылымның облигацияларын сатып алу туралы шешім қабылдаған жоқ.
Есепті кезең ішінде облигациялар бойынша кіріс төлеу туралы мәліметтер: есепті кезең ішінде төленген сыйақыныңжалпы сомасы 481 095 450,00 (төрт жүз сексен бір миллион тоқсан бес мың төрт жүз елу) теңгені құрайды.
CCBNb23 (Екінші облигациялық бағдарлама аясындағы үшінші шығарылым):
Бағалы қағаздар шығарылымы 2009 жылғы 26 қарашада D 21-3 нөмірімен мемлекеттік тіркеуге алынған.
Түрі – қамсыздандырылмаған купондық облигациялар, саны – 100 000 000 дана, ҰСН KZP03Y15D217.
Облигацияларды орналастыру туралы шешім қабылданған күн: 24.12.2009ж.
Облигацияларды орналастыру басталған күн: 27.11.2014ж. (есепті кезеңі басталған күні), саны: 26 640 670 дана, орналастыру әдісі: облигациялар шығарылымының проспектісіне сәйкес тек бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында ғана жүзеге асырылады.
Облигацияларды орналастыру аяқталған күн: 26.05.2015ж. (есепті кезеңі аяқталған күні).
Бағалы қағаздарды орналастырудың қорытындысы туралы есеп бекітілген күн: 30.06.2015ж. Есепті кезең ішінде аталмыш шығарылым облигациялары орналастырылмаған. 27.05.2015ж. бойынша 26 640 670 (жиырма алты миллион алты жүз қырық мың алты жүз жетпіс) дана облигация орналастырылмаған.
Есепті кезең ішінде сатып алынған облигациялардың саны: есепті кезең ішінде Банктің уәкілетті органы осы шығарылымның облигацияларын сатып алу туралы шешім қабылдаған жоқ.
Есепті кезең ішінде облигациялар бойынша кіріс төлеу туралы мәліметтер: есепті кезең ішінде төленген сыйақыныңжалпы сомасы 403 476 315,00 (төрт жүз үш миллион төрт жүз жетпіс алты мың үш жүз он бес) теңгені құрайды.
Түрі – қамтамасыз етілмеген атаулы купондық субординарлық облигация, саны – 2 000 000 дана, ҰСН KZ2CKY10B604.
Айналыстың басталу күні: 31.05.2005ж.
Бағалы қағаздарды өтеудің қорытындысы туралы есеп бекітілген күн: 03.07.2015ж. 01.06.2015ж. жай-күйі бойынша аталмыш шығарылым облигацияларының 2 000 000 данасы өтеуді.
Облигациялар өтелетін күндегі жай-күйі бойынша эмитент сатып алған облигациялардың саны туралы мәліметтер: өтелетін күндегі жай-күйі бойынша сатып алынған облигациялар жоқ.
Мерзімінен бұрын өтелген облигациялардың саны туралы мәліметтер: аталмыш облигациялар шығарылымының талаптары бойынша мерзімінен бұрын өтелген облигациялар жоқ.
Есепті кезең ішінде облигациялар бойынша кіріс төлеу туралы мәліметтер: облигациялар айналымы кезеңі үшін төленген сыйақының жиынтық мөлшері 1 675 000 000,00 (Бір миллиард алты жүз жетпіс бес миллион) теңгені құрады, ал негізгі борышты өтеу сомасы 2 000 000 000,00 (Екі миллиард) теңгені құрады.
- Облигация шығарылымын мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органның атауы: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі;
- Облигация шығарылымын мемлекеттік тіркеу күні: 11.08.2015 жыл;
Облигациялардың түрі: атаулы купондық қамсыздандырылмаған;
Облигациялардың саны: 500 000 000 (без жүз миллион) дана;
Облигациялардың мемлекеттік сәйкестендіру нөмірі: KZP01Y10Е996;
- Атаулы құны: 100,00 (бір жүз) теңге;
Айналым басталған күн – осы Проспектінің талаптарына сәйкес "Қазақстан қор биржасы" АҚ-тың сауда-саттық жүйесінде бірінші жүзеге асырылған аукционды өткізу күні.
Бірінші жүзеге асырылған аукционның қорытындысы бойынша анықталған облигациялар айналымы басталған күн туралы ақпарат "Қазақстан қор биржасы" АҚ-тың www.kase.kz ресми сайтында жарияланады.
Өтеу тәртібі: Облигациялар облигациялардың теңгемен атаулы құны бойынша өтеліп, айналым кезеңі аяқталған кезде 20 күнтізбелік күн ішінде ақшаны төлем жасалатын мерзімнің соңғы күніне дейін облигация ұстаушылардың реестрінде тіркелген облигация ұстаушылардың ағымдағы есепшоттарына аудару арқылы купондық сыйақы төленеді. Егер облигация ұстаушы Қазақстан Республикасының бейрезиденті болса, онда өтеу теңгемен төленетін болады (облигация ұстаушыда Қазақстан Республикасының аумағында теңгедегі банктік есепшоты болған жағдайда). Облигацияларды өтеген кезде теңгені басқа валютаға (тек қана ЕУРО-ға немесе АҚШ долларына) айырбастауға Эмитент сыйақы төлемі жасалатын кезеңнің соңғы күніне дейінгі кем дегенде 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының бейрезиденті – облигация ұстаушыдан сәйкес жазбаша өтініш алған жағдайда жол беріледі. ЕУРО-мен төленетін төлем Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі нақты төлем жасау күніне белгілеген теңгенің ЕУРО-дағы ресми бағамы бойынша жүзеге асырылады. АҚШ долларымен төленетін төлем "Қазақстан қор биржасы" АҚ нақты төлем жасау күніне белгілеген орташа бағамы бойынша жүзеге асырылады. Теңгедегі соманы шетел валютасына айырбастау инвестордың есебінен жүргізіледі. Қазақстан Республикасының резиденті – облигация ұстаушының пайдасына облигациялар бойынша төлем жасаған кезде теңгені басқа валютаға айырбастауға жол берілмейді.
Облигацияларды өтеу облигациялар айналымға түскен күннен бастап 10 (он) жыл өткеннен кейін жүргізіледі.
Облигацияларды өтеу 050059, Алматы қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 38 мекенжайы бойынша жүргізілетін болады.
Облигациялардың номиналды құнын және соңғы купондық сыйақыны өтеу облигация ұстаушылардың ағымдағы есепшоттарына ақша аудару арқылы жүргізіледі.
Кірісті төлеу тәртібі мен мерзімі: Сыйақы мөлшерлемесі – Облигациялардың номиналды құнының жылдық 10,0% (он пайызы).
Облигациялар бойынша купондық сыйақы төлеу жылына екі рет, облигациялардың айналымы басталған күннен бастап өтеу мерзіміне дейін жыл сайын, сәйкесінше әр алты ай сайын жүргізіледі. Сыйақы есептеу айналым басталған күннен бастап жүзеге асырылады. Купондық сыйақы теңгемен, сыйақы төленген кезеңнің соңғы күнінен кейінгі күннен бастап 20 күнтізбелік күн ішінде ақшаны облигация ұстаушылардың ағымдағы есепшоттарына аудару арқылы төленеді. Купондық сыйақы алу құқығы төлем жасалып жатқан кезеңнің соңғы күніне дейін облигация ұстаушылардың тізіліміне тіркелген тұлғаларға беріледі.
Барлық төлемдерді (сыйақы мен борыштың негізгі сомасын төлеуді) Эмитент Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен (теңгемен) қолма-қол ақшасыз тәртіппен жүзеге асырады.
Егер облигация ұстаушы Қазақстан Республикасының бейрезиденті болса, онда төлем теңгемен (облигация ұстаушының Қазақстан Республикасының аумағында теңгемен ашылған банктік есепшоты болған жағдайда) төленеді.
Эмитент сыйақы төленетін кезеңнің соңғы күнінен кемінде 5 (бес) жұмыс күні бұрын Қазақстан Республикасының бейрезиденті – облигация ұстаушыдан сәйкес жазбаша өтініш алған жағдайда, сыйақы төлеген кезде теңгені басқа валютаға (тек қана ЕУРО-ға немесе АҚШ долларына) айырбастауға жол беріледі.
ЕУРО-мен төленетін төлем Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі нақты төлем жасау күніне белгілеген теңгенің ЕУРО-ға шаққандағы ресми бағамы бойынша жүзеге асырылады. АҚШ долларымен төленетін төлем "Қазақстан қор биржасы" АҚ-тың нақты төлем жасау күніне белгілеген орташа бағамы бойынша жүзеге асырылады. Теңгедегі соманы шетел валютасына айырбастау инвестордың есебінен жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының резиденті – облигация ұстаушының пайдасына облигациялар бойынша төлем жасаған кезде теңгені басқа валютаға айырбастауға жол берілмейді. Облигациялар бойынша купондық сыйақы есептеуді Эмитент 360/30 (бір жылда 360 күн / бір айда 30 күн) уақыттық базасы есебінен жүргізеді.
Ковенант: Осы шығарылым облигациялары бойынша шектеулер (ковенанттар) көзделмеген.
Бағалы қағаздар шығарылымы 2005 жылғы 26 шілдеде В 65-1 нөмірімен мемлекеттік тіркеуге алынған.
Түрі – қамтамасыз етілмеген атаулы купондық субординарлық облигация, саны – 2 000 000 дана, ҰСН KZPC1Y10B659.
Айналыстың басталу күні: 16.08.2005ж.
Бағалы қағаздарды өтеудің қорытындысы туралы есеп бекітілген күн: 25.09.2015ж.
Облигациялар өтелетін күндегі жай-күйі бойынша эмитент сатып алған облигациялардың саны туралы мәліметтер: өтелетін күндегі жай-күйі бойынша сатып алынған облигациялар жоқ.
Мерзімінен бұрын өтелген облигациялардың саны туралы мәліметтер: аталмыш облигациялар шығарылымының талаптары бойынша мерзімінен бұрын өтелген облигациялар жоқ.
Есепті кезең ішінде облигациялар бойынша кіріс төлеу туралы мәліметтер: облигациялар айналымы кезеңі үшін төленген сыйақының жиынтық мөлшері 1 799 000 000,00 (Бір миллиард жеті жүз тоқсан тоғыз миллион) теңгені құрады, ал негізгі борышты өтеу сомасы 2 000 000 000,00 (Екі миллиард) теңгені құрады.
Бағалы қағаздар шығарылымы 2005 жылғы 26 шілдеде В 65-2 нөмірімен мемлекеттік тіркеуге алынған.
Түрі – қамтамасыз етілмеген атаулы купондық реттелген қамсыздандырусыз облигация, саны – 4 500 000 дана, ҰСН KZPC2Y10B657.
Айналыстың басталу күні: 16.08.2005ж.
Бағалы қағаздарды өтеудің қорытындысы туралы есеп бекітілген күн: 25.09.2015ж.
Облигациялар өтелетін күндегі жай-күйі бойынша эмитент сатып алған облигациялардың саны туралы мәліметтер: өтелетін күндегі жай-күйі бойынша сатып алынған облигациялар жоқ.
Мерзімінен бұрын өтелген облигациялардың саны туралы мәліметтер: аталмыш облигациялар шығарылымының талаптары бойынша мерзімінен бұрын өтелген облигациялар жоқ.
Есепті кезең ішінде облигациялар бойынша кіріс төлеу туралы мәліметтер: облигациялар айналымы кезеңі үшін төленген сыйақының жиынтық мөлшері 3 723 750 000,00 (Үш миллиард жеті жүз жиырма үш миллион жеті жүз елу мың) теңгені құрады, ал негізгі борышты өтеу сомасы 4 500 000 000,00 (Төрт миллиард бес жүз миллион) теңгені құрады.
- Бағалы қағаздар шығарылымы 2014 жылғы 9 желтоқсанда D21-6 нөмірімен мемлекеттік тіркеуге алынған.
- Түрі – қамсыздандырылмаған купондық облигациялар, саны – 350 000 000 дана, ҰСН KZP06Y07D217.
- Облигацияларды орналастыру туралы шешім қабылданған күн: 31.12.2014 жыл.
- Облагцияларды орналастыру басталған күн: 16.03.2015 жыл (есепті кезең басталған күн), саны: 60 000 дана; орналастыру тәсілі: облигациялар шығарылымының проспектісіне сәйкес орналастыру тек бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында ғана жүзеге асырылады.
- Облагцияларды орналастыру аяқталған күн: 15.09.2015 жыл (есепті кезең аяқталған күн).
- Бағалы қағаздарды орналастыру қорытындысы туралы есеп бекітілген күн: 27.10.2015 жыл. 16.09.2015 жылғы жай-күйі бойынша осы шығарылымның 60 000 облигациясы орналастырылды.
- Есепті кезең ішінде сатып алынған облигациялар саны: есепті кезең ішінде Банктің уәкілетті органы осы шығарылымның облигацияларын сатып алу туралы шешім қабылдаған жоқ.
- Есепті кезең ішінде облагциялар бойынша кіріс төлеу туралы мәліметтер: Есепті кезең ішінде төленген сыйақының жалпы сомасы 255 000,00 (екі жүз елу бес мың) теңгені құрайды.
Бағалы қағаздар шығарылымы 2005 жылғы 28 қыркүйекте В 65-3 нөмірімен мемлекеттік тіркеуге алынған.
Түрі – қамтамасыз етілмеген атаулы купондық субординарлық облигация, саны – 3 000 000 дана, ҰСН KZPC3Y10B655.
Айналыстың басталу күні: 08.10.2005ж.
Бағалы қағаздарды өтеудің қорытындысы туралы есеп бекітілген күн: 27.11.2015ж.
Облигациялар өтелетін күндегі жай-күйі бойынша эмитент сатып алған облигациялардың саны туралы мәліметтер: өтелетін күндегі жай-күйі бойынша сатып алынған облигациялар жоқ.
Мерзімінен бұрын өтелген облигациялардың саны туралы мәліметтер: мерзімінен бұрын өтелген облигациялар жоқ.
Есепті кезең ішінде облигациялар бойынша кіріс төлеу туралы мәліметтер: облигациялар айналымы кезеңі үшін төленген сыйақының жиынтық мөлшері 2 524 500 000,00 (екі миллиард бес жүз жиырма төрт миллион бес жүз мың) теңгені құрады, ал негізгі борышты өтеу сомасы 3 000 000 000,00 (үш миллиард) теңгені құрады.
- Акционерлік қоғам органының қоғамның жасалуы қызығушылық тудыратын мәмілелерді жасау туралы шешім қабылдаған күні: 30.11.2015 жылғы № ДКҚ 229;
- Мәміле мәні болып табылатын мүліктің құны: Белгіленген – қолданылмаған;
- Мәміле мәні болып табылатын мүлікті соңғы бағалау күні – бағаланбайды;
- Осы акционерлік қоғамның активтерінің жалпы құнына мәміле мәні болып табылатын мүлік құнының пайыздық арақатынасы – қолданылмаған;
- 2015 жылдың қазан айында жасалған мәмілердің негізгі маңызды талаптары:
- шетел валютасын сатып алу-сату (валюталық жұптар: USD/RUB, EUR/RUB, RUB/KZT, USD/KZT);
- депозиттерді тарту (валютасы: RUB);
- Мәміле жасалған күн – 01.10.2015-31.10.2015жж.
1. Осы арқылы «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы заңының («АҚ туралы заң») 16 және 18-баптарына сәйкес «Банк ЦентрКредит» АҚ («Банк») жарияланған сан шегінде Банктің жай акцияларын орналастыратыны және «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың жай акцияларына айырбасталатын бұрын сатып алынған артықшылықты акцияларын («Акция») іске асыратыны туралы хабарлайды.
2. Іске асырылатын Акцияларды артықшылықпен сатып алу құқығы бар акционерлердің (Банктің жай және артықшылықты акцияларын ұстаушылар) тізімі Банктің Директорлар кеңесі Акцияларды іске асыру туралы шешім қабылдаған күнгі жай-күйі бойынша Банктің бағалы қағаздарын ұстаушылар тізілімі жүйесіндегі деректердің негізінде тіркелді (28 қантар 2019г.).
3. Жай акциялары бар акционердің жай акцияларды және жай акцияға айырбасталатын артықшылықты акцияларды артықшылықпен сатып алуға құқығы бар, ал артықшылықты акциялары бар акционердің артықшылықты акцияларды артықшылықпен сатып алуға құқығы бар.
4. Жай акцияларды орналастыруға қойылатын талаптар:
- Орналастырылатын акциялардың түрі – «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың жай акциялары (ҰСН KZ1C36280010).
- Орналастырылатын жай акциялардың саны – 6 000 000 (алты миллион).
- Бір жай акцияны орналастыру бағасы – бір данасы үшін 300 (үш жүз) теңге.
- Орналастырылған жай акциялардың жалпы санының (Банк сатып алған акцияларды шегергенде) іске асырылатын жай акциялардың санына арақатынасы – 162 456 800 : 6 000 000.
- Жай акцияларды сатып алу туралы өтініштерді беру мерзімі – хабарландыруды жариялаған күннен бастап 90 (тоқсан) күнтізбелік күн ішінде және артықшылықпен сатып алу құқығы аясында 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде.
- Жай акцияларға төлем жасау мерзімі – акцияларды сатып алу туралы өтініш берілген күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде.
- Іске асырылатын акциялардың түрі – «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың жай акцияларына айырбасталатын артықшылықты акциялар (ҰСН KZ1P36280116).
- Іске асырылатын артықшылықты акциялардың саны – «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың жай акцияларына айырбасталатын 20 000 000 (жиырма миллион) дана акция.
- Бір артықшылықты акцияны іске асыру бағасы – бір данасы үшін 300 (үш жүз) теңге.
- Орналастырылған жай және артықшылықты акциялардың жалпы санының (Банк сатып алған акцияларды шегергенде) іске асырылатын артықшылықты акциялардың санына арақатынасы – 162 752 214 : 20 000 000.
- Артықшылықты акцияларды сатып алу туралы өтініштерді беру мерзімі – хабарландыруды жариялаған күннен бастап 90 (тоқсан) күнтізбелік күн ішінде және артықшылықпен сатып алу құқығы аясында 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде.
- Артықшылықты акцияларға төлем жасау мерзімі – акцияларды сатып алу туралы өтініш берілген күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде.
7. «Банк ЦентрКредит» АҚ еншілес ұйымы – «BCC Invest» акционерлік қоғамы Өтініштерді бір орталықтан қабылдау және өңдеу бойынша Андеррайтер («Андеррайтер») болып табылады.
8. Акциялар сатып алғысы келетін акционерлер сілтемесі бойынша Банктің корпоративтік веб-сайтынан Өтініштің нысанын жүктеп алып, басып шығаруы және оған қол қоюы қажет.
9. Қол қойылған Өтініш пошта арқылы жіберілуі немесе Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Панфилов көшесі, 98-үй, А-блогы, 5-қабат, «Old Square» БО (Сауда-саттық операциялары департаменті) мекенжайы бойынша Андеррайтерге қолма-қол жеткізілуі тиіс.
10. Өтініштер осы хабарландыру жарияланған күннен бастап жоғарыда көрсетілген Өтініштерді беру мерзімі аяқталғанға дейін Астана уақытымен сағат 9:00-ден бастап 18:00-ге дейін қабылданады.
11. Қажетті мәліметтер толық көрсетілмеген немесе белгіленген мерзімді бұзу арқылы берілген Өтініш қабылданбауы мүмкін. Көрсетілген себептер бойынша Өтініш қабылданбаған жағдайда, акционер кемшіліктерді жойып, Өтінішті жоғарыда көрсетілген мерзімдерде қайта беруге құқылы. Өтініш көрсетілген мерзім ішінде беріліп отырған жағдайда, Өтініш беруге талпыныс жасау санына шектеу қойылмайды.
12. Акциялар сатып алуға ниеттеңген акционерлер жоғарыда көрсетілген мерзімдер ішінде:
- Андеррайтерде жеке шот ашуы тиіс (заңды тұлға акционер үшін – акционердің өзі немесе оның уәкілетті өкілі қатысуы тиіс).
- Андеррайтердің комиссиясын қоса есептегенде, Өтініште көрсетілген көлемде Андеррайтерде ашылған өзінің жеке шотына ақша қаражатын аударуы тиіс.
- Өтінішті Андеррайтерге жіберуі немесе жеткізуі тиіс.
- Андеррайтерге Андеррайтерде ашылған Банктің жеке шотынан Андеррайтерде ашылған өзінің жеке шотына Акцияны қарымта төлеммен аудару туралы бұйрықты («Бұйрық») беруі тиіс.
- Андеррайтерге өз қаражатының есебінен Акцияны аудару үшін белгіленген комиссия сомасын төлеуі тиіс.
- Өтінішті Андеррайтерге жіберуі немесе жеткізуі тиіс.
- Андеррайтерде шот ашпай-ақ, Акцияны номиналды ұстаудың нақты орнынан Банктегі жеке шоттан өз шотына қарымта төлеммен аудару бойынша операцияны жүзеге асыруы тиіс.
15. Өтінішін Андеррайтерге жеткізетін акционерге Бұйрықты толтыруға қажетті барлық ақпарат тез арада берілетін болады.
16. Әрбір акционер Өтінішке әйелінің (күйеуінің) және өзге тұлғалардың (соның ішінде заңнамалық талаптарға және/немесе шарттық міндеттемелерге байланысты) Банктен Акциялар сатып алуға берген келісімін растайтын құжаттарды қоса тіркеуі тиіс.
17. Әрбір акционер Акциялар сатып алуға қажетті рұқсаттарды, мақұлдауларды уақытылы алуға (Андеррайтерге жеке шот ашу, Акцияларды есептен шығару және аудару үшін талап етілген құжаттар мен мәліметтерді беруді қоса алғанда) және өзге іс-әрекеттерді жасауға, сонымен қатар Андеррайтердің, депозитарийдің, кастодиан банктің, өзге номиналды ұстаушының қызметіне төлем жасауды қоса алғанда, кез келген комиссияны, алымдар мен салықтарды төлеуге өз бетінше жауап береді.
18. Осы хабарландыруға байланысты сұрақтар туындаған жағдайда немесе қосымша ақпарат алу немесе хабарландыруда көрсетілген құжаттарды алу қажет болған кезде, Сауда-саттық операциялары департаментіндегі Андеррайтерге сәйкесінше +7 (727) 2-443-232 телефоны бойынша, info@bcc-invest.kz электронды пошта арқылы хабарласуды сұраймыз.
19. Осы хабарландырудағы Банктің Акцияларды орналастыру және іске асыру туралы ұсынысы жария оферта болып табылады және Акциялар сатып алғысы келетін акционерлердің Өтінішті осы хабарландыруды көрсетілген мерзімдерде және тәртіппен жіберуі осы жария офертаның акцептісі болып табылады.