Саяхатқа дұрыстап дайындалу керек, мысалы, барлық құжаттың жиналғанына көз жеткізу керек. Қазақстаннан шығуға тыйым бар-жоғын тексеру де маңызды. Егер сізге шығуға тыйым салынғанын шекарада білсеңіз, демалысыңыз бұзылып, жоспарды жол-жөнекей өзгертуге тура келеді. Бұл туралы алдын ала біліп алған жөн, сонда жағдайды жол жүргенге дейін реттеп, демалыстың рақатына кенелесіз.
«Кетпейтіндер» тізіміне кім ілігеді? Қазақстаннан шығуға тыйым салынғаны қалай тексеріледі? Егер өзіңіздің борышкерлер тізімінде тұрғаныңызды көрсеңіз, не істеу керек? Барлық сұрақтың жауабы қарапайым.
Шығуға шектеу қойылуына негіз болатын үш себеп бар:
#TravelCard — саяхатқа арналған артықшылықтары бар карта
Әуебилет сатып алу, қонақ үйде тұру және жалға автокөлік алу үшін жеңілдіктер мен кэшбэк алыңыз
Уақытша шектеулер екі жағдайда енгізіледі:
Заң үшін берешектің түрі маңызды емес. Бұл кредит бойынша борыш немесе төленбеген алимент, төленбеген айыппұл немесе коммуналдық қызмет ақысы болуы мүмкін.
Жеке тұлғаға немесе заңды тұлға басшысына шетелге шығуға уақытша шектеу қою үшін сот орындаушысы қаулы шығарып, сотқа жүгінеді. Сот қаулының заңдылығын және негізділігін тексергеннен кейін ғана оны санкциялайды. Осыдан кейін шектеу ҰҚК Шекара қызметіне жолданып, орындауға қабылданады. Шектеу борышкер хабарлама алған күннен бастап 5 жұмыс күні өткен соң күшіне енеді.
Назар аударыңыз, тыйым тек ұшуға ғана емес, сонымен қатар шекараны басқа тәсілдермен, мысалы, көлікпен, автобуспен немесе жаяу кесіп өтуге де қолданылады. Шектеу адамның демалу үшін қайда баруды ұйғарғанына байланысты емес.
Тыйымды уақытша тоқтата тұруға бола ма? Иә, заңда мұндай мүмкіндік қарастырылған. Мысалы, азаматтың Қазақстаннан тыс жерде емделуі қажет болса, сот орындаушысы белгілі бір мерзімді көрсете отырып, уақытша шектеуді тоқтата тұру туралы қаулы шығара алады.
Шетел азаматы борышкер болып саналса және ҚР-да мүлкі болса, оған Қазақстаннан шығуға тыйым салынуы мүмкін.
Егер борышкер заңды күшіне енген сот актісін немесе өзге де атқарушылық құжатты орындаудан жалтарса, ол ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 669-бабы бойынша жауапкершілікке тартылады. Бұл бап бойынша сот шешімін немесе атқарушылық құжаттың талаптарын орындамау (дәлелді себепсіз) үшін келесі жаза қарастырылған: жеке тұлғаларға — 5 АЕК мөлшерінде айыппұл немесе 5 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу; қайталанған жағдайда — 30 АЕК мөлшерінде айыппұл немесе 20 тәулікке дейін қамауға алу (егер қамауға алу қолданылмаса, айыппұл салынады).
Маңызды: 669-баптың қолданылуы шекарадан нақты өту фактісіне тікелей байланысты емес. Азамат елден шығуға әрекет жасамаса да, міндеттемелерді орындаудан жалтарғаны анықталса, әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Құжаттарды қолдан жасау (мысалы, жалған төлқұжатты пайдалану) бөлек қарастырылады және ҚР ҚК-нің баптары (мысалы, 385-бабы) бойынша қылмыстық жауапкершілікке әкеледі.
Уақытша шектеуді алып тастау үшін берешек сомасын төлеу жеткіліксіз. Борышкерге қатысты атқарушылық іс жүргізу қозғалғандықтан, барлық міндеттемені толық орындау қажет. Бұған атқарушылық алымды төлеу және атқарушылық іс жүргізу шығындарын өтеу де кіреді. Борыш толығымен өтеліп, атқарушылық алым төленгеннен кейін ғана сот орындаушысы мәжбүрлеу шарасын жою туралы қаулы шығарады. Егер төлем интеграцияланған электрондық төлем жүйелері арқылы жасалса, шектеуді алу процесі автоматты түрде жүргізілуі мүмкін. Атқарушылық алымның мөлшері заңмен белгіленеді және талаптың санатына қарай талап сомасының 3%-25% аралығындағы мөлшерді құрайды.
Адамға жазаны сот тағайындайды.
Берешектің болуын тексеріңіз. Бұл – елден шығуға рұқсат алу үшін стандарт талап. Қарызыңыз жоқ екеніне көз жеткізіңіз.
Қарызыңызды өтеңіз.
Қарызды:
Шектеуді алып тастау белгілі бір уақыт алады, сондықтан төлемді неғұрлым ертерек жасасаңыз, сапарыңыздың кейінге шегерілу ықтималдығы соғұрлым аз болады. Әдетте тексеру процесі 1 жұмыс күнінен аспайды, алайда кейбір жағдайларда 3 жұмыс күніне дейін созылуы мүмкін.
Төлем туралы сот орындаушысын хабардар етіңіз. Бұл өте маңызды қадам, егер хабарланбаса, шектеуді алу процесі кешігіп кетуі мүмкін.
Бітімгершілік келісім жасалған жағдайда да тыйымды алып тастауға болады.
Кредиттік #картакартамен қаржыны басқарыңыз
7 000 000 ₸ дейін лимит, ақшамен қайтарылатын кэшбэк, bcc smart арқылы бөліп төлеу, тегін шығару және қызмет көрсету
Қазақстанда біріңғай борышкерлер тізілімі жұмыс істейді. Елден шығуға тыйым бар-жоғын тексеру үшін жеке тұлғалар аты-жөнін және ЖСН-ін, ал заңды тұлғалар БСН-ін көрсетуі қажет. Қызмет тегін көрсетіледі.
Қазақстаннан шығуға тыйымды eGov электрондық үкімет порталы арқылы тексеруге болады. Бұл қызмет сайтта, мобильді қолданбада немесе Telegram-ботта қолжетімді, «Шетелге шығуға тыйым салу мәртебесін тексеру» бөлімінде орналасқан. Бұл ретте құжаттарға ЭЦҚ арқылы қол қойылады. Шектеуді тексерудің басқа да жолдары бар. Мысалы, ҚР Әділет министрлігі жүргізетін Біріңғай борышкерлер тізілімі немесе Қазақстандағы атқарушылық іс жүргізу органдарының ақпараттық жүйесі сайты арқылы тексеруге болады. Іздеу үшін жеке тұлғаның ЖСН-ын не аты-жөнін, ал заңды тұлға бойынша БСН-ды енгізу жеткілікті. Қызмет тегін және атқарушылық істер мен қолданыстағы шектеулер туралы өзекті ақпаратты көрсетеді, сонымен қатар берешекті бірден онлайн төлеу мүмкіндігін ұсынады.
Көптеген саяхатшылар Қазақстаннан шығуға тыйымды алдын ала тексеруге мән бермейді, оны тек жолға шығар алдында, мысалы, әуежайда есіне түсіреді. Егер қарызыңыз болмас, уайымдаудың қажеті жоқ. Бірақ егер берешегіңіз болса, шығуға рұқсат бірден ашылмайды, төлем жасалғаннан кейін 1-3 жұмыс күні қажет болады. Сондықтан демалысыңыз ойдағыдай өтуі үшін мәртебеңізді әрдайым алдын ала тексеріп алған жөн.