Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Суреттерді көрсету:
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Режим доступности
Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Суреттерді көрсету:
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Кіру
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Кіру
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Мәзір
Войти в BCC.KZ
Войти в BCC Business
bcc journal
3 шілде 2025
Жаңартылды: 3 шілде 2025

Жинақ ақшаны қайда сақтау тиімді: банкте ме, қолма-қол ақшамен бе, депозитте ме, әлде жастық астында ма?

Қазіргі таңда жинаған ақшаңызды қайда сақтау қауіпсіз әрі тиімді екенін, қай валютамен сақтау дұрыс болатынын және қысқа мерзімді не ұзақ мерзімді мақсаттарға қандай құралдар қолайлы екенін қарастырамыз.

Әлем тұрақсыз, баға өсіп жатыр, валюталар құбылып тұр — бірақ ақшаны бәрібір бір жерде сақтау керек. Оның үстіне тек «сақтап» қана қоймай, инфляциядан қорғап, мүмкін болса көбейту қажет. Бұл мақалада біз қазақстандықтардың тәжірибесі негізінде жинақ ақшаны дұрыс сақтаудың жолдарын қарастырамыз: қайда, қандай валютамен және неге солай сақтау керек екенін түсіндіреміз.

Өз тәжірибесін бөліскендер:

Денис — фрилансер, инвестиция бойынша барлық дерлік құралды пайдаланады, ағасымен бірге тұрады.

Самал — стартапта жұмыс істейді, ақшасын әртүрлі банктегі депозиттерде сақтайды, ұлын тәрбиелеп отыр.

Сергей — корпорацияда жұмыс істейді, бағалы қағаздарға инвестиция салады, отбасымен бірге тұрады.

Айгүл — IT саласында жұмыс істейді, саяхаттауды жақсы көреді, ақшасын теңге және доллар депозиттерінде сақтайды.

Қайрат — шағын компанияда жұмыс істейді, ақшасын теңге депозитінде сақтайды, ата-анасымен бірге тұрады.

Қысқа мерзімді vs ұзақ мерзімді мақсаттар

Тақырыпқа терең үңілмес бұрын өзіңізге ең маңызды сұрақ қойыңыз: сіз ақшаны не үшін жинайсыз? Отбасыңызбен бірге демалысқа бару үшін бе, әлде қамсыз қарттық үшін бе? Бұл сұраққа жауап мақсатыңызға сай нақты қандай құралды қолдану керек екенін түсінуге көмектеседі.

Мысалы, егер сіз ата-анаңызбен Ыстанбұлға саяхаттауға немесе жаңа айфон сатып алуға ақша жинап жүрсеңіз, тәуекелі аз әрі қаражатыңызды жылдам алуға болатын қысқа мерзімді (6-12 ай) құралдарды таңдаған дұрыс. Ал егер мақсатыңыз бірнеше жылдан кейін жаңа пәтер алу немесе балаңыздың оқуына қаржы жинау болса, онда кірістілік пен инфляциядан қорғаныс маңыздырақ болады.

Мақсат пен мерзімді айқын белгілеген соң, құралдарды таңдауға болады.

«Менің депозиттерім мақсаттарға қарай бөлінген. Біреуі — форс-мажор жағдайларына, мысалы, күтпеген жерден емделуге немесе шұғыл сауда жасауға ақша керек болып қалса. Екіншісі — баланың болашағына арналған, бұл депозитке мүлде тиіспеймін» 

Самал

Қолма-қол ақша ма, әлде банк шоты ма?

Артықшылықтары: қолжетімділік, банкке ешқандай тәуелділіктің болмауы.

Кемшіліктері: ұрлық немесе өрт кезінде жоғалту қаупінің жоғары болуы, табыстың болмауы және инфляциядан толық қорғалмауы.

Бұл, бәлкім, ең дәстүрлі әрі консервативті нұсқа шығар. Оны ата-анамыз бен ата-әжелеріміз жиі таңдайды. Оларды түсінуге болады: олар экономикалық дағдарыстың не екенін жақсы біледі. Олардың кезінде банктер қазіргідей қаржы құралдарының кең таңдауын ұсынбаған  еді.

Кредиттік #картакартамен қаржыны басқарыңыз

7 000 000 ₸ дейін лимит, ақшамен қайтарылатын кэшбэк, bcc smart арқылы бөліп төлеу, тегін шығару және қызмет көрсету

Бұл тәсілдің басты кемшілігі — жинақ ақша «күйіп» кетеді және жастық астында жатқанда өспейді. Мәселен, ресми деректерге сәйкес, Қазақстандағы инфляция 2024 жылы 8,6% болды. Бұл жастық астында сақталған ақша бір жыл ішінде өз құнын шамамен 10%-ға жоғалтты деген сөз. Әділін айтқанда, бұл тәсілдің қолжетімділігіне сөз жоқ: интернет пен электр жарығы болмаған жағдайда ақшаны пайдалана алмайсыз, ал банкоматтардың алдында ұзын-сонар кезек бірден пайда болып, онда сағаттап тұруға тура келеді. Осындай сәттерде ақшасы тура жанында жатқан адамдардың басқаларға қарағанда көңілі біршама жайлы болары анық.

Ақшаны банктегі қарапайым шотта сақтау — іс жүзінде оны жастық астында сақтаумен тең. Айырмашылығы — қаражатты онлайн басқаруға болады, сондай-ақ шотты оңай толықтырып, кез келген мақсатта ақша алу ыңғайлы.

Депозит

Артықшылықтары: тұрақты кіріс, Депозиттерге кепілдік беру қоры арқылы қорғалған (егер депозитіңіз теңгемен болса — 10 млн теңгеге дейін, ал доллармен болса — 5 млн теңгеге дейін).

Кемшіліктері: ақша «қатырып» қойылады (талаптарына байланысты), пайыздық мөлшерлеме жиі жылдық инфляция деңгейіне сай келеді.

Көптеген қазақстандыққа жақсы таныс әрі түсінікті құрал, ол инфляцияның орнын толтыруға, ал ең жақсы жағдайда табыс табуға мүмкіндік береді.

«Мен ақшаны депозитте сақтаймын, бұл ыңғайлы және артық әрекетті қажет етпейді. Жалақы шотқа түседі де, мен оны бірден депозитке аударамын. Қолма-қол ақша алудың немесе банкоматқа барудың қажеті жоқ — әуресі аз әрі ақшаны жұмсауға деген ниет те азаяды. Бұрын ақшаны тек бір банкте сақтайтынмын, бірақ жиі шығынданып қоятынымды түсіндім. Енді басқа банкті таңдадым, ол жаққа сирек кіремін, бұл өзімді жақсырақ бақылауға және ақшаны сақтауға көмектеседі»

Қайрат

Осы тұста депозиттің мөлшерлемесі туралы қысқаша түсіндірме беріп өтейік:

  1. Негізгі мөлшерлеме — Ұлттық Банк тарапынан белгіленеді. Ол кредит пен депозит бойынша мөлшерлемеге әсер етеді. Қазір (2025 жылғы шілде) негізгі мөлшерлеме 16,50%-ға тең. Көп адам күнделікті өмірде негізгі мөлшерлемені байқамайды, бірақ банктер дәл осы көрсеткішке сүйенеді. Егер ол өссе, кредит қымбаттайды, ал салымнан түсетін табыс артады. Ал егер мөлшерлеме төмендесе, кредит қолжетімді болады, бірақ салым бойынша пайыз да төмендейді.
  2. Номиналды мөлшерлеме — бұл жай ғана бір жылға көрсетілетін пайыз. Мысалы, егер салым бойынша жылдық 12% көрсетілген болса, бұл — номиналды мөлшерлеме. Оны 12 айға бөлсеңіз, ай сайын 1% табыс аласыз деген сөз. Яғни 1 миллион теңге депозиттен айына шамамен 10 000 теңге табыс түседі. Номиналды мөлшерлемені жиі жылдық мөлшерлеме деп атайды.
  3. Тиімді мөлшерлеме (СЖТМ) — егер пайыздар ай сайын сомаға қосылып, олар да кіріс әкеле бастаса, бұл сіздің салымнан нақты қанша табыс табатыныңызды көрсететін көрсеткіш. Ол әрдайым номиналды мөлшерлемеден сәл жоғары болады, өйткені мұнда «пайызға пайыз» әсері іске асады. Мысалы, ай сайын капиталдандыра отырып, жылдық 12% мөлшерлемемен 100 000 теңге салсаңыз, сіз 12 000 теңге емес, 12 684 теңге аласыз — тиімді мөлшерлеме 12,68% болады.
  4. Маңызды: депозитті немесе кредитті таңдаған кезде, жарнамадағы «жарқыраған» пайызға емес, тиімді мөлшерлемеге назар аударыңыз.

Мына жерде тиімді талаптармен ашуға болады.

 «Депозит — менің қысқамерзімді мақсаттарым (6-12 айға дейін) мен теңгемен жасалатын шығындарым үшін таңдаған тәсілім. Бұл ақшаны сақтаудың сенімді жолы: депозит ҚДКҚ арқылы сақтандырылған және акциялар секілді нарықтық құбылуға ұшырамайды. Кемшілігі — пайыз көбінесе инфляцияны толық жаба алмайды, сонымен қатар девальвация қаупі бар»

Денис
Қазақстандағы инвестиция дегеніміз не, оны неден бастаған жөн және ақшаны қайда салуға болады?
Иесіздендірілген металл шоты: бұл дегеніміз не және оны қалай пайдалану керек?
Қазақстандағы үйлену тойының құны

Валюта мәселесі

Ақшаны қандай валютамен жұмсасаңыз, сол валютамен сақтау — жақсы ереже, және оны көпшілік ұстанады. Мысалы, Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының жақында жүргізген зерттеуіне сәйкес, сауалнамаға қатысқан ер азаматтардың 76%-ы және әйелдердің 79%-ы жинақ ақшасын тек ұлттық валютамен сақтайды.

Респонденттеріміздің көпшілігі теңгемен депозитті қысқамерзімді мақсаттарға (6-12 ай), ал доллармен депозитті ұзақмерзімді мақсаттарға таңдайтынын айтты. Мұндай тәсіл тұрақтылық пен әртараптандыруды білдіреді. Классикалық схема: теңге + доллар және/немесе еуро. Бұл тәсіл тиімді, себебі бір валюта құнсызданған кезде, екіншісі шығынды өтей алады. Дегенмен барлық валюта инфляцияға ұшырайтынын ескеру керек.

«Шамамен қаражатымның жартысы теңгемен, жартысы — доллармен. Осылай бағам құбылған кезде, аз да болса тұрақтылықты сезінемін», — дейді Самал.

Бағамды мұқият қадағалап, валютаны жедел сатып алуға және сатуға дайын адамдарға BCC-де валюта айырбастауға арналған онлайн платформа бар.

«Мен барлық жинақ ақшамды депозитте ұстаймын, бұл — мен үшін ең ыңғайлы әрі оңтайлы тәсіл. Депозит өтімді: қажет болса, ақшаны кез келген уақытта алуға болады. Оның үстіне пайыз аз болса да, ақшаның босқа жатқанынан әлдеқайда жақсы. Мектептегі экономика сабағында «ақша үйде жатса — жай қағаз ғана, ол жұмыс істемейді» деп айтқандары есімде»

Айгүл

Ал инвестиция туралы не айтуға болады?

Егер сіздің қаржылық «қауіпсіздік жастығыңыз» (классикалық түрде бұл — үш айлық шығыныңызды жабатын сома) бар болса, инвестицияны қарастыруға болады. Ұсынылған нұсқаларға қысқаша тоқталайық:

Ақша нарығының қорлары — бұл сенімді әрі қысқа мерзімді құралдарға (мысалы, мемлекеттік облигациялар, депозиттер, ақша нарығы құралдары) қаржы салатын инвестициялық қорлар.

ETF (биржа қорлары) — бұл акциялар, облигациялар немесе басқа активтер жиынтығы, оларды бір акция сияқты сатып алуға болады. Мысалы, S&P 500 индексіне арналған ETF құрамында АҚШ-тың ең ірі 500 компаниясы бар.

Акциялар — бұл компаниядағы үлес. Сіз акция бағасы өскенде немесе компания дивиденд төлегенде табыс табасыз.

Жылжымайтын мүлік — Қазақстанда инвестиция салудың дәстүрлі тәсілдерінің бірі. Жылжымайтын мүлік пәтерді, үйді немесе коммерциялық алаңды жалға беру немесе кейіннен қайта сату мақсатында сатып алуды білдіреді.

Бизнес — өз ісін ашу немесе дайын бизнестің үлесін сатып алу.

«Қор нарығы әлдеқайда қолжетімді болды: комиссия азайып, кіру шегі төмендеді, енді тіпті жаңа бастаған инвестор да қарапайым портфель жинай алады. Әрине, мұнда тәуекел деңгейі депозитке қарағанда жоғары, сондықтан біз консервативті ұзақмерзімді стратегияны ұстанамыз» 

Сергей

«Инвестициялық портфельге келетін болсақ, ол бізде барынша консервативті: S&P 500 индекс қоры және ірі отандық қаржы мен өнеркәсіп компанияларының акциялары. Құн түсімдерін пайдаланып, бағалы қағаздар сатып аламыз, бұл — біздің «зейнетақыға жинау» тәсіліміз», — дейді Сергей.

Инвестиция әлеміне ең төмен тәуекел деңгейімен және шамамен 30% кірістілікпен қадам жасағысы келетіндерге BCC-ден дайын инвестициялық шешімдер бар. Сондай-ақ шариғат талаптарына сай келетін Қазақстандағы алғашқы Wardat al Hayat инвестициялық аралық пай қоры (ИПҚ) ұсынылады. Толығырақ мына жерден қараңыз.

Әрине, бұл бөлімдегі құралдарды әркім өзіне ыңғайлап таңдауы керек. Мысалы, Сергей олардың отбасы жылжымайтын мүлікті инвестиция салу тәсілі ретінде қарастырмайтынын да айтып өтті. «Жылжымайтын мүлік үлкен бастапқы шығынды талап етеді, өтімділігі төмен болып саналады және қажет болған жағдайда объектіні елеулі жеңілдіксіз тез сату іс жүзінде мүмкін емес. Бұған қоса жылжымайтын мүлікті басқару, жалға алушыларды іздеу және басқа да ілеспе шарулар аса тартымды іс емес», — дейді ол.

bcc.kz инвестициялар

KASE / KASE Global биржасында
акциямен сауда-саттық жасаңыз

Аралас тәсіл

Барлық жұмыртқаны бір себетке салмаңыз. Депозиттер, облигациялар, акциялар және қолма-қол ақша — сізге барлық құрал ұсынылады. Ең бастысы — ең түсінікті құралдардан бастап, жинақ ақшаны мақсатқа, мерзімге және тәуекел деңгейіне қарай дұрыс бөлу.

«Әртүрлі мақсатқа әртүрлі құралды қолданамын — депозиттер, облигациялар, акциялар және ішінара қолма-қол ақша. Депозиттер — қысқамерзімді мақсаттар (6 айға дейін, кейде 12 айға дейін) мен теңгемен жасалатын күнделікті шығын үшін негізгі құрал. Артықшылығы — қолжетімділігінде: ақшаны тез алуға болады, депозиттер ҚДКҚ арқылы сақтандырылған және акциялар секілді құбылмалы емес. Әрине, кемшіліктері де бар: кірістілік инфляцияны сирек басып озады, ал валюта құнсызданған кезде, теңгелік салымның нақты құны төмендейді.

Облигациялар — бұл қаражатты орта мерзімге сақтау (12 айдан 36 айға дейін) немесе капиталды «уақытша орналастыру» құралы. Теңгемен де, доллармен де сатып аламын. Әдетте кірістілігі салымға қарағанда жоғары болады. Артықшылықтарының бірі — жинақтаушы салымдармен немесе акциялармен салыстырғанда ақшаны ішінара қолма-қолға айналдыру мүмкіндігінің жылдамырақ болуы. Бірақ мына жайтты ескеру маңызды: корпоративтік облигациялар дефолт қатеріне ұшырайды, ал мемлекеттік облигациялар әлдеқайда сенімді, бірақ олардың кірісі төменірек. Сондай-ақ олар ҚДКҚ арқылы сақтандырылмайды.

Акциялар — бұл ұзақмерзімді перспектива, 5 жылдан жоғары мерзімге арналған құрал. Егер дұрыс тәсіл қолданылса, олар басқа құралдармен салыстырғанда капиталдың ең көп өсімін береді. Бірақ бұл — тәуекел деңгейі жоғары актив, сондықтан қысқамерзімді мақсаттарға сай келмейді және инвестиция салу принциптерін түсінуді талап етеді», — дейді Денис.

Қорытынды

Шын мәнінде әмбебап шешім жоқ. Бәрі сіздің мақсатыңызға, жоспарлау мерзіміңізге және тәуекелге деген көзқарасыңызға байланысты. «Мен үшін қазір басты міндет — қаражатты көбейту емес, оны сақтау. Салым бойынша пайыз қазір аса жоғары емес, бірақ қаржыны көбейтудің басқа жолдарын білмеймін де, көп уақыт пен күш жұмсауды талап ететін іспен айналысқым да келмейді», — дейді Самал.

Ең бастысы — стратегиялық тұрғыдан ойлау, барлық ақшаны бір жерде ұстамау және мынаны есте сақтау: тіпті тұрақты түрде жиналған аз мөлшердің өзі капиталға айнала алады. «Жалпы менің стратегиям агрессивті капитал өсіміне емес, қаражатты сақтауға бағытталған. Тәуекелге деген тәбетім төмен, сондықтан қазір жинақ ақшамның 10%-дан аспайтын бөлігі ғана бағалы қағаздарға салынған. Соңғы бес жылда қаржылық тәртібім өзгерді: барлық қарызымды жаптым, көбірек жинап, инвестиция жасай бастадым. Болашақта портфелімдегі бағалы қағаздар үлесін көбейтуді жоспарлап отырмын, бірақ әлі де сақ болу керек», — дейді Сергей.

Есіңізде болсын: ең қолайлы сәтті күтуден гөрі ақша жинауды бүгін бастау әлдеқайда маңызды. Жинақ ақша — бұл сиқыр емес, тәртіп пен парасаттың нәтижесі.

bcc journal арқылы жаңалықтардан хабардар болыңыз
Біздің хабар таратылымымызға жазылып, жаңа мақалалар мен өзекті ақпаратты шолуды жіберіп алмаңыз.
Поиск по сайту
Біз cookies файлдарын қолданамыз
Біз сайттың функционалын және сіздің пайдаланушылық тәжірибеңізді жақсарту үшін cookies файлдарын қолданамыз
Артқа
Cookie файлдарын баптау
Біз сайттың функционалын және сіздің пайдаланушылық тәжірибеңізді жақсарту үшін cookies файлдарын қолданамыз
Міндетті cookies файлдары
Әрқашан белсенді
Бұл Cookies файлдары сіз туралы маркетингтік мақсатта пайдаланылуы мүмкін ақпаратты жинамайды және Интернетте қашан болғаныңызды есте сақтамайды. Браузердің параметрлерін өзгертіп, осы Cookies файлдарын ажыратуға болады, бірақ бұл біздің сайтпен әрекеттескенде, веб-сайтыңыздың жұмысына әсер етуі мүмкін.
Қосымша cookies файлдары
Cookie файлдары пайдаланушы тәжірибесін жақсартуға және сізге берілген кез келген ақпараттың сіздің мүддеңіз бен қалауыңызға сәйкес келетініне кепілдік беруге көмектеседі. Cookies файлдары ақпаратты ешкім тікелей сәйкестендірілмейтіндей етіп жинайды