Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Суреттерді көрсету:
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Режим доступности
Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Суреттерді көрсету:
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Кіру
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Войти в BCC.KZ
Войти в BCC Business
7 қазан 2025
Жаңартылды: 9 қазан 2025

Қазақстанда зейнетке шыққандағы өмір: 60 жастан асқанда белсенді, қадірлі әрі бақытты өмір сүрудің жолдары

Кей адам үшін бұл кезең жаңа қызығушылықтар мен табыс табудың мүмкіндігі, ал енді біреулер үшін отбасының тірегіне айналып, немерелерге көңіл бөлуге арналған баға жетпес уақыт. Қай жолды таңдасаңыз да, қуаныш, күш-қуат, сондай-ақ шабыт табуға болады. Әңгімеміз осы туралы болмақ.

2025 жылы Қазақстанда орташа өмір сүру ұзақтығы тарихи жоғары көрсеткіш – 74 жасқа, ал Алматы қаласы бойынша 78 жасқа жетті. 2025 жылдың маусым айындағы деректерге сәйкес елімізде 2,4 миллионнан астам зейнеткер бар. Олардың бір бөлігі жаңа қызығушылық тауып, шығармашылықпен айналысса, енді бірі бар уақытын немерелеріне арнайды не қосымша табыс көзін табады, кейде тіпті бұрынғы жұмыс орнында еңбек етеді. Біздің кейіпкерлеріміз де әртүрлі жолды таңдап, көптен күткен өмір кезеңінің әр сәтінен ләззат алып келеді:

Фарида Жакупова, 68 жаста – емханада жұмыс істейді және елордамыздағы Белсенді ұзақ өмір сүру орталығына барады.

Наурызбай Сиражиденов, 68 жаста – балалары мен немерелеріне көмектесу үшін ауылдан Астанаға көшіп келген.

Людмила Янченко, 68 жаста – хоббиін табыс көзіне айналдырып, пэчворк пен қыш өнерінен сабақ береді, экскурсиялар ұйымдастырады.

Алтыншаш Досанова, 69 жаста – уақытын отбасына арнай отырып, саяхаттауға да мүмкіндік табады.

Ольга Хозяшева, 65 жаста – зейнет жасына жеткен соң Өскемен қаласынан Алматыға қоныс аударған

Біз олардан қарттық шақты қалай бақытты өткізуге болатыны жөнінде сұрап, мынадай жауап алдық.

Кредиттік #картакартамен қаржыны басқарыңыз

7 000 000 ₸ дейін лимит, ақшамен қайтарылатын кэшбэк, bcc smart арқылы бөліп төлеу, тегін шығару және қызмет көрсету

2025 жылы Қазақстандағы зейнетақы

Зейнет жасы:
Ерлер: 63 жас.
Әйелдер: 61 жас. (Әйелдер үшін зейнет жасын ұзарту 2028 жылға дейін уақытша тоқтатылды, одан әрі 2031 жылға қарай 63 жасқа дейін біртіндеп ұзартылады).

Негізгі көрсеткіштер:
Орташа зейнетақы мөлшері – 143 502 теңге.
Ортақ зейнетақы мөлшері – 95 814 теңге
Базалық зейнетақы мөлшері – 47 688 теңге.

Зейнетақыны оңай әрі ыңғайлы басқару үшін арнайы #үлкенгеқұрмет зейнетақы картасын пайдаланыңыз. Бұл картамен коммуналдық қызметтерді комиссиясыз төлеуге, дәріханалар мен супермаркеттерде жасаған сауда үшін 2% кешбэк алуға болады. Сонымен қатар картаны шығару және оған қызмет көрсету тегін.

Жаңа хобби тауып, денсаулығыңызды ойлаңыз

Қай жолды таңдасаңыз да, денсаулық – өмірдің негізі. Немерелермен серуендеуге де, жаңа қызығушылыққа да күш-қуатыңыз жеткілікті болуы үшін ең алдымен өзіңізге уақыт бөлу маңызды.

Бұл ретте Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарының (БҰӨО) қызметін пайдалануға болады. Аталған орталықтар Қазақстанда 2018 жылдан бастап ашыла бастады. Бүгінде еліміз бойынша олардың саны 90-нан асады. Олардың басты мақсаты – зейнеткерлердің белсенділігін арттырып, қоғамға араласуын қолдау. Бұл орталықтарда қатысушылар ЕДТ, йога мен би, шахмат немесе вокал курстары сияқты жаңа істермен айналысып қана қоймай, ең бастысы ортақ қызығушылығы бар адамдармен қауышып, жаңа орта табады.

Орталықтарға бару тегін, ал тіркелу үшін әдетте жеке куәлік пен зейнеткерлік куәлік (кейбір қалаларда – жергілікті тіркелген мекенжай) қажет. Астана қаласындағы Ұзақ өмір сүру клубында қалай уақыт өткізетіні жайында Фарида Жакупова айтып берді:

«Мен екі қыз, бір ұл өсіріп, бәріне білім бердім. Ал балалы болғанда оларды өздері тәрбиелеу керек екенін бірден айттым. Әлбетте әрдайым көмекке дайынмын, алайда тәрбиелеу ісіне араласпаймын, өйткені өз шаруаларым бар.

Мен Байқоңыр қаласындағы Ұзақ өмір сүру клубына үш жылдан бері барып жүрмін. Клубта тоқу, тоғызқұмалақ, домбыра, гитара, тігін өнері, қазақ тілі курстары сияқты түрлі үйірмелер бар. Кітапхана, ал келесі ғимаратта теннис корты бар. Клуб мүшелері болған қыз-келіншектер Щучинск, Бурабай және Қотыркөл санаторийлеріне жеңілдікпен барып тұрады. Сонымен қатар мереке кезінде жиналып, қойылымдар ұйымдастырамыз, үйірмелерде жасаған бұйымдарымызды сатамыз.

Клубтан бөлек, таңертеңнен түске дейін емханада жұмыс істеймін. Бұл жұмысты ақша үшін емес, адамдармен араласу үшін істеймін. Ұжым өте тату, маған қатты ұнайды, ешкім жасыма қарамайды, бәріміз теңбіз. Ал клуб – шынымен де керемет жер. Мұнда келетіндердің бәрі тек жақсы пікір айтады.

Цифрлық сауатыңызды арттырыңыз

Алаяқтардың басқа адамдардың, әсіресе егде жастағы азаматтардың атына кредит ресімдегені туралы күнделікті жаңалықтардан кейін, цифрлық сауаттылық жай ғана пайдалы дағды емес, қазіргі заманда қауіпсіз әрі жайлы өмір сүрудің негізгі талабы екені айқын бола түседі.

Цифрлық сауаттылық курстарын Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарында немесе онлайн оқуға болады. Мысалы, қазақстандық Connect-Ed бастамасы ұсынған тегін курс – цифрлық теңсіздікті азайтуға бағытталған маңызды жоба. Аталмыш курс YouTube платформасында қазақ және орыс тілдерінде ұсынылған. Онда сіз интернет деген не, мессенджерлерді қалай пайдалану керек, электронды поштаны қалай ашу және ChatGPT қызметімен қалай сөйлесу сияқты тақырыптармен жүйелі түрде, сенімді дереккөздер негізінде таныса аласыз. Бұл курсты тек ата-әжелер ғана емес, олардың немерелері де жиі оқиды. Қазіргі таңда 320 бала мен ересек адам өздерінің цифрлық сауатын онлайн және офлайн форматтарда жетілдіріп үлгерді.




Отбасыңызбен көбірек уақыт өткізіңіз

Қазақстанда ұрпақтар сабақтастығы ежелден қоғамның берік тірегі саналады. Сондықтан көптеген адам үшін зейнетке шығу – бұл «демалысқа кету» емес, қайта ең жауапты әрі құрметті қызметке өтуді, яғни ата-әже атануды білдіреді. Бұл жай ғана немерелерге көмектесу емес, шын мәніндегі күн сайынғы еңбекті қажет ететін толыққанды жұмыс. Мектепке апарып, алып келу, үйірмелер мен қосымша сабақтарға жеткізу, кешкі ас дайындау және үй тапсырмасын орындауға көмектесу – кәдімгі жұмыс күні сияқты естіледі. Наурызбай Сиражиденов өзінің жаңа «қызметі» туралы былай дейді:

Біз жұбайым екеуміз үш қыз тәрбиеледік, қазір жеті немереміз бар. Олар Алматы, Қарағанды, Астана сияқты әр қалада тұрады. Зейнетке шыққанға дейін біз Көкшетаудан 200 шақырым жердегі Талшық ауылында тұрдық. Ал жұбайым зейнетке шыққан соң, балаларға жақын боламыз деп Астанаға көшу туралы шешім қабылдадық. Елорданы таңдаған себебіміз – мұнда достарымыз бар, туыстарымыз көп. Тағдырдың сәтті тоғысуымен бұл жаққа үлкен әпкем де көшіп келді, ал бізден бұрын інім келіп орналасқан еді. Сол себепті біз үшін бұл қос қуаныш, өйткені отбасымызбен де, балаларымызбен де қауыштық.

Дер кезінде көмектесіп тұрайық деген оймен ортаңғы қызымыздың үйіне жақын жерден пәтер жалдадық. Кейде күйеу баламыз жұмыстан кешіксе, балабақшадан немеремізді алып кетеміз, саябақта серуендейміз, ойнаймыз.

Үлкен немереміз қазір студент, бізбен бірге тұрады. Жазда Қарағандыдағы немерелер келіп кетті, ал күзде Алматыға барып, ең кішкентай немеремізге барамыз деп жоспарлап отырмыз. Сағынсақ, билет аламыз. Ұшақпен де, пойызбен де жету қиын емес қой. Астанадан елдің кез келген бұрышы бұрынғы солтүстіктегі ауылға қарағанда әлдеқайда жақын сияқты.

Жұмыс істеп, хоббиіңізді табыс көзіне айналдырыңыз

Егер күш-қуатыңыз бен ықыласыңыз болса, жылдар бойы жинаған тәжірибе мен сүйікті ісіңізді қосымша табыс көзіне айналдыруға болады. Қазақстанда орташа жиынтық зейнетақы мөлшері шамамен 143 502 теңге (2025 жылдың ортасындағы көрсеткіш бойынша), сондықтан қосымша табыс жақсы мүмкіндік әрі көңілге қуаныш сыйлайтын бонус. Мысалы, Алматы қаласының тұрғыны Людмила Янченко өз хоббиін табысқа айналдырған зейнеткерлердің бірі. Ол пэчворк пен қыш өнерін үйретіп қана қоймай, туған қаласына экскурсиялар да өткізеді.

Мен пэчворкпен айналысып жүргеніме 30 жылдан асты. Негізгі жұмысым болған кезде де бұл істі қатар алып жүрдім, жәрмеңкелер мен фестивальдерге қатыстым, тапсырыспен бұйымдар тіктім. Зейнетке шыққан соң бұл іс менің өмірімнің басты бөлігіне айналды. Енді тек тігумен шектелмей, қазіргі заманғы пэчворк өнерін үйрете бастадым. Бүгінгі таңда менің шәкірттерімнің саны 2000-нан асты, сондықтан зейнетке шыққан соң да өзімді жаңа іспен айналысып жүрген адам ретінде сезіндім.

Кейін қыш өнеріне қызыға бастадым. Бұл бағытты толық зерттеп, арнайы курстардан өттім, жабдық сатып алдым да, қыштан бұйымдар жасай бастадым. Уақыт өте келе өзгелерге де осы істің қыр-сырын үйретуді қолға алдым.

Біраз жылдан кейін көптен бергі арманым орындалды, сүйікті қалам Алматыда гид болдым. Тағы да оқуға барып (мен оқуды өте жақсы көремін), сертификат алдым және ағылшын тілінде экскурсиялар жүргізе бастадым.

Қазір мен пэчворкпен, қыш өнерімен айналысамын, гид болып та жұмыс істеймін. Бірақ мұны толыққанды табыс көзі деп айту қиын. Өзім бұны жай ғана «зейнетақыға қосымша кофе мен круассанға жетерлік табыс» деймін.

Саяхаттаңыз

Зейнет жасында сіздің ең басты ресурсыңыз – уақыт пайда болады. Бұрыннан көкейіңізде жүрген туған елдің сұлулығын көру, басқа қаладағы туыстарға бару сияқты арманыңызды орындайтын кез келеді.

Ең алдымен өз еліңізді көріңіз. Енді қысқа демалысты күтудің қажеті жоқ! Бүкіл Қазақстанды асықпай аралап, көп жылдан бері көрмеген туыстарға сәлем бере аласыз. Бурабайдың қарағайлы ормандары мен мөлдір көлдеріне сүйсініңіз, Түркістанның тарихи мұрасын өз көзіңізбен көріңіз, не Алматы облысындағы каньондар мен көлдердің сұлулығын тамашалаңыз. Бүгінде теміржол және автобус бағыттары елдің ең шалғай өңірлеріне де барады, ал ұшақ билеттері кейде пойызбен жүргеннен де арзан түседі.

Тағы бір жақсы ұсыныс – санаторийлердегі демалыс. Бұл тынығуды және денсаулықты нығайтуды қатар ұштастыратын тамаша мүмкіндік. Ал еліміздің түкпір-түкпірінде асылған еттің дәмін татып шыққан соң, неге шекара асып көрмеске? Мысалы, өз сапарыңызды Өзбекстанның көне мешіттерінен бастап, одан әрі Оңтүстік-шығыс Азияға немесе Еуропаға қарай жалғастыруға болады. Біздің кейіпкеріміз Алтыншаш апай бүкіл отбасымен бірге қалай саяхаттап жүргенін әңгімелеп берді.

Қызым әуе компаниясында жұмыс істейді, сондықтан мен зейнетке шыққалы бері біз жиі бірге саяхаттайтын болдық. Кейде қызыммен екеуміз, кейде жолдасым үшеуіміз бірге ұшамыз. Сөйтіп біз екі рет Тайландқа, бір рет Вьетнам мен Грузияға, екі рет Стамбулға барып қайттық. Енді немерелерім өмірге келіп, уақытымның көп бөлігін соларға арнаймын. Дегенмен кейде көңіл сергітіп, қызымның жанына – Алматыға ұшып барамын. Саяхат – керемет нәрсе! Егер мүмкіндігіңіз болса, уақытты созбай, жаңа қалаларды көріп, өмірдің жаңа бояуын сезініңіз!

Болашақ зейнеткерлерге кеңес

Егер сіз зейнетақы капиталыңызды жинап жатқан болсаңыз, оның қорытынды мөлшеріне өзіңіз әсер ете аласыз. Зейнетақы жинағыңыздың бір бөлігін БЖЗҚ-дан BCC Invest компаниясының сенімгерлік басқаруына берсеңіз, әлеуетті жоғары инвестициялық табыс алу мүмкіндігіне ие боласыз.

Өзгерістен қорықпаңыз

Көп жылдық еңбек жолының аяқталуы – жай ғана күн тәртібінің өзгеруі емес, бұл үлкен психологиялық кезеңнің ауысуы. Күнделікті үйреншікті рөліңіз аяқталып, айналаңыздағы орта өзгереді. Ал жұмыс күндерінің орнына келген толық еркіндік кейде тіпті үрей мен абыржу сезімін тудыруы мүмкін.

Бірақ дәл осы сәт – құндылықтарды қайта бағалап, көптен бері армандаған батыл қадамдарды жасауға таптырмас мүмкіндік. Шынайы өмірден алынған мысалдар зейнетке шыққаннан кейінгі өзгерістен қорықпай, оларды өз қолыңмен жасау керегін көрсетеді. Осындай өзгерістің бір жарқын мысалы – Екібастұз қаласындағы Ольга Хозяшеваның әңгімесі:

Мен Екібастұздағы бір кәсіпорында 40 жылдан астам еңбек етіп, 59 жасымда зейнетке шықтым. Шынымды айтсам, осы сәтті соңғы он жыл бойы күтіп жүрдім. Алғашқы үш айдың еркіндігі тамаша өтті, бірақ содан кейін бір үлкен істің бөлшегі болмағанымды сезіне бастадым.

Дәл сол уақытта маған жұмысқа қайта оралып, Корпоративтік қорды басқару туралы ұсыныс жасалды. Осылайша 60 жасымда мен өзім үшін жаңа салаға қадам бастым және әлеуетімнің әлі де сарқылмағанын дәлелдедім. Өзімді қайтадан қажетті адам ретінде сезіндім.

Бірақ үш жылдан кейін қызыма жақын болу ниеті бәрінен басым түсті. Әрине, мұндай шешім қабылдау оңай болған жоқ, бірақ аналық сүйіспеншілік бәрінен биік қой. Балаларым көшуге көмектесті, ал менің үмітім толық ақталды.

Қазір мен жаным да, тәнім де тыныштық тауып, шын мәнінде демалып жүрген адаммын. 45 жылдық еңбек өтілімен менің зейнетақым 231 000 теңге, бұл маған жаңа еркін өмір сүруге мүмкіндік береді. Сүйікті қаламда серуендеймін, филармонияға барамын, қызыма көмектесемін.

Зейнет – бұл бақыт, сондай-ақ өзгеріс кезеңі. Оған «өмірдің соңы» деп емес, келіп жеткен лайықты жаңа өмірдің бастауы деп қарау керек. Тәуекел етіңіз, өзгеріс жасайтын және өзгеретін кез келді! 

Қорытынды

Зейнет – бос кеңістік емес, өмірдің жаңа әрі маңызды кезеңі. Шағын ісіңізді бастау, саяхаттау, жаңа білімді игеру немесе үлкен әулеттің тірегіне айналу – мұның бәрі де құрметке лайық жол. Ең бастысы – жинаған тәжірибеңіз бен өмірлік қуатыңыздың мерзімі болмайтыны есіңізден кетпесін. Өміріңіздің осы жаңа тарауын қуанышпен қабылдап, ең жарқын кезеңдерді сезініңіз.


bcc journal арқылы жаңалықтардан хабардар болыңыз
Біздің хабар таратылымымызға жазылып, жаңа мақалалар мен өзекті ақпаратты шолуды жіберіп алмаңыз.
Поиск по сайту
Біз cookies файлдарын қолданамыз
Біз сайттың функционалын және сіздің пайдаланушылық тәжірибеңізді жақсарту үшін cookies файлдарын қолданамыз
Артқа
Cookie файлдарын баптау
Біз сайттың функционалын және сіздің пайдаланушылық тәжірибеңізді жақсарту үшін cookies файлдарын қолданамыз
Міндетті cookies файлдары
Әрқашан белсенді
Бұл Cookies файлдары сіз туралы маркетингтік мақсатта пайдаланылуы мүмкін ақпаратты жинамайды және Интернетте қашан болғаныңызды есте сақтамайды. Браузердің параметрлерін өзгертіп, осы Cookies файлдарын ажыратуға болады, бірақ бұл біздің сайтпен әрекеттескенде, веб-сайтыңыздың жұмысына әсер етуі мүмкін.
Қосымша cookies файлдары
Cookie файлдары пайдаланушы тәжірибесін жақсартуға және сізге берілген кез келген ақпараттың сіздің мүддеңіз бен қалауыңызға сәйкес келетініне кепілдік беруге көмектеседі. Cookies файлдары ақпаратты ешкім тікелей сәйкестендірілмейтіндей етіп жинайды