Бүгінгі таңда 25-30 жас аралығындағы қазақстандық жастар – бұл экономикалық тұрғыдан белсенді, талпынысы жоғары азаматтар. Олар мансап құрып, білім алып, отбасын құрып, Алматы мен Астана сияқты еліміздің екі үлкен қаласында мазмұнды өмір сүріп келеді. Бұл мегаполистерде мүмкіндік көп, алайда пәтерді жалға алу, жол жүру, сыртта тамақтану, ойын-сауық, кредит пен білім алу сияқты шығын да аз емес. Мұның бәрі олардың бюджетіне айтарлықтай әсер етеді. Біз жас буын өкілдері өмірінен мысал келтіре отырып, олардың қаржыға қатысты әдеттері қандай екенін, ақша жинауға мүмкіндігі бар ма және болашақты қалай жоспарлайтынын анықтауға тырысамыз.
Мамандығы: фармацевтика компаниясында маман (қашықтан жұмыс істейді)
Камила Астана қаласының тұрғыны, жұмыс істейді, тұрақты әрі орташадан жоғары табысы бар, қаржысын ұқыпты жұмсайды. Үйден жұмыс істегендіктен, уақытын әрі жолға кететін шығынды үнемдейді, дегенмен күнделікті өмір тұрақты қаржылық салымды талап етеді.
Қаржысы: Камила сәнді киінуге тырысады, бірақ қымбат брендтерге ақша жұмсамайды. Оның таңдауы ұзақ уақытқа жарайтын, орташа бағадағы бірнеше сапалы киім. Сонымен қатар жылына бір рет сапасы жақсы сөмке немесе аяқ киім сатып алады. Сұлулық пен күтім – бюджеттің міндетті бөлігі: маникюр, педикюр және салон қызметтері айына 20-30 мың теңге көлемінде шығынды қажет етеді, кейде тері күтімі үшін одан да көп жұмсалады.
Ақша жинайды: Бір-екі айлық өмірге жететін шағын қаржы көпшігін қалыптастырып жүр, ал басты арманы – Жапонияны көру. Қаржы сауаттылығы әзірге мінсіз емес: ақшаны көбіне көңіл-күйне қарай жұмсайды, инвестиция жасамайды, қаражатын депозитте сақтайды.
Қалаға көзқарасы: Астананы мүмкіндігі көп, өмір ырғағы мен көңіл көтеру инфрақұрылымы жақсы іскер адамдарға арналған қала деп санайды. Алайда қыс мезгілінде ауаның ластануын және жаяу жүрудің қолайсыздығын атап өтеді, сондықтан өз көлігімен жүреді, бұл да қосымша шығын.
Кредиттік #картакартамен қаржыны басқарыңыз
7 000 000 ₸ дейін лимит, ақшамен қайтарылатын кэшбэк, bcc smart арқылы бөліп төлеу, тегін шығару және қызмет көрсету
Мамандығы: туристік компанияда маркетолог
Қарағандыдан Алматыға оқу мен жұмыс үшін көшіп келген. Қазір құрбысымен жалдамалы пәтерде тұрады, ай сайын шамамен 300 мың теңге жалдау ақысына жұмсайды.
Қаржысы: Ең алдымен міндетті төлемдерді (жалдау ақысы, бөліп төлеу) өтейді, екінші орында тамақ (көбіне үйден тыс жерде, өйткені жұмыстан кейін тамақ дайындауға шамасы келмейді), үшінші орында көлік шығындары. Көбіне ақшаны көңіл-күйіне қарай жұмсайды, әсіресе саяхаттан үнемдемейді, өйткені оны өмір мен демалыстың маңызды бөлігі деп санайды.
Баспана алуға ақша жинау әзірше мүмкін болмай жүр: себебі қаржы сауаттылығы жеткіліксіз. Үнемдеудің маңызын түсінгенімен, көбіне жоспарды ұмытып, жылдам шешім қабылдайды.
Қалаға көзқарасы: Алматыны жайлы климаты, табиғаты мен мансаптық мүмкіндіктері үшін жақсы көреді, бірақ өмір сүру құнының (әсіресе пәтерақы мен ойын-сауық бағасының) Астанаға қарағанда жоғары екенін айтады.
Мамандығы: стартаптағы продакт-менеджер
Жалдамалы пәтерде тұрады, айлық табысы – шамамен 600-700 мың теңге.
Қаржысы: Табысының үлкен бөлігі, шамамен 40%-ы пәтерақы, кредит мен бөліп төлеу сияқты міндетті төлемдерге жұмсалады. Қалғанының 30%-ы ойын-сауыққа (барларға бару, табиғатқа шығу, спортпен шұғылдану), сондай-ақ тамаққа және жолға кетеді.
Үнемдеу: жуырда үйде тамақ дайындауды әдетке айналдырған, бұл шығындарды 25-30% қысқартуға мүмкіндік береді. Шығындарын жүйелі түрде есептеп отырады, бұл ақшаның қайда кетіп жатқанын түсінуге көмектеседі. Осындай саналы тәсіл бюджетке бақылау жасап, жайлылықтан бас тартпай үнемдеуге мүмкіндік береді.
Ақша жинау қиынға соғады: қаржы көпшігі бар, бірақ ол пәтерді жөндеу жұмыстарына арналған. Алдағы уақытта шығындарға саналы түрде қарауды мақсат етеді.
Қалаға көзқарасы: Астананы тұрғын үй алып, отбасы құруға қолайлы қала, ал Алматыны мансаптық мүмкіндіктері мол орта деп санайды.
Мамандығы: шетелдік компанияда сату жөніндегі менеджер
Өзінің ипотекаға алған пәтерінде тұрады. Ай сайынғы шығындары – шамамен 500-700 мың теңге.
Қаржысы: Табысының шамамен 30%-ы міндетті төлемдерге (ипотека, коммуналдық қызметтер), 40%-ы демалыс пен көңіл көтеруге (мейрамхана, спорт, ойын-сауық), 10%-ы таксиге жұмсалады. Қалған бөлігі тамақ пен темекіге кетеді. Үйде сирек тамақтанады, көбіне сырттан тамақтануды жөн көреді.
Ақша жинайды: Үй салу, көлік алу және болашақ бизнеске капитал жинап жүр. Киім мен тұрмыстық заттарды үнемдеп, көбіне бұрын пайдалануда болған заттарды сатып алады. Сондай-ақ, шығынды азайту үшін сұраныс көп кезде таксиді пайдаланбауға тырысады.
Қалаға көзқарасы: Қаланың инфрақұрылымы мен табиғатқа жақындығын оң бағалайды, бірақ тұрғын үйдің қымбаттығы мен көлік мәселелері жайлы айтады. Алматыны мансап құру үшін ең қолайлы қала деп санайды, өмір сүру бағасы жоғары болса да.
#TravelCard — саяхатқа арналған артықшылықтары бар карта
Әуебилет сатып алу, қонақ үйде тұру және жалға автокөлік алу үшін жеңілдіктер мен кэшбэк алыңыз
Алматы мен Астана қалаларында жастардың қаржыға қатысты өмір салты әртүрлі. Астанада, әдетте, пәтер жалдау немесе сатып алу оңайырақ, яғни «аяққа нық тұру» мүмкіндігі жоғары. Дегенмен елорда іскер және отбасылы, өмірге прагматикалық қарайтын адамдарға көбірек бейімделген қала. Ал Алматы жастарға мүмкіндік беріп, шығармашылық сыйлайтын қала: мұнда мансаптық өсу қарқыны жоғары, мәдени өмір бай. Бірақ тұрғын үй бағасы мен күнделікті шығындар деңгейі әлдеқайда жоғары.
Қаржыға қатысты әдеттер:
Алматы мен Астананың жастары ыңғайлылық пен үнемнің арасынан тепе-теңдік іздейді. Көбіне қаржыны көңіл-күйге қарай жұмсайды, бұл қазіргі өмір салтының айқын көрінісі: басты құндылық – эмоция мен өзін-өзі дамыту.
Екі мегаполистің жастары да қаржы тұрақтылығына қол жеткізуге болатынын жақсы түсінеді. Алайда оған жету үшін тек тұрақты табыс жеткіліксіз, жоспарлы ойлау мен шығындарға саналы көзқарас қажет. Жастардың қаржы сауаттылығын арттыру, жинақтау мен инвестициялау мәдениетін қалыптастыру – қазіргі Қазақстанның қала өмірінде тұрақтылық пен ертеңге деген сенімділіктің басты кепілі.