Кіру
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Инвесторларға
2 қазан 2023
Жаңартылды: 2 қазан 2023

html:"Банк ЦентрКредит" АҚ (бұдан кейін – Банк) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Екінші облигациялық бағдарламаның аясындағы атаулы купондық қамсыздандырылмаған облигациялардың жетінші шығарылымын (ҰСН KZP07Y10D219) мемлекеттік тіркегені туралы хабарлайды.

html:Екінші облигациялық бағдарламаның аясындағы атаулы купондық қамсыздандырылмаған облигациялардың жетінші шығарылымы: 

1. Облигация шығарылымын мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органның атауы: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі;

Облигация шығарылымын мемлекеттік тіркеу күні: 02.06.2015 жыл; 

2. Облигациялардың түрі: атаулы купондық қамсыздандырылмаған;

3. Облигациялардың саны: 100.000.000 (бір жүз миллион) дана;

4. Облигациялардың мемлекеттік сәйкестендіру нөмірі: KZP07Y10D219;

5. Атаулы құны: 100,00 (бір жүз) теңге;

6. Айналым мерзімі: Айналым мерзімі айналым басталған күннен бастап 10 (он) жыл. Айналым басталған күн – осы Проспектінің талаптарына сәйкес "Қазақстан қор биржасы" АҚ-тың сауда-саттық жүйесінде бірінші жүзеге асырылған аукционды өткізу күні. 

7. Өтеу тәртібі: Облигациялар облигациялардың теңгемен атаулы құны бойынша өтеліп, айналым кезеңі аяқталған кезде 20 күнтізбелік күн ішінде ақшаны төлем жасалатын мерзімнің соңғы күніне дейін облигация ұстаушылардың реестрінде тіркелген облигация ұстаушылардың ағымдағы есепшоттарына аудару арқылы купондық сыйақы төленеді. 

Егер облигация ұстаушы Қазақстан Республикасының бейрезиденті болса, онда өтеу теңгемен төленетін болады (облигация ұстаушыда Қазақстан Республикасының аумағында теңгедегі банктік есепшоты болған жағдайда). Облигацияларды өтеген кезде теңгені басқа валютаға (тек қана ЕУРО-ға немесе АҚШ долларына) айырбастауға Эмитент сыйақы төлемі жасалатын кезеңнің соңғы күніне дейінгі кем дегенде 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының бейрезиденті – облигация ұстаушыдан сәйкес жазбаша өтініш алған жағдайда жол беріледі. ЕУРО-мен төленетін төлем Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі нақты төлем жасау күніне белгілеген теңгенің ЕУРО-дағы ресми бағамы бойынша жүзеге асырылады. АҚШ долларымен төленетін төлем "Қазақстан қор биржасы" АҚ нақты төлем жасау күніне белгілеген орташа бағамы бойынша жүзеге асырылады. Теңгедегі соманы шетел валютасына айырбастау инвестордың есебінен жүргізіледі. Қазақстан Республикасының резиденті – облигация ұстаушының пайдасына облигациялар бойынша төлем жасаған кезде теңгені басқа валютаға айырбастауға жол берілмейді. 
Облигацияларды өтеу облигациялар айналымға түскен күннен бастап 10 (он) жыл өткеннен кейін жүргізіледі. 
Облигацияларды өтеу 050059, Алматы қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 38 мекенжайы бойынша жүргізілетін болады. 
Облигациялардың атаулы құнын және соңғы купондық сыйақыны өтеу облигация ұстаушылардың ағымдағы есепшоттарына ақша аудару арқылы жүргізіледі; 

8. Кірісті төлеу тәртібі мен мерзімі: Сыйақы мөлшерлемесі –Облигациялардың номиналды құнының жылдық 9% (тоғыз пайызы).

Облигациялар бойынша купондық сыйақы төлеу жылына екі рет, облигациялардың айналымы басталған күннен бастап өтеу мерзіміне дейін жыл сайын, сәйкесінше әр алты ай сайын жүргізіледі. 

Сыйақы төлеу айналым басталған күннен бастап жүзеге асырылады. Купондық сыйақы теңгемен, сыйақы төлемін жасаған кезеңнің соңғы күнінен кейінгі күннен бастап 20 күнтізбелік күн ішінде ақшаны облигация ұстаушылардың ағымдағы есепшоттарына аудару арқылы төленеді. 

Купондық сыйақы алу құқығы төлем жасалып жатқан кезеңнің соңғы күніне дейін облигация ұстаушылардың реестріне тіркелген тұлғаларға беріледі. Барлық төлемдерді (сыйақы мен қарыздың негізгі сомасын төлеуді) Эмитент Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында (теңгемен) қолма-қолсыз тәртіпте жүзеге асырады. 

Егер облигация ұстаушы Қазақстан Республикасының бейрезиденті болса, онда төлем теңгемен төленетін болады (облигация ұстаушыда Қазақстан Республикасының аумағында теңгедегі банктік есепшоты болған жағдайда). 

Сыйақы төлемін жасаған кезде теңгені басқа валютаға (тек қана ЕУРО-ға немесе АҚШ долларына) айырбастауға Эмитент сыйақы төлемі жасалатын кезеңнің соңғы күніне дейінгі кем дегенде 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының бейрезиденті – облигация ұстаушыдан сәйкес жазбаша өтініш алған жағдайда жол беріледі. 

ЕУРО-мен төленетін төлем Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі нақты төлем жасау күніне белгілеген теңгенің ЕУРО-дағы ресми бағамы бойынша жүзеге асырылады. АҚШ долларымен төленетін төлем "Қазақстан қор биржасы" АҚ нақты төлем жасау күніне белгілеген орташа бағамы бойынша жүзеге асырылады. 

Теңгедегі соманы шетел валютасына айырбастау инвестордың есебінен жүргізіледі. Қазақстан Республикасының резиденті – облигация ұстаушының пайдасына облигациялар бойынша төлем жасаған кезде теңгені басқа валютаға айырбастауға жол берілмейді.

Облигациялар бойынша купондық сыйақы есептеуді Эмитент 360/30 (бір жылда 360 күн / бір айда 30 күн) уақыттық базасы есебінен жүргізеді;

9. Ковенант: Осы шығарылым проспектісінде белгіленген облигациялардың айналым мерзімі ішінде Эмитент келесі талаптарды орындауға міндетті:
  1. Эмитент және "Қазақстан қор биржасы" АҚ арасында жасалған лизинг шартында белгіленген жылдық және аралық қаржылық есептілік беру мерзімдерін бұзуға жол бермеу; 
  2. Эмитентке аудиторлық компанияның осындай есептерін ұсыну мерзімін бұзу жағдайларын есепке алмағанда, Эмитент және "Қазақстан қор биржасы" АҚ арасында жасалған лизинг шартында белгіленген Эмитенттің жылдық қаржылық есептілігі бойынша аудиторлық есептерді тапсыру мерзімін бұзуға жол бермеу.

Шектеулер (ковенанттар) бұзылған жағдайда, Эмитент Эмитенттің ресми сайтында (www.bcc.kz) ақпараттық хабарлама жариялау арқылы ақпарат беру мерзімі бұзылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде аталған бұзушылық туралы облигация ұстаушыларға хабарлайды және бұзушылықтың туындау себебін толық сипаттайды, Эмитентке талап ету туралы өтініш жасау тәртібін қоса алғанда өзінің талаптарын қанағаттандыру бойынша облигация ұстаушылардың ықтимал іс-әрекеттерінің тізімін көрсетеді және www.kase.kz интернет-ресурсына орналастыру үшін оны "Қазақстан қор биржасы" АҚ-қа береді. 
Эмитент облигация ұстаушылардың құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында шектеулерді (ковенанттар) бұзуға жол бермеу үшін барлық қажетті іс-шараларды жүзеге асырады. Шектеулер (ковенанттар) бұзылған кезде Эмитент ақпараттық хабарлама жарияланған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде бұзушылықтың пайда болу себептерін жою бойынша барлық мүмкін болатын іс-шараларды қолданады. 

Эмитент жоғарыда белгіленген мерзім ішінде көрсетілген шектеулердің (ковенанттар) бұзылу себебін түзету бойынша іс-шара қолданбаған және/немесе Эмитент қолданған іс-шаралар шектеулердің (ковенанттар) бұзылуын түзетпеген жағдайда, облигация ұстаушы 10 (он) жұмыс күні ішінде Эмитентке орналастырылған және Эмитентке тиесілі облигацияларды сатып алу туралы жазбаша өтініш жіберуге құқылы. 

  
Сатып алу процедурасы облигация ұстаушының көрсетілген мерзімде ұсынылған және төмендегі барлық қажетті деректемелері көрсетілген, еркін нысанда құрылған орналастырылған облигацияларды сатып алу туралы жазбаша өтінішінің негізінде ғана жүзеге асырылады: 

- заңды тұлға үшін: облигация ұстаушының атауы; бизнес-сәйкестендіруші нөмірі; болған жағдайда мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлігінің нөмірі, берілген күні және берген орган; заңды мекенжайы және нақты орналасқан жері; телефоны; банктік деректемелері; сатып алуға тиісті облигациялардың саны және түрі; 

- жеке тұлға үшін: облигация ұстаушының тегі, аты, болса әкесінің аты; жеке сәйкестендіру нөмірі; жеке тұлғасын куәландыратын құжатының нөмірі, берілген күні және берген орган; тұратын жері; телефоны; банктік деректемелері; сатып алуға тиісті облигациялардың саны және түрі. 

Орналастырылған облигацияларды сатып алуға өтініш бермеген облигация ұстаушының осы проспектіде көрсетілген аталған шығарылымның айналым мерзімі аяқталған кезде өзіне тиісті облигацияларды өтеуге құқығы бар.

Эмитент орналастырылған облигацияларды сатып алуға берілген жазбаша өтінішті алған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде облигация ұстаушының ағымдағы есепшотына ақша аудару арқылы сатып алу күніндегі жинақталған сыйақының есебінен облигациялардың сәйкес номиналды құнының бағасы бойынша орналастырылған облигацияларды сатып алады.
  
Егер облигация ұстаушы Қазақстан Республикасының бейрезиденті болса, онда төлем ЕУРО-мен немесе АҚШ долларымен төленеді. ЕУРО-мен төленетін төлем Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі төлем жасау күніне белгілеген теңгенің ЕУРО-ға шаққандағы ресми бағамы бойынша есептеледі. АҚШ долларымен төленетін төлем "Қазақстан қор биржасы" АҚ-тың төлем жасалатын күнге белгілеген орташа бағамы бойынша есептеледі. Теңгемен есептелген соманы шетел валютасына айырбастау инвестордың есебінен жүргізіледі. 

Эмитенттің орналастырылған облигацияларды сатып алу туралы өтініштердің барлығын бір уақытта қанағаттандыруға мүмкіндігі болмаған жағдайда, облигация ұстаушылардан облигацияларды сатып алу орналастырылған облигацияларды сатып алуға берілген өтініштердің келіп түскен кезегі бойынша жүзеге асырылады. 
Поиск по сайту
Cookie файлдарын баптау
Әрқашан белсенді