Кіру
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
bcc journal
24 қыркүйек 2026
Жаңартылды: 6 қазан 2026

Қаржы алаяқтығының белгілері: алдын алуға болатын 10 жағдай

Сізге біреу қоңырау шалып, шындыққа жанасатындай оқиғаны айтып, қорқытып, аяушылық сезіміңізді оятуға тырысты немесе жақындарыңыз үшін алаңдайтыныңызды өз пайдасына пайдаланбақ болды делік.

Мұның бәрі — телефон алаяқтары қолданатын классикалық тәсілдер. Көпшілік мұндай қауіп туралы біледі және қылмыскерлермен байланысқа түспеуге тырысады. Алайда интернеттегі қатер де одан кем емес, тіпті кей жағдайда әлдеқайда ауқымды болуы мүмкін. Интернеттегі қаржы алаяқтығының түрлерін қарастырып, мұндай жағдайға тап болғанда не істеу керек екенін айтамыз.


Интернеттегі алаяқтықтың 10 сценарийі

Олардың бірі кең таралған, енді бірі шебер жасырылған:

  • Фишинг.
    Фишинг — қаскүнемдердің электронды байланыс арналарын күнделікті пайдалануды өз пайдасына жаратуының кең таралған мысалы. Мысалы, сіз интернет-банкингке кіріп, операция жүргіздіңіз немесе банктен келгендей көрінген хаттағы сілтемеге өттіңіз де, ақшаңыздан айырылдыңыз. Себебі интернет-банкинг парақшасы да, таратылым хаты да жалған болып шықты. Осылайша алаяқтар сіздің логиндеріңіз бен парольдеріңізді, сондай-ақ банк карталарыңыздың деректемелерін қолға түсіреді.

Кредиттік #картакартамен қаржыны басқарыңыз

7 000 000 ₸ дейін лимит, ақшамен қайтарылатын кэшбэк, bcc smart арқылы бөліп төлеу, тегін шығару және қызмет көрсету

  • Вишинг және смишинг.
    Мессенджерде туыстарыңыз бен әріптестеріңізге хат жазу, қоңырау шалу — күнделікті өмірдің бір бөлігі. Сондықтан бейтаныс адамнан хабарлама (смишинг) немесе қоңырау (вишинг) келгенде, көпшілік күмәндана бермейді. Қоңырау шалушы өзін банк, полиция немесе мобильді оператор қызметкері ретінде таныстырады, ал хабарлама сол банктен немесе мобильді оператордан ресми түрде жіберілгендей көрінеді. Пайдаланушы сұхбаттасына өз деректерін айтады немесе хабарламадағы қауіпті сілтемеге өтеді де, ақшасынан айырылады.

  • Жалған маркетплейстер.
    Сіз тауар іздеп отырып, оны көпшілікке онша таныс емес сайттан өте төмен бағамен таптыңыз делік. Алайда алдын ала төлем жасау қажет екен. Тиімді ұсынысты жіберіп алғыңыз келмегендіктен, бұған мән бермеуіңіз мүмкін. Сөйтіп ақшаның бір бөлігін аударасыз, бірақ сатушы кейін байланысқа шықпай қояды. Әрине, тауарыңызды да алмайсыз.

  • Инвестициялық алаяқтық.
    Бұл жағдайда пайдаланушы өз қаражатын инвестицияға салғысы келеді. Ол қысқа мерзімде жоғары табыс табуға кепілдік беретін сайтты көріп, қомақты пайда табамын деген үмітпен ақшасын аударады. Алайда уәде етілген табысты ала алмайды. Ұйымдастырушылар инвесторлардың ақшасын алып, із-түзсіз жоғалып кетеді.


  • «Романтикалық» интернет-алаяқтық
    Қаскүнем мен жәбірленуші әлеуметтік желіде немесе танысу сайтында танысады. Жәбірленуші қарым-қатынас құруға болатын, өзіне жақын адамды іздейді. Алаяқ оның сеніміне тез кіріп, қызығушылықтарына, көзқарасы мен ұстанымдарына «бейімделеді», белсенді сөйлесіп жүреді. Содан кейін оның өмірінде, өзі айтқандай, қиын жағдайлар басталады: кенеттен операцияға немесе құжат ресімдеуге ақша қажет болады, не жұмысынан айырылып қалады. Жәбірленуші шын көңілімен көмектесуге асығып, ақша аударады. Дәл осы сәтте арадағы байланыс үзіледі.

Құрылыс салушы туралы ақпаратты қалай жинауға болады және ол туралы не айтылатынын қалай тексеруге болады?
Инфантилизмнен инвестицияға дейін: Қазақстанда қаржылық мінез-құлық қалай өзгеріп жатыр?
ЦентрКредит Банкі қаржылық қамқорлықты күнделікті әдетке қалай айналдырды?
Бүкіл әлемді қалай тиімді аралап шығуға болады: Бюджеттік сапарларға арналған 11 лайфхак
  1. Жұмысқа орналасқан кездегі алаяқтық.

    Пайдаланушы жұмыс іздеп жүріп, қызықты ұсынысқа тап болады: тапсырмалары оңай, жалақысы жоғары, қашықтан жұмыс істеуге болады. Ол бос жұмыс орнына өтініш беріп, менеджермен біраз уақыт хат алмасады да, ақырында ұсынысты қабылдайды. Алайда алдымен шағын жарна төлеуі қажет болады (мысалы, болашақ аударымдар үшін алынатын комиссия, құжат ресімдеу немесе сақтандыру ақысын төлеу). Пайдаланушы ақшаны аударады, бірақ нәтижесінде жұмыссыз әрі ақшасыз қалады.

    Алаяқтар мұның басқа нұсқасын да ойлап тапқан. Мысалы, адамға бір реттік әрі оңай жұмыс туралы күтпеген ұсыныс түседі: нақты бір дүкендегі мамандардың жұмысын құпия сатып алушы ретінде тексеру қажет болады. Жәбірленуші тапсырманы орындап, тіпті келісілген сомадан сәл артық ақы алады. Сол сәтте менеджер қоңырау шалып, бухгалтерлердің қателескенін және артық соманы қайтару керек екенін айтады. Пайдаланушы ақша аударған бойда алаяқтар оның деректері мен қаражатына қол жеткізеді.

#BlackEdition

жарқын өмір үшін

Қазақстанның барлық мейрамханаларында 10% кешбэк алыңыз

  • Жалған ұтыстар.

    Жеңімпаз болғанды бәрі жақсы көреді, әсіресе ұтысқа қомақты сыйлық (ақша, автокөлік) тігілген болса. Жәбірленушіге лотереядан не байқаудан ірі көлемде ұтыс ұтқаны туралы хат келеді. Ұтысты алу үшін аздаған соманы (салық немесе жеткізу қызметінің ақысы ретінде) төлеу және жеке тұлғасын растау үшін құжаттарын жіберу қажет екені айтылады. Алайда шын мәнінде ешқандай ұтыс болмайды. Осылайша алаяқтар жәбірленушінің ақшасы мен дербес деректерін иемденеді.

  • Жалған сәлемдемелер.

    Бұл схема лотереяға қатысты алаяқтыққа ұқсайды. Әдетте жәбірленушіге мессенджер арқылы оның атына сәлемдеме келгені туралы хабарлама жіберіледі. Әдетте адамдар себепсіз сәлемдеме күтпейді. Алайда алаяқтар, біріншіден, интернеттен жиі тапсырыс беріп, жөнелтілімдерінің нақты санын қадағаламайтын адамдарға, екіншіден, қызығушылық танытып, сәлемдеменің ішінде не бар екенін білгісі келетіндерге сенім артады. Сәлемдемені алу үшін пошта шығынын төлеу қажет екені айтылады. Операция жүргізген бойда ақшаңыздан айырылып қаласыз (уәде етілген сәлемдемені де алмайсыз).

  • Аккаунттарды бұзу.

    Бұл жағдайда жәбірленушілердің саны әлдеқайда көп болуы мүмкін. Алаяқ пайдаланушының әлеуметтік желідегі аккаунтын бұзып, достарының тізіміне қол жеткізеді. Содан кейін достарына сол адамның атынан хабарлама жіберіп, қиын жағдайға тап болғанын айтып, көмек сұрайды. Мысалы, ақша аударуды өтінеді. Ақпарат өздері жақсы танитын адамнан келгендіктен, достары оның рас екеніне күмәнданбайды. Нәтижесінде алаяқтар жанашыр адамдардан ақша алады, ал аккаунты бұзылған пайдаланушының беделіне нұқсан келеді.

  • Балансты қателесіп толықтыру.

    Байланыс операторыңыз сізге балансыңыздың толықтырылғаны туралы хабарлама жібереді. Біраз уақыттан кейін сізге мессенджерде бейтаныс адам хабарласып, ақшаны өзі аударғанын, бірақ телефон нөміріндегі цифрды қате тергенін айтады. Сөйтіп ақшаны өз нөміріне қайтаруды сұрайды. Жауапкершілігі мол адамдар әдетте оның жағдайына түсіністікпен қарап (қателеспейтін адам жоқ), көрсетілген нөмірдің балансын толықтырады. Алайда көп ұзамай жәбірленушінің балансынан дәл сондай сома тағы да есептен шығарылады. Алаяқ ақшасын қайтарып алып қана қоймай, байланыс операторы арқылы бастапқы төлемді де кері қайтарып алады. Нәтижесінде қаскүнем екі есе пайда көреді.

Отбасы бюджеті: ақша жайлы келісіп, ажыраспаудың жолы
Демалысқа барамыз! Саяхат шығынын үнемдеу үшін бюджетті қалай жоспарлау керек?
Google Sheets-те шығын есебін жүргізу жолы: тәжірибелі қолданушылардың хикаялары
Демалыс күндерін қалай дұрыс есептеу керек? Демалыстың қандай түрлері бар және олардың ерекшеліктері қандай?

Алаяқтық схемалар неліктен әлі де іске асады?

Адамдар алаяқтық схемалардан хабардар, сақтық шараларын біледі, бірақ соған қарамастан қаскүнемдер құрған тұзаққа түсіп жатады. Себебі алаяқтар адамның ақылына емес, эмоциясына әсер етіп, психологияны шебер пайдаланады. Ең көп таралған айлалардың қатарында мыналар бар:

Белгілі бір мәселені шешуге уәде беру

Мысалы, адам ұзақ уақыт бойы жұмыс немесе отбасын құратын жар іздесе, шаршап, қажуы мүмкін. Мұндайда алаяқтың ұсынысы соңғы мүмкіндік, тіпті ғажайып сияқты қабылданады.

Эмоцияны пайдалану

Пайдаланушының атынан заңсыз ақша аударылып жатқанын айтып қорқыту немесе жол апатына түскенін хабарлап, алаңдаушылық тудыру адамды күйзеліске түсіреді. Дүрбелеңге бой алдырған адам жағдайды байыппен бағалай алмайды, абдырап, ойланбастан әрекет етуі мүмкін.

Мұндай әсерді жағымды эмоциялар да тудыруы мүмкін. Мысалы, қомақты ұтыс немесе шетелден келген сәлемдеме туралы хабар адамды қатты толқытады. Жағымды эмоциялар да жағымсыз эмоциялар сияқты адамның қырағылығын төмендетуі мүмкін.

Қолма-қол ақшалай берілетін кредит

Шұғыл әрекет етуге итермелеу.

Адамды алаңдататын хабарламалар ғана емес, дереу әрекет ету қажеттілігі де дүрбелең тудырады. Мысалы, қаскүнем дәл қазір біреу шотыңыздағы барлық ақшаны шығарып жатқанын хабарлайды. Әрине, ақшаны тез арада құтқару керек деп ойлаған адам алаяқтың айла-шарғысына алданып қалады.

Билікке бағыну триггері

Қаскүнемдер өздерін полиция қызметкері, мемлекеттік орган өкілі немесе банк қызметкері ретінде таныстыруы мүмкін. Қарапайым адамның мұндай тұлғаларға сенбеуіне негіз жоқ.

Когнитивті бұрмалау

Алаяқ ақшаңызды шебер ұрлап жатқан сәтте сізде «өз жинағымды құтқарып жатырмын» деген жалған түсінік қалыптасады.

Көптеген адам мұндай жағдай өз басына ешқашан келмейді деп ойлайды. Ұдайы шаршау мен шектен тыс күйзеліс қырағылықты төмендетіп, қылмыскерлердің ісін жеңілдетеді.

Даладағы қаржы сауаты: көшпенділер экономикасы қалай жұмыс істеген?
Зейнетақы аннуитеті: зейнет жасына жетпей төлемдер ала бастаудың жолы
Қазақстанның жас қала тұрғындарының Алматы мен Астана қалаларында қаржыны басқаруы туралы
Үш бөлмелі пәтерді 3 миллион теңгеге жөндеу: құралдар, кеткен қате және Қытайдан алынған заттар

Алаяқтардың құрбаны болсаңыз, не істеу керек?

Күрделі пароль белгілеу, деректерді үшінші тұлғаларға бермеу, күдікті сілтемелерге өтпеу және сайт мекенжайларын мұқият тексеру — алаяқтардан қорғанудың көпшілікке белгілі тәсілдері. Алайда бұл сақтық шаралары көмектеспей, қылмыскердің тұзағына түсіп қалсаңыз, не істеу керек? Мысалы, картаңыз бойынша жүргізілген операциялардың бірі күмән туғызды делік. Мұндай жағдайда мына әрекеттерді орындау қажет:

  1. Картаны бұғаттау
    Банк картасына қатысты алаяқтыққа тап болсаңыз, ең алдымен осы әрекетті орындау қажет. Картаны банк қолданбасы арқылы бұғаттаңыз немесе банкке телефон арқылы хабарласыңыз.
  2. Алаяқтық туралы банкке хабарлау.
    Біріншіден, банк картаны ғана емес, шотты да, қолданбаға кіру мүмкіндігін де бұғаттай алады.Екіншіден, күні мен уақытын көрсете отырып, өтінішіңізді тіркеу қажет. Бұл құжат кейін тергеу барысында қажет болады.
  3. Алаяқтық туралы полицияға хабарлау.
    Полиция қызметкерлеріне қылмыс жасалғаны туралы хабарлаңыз. Ол үшін 102 қысқа нөміріне қоңырау шалыңыз немесе Qamqor.gov.kz сайтындағы «Арыз беру» қойындысында онлайн арыз беріңіз. Полицияға жүгіну алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастауға негіз болады. Ірі ақша сомасына қатысты жағдайда бұл міндетті қадам саналады.
  4. Дәлелдерді сақтау.
    Дәлел ретінде қоңырау жазбалары, хат алмасу мен кодтар көрсетілген хабарламалардың скриншоттары, әрекет жасаған сайттың скриншоттары, сондай-ақ шот бойынша үзінді көшірмелер пайдаланылады.

Қазақстанда жыл сайын интернет-алаяқтықтың 25 мыңнан астам дерегі тіркеледі. Мұндай қылмыстар құқық бұзушылықтардың жалпы санының 23%-ын құрайды. Бұл алаңдатарлық көрсеткіштер пайдаланушылардың жауапсыздығынан емес, алаяқтық схемалардың үнемі жетілдірілуінен туындап отыр. Қазіргі жағдайда алаяқтықтан қорғану күнделікті өмірдің ажырамас бөлігіне айналуға тиіс. Ол үшін әрдайым қырағы болып, эмоцияға берілмей, асығыс әрекет етуден аулақ болу және ақпаратты мұқият тексеруді әдетке айналдыру қажет.

bcc journal арқылы жаңалықтардан хабардар болыңыз
Біздің хабар таратылымымызға жазылып, жаңа мақалалар мен өзекті ақпаратты шолуды жіберіп алмаңыз.
Поиск по сайту
Cookie файлдарын баптау
Әрқашан белсенді