Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Суреттерді көрсету:
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Режим доступности
Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Суреттерді көрсету:
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Кіру
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Кіру
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Мәзір
Войти в BCC.KZ
Войти в BCC Business
bcc journal
18 маусым 2025
Жаңартылды: 18 маусым 2025

Қазақстандағы үйлену тойының құны

Бұл материалда қазіргі таңда үйлену тойы қанша тұратынын, той форматы қалай өзгергенін және қандай шығын санаттарында ақша үнемдеуге болатынын қарастырамыз.

Үйлену тойы Дос-Мұқасанның әніндегідей жеңіл әрі әдемі өтсе дейміз. Қонақтар би билеп, көңілді әуен шырқалып тұрса, ал тосттар шын жүректен айтылып, ұзаққа созылмаса екен дейміз. Бірақ бір кештің артында қомақты шығын, ұзақ дайындық пен күн сайын өсіп жатқан бағалар тұруы мүмкін. Ерте ме, кеш пе, әр жұптың алдында мынадай сұрақ туындайды: сән-салтанатты той жасаймыз ба, әлде сол ақшаны пәтерге бастапқы жарна ретінде саламыз ба?

Бүгін той қалай өткізіледі?

Соңғы мәліметтерге сүйенсек, 2024 жылы Қазақстанда 123 600 неке тіркелген, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,2%-ға артық. Бұрын үйлену тойы дегеніміз 300 адамға арналған банкет, даңғаза тамада мен үш қабатты торт болса, бүгінде көптеген жас жұбайлар балама жолдарды таңдай бастады.

EY Kazakhstan есебіне сәйкес, елімізде үйлену тойларына кететін жылдық шығын шамамен 30 миллиард теңгеге тең. Дәстүрлер мәдениеттің маңызды бөлігі болып қала бергенімен, жеке форматтарға қызығушылық артып келеді: 40-50 адамға арналған шағын той, үйдің ауласында өткізілетін қыз ұзату тойы немесе тек достарға арналған кеш.

Кредиттік #картакартамен қаржыны басқарыңыз

7 000 000 ₸ дейін лимит, ақшамен қайтарылатын кэшбэк, bcc smart арқылы бөліп төлеу, тегін шығару және қызмет көрсету

Әлем үрдістері де осы бағытты растайды. Мысалы, миллениалдарға тойдың эстетикасы мен кәсіби фотографтар әлі де маңызды. Ал зумерлер үйлену тойын «өздері үшін» — жылы атмосферада, жақын жандардың ортасында және барынша аз шығынмен өткізуді жөн көреді.

Жас жұбайлардың хикаялары

Айнұр мен Арафат, 24 және 27 жаста

150 адамға арналған қыз ұзату тойы

Бюджет: шамамен 15 млн теңге

Формат: 150 адамға арналған қыз ұзату тойы

Басты шығын: құдалыққа арналған сыйлықтар, қалыңдықтың жасауы және ұлттық киімі

Айнұр Алматыда тұрады, сән саласында продюсерлікпен айналысады. Неке қиюды жоспарлаған кезде ол барлық үйлену дәстүрін бір шараға біріктіруді ұсынған еді. Алайда ата-анасы қыз ұзату тойы туған жері Ақтауда бөлек өтуі керек деп талап етті. «Шынымды айтсам, 150 адамға арналған ұзату тойын бөлек өткізу маған артық болып көрінді. Ата-анама бәрін бір күнде өткізуді ұсындым, бірақ олар: “Жалғыз қызымызды дәстүрге сай шығарып салғымыз келеді” деп тіпті тыңдаған да жоқ», — дейді Айнұр

Айнұр мен жолдасы ұзатудың ұйымдастырылуына көп араласа қоймаған, себебі ұзату мен сырға салу шығынын ата-анасы толықтай өз мойнына алған. Олар бұл бюджетті 1,5 жыл бұрын жоспарлай бастады. Ең үлкен шығын — мейрамхана емес, құдаларға арналған сыйлықтар мен жасау болған. Сонымен қатар қалыңдықтың киіміне де біраз қаржы кеткен: «Көйлекке, камзол мен сәукелеге 600 000 теңгеден аса қаржы кетті, бұл мен күткеннен екі есе көп. Киімді жалға ала алмадым, өйткені менің өлшемдерім стандартқа сай емес», — дейді Айнұр.

Бастапқыда үлкен ұзату тойын жасауды жоспарламағанымен, дәл ата-анасы қалағандай бәрі өте шынайы әрі әдемі өтті. Нәтижесінде ол осы тәжірибеге шын жүректен риза болды. Оның жалғыз кеңесі — дайындықты ерте бастау: «Менде бәрі жүре келе шешілді, бұл процесті қиындата түсті. Ертерек бастағанымда, бәрі әлдеқайда тыныш өтер еді», — дейді ол.

Әлима мен Ерасыл, 30 және 37 жаста

Қыз ұзату, құдалық, беташар және достарға арналған кеш

Бюджет: шамамен 3,5 млн теңге (достарға арналған кеш — 1,5 млн)

Формат: қыз ұзату, құдалық, беташар және достармен өткізілетін кеш

Басты шығын: кейтеринг пен ас мәзірі

Үнем: тегін алаңдар, қолдан жасалған безендіру

Әлиманың ұзату тойы үйдің ауласындағы бақта өтті. Кейін құдалық пен беташар ұйымдастырылып, соңынан достарына арнайы кеш жасалды. Әр шараға шамамен 40-50 қонақ қатысты. «Біз тойды бірнеше кезеңге әдейі бөлдік. Бұл бізге дем алып, әр сәттен ләззат алуға мүмкіндік берді. Күйеуім екеуіміз асықпайтын адамдармыз, сондықтан тойымыз да дәл сондай тыныш әрі баяу ырғақта өтсін дедік».

Bon voyage! Қазақстаннан визасыз қайда баруға болады
Саяхат бірқалыпты өтуі үшін: Қазақстаннан шетелге шығуға тыйым салынғанын қалай тексеру керек
Иесіздендірілген металл шоты: бұл дегеніміз не және оны қалай пайдалану керек?

Көйлекті Әлимаға оның дизайнер құрбысы арнайы тігіп берген. Әр шарада дастархан мәзірін арнайы шақырылған аспаздар әзірлеген, ал безендірумен достары айналысқан. Ең көп шығын кейтерингке кеткенімен, залдарды жалдаудан ақша үнемдеуге мүмкіндік болды: барлық шара үйде немесе тегін орындарда өтті. Жиһаз, ыдыс-аяқ және үстелді жабдықтау құралдары жалға алынды. Бюджет алдын ала нақты бөлінбегенімен, Ерасыл тойға ақша жинап отырған.

«Біз дәстүрлі киiттен де ақша үнемдедік, екі жақтың отбасымен ешқандай сыйлық алмау туралы алдын ала келісіп алдық. Әдетте киітке жүзік, алтын бұйымдар, тон сияқты қымбат заттар кіреді — бұлардың бәрі едәуір шығынды қажет етеді. Ата-аналарымыз сапалы дүние сыйлағысы келетінін білген соң, артық шығынға батпау үшін осындай шешім қабылдадық. Есесіне, дәстүрді сақтап, қой сойып, өмірден өткендерді еске алуға арналған ас бердік — сол арқылы некемізге ақ бата алғымыз келді».

Сонымен қатар Әлима визажист пен стилист қызметінен де бас тартты: «Мен күнде боянбаймын, сондықтан тек шашымды ретке келтіріп, жеңіл макияж жасаттым. Ал ақша үнемдеуге болмайтын нәрсе — ол тамақ. Дастарқан дәмді болса, қонақтар қуана қалып, әңгімелесіп, қуанышты бөлісуге ықыласты болады».

1 күнде баспаналы болыңыз

Ипотеканы бүгін алыңыз

Замира мен Азамат, 25 және 28 жаста

Құдалық, сырға салу, қыз ұзату және 250 қонаққа арналған үйлену тойы

Бюджет: шамамен 20 млн теңге

Формат: құдалық, сырға салу, қыз ұзату және 250 адамға арналған үйлену тойы

Басты шығын: мейрамханалар мен сыйлықтар

Үнем: агенттіктер мен әртістерден бас тарту, қалыңдық көйлегін жалға алу

Замираның айтуынша, дайындық той ұйымдастыру агенттіктерінің көмегінсіз жүргізілген. Бүкіл үйлестіру жұмысын туыстары мен жас жұбайлардың өздері атқарған. «Қиын болып көрінгенімен, ол кезде бәріміз белсене кірісіп кеттік. Барлығы көмектесті — бауырлар, әпке-сіңлілер, достар мен аналарымыз».

Құдалық пен сырға салу шағын ортада — әрқайсысы 40-50 адамға өтті. Қыз ұзату мен үйлену тойы — әрқайсысы 250 қонаққа ұйымдастырылды. Басты шығын мейрамханаға кетті, қонақтардың берген конверттері арқылы шығынның бір бөлігі қайтарылды. «Біз бұлай болады деп күтпедік, бірақ бәрібір бұл жүрекке жылу сыйлады. Ақырында кредит алмадық, тойды өз күшімізбен өткіздік. Алдын ала арнайы ақша жинамадық, тек барымызды дұрыс жоспарлап жұмсауға тырыстық», — дейді Замира.

Қалыңдық көйлегін сатып алмай, жалға алдық. Безендіру, торт және үстелді жабдықтау мейрамхана пакетіне кірді. Әртістерден бас тарттық: «Бәрі концерт сияқты емес, жайлы әрі жылы болсын дедік. Жүргізушіні таныстарымыздың арасынан таптық, ал музыкалық сүйемелдеу қарапайым болды».

Егер бәрін қайта жасау мүмкіндігі болса, Замира ұсақ-түйекке — әсіресе уақытты жоспарлауға көбірек көңіл бөлер еді. «Уақытты сәл дұрыс есептемедік: кей жерлерде асығып кеттік, кейде керісінше созып алдық, соның кесірінен артық шығын болды. Бірақ жалпы бәрі өте жылы өтті. Ең бастысы — жанымызда жақсы көретін адамдар болды».

Калькулятор: орта есеппен үйлену тойы қанша тұрады?

*Есептеу ашық дереккөздерге, сұхбаттар мен 2024-2025 жылдардағы мәліметтерге негізделген. Кестеде тек негізгі шығын көрсетілген, алкоголь, love story, жасау мен көлік кортежі есепке алынбаған.

50 адамға арналған үйлену тойы

СанатШамамен құны (₸)
Локацияны жалға алукемінде 300 000
Кейтеринг / мейрамхана (алкогольсіз)1 500 000 – 2 500 000
Жас жұбайлардың киімдері300 000 – 1 500 000
Қалыңдықтың гүл шоғыкемінде 20 000
Фото және бейнетүсірілім200 000 – 800 000
Безендіру, гүл композициялары300 000 – 1 000 000
Жүргізуші400 000 – 800 000
Музыка (әдеттегі бэндтер)500 000 – 1 500 000
Басқа шығын (торт, жиһаз жалдау)100 000 – 300 000
Сыйлықтар, тойбастарот 500 000 – 1 000 000
Жиыны:4 120 000 – 9 720 000

150 адамға арналған дәстүрлі той (бір шара)

СанатШамамен құны (₸)
Локацияны жалға алукемінде 300 000
Кейтеринг / мейрамхана (алкогольсіз)4 000 000 – 7 000 000
Жас жұбайлардың киімдері500 000 – 2 500 000
Қалыңдықтың гүл шоғыкемінде 20 000
Фото және бейнетүсірілім400 000 – 1 000 000
Безендіру, гүл композициялары700 000 – 5 000 000
Жүргізуші800 000 – 2 500 000
Музыка (әдеттегі бэнд және анағұрлым танымал орындаушы)500 000 – 6 000 000
Дыбыс, жарық500 000 – 1 500 000
Басқа шығын (торт, жиһаз немесе безендіруді жалға алу)500 000 – 1 000 000
Сыйлықтар, тойбастар1 000 000 – 5 000 000
Жиыны:9 220 000 – 31 820 000
Қазақстанда зейнетақы жинағын қалай алуға болады
Сен өзгертетін әлем: жүгіруді қалай бастауға болады
Қазақстанда МӘМС аударымдарын қалай тексеруге болады

Үйлену тойын өткізіп үлгерген жұптар қандай кеңес береді?

  • Дайындықты ертерек, кем дегенде жарты жыл бұрын (ең дұрысы – 1-1,5 жыл бұрын) бастаңыз

    Егер тойды «ертең» емес, алдағы уақытта өткізуді жоспарлап жүрсеңіз, аз-аздан болса да қазірден бастап ақша жинай беріңіз. Мұндай жағдайда BCC ұсынатын «Менің мақсатым» депозиті көмектеседі: оны небәрі 1 теңгеден бастап онлайн ашып, автоматты түрде толықтырып отыруға болады. Мысалы, жасаған әрбір саудаңыздан толықтыруға мүмкіндік бар. Мұндай тәсіл қаржыны бақылауда ұстауға және нақты қаржылық қауіпсіздік қорын қалыптастыруға көмектеседі. 3 айлық мерзімде мөлшерлеме жылдық 16,7%-ға дейін жетеді, бұл – ақша жинап қана қоймай, жинақ ақшаны сақтап қалудың да ыңғайлы жолы.

    Если вы планируете свадьбу не «завтра», начните откладывать уже сейчас, даже понемногу. С этим поможет депозит «Моя цель» от BCC: его можно открыть онлайн, начиная всего с 1 тенге, и пополнять автоматически, например, с каждой покупки. Такой подход даёт ощущение контроля и помогает получить реальную финансовую подушку. При сроке в 3 месяца ставка достигает до 16,7% годовых — это удобный способ, чтобы не только отложить деньги, но и сохранить накопленное.

  • Өзіңізге не маңызды екенін нақтылап алыңыз

    Қонақтар мен ата-ананың емес, ең алдымен өзіңіздің қалауыңызды ескеріңіз. Бұл — сіздің тойыңыз. Біреуге беташар рәсімі маңызды, енді біреуге — сапалы love-story, ал тағы біреуге — 40 адамға арналған жайлы кешкі ас маңызды. Қалғанының бәрінен бас тартуға болады.

  • Жаныңызға жат дәстүрлерге «жоқ» деуден қорықпаңыз

    Үйлену тойындағы салт-жоралар мен тойбастарға, әсіресе екі жақтың туыстарын қоса есептегенде миллиондап ақша кетуі мүмкін.

  • Ата-анамен келісімге келуге тырысыңыз

    Ата-ана үлкен той жасауды талап етсе, ымыралы шешім ұсыныңыз. Мысалы, алдымен қыз ұзату тойын өткізіп, кейін достарыңызбен кешкі ас ұйымдастырыңыз. Немесе шығынды бөлу туралы келісіңіз.

  • Бюджетпен қатар өз күш-қуатыңызды да жоспарлаңыз

    Үйлену тойына қаржы ғана емес, күш-қуат та қажет. Оны кезеңдерге (қыз ұзату, үйлену тойы, некені тіркеу) бөлу — демалып алуға және қалған бюджетті тиімді бөлуге мүмкіндік береді.

  • Сізбен бірге қалатын сәттерді жоспарлаңыз
    Фотосуреттер, сақиналар, киімдер, жаныңыздағы жандарыңыз — есте қалатыны осы. Қалғанының бәрі бір аптадан соң ұмытылады. Егер бюджет шектеулі болса, есте қалатын сәттерге ақша жұмсаңыз. Ең бастысы — бұл сіздің күніңіз екенін ұмытпаңыз. Міндетті түрде «дәстүрге сай» не «басқалар сияқты» болуы шарт емес. Бәрі өзіңізге шын мәнінде ұнайтындай болсын.

 Қорытынды

Әртүрлі жұптардың хикаялары үйлену тойының бір ғана дұрыс сценарийі болмайтынын көрсетеді. Біреу 250 қонақ шақырады, біреу қыз ұзату тойын үйде өткізеді, біреу тойды жарты жылға созады, ал енді бірі бірге саяхатқа шығады немесе жылжымайтын мүлікке ақша жинайды. Егер ниет мүмкіндіктермен үндессе, мұның бәрі — қалыпты жағдай.

Үйлену тойын жоспарламас бұрын өзіңізге бірнеше шынайы сұрақ қойған пайдалы:
«Біз қанша қаражат жұмсауға дайынбыз? Қанша ақша жинай аламыз және оған қанша уақыт кетеді? Бұл шешім бізге оңай бола ма, әлде ауыртпалық тудыра ма?». Үйлену тойы маңызды оқиға екені сөзсіз, бірақ ол қарызға батыратын немесе күйзеліс көзіне айналатын жағдай болмауы қажет. Ең дұрыс шешім — асықпай отырып, бюджетті жоспарлап, басымдықтарды анықтау және «шын қажет» пен «жұрт солай істейді» деген түсінікті ажыратып алу (сондай-ақ ешкім ренжіп қалмас үшін туыстарыңызбен де ақылдасуды ұмытпаңыз!).

Есіңізде болсын, мерекеден мүлде бас тартудың қажеті жоқ. Сізге шын мәнінде ұнайтын әрі қалтаңыз көтеретін форматты әрқашан таңдауға болады. Көп жылдан кейін есте қалар дүние — қанша ақша кеткені емес, сол күні өзіңізді қалай сезінгеніңіз: қаншалықты жылы, қуанышты әрі жайлы болғаны.

bcc journal арқылы жаңалықтардан хабардар болыңыз
Біздің хабар таратылымымызға жазылып, жаңа мақалалар мен өзекті ақпаратты шолуды жіберіп алмаңыз.
Поиск по сайту
Біз cookies файлдарын қолданамыз
Біз сайттың функционалын және сіздің пайдаланушылық тәжірибеңізді жақсарту үшін cookies файлдарын қолданамыз
Артқа
Cookie файлдарын баптау
Біз сайттың функционалын және сіздің пайдаланушылық тәжірибеңізді жақсарту үшін cookies файлдарын қолданамыз
Міндетті cookies файлдары
Әрқашан белсенді
Бұл Cookies файлдары сіз туралы маркетингтік мақсатта пайдаланылуы мүмкін ақпаратты жинамайды және Интернетте қашан болғаныңызды есте сақтамайды. Браузердің параметрлерін өзгертіп, осы Cookies файлдарын ажыратуға болады, бірақ бұл біздің сайтпен әрекеттескенде, веб-сайтыңыздың жұмысына әсер етуі мүмкін.
Қосымша cookies файлдары
Cookie файлдары пайдаланушы тәжірибесін жақсартуға және сізге берілген кез келген ақпараттың сіздің мүддеңіз бен қалауыңызға сәйкес келетініне кепілдік беруге көмектеседі. Cookies файлдары ақпаратты ешкім тікелей сәйкестендірілмейтіндей етіп жинайды