Дүкендер, кофеханалар мен сұлулық салондары әрдайым коммерциялық жайларда: офис ғимараттарында, бизнес-орталықтарда немесе сауда кешендерінде ашыла бермейді. Көбіне олар көпқабатты үйлердің бірінші қабаттарында немесе жеке тұрғын үйлерде орналасады.
Жеке үйде немесе көпқабатты үйде дүкен ашуға бола ма? Мұндай мүмкіндік бар. Жылжымайтын мүлік тұрғын үйден коммерциялық жайға ауыстырылса, бизнес заңды түрде жұмыс істей алады. Пәтерді тұрғын үй қорынан қалай шығаруға болады? Ол үшін не істеу қажет? Бұл процедура қанша уақыт алады?
Қазақстанда пайызды есептеу, айына теңгемен қанша сома төлеу керектігін түсіну үшін банктердің онлайн кредит калькуляторы көмектеседі. Егер сіз кредитті бірнеше кредит бағдарламалары арасынан таңдасаңыз, сервис пайдалы болады, өйткені ол әртүрлі банк өнімдерінің талаптарын салыстыруға мүмкіндік береді.
Жылжымайтын мүлік, көлік сатып алу, бизнес қажеттіліктері үшін қомақты сомаларды аудару — ел ішінде бұл мәселелер айтарлықтай тез шешіледі: банктің мобильді қолданбасы арқылы картадан картаға ақша аудару жеткілікті. Ал егер дәл осы операцияларды орындау қажет болып, бірақ алушы шетелде болса ше? ЦентрКредит Банкі ұсынатын ақша аудару нұсқаларын қарастырайық.
Тұрақты табысы мен банк жүйесі жоқ, жиі шапқыншылыққа ұшырайтын, үнемі көшіп жүруді талап ететін қатаң климатта қалай аман қалуға болады? Көшпенділер үшін бұл теориялық мәселе емес, өмір салты еді. Аман қалып, қолда барынан айырылып қалмау үшін тек бақ жеткіліксіз болды, оған басқа да дайындық қажет еді. Сондықтан қаржылық жоспарлау стратегиялары маңызды болды: малды сақтау, қысқа азық қорын жинау, руластарына қол ұшын беру, бірақ сонымен бірге өз мүддеңізді де қорғау.
Қазақ таңбалары бейнеленген #картакартаның жаңа дизайны жарық көрген тұста біз далада қаржылық жоспарлау мен өзара көмек қағидалары қалай жұмыс істегенін және оны қазіргі замандастарымыз қалай жалғастырып келе жатқанын баяндаймыз.
Қазақстанда зейнет жасына жеткен адамдарға қаржылай қолдау көрсететін төлемдер қарастырылған. Зейнетақы еңбек қызметін тоқтату нәтижесінде жоғалған кірісті өтеуге арналған және лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған.
Mastercard халықаралық төлем жүйесі мен малайзиялық байланыс операторы Flexiroam бірлескен жобаны дайындады. Акция аясында Mastercard премиум карталарының (World Black Edition) иелері шетелде SIM-картаны ауыстырмай-ақ 1 ГБ мобильді интернетті тегін пайдалана алады. Бұл жиі саяхаттайтын адамдар үшін тиімді мүмкіндік.
Уақытыңыз жоқ екенін түсінеміз. Сол себепті уақытыңызды үнемдеу үшін бес жаңа әрі танымал кітапты өзіміз оқып шығып, ең маңызды тұстарын ұсынуды жөн көрдік.
Біз іріктеп алған дүниелер жай ғана қаржы, инвестиция мен бизнес туралы кітаптар емес. Мұндай кітап көп. Біздің тізімге жасанды интеллект, цифрлық дағдылар, зейін, күйзеліс және өнімділік жайлы бестселлерлер енді. Өйткені 2025 жылы қаржы сауаттылығы — бұл тек жинақтау және шығындарды жоспарлау ғана емес.
Мұнда ой-өрісіңізді кеңейтетін кітаптар бар. Олар тек ақшаны санауды ғана емес, ақшаға бүкіл өміріңіздің аясында қарауды үйретеді. Өйткені әмияныңыз — бөлек бір сала емес, қалай өмір сүретініңізді, жұмыс істейтініңізді, демалатыныңызды және өзгеріспен қалай күресетініңізді көрсететін айна.
Қарыз туралы әңгімеден қашқақтау, неке келісімшарттарынан қорқу және «бүгінмен өмір сүру» әдеті — мұның бәрі әр қазақстандықтың жеке таңдауы ғана емес, сонымен қатар тарихи-мәдени ұстанымдардың көрінісі. bcc journal-ға берген эксклюзивті сұхбатында қаржы сауаты жөніндегі сарапшы Күнекей Нұрлан қазақстандықтардың қаржы саласындағы мінез-құлқына әсер ететін ішкі және сыртқы факторларды түсіндіріп, оны технология, білім беру және келешекке деген сенім арқылы қалай өзгертуге болатынын айтып берді.
Тікелей рейстер, небәрі 5 сағаттық ұшу және түрлі бағыттар (ұшақ, автобус немесе жеке көлік), ал көрікті жерлердің саны сонша, тіпті тәжірибелі саяхатшының өзі бейжай қала алмайды. Сондықтан Қытайдың қазақстандықтар үшін ең танымал туристік бағыттардың біріне айналуы — таңғаларлық жағдай емес. Алайда саяхаттың сәтті өтуі үшін оған алдын ала дайындалу қажет. Үйде отырып-ақ билеттер мен тұратын орыннан бастап, мобильді байланыс пен шопингке дейін барлық маңызды жайтты ойластырып алған дұрыс.
Қазақстаннан Қытайға қалай баруға болады? Елді көру үшін қайда барған жөн? Сапарға қалай дұрыс дайындалу керек?
Пәтер сатып алу — маңызды қадам. Әсіресе баспана әлі салынып жатса, бәрін мұқият тексеру қажет. Ақшасыз әрі пәтерсіз қалмау үшін құрылыс компаниясын алдын ала зерттеген жөн. Төменде бұл істі қалай жеңіл әрі сабырмен жасауға болатыны туралы толық нұсқаулық берілген.
Бұрын «банкке бару» жұмыстан ертерек шығып, жеке куәлігіңді алып, терезе алдында кезекте тұруды білдіретін. Бүгінде бұл ескіліктің белгісі іспетті. Біз енді банкке бармаймыз, оны таңертең, метрода, кофе кезегінде, кездесулер арасындағы үзілісте ашамыз. Қазіргі банк жай ғана ғимарат не бөлімше емес. Ол экрандағы белгіше, интерфейс, күнделікті цифрлық өмірдің бір бөлігі. Мессенджер не навигатор сияқты таныс дүниеге айналды.
Жеке кәсіпкерлікті ашқан кезде, ең бастысы идея мен күш-жігер деп ойлайсыз. Ақша өзінен-өзі келеді деп сенесіз: тауар сатып алдыңыз, саттыңыз — міне, пайда. Бірақ іс жүзінде қаржыны дұрыс ұйымдастырмау тіпті жақсы жобалардың да жабылуына себеп болып жатады. Бұған жол бермес үшін ақшаға сауатты көзқарасты қалай қалыптастыру керек? Маңызды жайттарды қарапайым тілмен түсіндіреміз.
Әлем тұрақсыз, баға өсіп жатыр, валюталар құбылып тұр — бірақ ақшаны бәрібір бір жерде сақтау керек. Оның үстіне тек «сақтап» қана қоймай, инфляциядан қорғап, мүмкін болса көбейту қажет. Бұл мақалада біз қазақстандықтардың тәжірибесі негізінде жинақ ақшаны дұрыс сақтаудың жолдарын қарастырамыз: қайда, қандай валютамен және неге солай сақтау керек екенін түсіндіреміз.
Өз тәжірибесін бөліскендер:
Денис — фрилансер, инвестиция бойынша барлық дерлік құралды пайдаланады, ағасымен бірге тұрады.
Самал — стартапта жұмыс істейді, ақшасын әртүрлі банктегі депозиттерде сақтайды, ұлын тәрбиелеп отыр.
Сергей — корпорацияда жұмыс істейді, бағалы қағаздарға инвестиция салады, отбасымен бірге тұрады.
Айгүл — IT саласында жұмыс істейді, саяхаттауды жақсы көреді, ақшасын теңге және доллар депозиттерінде сақтайды.
Қайрат — шағын компанияда жұмыс істейді, ақшасын теңге депозитінде сақтайды, ата-анасымен бірге тұрады.
Кредит ресімдеу ай сайынғы төлемдерді — яғни қарызды бөліп өтеуді қарастырады. Бұл төлемдердің сомасы екі бөліктен тұрады: негізгі борыш (яғни клиент банктен нақты қарызға алған ақша) және пайыз (қарыз қаражатын пайдаланғаны үшін есептеледі). Негізгі борыш пен пайыздың арақатынасы әртүрлі болуы мүмкін. Осыған байланысты төлемдер дифференциалдық және аннуитеттік болып екіге бөлінеді.
Үйлену тойы Дос-Мұқасанның әніндегідей жеңіл әрі әдемі өтсе дейміз. Қонақтар би билеп, көңілді әуен шырқалып тұрса, ал тосттар шын жүректен айтылып, ұзаққа созылмаса екен дейміз. Бірақ бір кештің артында қомақты шығын, ұзақ дайындық пен күн сайын өсіп жатқан бағалар тұруы мүмкін. Ерте ме, кеш пе, әр жұптың алдында мынадай сұрақ туындайды: сән-салтанатты той жасаймыз ба, әлде сол ақшаны пәтерге бастапқы жарна ретінде саламыз ба?
Егер сіздің тұрғын үйді бірден сатып алып, толық соманы төлеуге мүмкіндігіңіз болмаса, ипотекалық кредит беру бағдарламасын қарастыруға болады. Бұл бағдарлама жылжымайтын мүлікті кредитке сатып алып, оны ұзақ уақыт ішінде бөліп төлеуге мүмкіндік береді.
2024 жылы Қазақстанға Қытайдан 655 мыңнан астам турист келді. Ал 2025 жыл ҚР-да Қытай туризмінің жылы деп жарияланды. Екі ел арасындағы туризм саласындағы ынтымақтастық мемлекетаралық мәдени және экономикалық байланысты нығайтып, бизнестің тиімді дамуына жол ашады.
WeChat Pay қалай жұмыс істейді? Бұл сервис сатып алушылар мен сатушыларға қандай артықшылықтар береді? Қазақстанда тауар мен қызмет ақысын бұл сервис арқылы қалай төлеуге болады?