Инвесторларға арналған негізгі кеңестердің бірі – өзінің жинаған ақшасын көбейту үшін алуан түрлі құралдарды пайдалану. Сондықтан бағалы қағаздар сатып алудан бөлек, алтынды қоса алғанда, асыл металдарға инвестиция салу да сұранысқа ие. Сарапшылардың пікіріне сай, асыл металдар, оның ішінде алтын инвестициялық портфельдің 15 %-ына дейін құрауы мүмкін.
Алтынға инвестиция салу тиімді ме? Мұны қалай дұрыс жасау керек? Бұл сұрақтарға мақалада жауап береміз.
Асыл металға қаражат салудың мынадай артықшылықтары бар:
Алтынға инвестиция салыңыз
Онлайн режимінде алтын құйма сатып алыңыз
Егер алтынға ақша салуды ұйғарсаңыз, түрлі нұсқаларын қарастырыңыз:
Бұл – физикалық активтермен жұмыс істеуге дағдыланған инвесторларға арналған нұсқа. Бағалы қағаздардан айырмашылығы, құймаларды банктен сатып алуға болады, қандай компаниялардың акцияларын таңдау керектігін іздеудің, түсімділік болжамын жасаудың қажеті жоқ.
Барлық құйма бастапқыда вакуумдық қаптамада болады, оны ешбір жағдайда бұзуға болмайды, әйтпесе оның құны төмендеп, құйманың түпнұсқалығын анықтау үшін сараптама қажет болуы мүмкін. Егер құйманы үйде немесе банкте бүтін қаптамада сақтасаңыз, онда құйманың өзі тозуға бейім болмайды, өйткені бұл жағдайда оттегімен байланыс жоқ.
Алтын құйманың пайыз түрінде кіріс әкелмейтінін, яғни облигация немесе вексель сияқты ақша ағынымен қамсыздандырылмағанын есте ұстаңыз.
Жеке тұлға алтынды қалай сатып алуы керек? Банктің бөлімшесіне хабарласу қажет. Мысалы, ЦентрКредит Банкі салмағы 5, 10, 20, 50 және 100 грамм беп белгіленген алтын құймалар (сынамасы – 999,9) ұсынады.
Заңды тұлғаның да алтын құйма сатып ала алатынына назар аударыңыз. Жалпы, сатып алу процедурасның жеке тұлғаларға арналған процедурадан айырмашылығы жоқ, басты шарт – компанияда банктік шотының болуы. Бұл – Қазақстан нарығында тек ЦентрКредит Банкі ұсынатын бірегей шешім.
Алтын құймаларды сақтау үшін банк сейфтерінің қызметін пайдалануды ұсынамыз. Алтынды банкте сақтау құны қандай? Мысалы, ЦентрКредит Банкінде банк ұяшығын жалға алу тәулігіне 300 теңгеден басталады, клиентке құпиялылыққа, сенімділік деңгейінің жоғары екеніне және банктің банкроттығынан қорғауға кепілдік беріледі.
Аллокирленбеген металл шот (АМШ)
Мұндай шотты ашқан кезде «виртуалды» алтын сатып ала аласыз (ол граммен есептеледі). «Виртуалды» активтермен жұмыс істеу ыңғайлы, өйткені оларды сақтау туралы ойланудың қажеті жоқ. Одан басқа металл сіздің бірнеше қорғаныс факторы бар шотыңызда есепке алынады. Демек, сізге банктің сейфтік қызметтері қажет емес. АМШ-дағы алтынды ЦентрКредит Банкінің FX-ақша айырбастауынан сатып алуға болады. Негізгі артықшылықтары: биржа бағамдары бойынша 1 грамнан бастап сатып алу, жеке курс алу немесе кейінге қалдырылған ордерге өтінім беру
#IronCard – жоғары мәртебе
Жайлылық пен эксклюзивті бағалаушыларға арналған карта
Бұл – инвесторлар үшін тамаша шешім:
Инвесторлар үшін арнайы инвестициялық монеталар шығарылады. Ал нумизматтар өз топтамаларын соғылған таралымы аз естелік монеталардан құрастырады. Бірегей естелік монеталардың бағасы қымбат, яғни оларды сатқан кезде, жақсы кіріс табуға болады. Монеталарды тек Қазақстан Ұлттық Банкінде сатуға және сатып алуға болады.
Алтын өндірушілердің акцияларын сатып алу
Бұл нұсқа ең тиімді нұсқалардың бірі болып саналады, бірақ инвестордың инвестициялау туралы тым болмаса негізгі білімі болуы қажет. Мұндай құрал оңай жұмыс істейді: егер алтынның бағасы көтерілсе, акциялардың, яғни активтеріңіздің құны да артады. Сондықтан бір жылдан астам тұрақты жұмыс істеп келе жатқан, даму болашағы бар сенімді алтын өндірушілерді таңдау маңызды.
Қазақстандық алтын өндірушілердің арасында Altyntau Kokshetau компаниясы ерекше көзге түседі, ол Васильковский алтын кен орнын игереді. Сондай-ақ «Полиметалл» («Бақыршық» кен орны) және «Қазақалтын» (Ақсу алтын кен орны) компаниялары белгілі.
Өзіңіздің инвестициялық «алтын» портфеліңізге Barrick Gold, Newmont Corporation немесе Kirkland Lake Gold сияқты әлем компанияларының да акцияларын қосуға болады.
2024 жылы ақпаннан маусымға дейін Қазақстанда асыл металдардың (алтынның) бағасы 28,6 мың теңгеден 35,9 мың теңгеге дейін (1 грамм үшін) құбылып отырды. ЦентрКредит Банкінде 100 грамм құймаларды тиімді сатып ала аласыз, құймаларды жеңілдікпен сатып алуға болатынн акциялар мерзімді түрде өткізіліп тұрады.
Алтынға инвестиция салу тиімділігінің ең айқын дәлелі – осы асыл металдың бағасын жылдар бойынша талдау. Салыстыру үшін қысқа уақыт аралығын – 5 жылды алайық. Бұл деректермен кестеден танысуға болады:
Жыл | 1 грамм алтынның құны (қаңтардағы деректер) |
2020 | 18,7 мың теңге |
2021 | 25,7 мың теңге |
2022 | 25,6 мың теңге |
2023 | 27,1 мың теңге |
2024 | 30,3 мың теңге |
Ұсынылған іріктеме асыл металдың бағасы тұрақты түрде артып келе жатқанын көрсетеді. Әрине, аздаған шегініс те жоқ емес (мысалы, 2022 жылғы). Алайда нарықтағы жағдай жылдам тұрақтануда. Бұл алтынға инвестиция салуды ұзақмерзімді жоспарлаудан қорықпайтын және айтарлықтай пайда алуды көздеген адамдар үшін тартымды стратегияға айналдырады.
Қазақстанның Ұлттық банкі 2024 жылғы 9 желтоқсанға арналған доллардың теңгеге қатысты курсын 514,65 тг., ал ресей рублінің курсын 5,17 тг. деп белгіледі.
Өткен күнмен салыстырғанда доллар курсы нығайды. 2024 жылғы 6 желтоқсандағы курсымен салыстырғанда, төмендеу -10,00 тг. құрады (524,65 тг.-ден 514,65 тг.-ге дейін). Сонымен қатар, рубль курсы да сәл әлсіреп, +0,03 тг. өсті (5,14 тг.-ден 5,17 тг.-ге дейін).
USD/KZT жұбының курсы 2,64%-ға нығайып, сауда көлемі 280 млн USD болғанда 508 теңгені құрады.
RUB/KZT жұбының курсы +1,08%-ға өсіп, 6 663 млн RUB сауда көлемінде 5,14 теңгені көрсетті.
Теңге күрт әлсірегеннен кейін, әдеттегідей, оның нығаюы байқалады.
Қазақстанның Ұлттық банкі 2024 жылғы 6 желтоқсанға арналған доллардың теңгеге қатысты курсын 524,65 тг., ал ресей рублінің курсын 5,14 тг. деп белгіледі.
Өткен күнмен салыстырғанда доллар курсы аздап әлсіреді. 2024 жылғы 5 желтоқсандағы курсымен салыстырғанда, өсім +1,07 тг. құрады (523,58 тг.-ден 524,65 тг.-ге дейін). Сонымен қатар, рубль курсы да сәл әлсіреп, +0,13 тг. өсті (5,01 тг.-ден 5,14 тг.-ге дейін).