Кей жағдайларда жеке тұлғалардың да, кәсіпкерлердің де белгілі бір мақсат үшін (мысалы, тұрмыстық техника сатып алу немесе өндіріс үшін шикізат алу) қаражаты жеткіліксіз болуы мүмкін. Мұндай жағдайда ең оңтайлы шешім — банкке барып, кредит ресімдеу. Алайда стандартты кредит өнімдерінен бөлек, Қазақстан банктері клиенттерге овердрафт, кредит желісі және шот бойынша кредит лимиті сияқты құралдарды да ұсынады.
Қарапайым тілмен айтқанда, овердрафт — бұл қысқа мерзімді қарыз алу.
Онлайн-бухгалтерия
Бизнесіңіздің есебін оңай жүргізіңіз!
«Overdraft» сөзі ағылшын тілінен аударғанда «артық шығын» дегенді білдіреді, яғни бұл шотта бар қаражаттан артық сомаға банк қарыз алушыға уақытша қарыз береді. Мысалы, банк берген овердрафт бизнеске ағымдағы төлемдерді жасауға, ал жеке тұлғаларға шотта ақша жеткіліксіз болса да, сауда жасауға мүмкіндік береді. Осылайша, аталған құрал бизнеске айналым қаражатын толықтыру, мамандарға уақытылы жалақы төлеу, салық төлеу, жеткізушілермен есеп айырысу және т.б. әрекеттерді орындауға көмек көрсетеді. Басқаша айтқанда, овердрафт қаражатының арқасында компанияға уақытша қаражат тапшылығы кезінде тұрақты түрде жұмыс істеуді жалғастыруға көмектесетін тиімді шешім.
ЦентрКредит Банкінде овердрафт (ЦентрКредит Банкі) ресімдеу үшін кәсіпкерге ең аз құжаттар жиынтығы қажет. Бұл ретте кепіл талап етілмейді, ал борышты айыппұлсыз мерзімінен бұрын өтеуге болады. Транш мөлшері ай сайынғы орташа түсімнің 40%-ынан аспайды, ал қаржыландыру мерзімі — 28 күн. Овердрафтты теңгемен де, АҚШ долларымен де алуға болады. ЦентрКредит Банкі екі түрлі комиссия алатынына назар аударыңыз. Біріншісі — құралды алғаш орнатқан кезде алынатын бір жолғы комиссия. Ірі және орта бизнеске — 0,35%, жеке кәсіпкерлер мен шағын бизнеске — 0,5%. Екіншісі — құралды жыл сайын жаңарту үшін алынатын комиссия, ол 0,5%-ды құрайды.
Овердрафт кредиттің бір түрі болғанымен, ол стандартты кредит өнімдерінен айтарлықтай ерекшеленеді:
Стандарт кредиттеу әдетте ұзақ мерзімді (2–3 жылдан дейін және одан да ұзақ болуы мүмкін). Ал овердрафт – қысқа мерзімді: әдетте берешекті бір (ең ұзақ дегенде екі) ай ішінде өтеу қажет.
Кредит ресімделген кезде клиентке төлем кестесі беріледі, және борыш сол кесте бойынша бөліп төленеді. Овердрафттың сұлбасы басқаша: сома белгіленген күні қатаң түрде кесте бойынша автоматты түрде шоттан алынады. Бұл ыңғайлы, өйткені қарыз алушы уақытын үнемдейді.
Кредит арқылы банктен ірі сома (500 000 000 теңгеге дейін) алуға болады. Овердрафт мөлшері айтарлықтай аз, әдетте шотқа түсетін ай сайынғы қаражаттың 40-70% шамасында. Сонымен қатар овердрафттың мақсаты да басқа: ол бизнеске жүйелі қаржылық проблемалардың шешімін табу үшін емес, нақты ағымдағы қажеттіліктерді өтеу үшін беріледі.
Пайдаланушы кредит ресімдесе, барлық сомадан пайыз төлейді. Ал овердрафтта басқаша: пайыз барлық сомаға емес, қарыз алушы жұмсаған бөлігіне ғана есептеледі.
Стандарт кредиттеу кезінде көп құжаттар жиынтығы, кейде тіпті кепіл немесе кепілгер талап етілуі мүмкін. Ал овердрафт бойынша кредиттеу бір рет ресімделеді, сондай-ақ құжаттар саны аз, кепілсіз және кепілгерсіз беріледі.
Аталған ерекшеліктер овердрафттың бірқатар артықшылығын айқындайды: мұндай кредиттеу пайыз есептеу тәртібінің ерекшелігіне байланысты тиімдірек, сондай-ақ оны ресімдеу әлдеқайда жылдам әрі оңай.
Овердрафтты ұқсас атауы бар «овернайт» (ағылшынша overnight – «түнге» деген мағына) түсінігімен шатастырып алмаңыз. Бұл кредиттің бір түрі: компания банктен өте қысқа мерзімге (мысалы, бір түнге немесе демалыс күндеріне) ақша алып, кейін оны пайызымен бірге қайтарады. Мұндай кредиттеу шұғыл төлем жасау қажет болған кезде, мысалы, жеткізушімен есеп айырысу үшін ыңғайлы.
Бизнес өз қажеттіліктерін кредит желісі (КЖ) сияқты қаржыландыру құралы арқылы да өтей алады. Бұл жағдайда қарыз алушы кредит желісін бір рет ашып, кредит желісінің қолданыс мерзімі ішінде кредитті қажеттіліктеріне қарай бөліктермен (олар транш деп аталады) ала алады. Сома шартта көрсетілген лимит бойынша шектеледі.
КЖ-ның бірнеше түрі бар, бірақ корпоративтік кредиттеуде көбіне жаңартылатын және жаңартылмайтын желілер туралы айтылады.
Бұл — КЖ-ның бір түрі, мұнда қарыз алушы бір лимитті бірнеше рет пайдалана алады. Мысалы, бизнесменнің қолында 50 млн теңге қарыз қаражаты бар делік, ол сол қаражаттың бір бөлігін жұмсайды да кейін берешекті өтейді. Нәтижесінде жаңа кезең басталғанда оның қайтадан 50 млн теңге лимиті болады — жаңартылатын КЖ осылай жұмыс істейді.
Мұндай бағдарламалар әдетте мақсатты пайдалануға арналмаған, яғни кәсіпкер айналым қаражатын толықтыру аясында әртүрлі міндеттерді орындай алады. Мысалы, шикізат сатып ала алады немесе қызметкерлерге жалақы төлей алады.
Бизнесіңізге арналған шотты онлайн ашу
Бірнеше батырма арқылы қолжетімді мүмкіндіктерді пайдаланыңыз
ЦентрКредит Банкінде айналым қаражатын толықтыру үшін бизнеске арналған жаңартылатын КЖ-ны ашуға болады. Жаңартылатын КЖ-ны ашу үшін ең аз құжаттар жиынтығы қажет: банк мамандары өтінімдерді барынша жедел қарастырады, ал қолданыстағы желі аясында транш небәрі 30 минут ішінде беріледі. Процесті жылдамдату үшін біз қаржылық жағдайға жеңілдетілген талдау жүргіземіз.
Қарыз қаражатының сомасы 500 000 000 теңгеге дейін, сондай-ақ транш теңгемен, АҚШ долларымен немесе еуромен беріледі. Транштың ең ұзақ мерзімі — 18 ай, ал кредит желісінің жалпы мерзімі — 84 ай.
Ақша беруге белгіленген лимиті бар кредит желісін ресімдеу кезінде ЦентрКредит Банкі өтінімді қарағаны үшін комиссия алмайды және кредит желісін ұйымдастыру үшін ең төменгі төлемді (қаржыландыру сомасының 0,5%-ы) ұсынады.
Қарапайым тілмен айтқанда, жаңартылмайтын КЖ — бұл қарыз алушы кредит қаражатын тек бір рет немесе бірнеше бөліктерге бөліп қана пайдалана алатын қаржыландыру тәсілі, яғни лимит толық игерілгеннен кейін қайта жаңартылмайды. Сондықтан жаңартылмайтын КЖ көбінесе бизнестегі ұзақ мерзімді инвестициялық мақсатты жүзеге асыру үшін пайдаланылады, яғни бизнесмен өз қаражатын нақты мақсатқа сай және белгіленген кесте бойынша жұмсайды.
Мысалы, кәсіпкердің иелігінде 50 млн теңге кредит қаражаты бар делік. Ол бірінші кезеңде 20 млн теңгеге ғимарат сатып алады, ал қалған 30 млн теңгені болашақта жөндеу жұмыстарына бөліп-бөліп жұмсайды. Кредит желісі аясындағы қаражат толығымен пайдаланылғаннан кейін жаңартылмайтын КЖ бойынша қаржыландыру тоқтатылады.
Жаңартылмайтын КЖ-ның жаңартылатын желіден айырмашылығы – мақсатты бағдарлама болуында, өйткені ол нақты мақсатты іске асыру үшін ашылады.
Жаңартылатын желілер кәсіпкерде үнемі туындайтын міндеттердің шешімін табуға ыңғайлы. Ал жаңартылмайтын КЖ бір жолғы сипаттағы жобаларды қаржыландыруға көбірек келеді. Мысалы, бизнесменге жабдық сатып алу қажет делік, бұл кезде ол бір рет сатып алады да кейін борышын өтейді. Осылайша, бұдан әрі КЖ алуға қатысты қажеттілік туындамайды.
Кәсіпкерлер Овердрафт пен КЖ-ден бөлек, ЦентрКредит Банкіндегі шот бойынша кредит лимиті сияқты құралды да қарастыра алады. Бұл бизнестің қысқа мерзімді қажеттіліктерін өтеуге арналған тиімді қаржыландыру нұсқасы (мысалы, кассалық алшақтықтар туындаған жағдайда). Бұл ретте қарыз мерзімі 30 күннен аспайды, ал лимит 250 000 000 теңгеге дейін белгіленеді. Сонымен қатар лимитті ай сайын қайта қарауға болады. Тағы бір артықшылығы — ең аз құжаттар жиынтығы.
Шот бойынша кредит лимитінің (ШКЛ) негізгі артықшылықтары:
ШКЛ-ды ресімдеу өте оңай: ЦентрКредит Банкінде шот ашып (шотты бөлімшеде ғана емес, қолданба немесе интернет-банкинг арқылы да ашуға болады), шартқа қол қою керек (банктің офисінде). Қарыз қаражатын bcc business қолданбасы арқылы басқару өте ыңғайлы.
Егер бұдан былай қарыз қаражатын пайдалануды жоспарламасаңыз, ЦентрКредит Банкіндегі кредит лимитін жабу қажет. Оны қалай жабады? Ол үшін банк офисіне барып, өтінім беру керек.
Аталған қаржы құралдары уақытша қаражат тапшылығы жағдайында да бизнестің тұрақты жұмысын жалғастыруға мүмкіндік береді. Бұл өнімдер өте жылдам ресімделеді және олар бойынша жоғары лимиттер ұсынылады, осылайша бизнес өзекті қажеттіліктерін тиімді шеше алады.