Ондаған жылдар бойы Қазақстанның саудадағы негізгі серіктестері Ресей, Қытай және Өзбекстан болды. Алайда 2010 жылдан бастап тағы бір болашағы бар бағыт – Түркиямен сауда дамып келеді. 2024 жылы ол инвестициялар және сауда-экономикалық қатынастар саласындағы ең басым бағыт ретінде қарастырылуда.
Елдер арасындағы сауданың рекордтық көлемі 2022 жылы 6,3 млрд АҚШ долларына жеткен кезде тіркелді. Дәо осы жылы Түркия ҚР-дағы тауар айналымы ең үлкен елдер рейтингінде 4-орынды иеленді. 2024 жылдың I тоқсанында ғана Қазақстаннан Түркияға экспорт 804,8 млн долларға жетті, Түркиядан ҚР-ға импорт 426,3 млн долларды құрады.
Внешнеэкономическая деятельность
Все необходимое в одном банке
Түркия экономикасы – әлемдегі ең қарқынды дамып келе жатқан экономикалардың бірі. Бұл оның көп салалы болуына да байланысты: бір мезгілде ауыл шаруашылығында, өнеркәсіпте, энергетикада және гидроэнергетикада жетістіктер бар. Мысалы, Түркия әлемде орман жаңғағы, шие, өрік және құрма жеткізу бойынша – бірінші, қияр мен ноқат жеткізу бойынша – екінші, баклажан мен жасыл бұрыш жеткізу бойынша – үшінші, пияз мен қызанақ жеткізу бойынша – төртінші орында. Бұл ел Еуропада пластмасса өндіру бойынша – үшінші, ал бояу жасау бойынша алтыншы орында тұр. Мемлекет саудадағы серіктестеріне ынтымақтастық орнатудың көптеген жолын ұсына алады.
Түркиядан Қазақстанға мынадай өнім көп экспортталады:
Басқа болашағы бар бағыттардың қатарында дәрілік заттар, жиһаз, мотор майлары, балаларға арналған тауарлар (жаялықтар мен жөргектер), сабын бар. Түркиядан Қазақстанға балапан басып шығаруға арналған тауық жұмыртқалары әкетіледі.
Түркияның сыртқы саудасы жан-жақты екеніне назар аударыңыз: ол сауда жасасатын елдердің арасында Германия, АҚШ, Ирак, Франция, БАӘ, Ресей, Нидерланды бар.
Түркияның экспорты сияқты импорты да көп бағытты. Бұл ел Қазақстаннан мыналарды сатып алады:
Бизнеске арналған шотты онлайн ашу
Бірнеше батырма арқылы қолжетімді мүмкіндіктерді пайдаланыңыз
Түркияға тауар жеткізгісі келетін қазақстандық кәсіпкерлер басқа басым бағыттарға – өнеркәсіп жабдығына, мысалы, жону білдегіне, дерек жинақтағыштарға, мақтаға назар аударғаны жөн.
Түрік кәсіпкерлерімен сауда қатынастарын құрған кезде есеп айырысу валютасын есте ұстау қажет. Ақша басқа контрагенттердің көпшілігі сияқты АҚШ долларымен емес, түрік лирасымен аударылады. Серіктес-банкті дұрыс таңдау маңызды: ол түрік ұлттық валютасымен жұмыс істеуі, тиімді сыртқы экономикалық қызмет үшін қызмет көрсетуі керек. Мұндай кешенді өнімді ЦентрКредитБанкі ұсынады. Шешімнің артықшылықтарына жан-жақты тарифтік жоспарлар, келісімшарттарды онлайн тіркеу, валюталық бақылау және мәміле жасасқанға дейін келісімшартты тексеру жатады. Әрбір кәсіпкерге жеке менеджер бекітіледі. SWIFT GPI Трекер жүйесі бүкіл әлем бойынша төлемдердің барынша жылдам өңделуіне кепілдік береді, кез келген кезеңде валюталық операциялардың жағдайын бақылауға мүмкіндік береді.
Егер қазақстандық компания өнімді Түркияға экспорттағысы келсе, оған экспорт режимінде тауарларға декларация дайындау қажет. Бұл құжатты кеден брокері «АСТАНА-1» жүйесі арқылы ресімдейді. Осыдан кейін әкету баждары мен алымдарды төлеу керек.
Компания экспорттық тауарды тиеп-жөнелткен кезде екі жүкқұжатты ресімдеу қажет: қорларды шетке беруге арналған жүкқұжат, көлік жүкқұжаты. Өнімдердің нақты бір түрлері үшін рұқсат құжаттамасын қосымша ресімдеу қажет болуы мүмкін екенін ескеріңіз.
Электрондық шот-фактураны (ЭШФ) дайындауға тура келеді. Бұл құжатты жасау үшін күнтізбелік 20 күн беріледі.
Тауар экспорттаған кезде ҚҚС 0 %-ды құрайды. Өнім берушіде ҚҚС нөлдік мөлшерлемесін қолданудың заңдылығын растайтын құжаттар болуға тиіс.
Тарихи және мәдени байланыстар, бірлескен жобалар – мұның барлығы Қазақстан мен Түркияға сауда сегментінде де ұзақмерзімді ынтымақтастық орнатуға жол ашты. Бүгінгі таңда Қазақстан – Түркияның маңызды экономикалық серіктестерінің бірі. Атап өткеніміздей, 2022 жыл екіжақты саудадағы тауар айналымы тұрғысынан «алтын» жыл болды (көлемі – 6,3 млрд доллар). Қос тараптың ортақ мақсаты – екіжақты сауда көлемін 10 млрд долларға дейін арттыру.
Сауда-саттық барысында теңге 507,7-ге дейін әлсірегенін көрсетті, бірақ түскі астан кейін ол күшейе бастады және 501 деңгейінде жабылды. Құбылмалылық сақталады. Көлемі жоғары.
Ағымдағы бағаммен валюта бағамдары бетінде және FX-айырбастау валюталарын айырбастауға арналған онлайн платформада танысуға болады.
Қазақстан Ұлттық банкі 2025 жылғы 14 наурызға арналған доллардың теңгеге шаққандағы бағамын 495,28 теңге, ал ресейлік рубльдің бағамын 5,77 теңге деңгейінде белгіледі.
Өткен күнмен салыстырғанда доллар бағамы әлсіреді. 2025 жылғы 13 наурыздағы бағаммен салыстырғанда өсім 6,13 теңгені құрады (489,15 теңгеден 495,28 теңгеге дейін). Сонымен қатар, рубль бағамы да әлсіреді, өсім 0,13 теңгені құрады (5,64 теңгеден 5,77 теңгеге дейін).
Ағымдағы бағаммен валюта бағамдары бетінде және FX-айырбастау валюталарын айырбастауға арналған онлайн платформада танысуға болады.
Теңге әлсіреп, бағам 498,50 деңгейіне көтерілді. Сауда көлемі орташа деңгейде сақталуда.
АҚШ долларының индексі (DXY) 104 деңгейіне жетті. Brent маркалы мұнай бағасы да құбылып, $71 деңгейіне көтерілгенімен, қайтадан $70 қолдау деңгейінде саудалануда.
Ағымдағы бағаммен валюта бағамдары бетінде және FX-айырбастау валюталарын айырбастауға арналған онлайн платформада танысуға болады.