Қызметкерге еңбегі үшін жалақы есептеледі. Алайда алдымен одан салықты шегеру (оның ішінде міндетті зейнетақы жарналарын, медициналық сақтандыруға аударымдарды төлеу) қажет. Қалған соманы маман «қолына» алады. Оны ыңғайлы онлайн-сервис – жалақы калькуляторы арқылы есептеуге болады.
Адамдар қосымша табыс табу үшін инвестиция салады. Бірақ қандай сомаға сене алатыныңызды, қай кезеңге инвестиция салу жақсы екенін және сізге қандай бастапқы капитал қажет болатынын білу маңызды. Инвестициялардың кірістілігін болжау, оңтайлы мерзім мен капиталды есептеу үшін онлайн инвестициялық калькулятор қолданылады.
Жұмыскер жыл сайын ақы төленетін еңбек демалысына шығуға құқылы. Демалыс жұмыскердің күш жинауына, кәсіби күйзеліске түсуіне жол бермеу үшін қажет. Егер маман жұмысын жалғастырғысы келсе, ешқандай проблема туындамайды.
Өндірістік күнтізбе кәсіпорындағы жұмыс жүктемесін тиімді бөлу үшін қажет. Оны елдің барлық компаниясы өз қызметін бір жыл бұрын жоспарлаған кезде пайдаланады.
2025 жылы қазақстандықтарды көптеген демалыс күні күтіп тұр. Сонымен, бес күн жұмыс істейтіндер үшін 246 жұмыс күні болады (2024 жылы 249 күн), 119 күн демалыс және мереке күндері болады (2024 жылы 117 күн).
2024 жылғы 1 шілдедегі деректер бойынша Қазақстанда 532 980 заңды тұлға және 1 753 485 жеке кәсіпкер тіркелген. 2,2 миллионнан астам адам өзін-өзі жұмыспен қамтығандар ретінде жұмыс істейді. Әрбір сегментте бизнес өкілдерінің саны тұрақты түрде өсіп келеді. Бұл елде жасалған қолайлы жағдайларға негізделген: жеңіл салық режимі, визаны ресімдемей-ақ ресми жұмыс істеу мүмкіндігі, көптеген бизнес-процедураларды жеңілдететін белсенді түрде дамып келе жатқан цифрландыру.
Бастамашыл адамдарды бизнесін тіркеуден не тежейді? Көптеген адамдар өз ісімді ашқым келеді, бірақ қандай іспен айналысатынымды білмеймін деген сияқты проблемамен бетпе-бет келеді. Қазір Қазақстанда қандай бизнес өзекті? 2025 жылдың бизнес-идеяларын зерделейік.
2024 жылдың 11 айында Қазақстанға шетелден шамамен 110 мың автокөлік әкелінді. Қазақстандықтар көбіне көлікті Өзбекстаннан, Грузиядан, Қытайдан және Кореядан жеткізеді. Автокөлікті ҚР аумағында пайдаланып, қазақстандық нөмір алу үшін көлік құралы кедендік ресімдеуден өтуі тиіс.
Тауар (тұрмыстық техника мен электроникадан бастап киім мен аяқкиімге дейін) сатып алған кезде, әртүрлі төлем әдістері, соның ішінде бөліп төлеу мен кредит ұсынылады. Екі әдістің мәні қарапайым: сіз қажетті соманы банктен қарызға аласыз да, белгілі бір мерзім аралығында оны бөлшектеп төлейсіз. Олай болса, кредит пен бөліп төлеудің айырмашылығы неде?
Адам жұмыс істеген кезде, азық-түлік сатып алу, тұрғын үй ақысын және басқа қажеттіліктерін төлеу үшін жалақы алады. Ал адам жұмыстан босатылса, қажеттіліктерін қалай өтей алады? Жұмыссыз қалған жағдайда, Қазақстанда әлеуметтік төлемдер қарастырылған және ол Әлеуметтік кодекспен реттеледі. Бұл төлемдер ай сайынғы аударымдардың негізінде құрылатын қордан төленеді.
Кредит алуға келген клиентке Банк кредит беруден бас тартуы мүмкін. Кредит неге мақұлданбайды? Негізгі себептерінің бірі – нашар кредит тарихы (КТ). Бұл термин кредит алушы бұрынғы кредиттік міндеттемелерін қалай орындағаны: қанша және қандай сомаға қарыз алғаны, ай сайынғы төлемін уақытылы төлегені, берешегінің болғаны не болмағаны туралы барлық мәліметті қамтиды. Осы ақпараттың негізінде банк клиенттің сенімділігі туралы және оған қарызға қаражат беріп, оның қайтарылуына сенімді болуы туралы шешім қабылдайды.
Жүктіліктің 30-аптасы (егер көпұрықтық жүктілік болса, 28-аптасы) басталғанда әйел адам декретке шығады. Қаржылық қолдау мақсатында оған біржолғы мемлекеттік жәрдемақы, сондай-ақ кірісінен айырылуына байланысты әлеуметтік төлемақы және бір жарым жыл бойы төленетін бала күтіміне байланысты жәрдемақы сияқты төлемақылар төленуге тиіс. Бірақ егер әйел ЖК ретінде жұмыс істесе, жәрдемақы сақтала ма? Қазақстанда жүкті ЖК-әйелдерге қандай төлемақы төленуге тиіс? Бала туғаны үшін қанша ақша беріледі?
Пассив кіріс алу туралы ойланатын адамдарда ең аз салыммен инвестиция салудан қалай ақша табуға болады деген сұрақ туындайды. Бағалы қағаздарға инвестиция салу үшін бұл салада білім болуы қажет, сондықтан мұндай инвестиция бәріне бірдей емес.
Инвестиция пассив табыс табудың ең кең таралған құралдарының бірі ретінде қарастырылады. Алайда инвестиция салу жөніндегі пікірлер әртүрлі. Біреулер тиімді мәміле жасау үшін тәжірибе мен білім қажет болғандықтан, бұл күрделі процесс деп санайды. Енді біреулер, керісінше, инвестиция салу үшін тек қолданбаны жүктеп алып, активтерді сатып алу жеткілікті дейді. Ендеше, инвестиция салу дегеніміз не екенін қарастырып, Қазақстанда инвестиция салуды қалай бастауға болатынын түсініп көрейік.
Аккредитив – Сатып алушы мен Сатушы арасындағы есеп айырысудың мүмкін болатын тәсiлдерiнiң бiрi. Іс жүзінде бұл Сатып алушының Банкі тарапынан, егер Сатушы тауарды тиеу немесе қызмет көрсету фактісін құжатпен растаса, Сатушыға Сатып алушының есебінен келісілген валютамен белгілі бір соманы төлеу міндеттемесі.
Демалыстың қай түрін таңдасаңыз да (жағажайда, белсенді демалыс, экскурсия, шопинг), Қазақстан азаматтарына 2024 жылы виза қажет емес елді таңдай аласыз. Ондай елдер өте көп: қазақстандықтар визасыз 43 елге бара алады, және 47 мемлекетке виза қажет, бірақ оны әуежайда тез арада ресімдеп алуға болады.
Қазақстандықтарға виза 2025 жылы қажет емес жиі баратын елдердің тізімімен танысайық.
Желіде “саяхат – төлеген ақшаңызға сізді байытатын жалғыз нәрсе” және “саяхат тегін болса, мені бұдан былай көрмес едіңіздер” деген сияқты авторсыз дәйексөздер жетіп артады. Олардың бір ортақ “кемшілігі” бар: әлемде саяхаттау үшін ақша керек. Кейде тіпті қомақты қаражат қажет. Алайда әлемді туроператорлардың айтқан сомасынан әлдеқайда арзан бағада аралауға да болады.
Үнемді саяхаттап, ыңғайлылық пен әсерден құры қалмауға бола ма?
Белсенді өмір салты – ең басты трендтердің бірі. Біреу спорт залына барса, ал біреу ұзақ серуендейді, ал тағы біреу жүгіргенді ұнатады. Әдеттегі жүгіру – ең қолжетімді әрі пайдалы жаттығулардың бірі.
Жүгірген пайдалы ма? Таңда жүгіруді қалай дұрыс бастауға болады? Нені есте сақтау керек?
TikTok, Facebook, Instagram, Telegram – әлеуметтік желілерді адамдар араласу, фото мен бейне көру құралы ретінде қабылдайды. Алайда бұл бизнесті интернетте дамыту құралы: әлеуметтік желілерде төлемге қабілетті аудитория шоғырланады, брендті дамытуға, клиенттік базаны арттыруға және сатылымды көбейтуге мүмкіндік беретін жарнама алгоритмдер жұмыс істейді.
Бизнесті интернетің қай жерінде жарнамалауға болады? Оны тиімді жасаудың жолы қандай?
Қолма-қол ақшамен жұмыс жүргізетін бизнес үнемі ақшаны банкке жеткізу қажеттілігіне тап болады. Алайда ірі соманы тасымалдау өте қауіпті және мұндай жағдайда инкассаторлық қызмет тасымалданатын қаражаттың сақталуына кепілдік беруге көмектеседі.
Қаржылық тәуекелдермен ұштасқан мәмілені жасасқан кезде (мысалы, үлескерлік құрылыс аясында пәтер сатып алу), эскроу-шот пайдаланылады. Ол форс-мажорлық жағдайда тараптардың мүдделерін қорғауға, ақшаны сақтауға және мәмілеге қатысушылардың теріс пайдалану ықтималдығын төмендетуге арналған. Эскроу-шотты жеке тұлға да, заңды тұлға, ЖК де аша алады.
ҚР Ұлттық банкінің мәліметінше, тек 2024 жылғы қыркүйек айында банк карточкаларын пайдалана отырып, 16,8 трлн теңгеден астам сомаға 1,2 млрд транзакция жасалды. Бірақ бизнес осындай төлемдермен жұмыс істей алуы үшін эквайринг деп аталатын банк қызметін қосу қажет.
Кей жағдайларда жеке тұлғалардың да, кәсіпкерлердің де белгілі бір мақсат үшін (мысалы, тұрмыстық техника сатып алу немесе өндіріс үшін шикізат алу) қаражаты жеткіліксіз болуы мүмкін. Мұндай жағдайда ең оңтайлы шешім — банкке барып, кредит ресімдеу. Алайда стандартты кредит өнімдерінен бөлек, Қазақстан банктері клиенттерге овердрафт, кредит желісі және шот бойынша кредит лимиті сияқты құралдарды да ұсынады.