html:<p style="text-align: justify;"> "Банк ЦентрКредит" АҚ ҚР ҰБ бірінші облигациялық бағдарламасы аясындағы төртінші облигациялар шығарылымын өтеудің қорытындысы туралы есепті бекіткенін хабарлайды. </p>
1) бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырған мемлекеттік органның атауы: Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі. Бағалы қағаздар шығарылымының мемлекеттік тіркелген күні: 26.12.2005 ж.;
2) шығаруға жарияланған бағалы қағаздардың түрі, саны, бағалы қағаздарға берілген ұлттық сәйкестендіру нөмірі: атаулы, купондық, қамсыздандырумен (ипотекалық), саны – 20 000 000 дана, ҰСН KZPC4Y10B653;
3) облигацияларды шығарған жағдайда, номиналды құны, айналысқа жіберу мерзімі мен өтеу тәртібі, олар бойынша кірісті төлеу тәртібі мен мерзімдері, ковенанттар және (немесе) олардың шығарылым проспектісінде көрсетілген шектеулер қосымша көрсетіледі: қолданылмайды;
4) жарияланған бағалы қағаздардың санын арттыру: жарияланған бағалы қағаздардың санын арттыруға қатысты бағалы қағаздардың шығарылым проспектісіне енгізілген өзгерістерді мемлекеттік тіркеу күні, осы шешімді қабылдаған акционерлік қоғамның органы жарияланған бағалы қағаздардың санын арттыру туралы шешімді қабылдаған күн, бағалы қағаздардың түрі бойынша бағалы қағаздардың шығарылым проспектісіне енгізілген тиісті өзгерістерді мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен кейін жарияланған бағалы қағаздардың саны: қолданылмайды.
5) бағалы қағаздарды орналастыру туралы шешім қабылданған күн: қолданылмайды;
6) бағалы қағаздарды орналастыру басталған күн, орналастыруға ұсынылған бағалы қағаздардың саны және орналастыру тәсілі көрсетілген, бағалы қағаздарды орналастыру талаптары: қолданылмайды;
7) бағалы қағаздарды орналастыру аяқталған күн (орналастырылған есепті кезеңді көрсете отырып), бағалы қағаздар өтелетін күн: облигациялар өтелген күн: 27.12.2015ж. Шығарылым проспектісіне сәйкес облигациялар айналыс кезеңі аяқталғаннан кейін 20 күнтізбелік күн ішінде өтеледі. Сонымен, облигацияларды ұстаушылардың есепшоттарына ақша аударылған күн – 13.01.2016ж.
8) бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы есепті, есепті кезеңде орналастырылған (өтелген) бағалы қағаздардың саны мен түрін көрсете отырып өтеу қорытындылары туралы есепті бекіткен күн:
бағалы қағаздарды өтеу қорытындысы туралы есепті бекіткен күн: 22.02.2016ж.
есепті кезеңде орналастырылған (өтелген) бағалы қағаздардың саны мен түрі: атаулы, купондық, қамсыздандырумен (ипотекалық), саны – 20 000 000 дана;
9) есепті кезеңде акционерлік қоғам шығарған олардың ұстаушыларынан сатып алған бағалы қағаздардың саны мен түрі: есепті кезеңде сатып алынған облигациялар болған жоқ;
10) есепті кезеңде акциялар бойынша дивидендті, облигациялар бойынша кірісті төлеу туралы мәліметтер: облигациялар айналыста болған кезең ішінде төленген сыйақының жиынтық мөлшері 1 660 000 000,00 теңгені, ал негізгі борышты өтеу сомасы 2 000 000 000,00 теңгені құрады;
11) жоюдың негіздемесін көрсете отырып, бағалы қағаздардың шығарылымы жойылған күн: қолданылмайды.