Қаржылық тәуекелдермен ұштасқан мәмілені жасасқан кезде (мысалы, үлескерлік құрылыс аясында пәтер сатып алу), эскроу-шот пайдаланылады. Ол форс-мажорлық жағдайда тараптардың мүдделерін қорғауға, ақшаны сақтауға және мәмілеге қатысушылардың теріс пайдалану ықтималдығын төмендетуге арналған. Эскроу-шотты жеке тұлға да, заңды тұлға, ЖК де аша алады.
Как физические лица, так и предприниматели могут столкнуться с ситуацией, когда на определённые нужды (например, покупка бытовой техники или приобретение сырья для производства) недостаточно собственных средств. В такой ситуации оптимальное решение — обратиться в банк и оформить кредит. Однако наравне со стандартными кредитными продуктами банки в Казахстане предлагают клиентам такие инструменты, как овердрафт, кредитная линия и кредитный лимит на счёт.
Британдық модельер әрі әлемдегі ең танымал дизайнерлердің бірі Вивьен Вествуд өзінің стиль құпиясын ашты: «Киімді ақылмен таңдаңыз, сирек сатып алып, ұзақ уақыт киіңіз». Сондай-ақ оның сән сүйер қауым арасында танымал тағы бір сөзі бар: «Аз киім сатып алып, жақсысын таңдаңыз және бір-бірімен үйлестіріңіз». Өкінішке қарай, адамдардың көпшілігі бұл ережені ұстана бермейді: статистикаға сүйенсек, адамдар киім-кешекке бюджеттің 20%-ын жұмсайды. Десе де көбінің нәтижеге көңілі толмайды: ақша қалмағанымен, әлі де киетін ештеңе жоқ. Бұл гардеробыңыз дұрыс құрылмаған дегенді білдіреді.
Жұмыскерді еңбекке қабілетсіздік және өзге де тәуекелдер (асыраушысынан айырылу, жүктілік және босану, декрет) жағдайында қорғау үшін төлеуші, яғни ұйым ұдайы әлеуметтік аударымдар төлеп отыруы керек. Жұмыскер әлеуметтік төлемдерді дәл осы ақшадан алады.
Саяхатқа дұрыстап дайындалу керек, мысалы, барлық құжаттың жиналғанына көз жеткізу керек. Қазақстаннан шығуға тыйым бар-жоғын тексеру де маңызды. Егер сізге шығуға тыйым салынғанын шекарада білсеңіз, демалысыңыз бұзылып, жоспарды жол-жөнекей өзгертуге тура келеді. Бұл туралы алдын ала біліп алған жөн, сонда жағдайды жол жүргенге дейін реттеп, демалыстың рақатына кенелесіз.
Жаз дегеніміз – шағын ғана өмір. Оны көңілді әрі баянды етіп өткізгіміз келеді. Мұндай мүмкіндікті қазақстандық туристік агенттіктер ұсынады: ондаған бағыттың ішінен күш жинап алуға немесе тіпті арманыңызды іске асыруға жол ашатын бағыт міндетті түрде табылады. Сонымен, шілде мен тамызда Қазақстаннан қайда демалуға баруға болады?
Өндірістік күнтізбе кәсіпорындағы жұмыс жүктемесін тиімді бөлу үшін қажет. Оны елдің барлық компаниясы өз қызметін бір жыл бұрын жоспарлаған кезде пайдаланады.
2025 жылы қазақстандықтарды көптеген демалыс күні күтіп тұр. Сонымен, бес күн жұмыс істейтіндер үшін 246 жұмыс күні болады (2024 жылы 249 күн), 119 күн демалыс және мереке күндері болады (2024 жылы 117 күн).
ҚР-да сатып алушы тауар мен көрсетілген қызмет ақысын төлей алуы үшін төлем жасауға арналған шот қажет, оны онлайн режимінде жасаған ыңғайлы әрі жылдам. Бұл – контрагенттер арасында есеп айырысқан кездегі негізгі құжаттардың бірі. Ақшаны сатушының немесе қызмет көрсетушінің шотына аудару оның қаншалықты дұрыс толтырылғанына байланысты болады.
Бүгінде Қазақстанда тауар мен қызмет ақысын картамен төлеу үшін әмиянды алудың қажеті жоқ: операцияны телефоннан жүргізуге болады. Бұл – жанаспай ақы төлеу. Ол Apple Pay, Samsung Pay, Google Pay немесе Garmin Pay қосымшаларының көмегімен орындалады.
Көптеген адамдар үшін дағдылы дебеттік банк картасы арқылы клиент өз қаражаты есебінен төлем жасай алады. Кредит картасы да есеп айырысуға мүмкіндік береді, бірақ бұл клиенттің емес, банктің ақшасы арқылы орындалады. Кредит картасының не екенін жай сөзбен түсіндіріп көрейік, оның басқа карталардан айырмашылығы неде екенін қарастырайық.
ҚР Ұлттық банкінің мәліметінше, тек 2024 жылғы қыркүйек айында банк карточкаларын пайдалана отырып, 16,8 трлн теңгеден астам сомаға 1,2 млрд транзакция жасалды. Бірақ бизнес осындай төлемдермен жұмыс істей алуы үшін эквайринг деп аталатын банк қызметін қосу қажет.
Грант ұтып алу, банктен кредит алу немесе өз бизнесін жүргізу үшін жер учаскесін алу үшін ісін жаңа бастаған кәсіпкер бизнес-жоспарды ұсынуы қажет. Алайда бұл құжат бизнесменнің өзіне де қажет: ол бизнесті тиімді жүргізу, шығынды азайту және күткен пайдаға қол жеткізу жолдарын түсінуге көмектеседі.
Белсенді өмір салты – ең басты трендтердің бірі. Біреу спорт залына барса, ал біреу ұзақ серуендейді, ал тағы біреу жүгіргенді ұнатады. Әдеттегі жүгіру – ең қолжетімді әрі пайдалы жаттығулардың бірі.
Жүгірген пайдалы ма? Таңда жүгіруді қалай дұрыс бастауға болады? Нені есте сақтау керек?
Қолма-қол ақшамен жұмыс жүргізетін бизнес үнемі ақшаны банкке жеткізу қажеттілігіне тап болады. Алайда ірі соманы тасымалдау өте қауіпті және мұндай жағдайда инкассаторлық қызмет тасымалданатын қаражаттың сақталуына кепілдік беруге көмектеседі.
Қазақстан Республикасы – ЕЭО құрылған бірінші күннен бастап Еуразиялық экономикалық одақтың мүшесі. Одаққа мүше басқа елдер сауда байланыстары үшін басым бағыттар ретінде қарастырылады. ЕЭО туралы шарттың Одақ аумағында тауарлардың, жұмыс күші мен қызметтердің еркін қозғалысын, экономиканың сан түрлі салаларындағы бірыңғай саясатты қамтамасыз етуі де экономикалық ықпалдастыққа септігін тигізеді. Кеден арқылы тауар қозғалысын үйлестіру үшін ЕЭО Кеден одағы құрылды. Одақтың аясында қатысушы елдер тауар экспорттаған кезде ҚҚС нөлдік мөлшерлемесі қолданылады.
Ондаған жылдар бойы Қазақстанның саудадағы негізгі серіктестері Ресей, Қытай және Өзбекстан болды. Алайда 2010 жылдан бастап тағы бір болашағы бар бағыт – Түркиямен сауда дамып келеді. 2024 жылы ол инвестициялар және сауда-экономикалық қатынастар саласындағы ең басым бағыт ретінде қарастырылуда.
Статистикаға сай Қазақстан халқының басым бөлігінде айтарлықтай ақша жинағы жоқ және бюджетін жоспарламайды. Сонымен қатар көбінесе мұның себебі – тұрақты жұмыстың болмауы немесе аз жалақы емес, халықтың қаржылық сауаттылығының төмен деңгейі. Бұл мақалада бұл ұғымды толығырақ зерттеп, қаржылық сауаттылықтың не үшін қажет екенін және оны арттыруға бола ма – соны анықтаймыз. Сондай-ақ балаларға қаржылық сауаттылықты қалай үйретуге болатынын қарастырамыз, өйткені балаға ақша мәселелерін кішкентай күнінен бастап үйрету маңызды.
Инвесторларға арналған негізгі кеңестердің бірі – өзінің жинаған ақшасын көбейту үшін алуан түрлі құралдарды пайдалану. Сондықтан бағалы қағаздар сатып алудан бөлек, алтынды қоса алғанда, асыл металдарға инвестиция салу да сұранысқа ие. Сарапшылардың пікіріне сай, асыл металдар, оның ішінде алтын инвестициялық портфельдің 15 %-ына дейін құрауы мүмкін.