Бүгінде Қазақстанда тауар мен қызмет ақысын картамен төлеу үшін әмиянды алудың қажеті жоқ: операцияны телефоннан жүргізуге болады. Бұл – жанаспай ақы төлеу. Ол Apple Pay, Samsung Pay, Google Pay немесе Garmin Pay қосымшаларының көмегімен орындалады.
Телефонмен ақы төлеуге мүмкіндік беретін жанаспайтын картаның қолданылуы NFC технологиясына негізделген: ол Қазақстанда 2000-шы жылдардың басынан бастап пайдаланылуда, ал 2020 жылдан бастап барлық жерде дерлік қолданылуда. NFC (Near Field Communication, яғни жақыннан әсер ететін байланыс) – Bluetooth-ға немесе интернетке қосылмай-ақ, құрылғылардың деректер алмасуына мүмкіндік беретін технология. Ол үшін смартфонда микросхемалы модуль бар, ол электромагниттік индукция қағидаты бойынша жұмыс істейді. Смартфоныңыз бен терминал арасында электромагниттік өріс пен индукция тоғы пайда болып, ақпаратты беру үшін қолданылады. NFC модулінің әсер ету радиусы 20 сантиметрмен шектелген, сондықтан смартфонды терминалға барынша жақын ұстау керек.
#IronCard – жоғары мәртебе
Жайлылық пен эксклюзивті бағалаушыларға арналған карта
Қазіргі смартфондардың көпшілігінде NFC модулі бар, сондықтан олармен интернетке немесе Bluetooth-ға қосылмай-ақ, жанаспай ақы төлеуге болады. Бірақ технологияны қалай икемдеу керек? Google Pay немесе басқа сервистерді қалай қосу керек?
1-қадам – Android және IOS операциялық жүйелері арқылы жұмыс істейтін смартфондарда NFC-ді іске қосудың ең оңай тәсілі – баптауды ашып, сол жерде мәзірдің тиісті тармағын таңдау. Сондай-ақ виртуалды әмиянды баптаған кезде, жүйе NFC-ді іске қосуды өзі ұсынуы мүмкін.
2-қадам – жүйені баптаймыз. Мұны тікелей Wallet Apple, Google Wallet, Samsung Pay, Garmin Connect қосымшалары арқылы орындауға болады. Қосымшаға банк картасын байланыстырып, смартфонмен төлем жасауды негізгі төлем құралы ретінде белгілеу керек. Енді дүкен аралауға болады.
NFC арқылы ақы төлеу ең алғаш рет екі сервис – Apple Pay мен Android Pay-де қолданылды. Android Pay-дің негізінде Google Pay және Samsung Pay жүйелері әзірленді.
Apple Pay – америкалық Apple компаниясы әзірлеген жүйе. Ол смартфон, ақылды сағат, планшет арқылы есеп айырысуға мүмкіндік береді.
Samsung Pay сервисін Оңтүстік Корея компаниясы смартфондар мен ақылды сағаттарға арнап әзірлеген.
Garmin Pay деген жүйе бар. Бұл сервисті белсенді өмір салтына арналған ақылды сағаттар шығаруға маманданған Garmin компаниясы құрған. Қосымшаны осы брендтің құрылғыларымен бірге пайдалануға болады.
Бірнеше жыл бойы тек Apple, Samsung және Garmin ақылды құрылғыларының иелері ғана смартфонмен жанаспай ақы төлей алатын еді. 2021 жылы Қазақстанға Google Pay сервисі келді, бұл – Андроид операциялық жүйесіндегі кез келген телефонмен және смарт-сағатпен NFC арқылы жанаспай ақы төлеуге мүмкіндік беретін Google компаниясының жүйесі (бүгінде төлем жүйесі Google Wallet деп аталады). Қазақстан банктері Visa және Mastercard төлем жүйелерінің карталарымен payment method Google Pay пайдалануға мүмкіндік береді.
Google Pay-мен, сондай-ақ Garmin Pay, Samsung Pay және Apple Pay-мен бірге ЦентрКредит Банкінің премиум #IronCard картасы жұмыс істейді. Ол Visa-ның айрықша мүмкіндіктерін – саяхат уақытында сақтандыруды, консьерж сервисі аясындағы жеке көмекшіні, халықаралық әуежайлардағы бизнес-залдарға баруды, Visa Luxury Hotel Collection бағдарламасы бойынша VIP-қонақ мәртебесін және т.б. пайдалануға мүмкіндік береді. Картаға әртүрлі валютада бес шотқа дейін қосуға болады, ал барлық зат сатып алуға кэшбэк – 4%-ға дейін. Картаның иесі #rentcar картасын сыйға алады, онда бүкіл әлем бойынша көлікті жалға алған кезде, 7%-ға дейін кэшбэк қарастырылған.
Гугл, Айфон (iPhone) немесе басқа сервистер арқылы жанаспай ақы төлеген кезде картаның деректері емес, бірегей цифрлық кодтар – токендер пайдаланылады. Бұл дербес мәліметтердің қауіпсіздігіне кепілдік береді.
Кредиттік #картакартамен қаржыны басқарыңыз
7 000 000 ₸ дейін лимит, ақшамен қайтарылатын кэшбэк, bcc smart арқылы бөліп төлеу, тегін шығару және қызмет көрсету
Жанаспай ақы төлеу нұсқаларының ішінде тағы бір қарқынды дамып келе жатқан жаңа түрі – QR-код арқылы жасалатын төлем. Бұл кодта банктік деректемелер мен нақты бір тауар туралы ақпарат берілген: сатып алушы камераны QR-ға бағыттап, төлем жасайды. Операция тез әрі қауіпсіз орындалады. Осыған қарамастан, QR арқылы есеп айырысу төлем сервистері арқылы жүргізілетін операциялардан кейін тұр:
Алайда QR арқылы белгілі бір затты бөліп төлеуге сатып алуға болады, бұл мүмкіндікті bcc smart сервисі ұсынады. Бұл сервисті қосу компаниялардың 2 жылға дейін бөліп төлеу мүмкіндігін ұсынуына жол ашады, сонымен қатар мақұлдау сомасы – 20 000 теңгеден 3 000 000 теңгеге дейін. Сервис әп-сәтте әрі банкке бармай-ақ, онлайн қосылады. Жұмыс істеу тәртібі қарапайым: сатып алушы тек QR-кодты сканерлеуі керек. Содан кейін кассир заттың сатылғаны туралы SMS-хабарлама алады да, компанияның шотына ақша бір жұмыс күні ішінде аударылады. Айтпақшы, мұндай жолмен тауарды интернетте де, офлайн-жерлерде де бөліп төлеуге сатуға болады.
Ал ЦентрКредит Банкінің кредиттік #картакартасымен барлық төрт сервисте (Google Pay, Apple Pay, Samsung Pay, Garmin Pay) NFC арқылы жанаспай ақы төлеуге болады. Карта тегін шығарылады және оған тегін қызмет көрсетіледі, ал ол бойынша кредит лимиті – 7 миллион теңгеге дейін, кез келген затты сатып алып, ақысын смартфонның көмегімен тез әрі ыңғайлы төлеңіз. Картаның тағы бір артықшылығы – кэшбэкті ақша түрінде алу мүмкіндігі.
Қазақстан бойынша серіктестерден зат сатып алған кезде 30%-ға дейін кэшбэк беріледі, ал ай сайын жаңартуға болатын сүйікті үш санат бойынша зат сатып алған кезде 10%-ға дейін кэшбэк беріледі. 30%-ға дейінгі кэшбэкті бүкіл Қазақстан бойынша серіктестерге төлем жасаған кезде аласыз. Сонымен, қаражатты қайтарудың арқасында ғана жылына 240 000 теңгеге дейін үнемдеуге болады, бұл соманы шотқа салыңыз немесе қайтадан жұмсаңыз.
Одан басқа #катакарта арқылы bcc smart бөліп төлеу мүмкіндігін қолдануға болады. Демек, 3-24 ай ішінде ақысын тең бөліктермен төлей отырып, құны 3 000 000 теңгеге дейінгі тауарларды сатып ала аласыз.
Картаны небәрі 5 минут ішінде онлайн ресімдеуге болады.
Операциялардың қарапайым орындалуы, ыңғайлылығы, кэшбэк алу мүмкіндігі – мұның бәрі төлем сервистері арқылы жасалатын төлем санын арттырады. Бұл үрдісті алынған цифрлар да растайды. Strategy көпсалалы компаниясы жүргізген зерттеу деректері бойынша, 2022 жылы Smart Pay үлесі (бұл – төлем сервистері арқылы жүргізілетін операциялардың жалпы атауы) 38%-ды құрады. Салыстыру үшін: 2021 жылы ол 28%-ға, 2020 жылы 8%-ға тең болса, 2019 жылы бар-жоғы 2% ғана болған. 2024 жылдың мамырына қарай қолма-қол ақшасыз төлемдер үлесі (соның ішінде Smart Pay арқылы) 89% рекордтық көрсеткішке жетіп, қарқынды түрде артып келеді.
Қазақстанның Ұлттық банкі 2024 жылғы 6 желтоқсанға арналған доллардың теңгеге қатысты курсын 524,65 тг., ал ресей рублінің курсын 5,14 тг. деп белгіледі.
Өткен күнмен салыстырғанда доллар курсы аздап әлсіреді. 2024 жылғы 5 желтоқсандағы курсымен салыстырғанда, өсім +1,07 тг. құрады (523,58 тг.-ден 524,65 тг.-ге дейін). Сонымен қатар, рубль курсы да сәл әлсіреп, +0,13 тг. өсті (5,01 тг.-ден 5,14 тг.-ге дейін).
5 желтоқсандағы валюта сауда-саттығының жабылу кезіндегі теңге бағамы 0,61%-ға нығайып, сауда көлемі 219 млн АҚШ долларын құрап, 1 доллар үшін 521,79 теңге деңгейінде қалыптасты.
Теңгенің рубльге қатысты бағамы, керісінше, 0,99%-ға әлсіреп, 1 рубль үшін 5,085 теңгеге жетті.
Сарапшылар теңгенің нығаюының ағымдағы үрдістерінің сақталуын және орташа құбылмалылықты болжайды.
2024 жылғы 5 желтоқсанға арналған доллардың теңгеге қатысты курсын Қазақстанның Ұлттық банкі 523,58 тг. деп белгіледі, ал ресей рублінің курсы – 5,01 тг.
Өткен күнмен салыстырғанда доллар курсы аздап әлсіреді. 2024 жылғы 4 желтоқсандағы курсымен салыстырғанда, өсім +0,41 тг. құрады (523,17 тг.-ден 523,58 тг.-ге дейін). Сонымен қатар, рубль курсы да сәл нығайып, +0,08 тг. өсті (4,93 тг.-ден 5,01 тг.-ге дейін).