Жұмыскерді еңбекке қабілетсіздік және өзге де тәуекелдер (асыраушысынан айырылу, жүктілік және босану, декрет) жағдайында қорғау үшін төлеуші, яғни ұйым ұдайы әлеуметтік аударымдар төлеп отыруы керек. Жұмыскер әлеуметтік төлемдерді дәл осы ақшадан алады.
2025 жылы Қазақстандағы барлық әлеуметтік аударымдар Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына (МӘСҚ) жіберіледі. Ол сақтандыру жағдайы басталған кезде мамандарға өтемақы төлейді.
ҚР-дағы әлеуметтік аударымдар төлеу тәртібі мен мөлшері «Әлеуметтік кодексте», сондай-ақ Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2020 жылғы бұйрығында белгіленген.
Бизнеске арналған шотты онлайн ашу
Бірнеше батырма арқылы қолжетімді мүмкіндіктерді пайдаланыңыз
Заңнамаға сәйкес ҚР-да 2024 жылға әлеуметтік аударымды мынадай мамандар үшін төлеу керек:
Ал зейнетке шыққан, бірақ еңбек қызметін жалғастыратын жұмыскерлер жалақыдан әлеуметтік аударымдар төлемейді.
Ол үшін 2025 жылы ҚР-дағы әлеуметтік аударымдар мөлшерлемесінің мөлшерін есепке алу керек. Сонымен, әлеуметтік аударымдар жалақының қанша пайызын құрайды?
2025 жылдың қаңтарынан бастап оның мөлшері 5% құрайды.
Аударымдар сомасының ең төменгі және ең жоғарғы шектері бар екеніне назар аударыңыз.
2024 жылы әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінің ең жоғарғы мөлшері – 7 ЕТЖ-ға дейін (2025 жылғы 1 қаңтардан бастап ЕТЖ көрсеткіші 85 000 теңгені құрады). Сонымен, 7 ЕТЖ – 595 000 теңге. Демек, төлемдер бойынша ең жоғарғы шек 29 750 теңгеден (595 000 × 5%) аспауға тиіс.
Ал егер жалақы сомасы 1 ЕТЖ-ға да жетпесе, қорға қанша төлеу керек? Мұндай жағдайда 5% ең төменгі жалақы мөлшерінен, яғни 85 000 теңгеден есептеледі. Демек, 2025 жылы әлеуметтік аударымдардың ең төменгі сомасы 4 250 теңгеге (85 000 × 5%) тең.
Әлеуметтік аударымдарды есептемес бұрын есептеу объектісін анықтап алу керек. Ол маманның мәртебесіне байланысты:
Мұндай жағдайда сіз үшін аударымдарды жұмыс беруші төлейді. 5% жалақыдан есептеледі.
Бұл жағдайда кәсіпкерлер өздері үшін әлеуметтік жарналар төлейді. Сонымен қатар бизнесмен әлеуметтік төлемдерді қай сомадан аударатынын өзі белгілейді. Бірақ ең жоғарғы шектен (яғни 7 ЕТЖ) асыруға болмайтынын ескеріңіз.
Сондай-ақ жұмыссыз тұрып қалған айлар үшін әлеуметтік салықты төлемеуге болатынына назар аударыңыз. Бірақ егер оны сонда да төлеуді ұйғарсаңыз, онда есептеу объектісі 1 ЕТЖ болады.
Кірістердің әлеуметтік салық салынбайтын бірнеше санаты бар екенін ескеру маңызды. Бұлар – алимент, іссапар үшін төлемдер, бағалы қағаздар бойынша сыйақылар және т.б.
Онлайн-бухгалтерия
Бизнесіңіздің есебін оңай жүргізіңіз!
Әлеуметтік аударымдар ай сайын төленеді, сонымен қатар төлемді есепті айдан кейінгі айдың 25-іне дейін жүргізу керек. Мысалы, 25 қазанға дейін қыркүйек айына төлемдер жасалады. Айтпақшы, ақша аударған кезде ақшаны қай кезеңге (яғни біздің мысалымызда қыркүйекке) төлейтініңізді көрсетуді ұмытпаңыз. Сондай-ақ әлеуметтік аударымдарды төлеген кезде төлем деректемелерін, соның ішінде жеке шоттағы БЖК-ны мұқият тексеріңіз.
Егер төлем уақытылы жасалмаса, не болады? Әлеуметтік аударымдарды уақытылы төлемегені үшін өсімпұл көзделген: ол Ұлттық Банктің 1,25-ке көбейтілген базалық мөлшерлемесін (төлемді мерзімінен кешіктірген әрбір күн үшін) құрайды. Уақытылы төленбеген әлеуметтік аударымдар үшін өсімпұл төлеген кезде 017 ТМК (төлем мақсатының коды) пайдаланылады.
Егер жұмыс беруші мүлде ақша аудармаса, оның банктік шоттарына борыш өтелетін сәтке дейін тыйым салынуы мүмкін.
Егер ақша аударуды кешіктірсеңіз немесе толық емес соманы аударсаңыз, құзыретті органдар сізге хабарлама жібереді. Жіберуге 5 күн беріледі.
Электрондық үкімет порталында әлеуметтік аударымдардың жай-күйі, олардың қозғалысы туралы деректерді онлайн зерттеп, үзінді көшірме немесе анықтама алуға болады. Қызмет тегін көрсетіледі, бірақ біраз уақыт алады: әдетте құжаттарды берген сәттен бастап 10 күннен аспайды.
Сондай-ақ Егов арқылы қате төленген ақшаны қайтаруға болады.
Әлеуметтік аударымдарға кірістің аз пайызы бөлінеді, бұл ретте олар тәуекел туындаған жұмыскерді қорғай алады (мысалы, еңбекке қабілеттіліктен айырылуға әкелген ауру). Сондықтан әлеуметтік төлемдерді тұрақты және жауапты түрде төлеу – өз мамандарының қамын ойлайтын сенімді компанияның белгісі.
Қазақстан Ұлттық Банкі 2025 жылғы 10 қаңтардағы жағдай бойынша АҚШ долларының теңгеге қатысты бағамын 524,75 тг, ал ресей рублінің бағамын 5,12 тг деп белгіледі.
Доллардың бағамы өткен күнмен салыстырғанда нығайды. 2025 жылғы 9 қаңтардағы бағаммен салыстырғанда төмендеу -2,48 тг болды (527,23 тг-ден 524,75 тг-ге дейін). Сонымен қатар, рубльдің бағамы аздап әлсіреді, өсім +0,07 тг болды (5,05 тг-ден 5,12 тг-ге дейін).
Қазақстан Ұлттық Банкі 09.01.2025 ж. жағдай бойынша АҚШ долларының бағамын 527,23 тг., ал Ресей рублінің бағамын 5,05 тг. деңгейінде белгіледі.
АҚШ долларының бағамы алдыңғы күнмен салыстырғанда аздап нығайып, -0,07 тг. төмендеді (527,3 тг.-ден 527,23 тг.-ге дейін).
Ресей рублінің бағамы аздап әлсіреп, +0,10 тг. өсті (4,95 тг.-ден 5,05 тг.-ге дейін).