Статистикаға сай Қазақстан халқының басым бөлігінде айтарлықтай ақша жинағы жоқ және бюджетін жоспарламайды. Сонымен қатар көбінесе мұның себебі – тұрақты жұмыстың болмауы немесе аз жалақы емес, халықтың қаржылық сауаттылығының төмен деңгейі. Бұл мақалада бұл ұғымды толығырақ зерттеп, қаржылық сауаттылықтың не үшін қажет екенін және оны арттыруға бола ма – соны анықтаймыз. Сондай-ақ балаларға қаржылық сауаттылықты қалай үйретуге болатынын қарастырамыз, өйткені балаға ақша мәселелерін кішкентай күнінен бастап үйрету маңызды.
Адамға жинақталған капиталын сақтауға және оны дұрыс пайдалануға көмектесетін білім жиынтығын қаржылық сауаттылық деп атайды. Егер жай сөзбен айтсақ, қаржылық сауаттылық адамға қолайлы өмір сүруге және жалақысы аз болса да, қажетті нәрсенің бәрін сатып ала алатындай ақшасын дұрыс басқаруға мүмкіндік береді.
bcc junior балалар картасы
Балаңыздың қаржылық тәуелсіздігіне апаратын жол
Қаржылық сауатты адам деп кімді атауға болады? Ол – мынадай адам:
Қаржылық сауаттылықтың «жоғары деңгейі» – нарықты зерттеу және оның құралдарын пайдалана алу, мысалы, инвестиция сала білу, аздап кіріс алып отыру.
Қаржылық сауаттылық болашаққа сенімділікпен қарауға мүмкіндік береді. Алайда бұл оның жалғыз міндеті емес, ол:
Қаржылық сауаттылықтың тек ересектер үшін ғана емес, балалар үшін де жақсы өмір сүрудің маңызды шарты екеніне назар аударыңыз. Бұл дағдылар балаға болашақта ақшамен дұрыс жұмыс істеуге көмектеседі. Қаржысын қалай басқаруды білетін балалар өздеріне сенімділігі артады. Бұл – олардың болашақтағы қаржылық еркіндігінің кепілі.
Ересек адам үшін қаржылық сауаттылықты өзі үйреніп қана қоймай, сонымен бірге бұған баласын да тартуы маңызды. Мысалы, bcc junior жобасы аясында ЦентрКредит Банкі 6 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға арналған тегін онлайн сабақтар топтамасын дайындады. Сабақтар пайдаланушылардың жасына қарай блоктарға бөлінген және ақша тарихы мен банк картасының түрлерінен бастап қаржылық қауіпсіздік пен инвестицияға дейінгі кең ауқымды тақырыптарды қамтиды. Оқудан кейін бала тест тапсырып, Сауатты Junior, Бюджет шебері, Банк тәлімгері немесе Қаржы сиқыршысы мәртебелерінің бірін ала алады. Оқығанын растайтын құжат – сертификат.
«Неден бастау керек?» – қаржылық сауаттылықты үйренген кезде қойылатын қисынды сұрақ. Ramsey Solutions компаниясы үш аспектіге назар аударуға кеңес береді.
Сіз қандай бюджетіңіз бар екенін дұрыс бағалап, қанша қаражат жұмсап жүргеніңізді түсінесіз. Қағазға тізім жасап, Excel-де кесте құруға немесе шығыс пен кірісті есептеуге арналған қосымшаларды пайдалануға болады.
Біріншіден, барлық кірісті (жалақы, инвестиция, ақшалай сыйлықтар) ескеріңіз. Екіншіден, шығыстарыңызды толық жазып отырыңыз. Оларды санаттар бойынша жазу өте ыңғайлы: тамақ, коммуналдық қызметтер, байланыс, автомобильге қызмет көрсету, киім, дәрі-дәрмек және т.б. Шығыстардың көпшілігі – ай сайын қайталанып жұмсалатын нақты сома. Алайда форс-мажор жағдайына деп аз мөлшердегі ақшаны қор түрінде сақтап отырған дұрыс. Ол үшін ЦентрКредит Банкінде ересектер үшін де, балалар үшін де депозиттер бар. Қосымшада әрбір ақша салған, мысалы, жалақы түскен кезде, қаражаттың автоматты түрде есептен шығарылуын, белгілі бір күні шоттан ақша алуды, сондай-ақ нақты соманың, мысалы, 50 немесе 500 теңгенің күннің соңында депозитке аударылып отыруын баптап қоюға болады. Бұл автоматты режимде әрі ыңғайлы қарқынмен ақшаны кейінге қалдыруға көмектеседі.
Қаржылық сауаттылықты ескере отырып, ақшаны қалай бөлу керек? Тәсілі көп. Ең қарапайым тәсіл – міндетті шығындар сомасын есептеу, оны кірістерден шегеру, қалған ақшаны өз қалауыңыз бойынша басқаруға болады (кейінге қалдыру, ойын-сауыққа жұмсау және т.б.). Алты құмыра әдісін қолдануға болады, оған сай кірістің 55 %-ы ағымдағы шығыстарға жұмсалады, ал қалған қаражат басқа бес «құмыраның» арасында бөлінеді (инвестиция, жинақтау, білім беру, ойын-сауық, сыйлық). 20 – 50 – 30 әдісі бойынша ағымдағы шығыстарға – кірістің 50 %–ы, тағы 20 %-ы – жинақтауға, ал қалған 30 %-ы күнделікті шығындарға (сапар, кофеханада кофе ішу, автокөлікке жанармай құю, сұлулық салоны және т.б.) жұмсалады. Қаржы кеңесшісі Ричард Дженкинс 60 – 10 – 10 – 10 – 10 әдісін ұсынады, мұнда ағымдағы шығыстарға кірістің 60 %-ы жұмсалады.
Бірақ егер ақша тіпті ағымдағы қажеттіліктерге де жетпесе ше? Жағдайды екі тәсілмен түзетуге болады: ағымдағы шығындарды азайту немесе қосымша кіріс көздерін іздеу.
Бұл – форс-мажор жағдайында көмек болатын резервтік қор (мысалы, қымбат қарап-тексеруден өту керек немесе сынған тоңазытқыштың орнына жаңасын сатып алу керек). Бұл ақшамен кіріс алуды уақытша тоқтатсаңыз да (мысалы, жаңа жұмыс іздеп жүрсеңіз), әдеттегі өмір салтын сақтайсыз.
Қаржы кеңесшілері оңтайлы қауіпсіздік көпшігін бұрынғы жайлылық деңгейімен 12 ай өмір сүруге жететін сома деп санайды. Алдымен 3 айға жететін сома жинауға тырысыңыз.
Қауіпсіздік көпшігін қалай жинауға болады? Мұның да көптеген нұсқасы бар. Мысалы, Дэвид Бах өзінің «Латте факторы» кітабында ұсынғандай, бірден өзіңізге төлеуге болады, мысалы, әрбір ақша түсімінен 10 % аударып отыруға болады. Сіз жинақ сандықшасын пайдаланып, оған қалған ақшаны салып отыруға (немесе картадағы қалдықты жеке шотқа аударып отыруға) болады. Күтпеген жерде жұмсағыңыз келетін соманы (мысалы, бір күнде кофеханадан үшінші кофе) әр жолы кейінге қалдырып отыра аласыз. Жинақ сандықшасы әдісі балаларға да қолайлы: қарапайым және барынша түсінікті.
Депозитке ақша салуды немесе өмірді жинақтаушы сақтандыруды пайдаланыңыз. Депозит жинақ ақшаны сақтауға және оны ұдайы пайыз есептелуі есебінен көбейтуге мүмкіндік береді.
Бұл санатқа болашақта әл-ауқатыңыздың жақсы болуына ықпал ететін барлық нәрсе кіреді. Егер қымбат зат сатып алсаңыз, уақыт өте келе ол жай ғана ескіріп қалады. Бірақ бұл ақшаны жаңа кәсіби жетістіктерге жетуіңізге көмектесетін оқу курсына немесе жұмысты жеңілдету үшін жақсы компьютер сатып алуға жұмсауға болады. Сондай-ақ уақыт өте келе бағамның құбылуына байланысты көптеген құнды заттар қымбаттауы мүмкін, бұл болашақта кіріс алуға мүмкіндік береді. Коллекциялық заттар да тиімді салым болады, өйткені олардың бағасы әрдайым қымбаттап отырады.
Балалар ата-анасының көрсеткен үлгісіне қарап үйренеді. Қаржылық сауаттылық саласы да бұдан тыс қалмайды. Егер ата-анасы ақшаға жауапкершілікпен қараса, оны сауатты бөле білсе, онда бала да дәл осы «бағдарламаны» меңгереді. Алайда тақырыпты нығайтуға, ақша әлеміне жылдам бейімделуге көмектесетін бірнеше лайфхак та бар:
Сарапшылардың пікірінше, 6 жастан асқан баланың өзі басқара алатындай өз ақшасы болуы керек. Баланың «резервін» аптасына бір рет толықтырып отырған дұрыс, сонда бала ақша жинау идеясының мәнін түсіне алады.
Кредиттік #картакартамен қаржыны басқарыңыз
7 000 000 ₸ дейін лимит, ақшамен қайтарылатын кэшбэк, bcc smart арқылы бөліп төлеу, тегін шығару және қызмет көрсету
Балаңызға қалаған затын алуға ақшаны қаншалықты тез жинай алатынын есептеуге көмектесіңіз. Мысалы, қалтапұлдың 10 %-ын кейінге қалдыруға, бұл жағдайда арманындағы нәрсеге (мысалы, белгілі бір ойыншыққа) жинауға болады, қанша уақытта жинап алуға болатынын түсіндіру керек.
Ересектер сияқты балалар бәрін бірден қалайды, бірақ бұл мүмкін емес. Балаңызбен бірге басым мақсаттарды белгілеп, оларды есіне салып отырыңыз. Бұл міндетті тілектер тізімі шешеді. Бала армандағанының бәрін қағазға түсірсін. Ересек адам оған ең қалаған нәрсесінен бастап кейін қалдыруға болатын нәрсесіне дейін жазып шығуға көмектеседі. Тізімді көрінетін жерге, мысалы, жұмыс үстелінің үстіне іліп қоюға болады.
Бүлдіршіндер үшін дүкен немесе мейрамхана ойындары қолайлы. Үлкенірек балаларға тақырыптық үстел ойындарын, мысалы, «Монополия», «Ақша» немесе «Ақша ағыны» ойындарын ұсынуға болады.
Смартфонды меңгерген балалар кіріс пен шығысты жазып отыру үшін қосымшаларды қолдана алады. Бұл теорияға немесе қағаздағы кесте түріндегі тәжірибеге қарағанда қызықтырақ. Бала отбасы сатып алатын барлық затты санаттарға бөлсін. Бұл оған ақшаның қандай қажеттіліктерге жұмсалатынын, мұның қандай сома екенін түсінуге көмектеседі, ол ересектердің басым мақсаттарын ұғынады.
Қаржылық сауаттылық пен қаржы мәдениеті мәселелері қозғалатын ҚР-дағы танымал мультсериалдарға да назар аударыңыз. Мысалы, шығын және жалпы ақша мәселелеріне арналған тақырыптық сериялар «Фиксики» мультфильмінде бар. Мультсериалдар ақпаратты бала үшін барынша түсінікті ойын түрінде ұсынады.
Балаларды әдеті – көрген нәрселерін қалау. Бірақ мұндай заттардың көпшілігін күтпеген жерден сатып аламыз. Олардың алдын алудың бір тәсілі – кідіріс. Сатып алуды бір күнге кідіртуге келісіңіз: егер ол керек болмай қалса (ал мұның солай болуы әбден мүмкін), ақша сақталады. Айтпақшы, осы себепті баланыңжинаған ақшасын өзіңізбен бірге дүкенге апармауыңыз керек: егер ақша өзіңізде болмаса, онда бірдеңе сатып алу да мүмкін емес. Бұл баланы ақша жұмсауда неғұрлым ұстамды болуға үйретеді.
Балаға қаржылық сауаттылықты үйретудің тағы бір маңызды аспектісі – ата-аналармен үнемі диалог жүргізу. Балалардың сұрақтарына жауап беріңіз, отбасындағы қазіргі жағдай туралы айытыңыз, сатып алатын заттарды талқылаңыз, заттарды бірге таңдаңыз, қарыз және кредит сияқты күрделі тақырыптардан бас тартпаңыз. Бұларды білу барлығы әлемнің біртұтас бейнесін қалыптастыру үшін маңызды, ал бала мұны негізінен ата-анасынан ала алады.
Мақаланың басында жазылғандай, Қазақстан халқының айтарлықтай ақша жинағы жоқ. Бұл қаржылық сауаттылықты арттыру қажеттігін анық көрсетеді. Бұл білім қолайлы өмір сүруге, қажетті және маңызды нәрселерге жету үшін ақшаны бөле білуге, қарыз алудан аулақ болуға және қауіпсіздік көпшігін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Балалар үшін қаржылық сауаттылық – сыни ойлауды дамыту тәсілдерінің бірі, сондай-ақ болашаққа салынатын үлкен инвестиция.
Қазақстанның Ұлттық банкі 2024 жылғы 13 желтоқсанға арналған доллардың теңгеге қатысты курсын 522,91 тг., ал ресей рублінің курсын 5,05 тг. деп белгіледі.
Өткен күнмен салыстырғанда доллар курсы әлсіреді. 2024 жылғы 12 желтоқсандағы курсымен салыстырғанда, өсім +5,98 тг. құрады (516,93 тг.-ден 522,91 тг.-ге дейін). Сонымен қатар, рубль курсы да сәл әлсіреп, өсім +0,07 тг. болды (4,98 тг.-ден 5,05 тг.-ге дейін).
Қазақстанның Ұлттық банкі 2024 жылғы 12 желтоқсанға арналған доллардың теңгеге қатысты курсын 516,93 тг., ал ресей рублінің курсын 4,98 тг. деп белгіледі.
Өткен күнмен салыстырғанда доллар курсы әлсіреді. 2024 жылғы 11 желтоқсандағы курсымен салыстырғанда, өсім +8,88 тг. құрады (508,05 тг.-ден 516,93 тг.-ге дейін). Сонымен қатар, рубль курсы сәл нығайып, төмендеу -0,08 тг. болды (5,06 тг.-ден 4,98 тг.-ге дейін).
Қазақстанның Ұлттық банкі 2024 жылғы 11 желтоқсанға арналған доллардың теңгеге қатысты курсын 508,05 тг., ал ресей рублінің курсын 5,06 тг. деп белгіледі.
Өткен күнмен салыстырғанда доллар курсы нығайды. 2024 жылғы 10 желтоқсандағы курсымен салыстырғанда, төмендеу -2,03 тг. құрады (510,08 тг.-ден 508,05 тг.-ге дейін). Сонымен қатар, рубль курсы да сәл нығайып, төмендеу -0,09 тг. болды (5,15 тг.-ден 5,06 тг.-ге дейін).