Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Суреттерді көрсету:
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Режим доступности
Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Суреттерді көрсету:
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Кіру
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Войти в BCC.KZ
Войти в BCC Business
bcc journal
27 шілде 2025
Жаңартылды: 5 тамыз 2025

Инфантилизмнен инвестицияға дейін: Қазақстанда қаржылық мінез-құлық қалай өзгеріп жатыр?

Қарыз туралы әңгімеден қашқақтау, неке келісімшарттарынан қорқу және «бүгінмен өмір сүру» әдеті — мұның бәрі әр қазақстандықтың жеке таңдауы ғана емес, сонымен қатар тарихи-мәдени ұстанымдардың көрінісі. bcc journal-ға берген эксклюзивті сұхбатында қаржы сауаты жөніндегі сарапшы Күнекей Нұрлан қазақстандықтардың қаржы саласындағы мінез-құлқына әсер ететін ішкі және сыртқы факторларды түсіндіріп, оны технология, білім беру және келешекке деген сенім арқылы қалай өзгертуге болатынын айтып берді.

Мәтінде келтірілген пікірлер мен бағалар сарапшының жеке тәжірибесі мен көзқарасына негізделген және Банктің ресми ұстанымын білдірмейді.

bcc journal: Күнекей, адамның қаржы саласынан хабары бар не жоғын қалай анықтауға болады?

Көпшілік қарыздың болмауын қаржы сауатының белгісі деп санайды. Бірақ бұл шындыққа толық сәйкес келмейді. Мысалы, төмен төлем қабілеттілігі — жай ғана ақшаның жоқтығы емес, міндеттемелер бойынша үш айдан артық кешіктірілген төлемдердің болуы. Мұндай кредиттер банктер мен микроқаржы ұйымдары үшін жұмыс істемейтін кредиттерге жатады, ал бұл — маңызды көрсеткіш.

Осы ретте бір нәрсені нақты түсініп алған жөн: егер адамның бес кредиті болса және ол олардың бәрін уақытында төлеп отырса, бұл сәтсіздік емес. Керісінше, бұл оның қаржы сауатының жақсы деңгейде екенін көрсетеді.

Қаржылық сауатты адам — қарызы жоқ адам емес, міндеттемелерін тиімді басқара алатын адам.

bcc journal: Онда адамдарға жауапты мінез-құлық қалыптастыруға не кедергі?

Менің тәжірибемде дұрыс қаржылық мінез-құлық қалыптастыруға кедергі келтіретін төрт негізгі себеп жиі кездеседі.

Кредиттік #картакартамен қаржыны басқарыңыз

7 000 000 ₸ дейін лимит, ақшамен қайтарылатын кэшбэк, bcc smart арқылы бөліп төлеу, тегін шығару және қызмет көрсету

Біріншіден, бұл — стратегиялық ойлаудың жоқтығы. Көп адам 5-10 жылдан кейін не болатынын елестете алмайды. Олардың жоспарлау көкжиегі тым қысқа, көбіне 3 айдан аспайды. Соңғы жылдары жағдай сәл жақсарды: 12 немесе 24 айға бөліп төлеу мүмкіндіктерінің пайда болуы адамдарды кем дегенде бір жыл алға ойлауға ынталандырды. Бірақ жалпы алғанда, жоспар құра алмауды жүйелі мәселе деуге болады.

Кейде бұл көзқарас ашық байқалады: біреу кредит алып, «банк бәрібір жақында банкрот болады да, қарызды кешіреді» деп ойлайды. Бұл құқық сауаты деңгейінің өте төмен екенін көрсетеді. Адамдар кейде қарыздың мұрагерлік жолмен берілетінін де білмей жатады.

Екіншіден, институттарға деген сенімсіздік қатты әсер етеді. Зерттеулеріміз көрсеткендей, адамдардың көпшілігі тұрақтылыққа сене бермейді. Олар мемлекеттік, қаржылық немесе инфрақұрылымдық институттар ұзақмерзімді жоспар құруға мүмкіндік беретін сенімді орта қалыптастырады деп ойламайды. Ал бұл өз кезегінде стратегиялық шешім қабылдауға деген дайындықты төмендетеді.

Үшінші маңызды жайт — бұл мәдени ұстанымдар мен ұжымдық жауапкершілік. Көп жағдайда бұл құбылысты «менталитетпен» байланыстырып жатады, дегенмен ғылыми ортада бұл ұғым сирек қолданылады. Бұл көбіне мәдени ерекшеліктермен түсіндіріледі. Мысалы, қазақ қоғамында көшпелі өмір салтына байланысты өзара көмек көрсету дәстүрі тарихи тұрғыдан берік қалыптасқан.

Кейінірек кеңестік кезеңде қоғамда «қажет болса, мемлекет немесе ұжым көмектеседі» деген түсінік орнықты. Сонымен қатар «ортақ мүлік — ешкімнің меншігі емес, яғни оны өз пайдаңа жаратуға болады» деген көзқарас та кең таралды. Мұның бәрі қаржылық мінез-құлыққа әсер етеді: адам өз ақшасына деген жауапкершілік толығымен өзінің мойнында екенін әрдайым сезіне бермейді. Қиындық туындаса, ата-ана, аға-бауыр немесе мемлекет көмектеседі деген үміт қалыптасқан. Соның салдарынан бастама көтеру азаяды, шешім жиі кейінге шегеріледі не ойланбастан қабылданады, ал түпкілікті жауапкершілік мемлекетке немесе сыртқы жағдайларға жүктеле салады.

Ақырында, ақпараттық қысым мен тұтыну мәдениеті де қаржылық мінез-құлыққа үлкен әсер етеді. Ұзақ жылдар бойы жабық экономикалық жүйеде өмір сүрген соң, кенеттен бәрі жарқын, әдемі әрі қолжетімді көрінетін ашық әлемге тап болдық. Алайда көпшіліктің ондай өмір салтына жететін қаржысы бола бермейді. Оның үстіне әлеуметтік желілерде үнемі «басқадан қалмау керек» деген түсінікті алға тартатын өмір салты насихатталады. Бұл тұтынуға деген құмарлықты күшейтіп, кредитке деген сұранысты арттырады.

Қаржы нарығы бұл сұранысты дереу іліп әкетеді де, тұйық шеңбер қалыптасады:

қалау → кредит → бұрынғыдан да көп міндеттеме → қаржылық тұрақтылықтың төмендеуі.

Осылайша қазақстандықтардың көпшілігінде байқалатын қаржылық мінез-құлықты дәл осы тереңде жатқан төрт себеп қалыптастырады. Қаржы сауаты мен төлем қабілетінің төмен болуына тек «есептей алмау» емес, дәл осы факторлар елеулі әсер етеді.

bcc journal: Осы ұстанымдардың бәрі ақшаны қалай және қаншалықты ашық талқылайтынымызға қалай әсер етеді? Неліктен көптеген тақырып әлі де табу болып қала береді?

Менің ойымша, бұл қоғамдағы жауапкершілікке деген көзқарасқа тікелей байланысты. Психологтардың айтуынша, бізде көбіне инфантильді мінез-құлық үлгісі байқалады. Яғни адам жауапкершіліктен қашуға тырысады, ал мұндай жағдай түрлі қорқыныштардың, соның ішінде қаржылық қорқыныштардың пайда болуына себеп болады.

Құрылыс салушы туралы ақпаратты қалай жинауға болады және ол туралы не айтылатынын қалай тексеруге болады?
Жинақ ақшаны қайда сақтау тиімді: банкте ме, қолма-қол ақшамен бе, депозитте ме, әлде жастық астында ма?
ЦентрКредит Банкі қаржылық қамқорлықты күнделікті әдетке қалай айналдырды?

Мен жиі қайталанатын үш сценарийді байқаймын.

Бірінші сценарий: егер адамның 5-6 кредиті болса, ол бұл туралы ашық айтқысы келмейді. Себебі оны сынайды, «сәтсіздікке ұшыраған» деп бағалайды немесе белгілі бір әлеуметтік өлшемдермен салыстырады деп қорқады. Көпшілік «иә, мен қателестім» деп мойындауға, немесе керісінше, «иә, менің 5 кредитім бар, бірақ бәрін уақытында төлеп жүрмін» деп ашық айтуға қымсынады. Себебі жауапкершілікті мойындау өзгелерден «ерекше», «қолынан түк келмейді», «қаржы сауаты жоқ» деген секілді жағымсыз бағалауға ұшырау қаупімен қатар жүреді. Осының салдарынан тағы бір маңызды мәселе туындайды — жақындармен ашық сөйлесе алмау. Адамдар туыстарынан ақша сұраудан немесе қарызы бар екенін айтудан қашады.

Алайда бұған қарама-қарсы екінші сценарий де бар. Бұл — адамның болмысынан гөрі сыртқы көріністі алға шығаруға тырысатын жағдай. Мұндай адам бетперде киіп, өзін жағдайы жақсы, бәрін бақылауда ұстап отырған, ересек әрі жауапты адам ретінде көрсетеді. Ал шын мәнінде өз қаржы шешімдерінің қате екенін мойындауға батылы жетпейді. Ол қарыздарын жасырады, тойды кредитке жасайды, табысын асырып айтады. Мұның бәрі «мен де басқалардан кем емеспін» деген сезімді сақтау үшін жасалады. Бұл — психиканы қорғаудың бір түрі: шынайы жағдайды мойындамай, өзіңді бәрін дұрыс жасап жатырмын, бәрі менің бақылауымда деген сеніммен алдау.

Үшінші сценарий де бар: Мысалы, жуырда болған жағдай: қарындасы күн сайын екі ағасын мазалап, ақша сұрап отырады. Себебі ата-анасы бала кезінен оған «ағаларың әрқашан көмектеседі» деп үйреткен. Енді ол 20 жасқа келіп, ересек адам болғанына қарамастан, ағалары тіпті өз отбасылары мен балалары болса да, оны бағып-қағуға міндетті деп есептейді. Қыз джинс киімге немесе басқа ұсақ-түйекке еш ұялмай ақша сұрайды. Тіпті кейде кредит алып, оны кейін ағалары жабатынын да ашық айтады. Бұл жерде жауапкершілік мүлде жоқ, бірақ ұят сезімі де байқалмайды.

Мұндай мінез-құлықты тек ақшаға қатысты емес, өмірдің басқа салаларынан да көруге болады. Адамдар жеке өмірде де жауапкершіліктен қашады: ажырасады, баласын тастап кетеді, «бәрі жақсы» деген жалған әлем құрады. Осы сценарийлердің бәрінде бір түпкі мәселе жатыр: жауапкершіліктен қорқу және өз шешімдерінің салдарын мойындамау.

bcc.kz инвестициялар

KASE / KASE Global биржасында
акциямен сауда-саттық жасаңыз

bcc journal: Бұл сценарийлерден шығуға адамдарға не көмектеседі? Қаржылық мінез-құлықтың өзгеруіне не көбірек ықпал етеді: сыртқы жағдайлар ма, әлде ішкі ұстанымдар ма?

Ақшаға қатысты ұстанымдар адамның мінез-құлқына шын мәнінде әсер етеді. Әдетте біз қаржылық мінез-құлыққа ықпал ететін факторларды ішкі және сыртқы деп екіге бөліп қарастырамыз. Бұл факторлар адамның қаржылық шешімдеріне ықпал етіп қана қоймай, оның жалпы әл-ауқат деңгейін де айқындайды.

Қаржылық мінез-құлыққа әсер ететін сыртқы факторлар қатарына айналадағы, заңдар мен технологиялардағы өзгерістер жатады. Айқын өзгерістердің бірі қолма-қол ақшасыз есеп айырысуға жаппай көшумен байланысты болды. Бастапқыда бұл үрдіске қарсылық болды. Адамдар үйреншікті қолма-қол ақшадан оңай бас тартқан жоқ және телефон арқылы төлеуге күмәнмен қарады.

Дегенмен соңғы жылдары цифрлық құралдар күнделікті өміріміздің ажырамас бөлігіне айналды. Мінез-құлық та өзгерді: бұрын шығын көзге көрініп, қолмен ұсталғандай сезілсе, қазір қолма-қол ақшасыз төлем адамнан жаңа деңгейдегі өзін-өзі бақылауды талап етеді. Қазір көпшілік бұл форматқа бейімделіп, цифрлық ортада шығынды басқару дағдысын меңгерді.

Маңызды сыртқы факторлардың бірі – жаппай декларациялау. Бұл адамдарды өз капиталдарының қайдан шыққанын, ақша аударымдарының заңдылығын ой елегінен өткізуге итермелеп, ашықтыққа деген көзқарасты өзгертті. Салық реформалары да ықпал етті. Бұл реформалардың нақты әсері 2026-2027 жылдары айқын бола түспек, алайда бағыт-бағдар әлдеқашан өзгерді.

Енді ішкі факторлар туралы. Бұл – адамның ішкі дүниесінде жүретін өзгерістер. Дегенмен көбіне сол процестерді сыртқы жағдайлар іске қосады. Мысалы, 90-шы жылдармен салыстырғанда халықтың әл-ауқаты артты: көпшілікте баспана сатып алу, шетелге, тым болмаса жақын шетелге шығу мүмкіндігі пайда болды.

Негізгі қажеттіліктер жабылған соң, адам стратегиялық тұрғыда ойлай бастайды: қолда барды қалай сақтау керек, қалай көбейтуге болады, қайда инвестиция салған дұрыс. Ол инвестицияға қызығушылық танытып, сұрақ қояды, курстар іздейді.

Дәл осы сәтте білім беру өнімдеріне деген сұраныс пайда болады, бұл сұраныс мемлекеттің тарапынан да, мысалы, салық реформаларын түсіндіру, сарапшылар мен кеңесшілердің тарапынан да туындайды. Осындай құралдар кешенді түрде адамдардың мінез-құлқына әсер етеді. Мысалы, қолма-қол ақшасыз есеп айырысуға көшудің әсері қазірдің өзінде байқалады: тұтыну белсенділігі артты, бірақ кредит алу да жиілеген. Біз сыртқы фактордың пайда болуынан бастап нақты нәтижеге дейінгі аралықты шамамен 2-3 жыл деп бағалаймыз.

Сонымен қатар геосаяси ахуалды ескермеуге болмайды: қақтығыстар, тұрақсыздық, көшу. Мұның бәрі ұстанымдарға әсер етеді. Біреу: «Бар ақшамды қазір-ақ жұмсайын» десе, енді бірі: «Кенеттен көшіп кетуге тура келсе, ақша жинай беру керек» деп ойлайды. Реакция нұсқалары әртүрлі.

Сайып келгенде, экономикалық, саяси, технологиялық сияқты сыртқы өзгерістер мінез-құлыққа елеулі әсер етеді. Алайда соған қарамастан, білім беру құралдарының да тиімді екенін байқаймыз: олар адамдарға өз қаржысын саналы басқаруға көмектеседі, тұрақты дағдыларды қалыптастырады және ауқымы шектеулі болғанымен, ішкі өзгерістерге түрткі болады.

Кәсіпкердің қаржы сауаты: ақшаны бақылауда ұстап, бизнестен айырылып қалмау жолдары
Кредиттік картаны максималды пайдамен пайдалану жолы: 5 лайфхак
Бүкіл әлемді қалай тиімді аралап шығуға болады: Бюджеттік сапарларға арналған 11 лайфхак

Қорытынды

Осылайша қазақстандықтардың қаржылық мінез-құлқы экономикалық жағдайлардың ықпалымен ғана емес, сонымен қатар терең мәдени ұстанымдардың, әлеуметтік болжалдар мен жеке тәжірибенің нәтижесінде қалыптасады.

Күнекеймен болған сұхбат бұл мінез-құлықты өзгертуге болатынын көрсетті. Алайда ол үшін жүйелі әрекеттер қажет: ашық әрі түсінікті ережелер, қолжетімді білім беру, технологиялық құралдар және ең бастысы, болашаққа, институттарға, өз-өзіңе деген сенім.

Себебі түптеп келгенде, ақша туралы әңгіме — бұл жай ғана қаржы мәселесі емес. Бұл — қоғамның кемелдік деңгейі мен өміріне жауапкершілікпен қарауға дайындығының көрінісі. Мұндай диалогтар неғұрлым ертерек басталса, соғұрлым олардың нәтижесі де тұрақты болмақ. Осы тұрғыдан алғанда, жауапкершілік әдетке айналатын ортаның бір бөлігі ретінде bcc junior-дың мектеп оқушыларына арналған қаржы сауаты бойынша тегін курстары сияқты қарапайым қадамдар да пайдалы бола алады.

bcc journal арқылы жаңалықтардан хабардар болыңыз
Біздің хабар таратылымымызға жазылып, жаңа мақалалар мен өзекті ақпаратты шолуды жіберіп алмаңыз.
Поиск по сайту
Біз cookies файлдарын қолданамыз
Біз сайттың функционалын және сіздің пайдаланушылық тәжірибеңізді жақсарту үшін cookies файлдарын қолданамыз
Артқа
Cookie файлдарын баптау
Біз сайттың функционалын және сіздің пайдаланушылық тәжірибеңізді жақсарту үшін cookies файлдарын қолданамыз
Міндетті cookies файлдары
Әрқашан белсенді
Бұл Cookies файлдары сіз туралы маркетингтік мақсатта пайдаланылуы мүмкін ақпаратты жинамайды және Интернетте қашан болғаныңызды есте сақтамайды. Браузердің параметрлерін өзгертіп, осы Cookies файлдарын ажыратуға болады, бірақ бұл біздің сайтпен әрекеттескенде, веб-сайтыңыздың жұмысына әсер етуі мүмкін.
Қосымша cookies файлдары
Cookie файлдары пайдаланушы тәжірибесін жақсартуға және сізге берілген кез келген ақпараттың сіздің мүддеңіз бен қалауыңызға сәйкес келетініне кепілдік беруге көмектеседі. Cookies файлдары ақпаратты ешкім тікелей сәйкестендірілмейтіндей етіп жинайды