Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Суреттерді көрсету:
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Режим доступности
Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Суреттерді көрсету:
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Кіру
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Кіру
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Мәзір
Войти в BCC.KZ
Войти в BCC Business
Журнал таспасы
23 қыркүйек 2024
Жаңартылды: 28 қараша 2024

Ақша қаражатын инкассациялау дегеніміз не және ол не үшін қажет?

Қолма-қол ақшамен жұмыс жүргізетін бизнес үнемі ақшаны банкке жеткізу қажеттілігіне тап болады. Алайда ірі соманы тасымалдау өте қауіпті және мұндай жағдайда инкассаторлық қызмет тасымалданатын қаражаттың сақталуына кепілдік беруге көмектеседі.

Инкассация дегеніміз не?

Қарапайым сөзбен айтқанда, ҚР-да ақша қаражатын инкассациялау – бұл кейіннен кәсіпкердің есеп айырысу шотына ақша аудара отырып, қолма-қол ақшаны банкке қауіпсіз тасымалдау. Инкассаторлық қызмет қолма-қол ақшаны тасымалдау үшін ғана қажет емес, бұл қызметті бағалы қағаздарды, зергерлік бұйымдарды және басқа да қымбат заттарды тасымалдаған кезде пайдаланады.

Бизнесіңізге арналған шотты онлайн ашу

Бірнеше батырма арқылы қолжетімді мүмкіндіктерді пайдаланыңыз 

Инкассация қалай жүргізіледі?

  1. Инкассаторлар келісілген күні және уақытта офиске (сауда орнына немесе басқа белгіленген орынға) инкассаторлық автокөлікпен келеді.
  2. Кассир инкассаторларға қолма-қол ақша салынған сөмкені береді. Сөмке мөрленген болуы тиіс. Ілеспе құжаттардың болуы – міндетті шарт. Инкассаторлар сөмкені автокөлікке салып, банкке жеткізеді.
  3. Банк қызметкерлері ақшаны қайта санап, жалған қолма-қол ақшаның бар-жоғын тексереді. Егер барлық купюра шынайы болса және іс жүзіндегі сома ілеспе құжаттарда көрсетілген сомаға сәйкес келсе, қаражат компанияның есеп айырысу шотына аударылады.

Инкассация қандай міндеттерді шешеді?

Компания офисінен банкке ақша жеткізу инкассацияны қажет ететін жалғыз нәрсе емес. Ол басқа да міндеттерді шешеді:

    • Ірі соманы сақтауға байланысты қауіп-қатердің алдын алу.
    • Шығыс пен кірістің есебін жүргізу процесін жеңідету. Өйткені қолма-қол ақшаны санау банкте жүргізіледі. Мұндай жағдайда кіріс және шығыс операцияларын бақылау әлдеқайда оңай.
    • Шотты жылдам толықтыру. Жалақы мен салық төлеу және өзге операцияларды орындау бойынша мәселе туындамайды.
    • Сауда аппаратынан қолма-қол ақша алу.
    • Банктен компания офисіне ақша қаражатын тасымалдау. Бұл кәсіпкер кредит ресімдеп, бизнеске шұғыл түрде қолма-қол ақша қажет болған жағдайда жүргізіледі.
    • Бір компанияның бөлімшелері мен филиалдары арасында ақша тасымалдау.

Инкассация жүргізуге қойылатын талаптар

Инкассация арнайы брондалған автокөлікте жүргізіледі. Бұл машинаның есігі бірегей технология бойынша жабылады, сондай-ақ оған оқ өтпейтін шыны орнатылады. Автокөлік жоғары жүктемеге (брондалған шанақтың, адамдардың, тасымалданатын құндылықтардың салмағы) арнайы күшейтілген аспамен ерекшеленеді. Жүргізушінің жанында сөйлесу құрылғысы орнатылады. Ережеге сәйкес маршрут бойынша жүрген кезде, жүргізуші жолда тоқтай алмайды, есікті аша алмайды, сыртқа шыға алмайды және басқа адамдармен сөйлесе алмайды. Сондықтан егер инкассаторлық көлікті мемлекеттік автоинспекция қызметкері тоқтатса, байланыс сөйлесу құрылғысы арқылы жүзеге асырылады. Инкассаторлар жалғыз жүрмейді, олар бірнеше маман мен жүргізушіден тұратын бригадада ғана жұмыс істейді. Жүргізушімен жүретін қызметкерлерге бронды кеудеше мен басқа да қорғаныс құралдары беріледі, ал байланыс үшін рация пайдаланылады. Инкассаторлық қызмет ережеге қатаң бағынады, мысалы, ол белгіленген маршруттан ауытқи алмайды.

Алайда инкассация жүргізілетін компанияның өкілдері де инкассаторлар үшін келісілген жұмыс жағдайларын жасауы тиіс:

    • Инкассаторлық машинаның негізгі кіреберіске немесе қосалқы шығысқа еркін өтуін қамтамасыз ету.
    • Офис немесе сауда объектісі ішінде инкассаторлардың еркін жүруін қамтамасыз ету. Мамандар күзет қызметінің немесе ұйымның уәкілетті қызметкерінің сүйемелдеуімен жүреді.
    • Инкассаторлардың барлық жүру жолында – кіреберістен кассаға дейін сапалы жарықтандыру.
    • Ақша табыстауға арналған бөлек үй-жай. Ол жерде ішінен жабылатын есік болуы тиіс. Барлық объектіде мұндай бөлме бола бермейді, сондықтан құнды заттарды табыстаған кезде, инкассаторлардың жұмыс уақытына сауда орны жабылады.

Инкассация жүргізуге қойылатын талаптар заңнамалық деңгейде бекітілген, сондай-ақ олар инкассаторлық қызмет көрсету туралы шартта қайталанады.

Онлайн-бухгалтерия

Бизнесіңіздің есебін оңай жүргізіңіз!

Инкассация түрлері

Кәсіпкер инкассаторлық қызметпен (оның тиісті лицензиясы болуы тиіс) немесе шот ашылған банкпен ынтымақтасқан жағдайда, сипатталған схема өзекті болады.

Мысалы, ЦентрКредит Банкі инкассаторлық қызмет көрсетеді. Қызметкерлер құнды заттарды жеткізіп, оларды сақтайды және материалдық жауапты тұлғаларды сүйемелдейді. Банк клиенттерге қызмет көрсетудің ыңғайлы кестесін ұсынып, тасымалданатын құнды заттарды сақтандырады, бұл әлеуетті қауіп-қатерді азайтады.

Кәсіпкер қолма-қол ақшаны банкке өзі жеткізетін немесе өзіне-өзі қызмет көрсету терминалында бизнес-карта арқылы шотқа ақша аударатын өзіндік инкассация да бар. Бизнесмен аз сомамен жұмыс істеген жағдайда, бұл нұсқа қауіпсіз.

Қолма-қол ақша қаражатын инкассациялау құнды заттарды қауіпсіз тасымалдауды және қолма-қол ақшаны шотқа жедел есепке алуды қамтамасыз етеді. Ол жұмыс уақытын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Уәкілетті қызметкердің немесе басшының банкке баруы қажет емес және ол назарын бейінді бизнес-процестен басқа жаққа аудармайды – инкассаторларға қолма-қол ақшаны немесе басқа құнды заттарды беру үшін 10 минут жеткілікті.

Автор
Асель Жумабаева
Сізге ұнауы мүмкін
Обзор валют
2024 жылғы 9 желтоқсандағы валюта бағамдары

Қазақстанның Ұлттық банкі 2024 жылғы 9 желтоқсанға арналған доллардың теңгеге қатысты курсын 514,65 тг., ал ресей рублінің курсын 5,17 тг. деп белгіледі.

Өткен күнмен салыстырғанда доллар курсы нығайды. 2024 жылғы 6 желтоқсандағы курсымен салыстырғанда, төмендеу -10,00 тг. құрады (524,65 тг.-ден 514,65 тг.-ге дейін). Сонымен қатар, рубль курсы да сәл әлсіреп, +0,03 тг. өсті (5,14 тг.-ден 5,17 тг.-ге дейін).

Обзор валют
2024 жылғы 6 желтоқсанға арналған BCC Invest валюта бағамдары жөніндегі аналитика

USD/KZT жұбының курсы 2,64%-ға нығайып, сауда көлемі 280 млн USD болғанда 508 теңгені құрады.

RUB/KZT жұбының курсы +1,08%-ға өсіп, 6 663 млн RUB сауда көлемінде 5,14 теңгені көрсетті.

Теңге күрт әлсірегеннен кейін, әдеттегідей, оның нығаюы байқалады.

Обзор валют
2024 жылғы 6 желтоқсандағы валюта бағамдары

Қазақстанның Ұлттық банкі 2024 жылғы 6 желтоқсанға арналған доллардың теңгеге қатысты курсын 524,65 тг., ал ресей рублінің курсын 5,14 тг. деп белгіледі.

Өткен күнмен салыстырғанда доллар курсы аздап әлсіреді. 2024 жылғы 5 желтоқсандағы курсымен салыстырғанда, өсім +1,07 тг. құрады (523,58 тг.-ден 524,65 тг.-ге дейін). Сонымен қатар, рубль курсы да сәл әлсіреп, +0,13 тг. өсті (5,01 тг.-ден 5,14 тг.-ге дейін).

Поиск по сайту
Біз cookies файлдарын қолданамыз
Біз сайттың функционалын және сіздің пайдаланушылық тәжірибеңізді жақсарту үшін cookies файлдарын қолданамыз
Артқа
Cookie файлдарын баптау
Біз сайттың функционалын және сіздің пайдаланушылық тәжірибеңізді жақсарту үшін cookies файлдарын қолданамыз
Міндетті cookies файлдары
Әрқашан белсенді
Бұл Cookies файлдары сіз туралы маркетингтік мақсатта пайдаланылуы мүмкін ақпаратты жинамайды және Интернетте қашан болғаныңызды есте сақтамайды. Браузердің параметрлерін өзгертіп, осы Cookies файлдарын ажыратуға болады, бірақ бұл біздің сайтпен әрекеттескенде, веб-сайтыңыздың жұмысына әсер етуі мүмкін.
Қосымша cookies файлдары
Cookie файлдары пайдаланушы тәжірибесін жақсартуға және сізге берілген кез келген ақпараттың сіздің мүддеңіз бен қалауыңызға сәйкес келетініне кепілдік беруге көмектеседі. Cookies файлдары ақпаратты ешкім тікелей сәйкестендірілмейтіндей етіп жинайды