Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Суреттерді көрсету:
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Режим доступности
Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Суреттерді көрсету:
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Кіру
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Кіру
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Мәзір
Войти в BCC.KZ
Войти в BCC Business
bcc journal
1 шілде 2024
Жаңартылды: 31 қазан 2024

Еңбекке қабілетсіздігі үшін өтемақы: Қазақстанда аурухана парағына төлем қалай жасалады

Компания қызметкері ауырып қалған кезде, ол өзінің кәсіби міндеттерін орындамаса да, бәрібір төлем алады. Ресми түрде еңбекке уақытша жарамсыздық парағы деп аталатын аурухана парағы жәрдемақыны аударуға негіздеме болады.

ҚР-да аурухана парағына төлем қалай есептеледі? Ол қаншалықты тез төленеді? Төлем қандай соманы құрайды?

Маңызды тұстары 

Мәселені түсіну үшін бірнеше өзгешелікті ескеру қажет:

  • Қазақстанда аурухана парағына төлем жасау – жұмыс берушінің қалауы емес, оның Еңбек кодексінде (ЕК) жазып белгіленген міндеті. Компания төлемді өз есебінен жасайды.
  • ҚР-дағы аурухана парағына төлем орташа күндік жалақыны ескере отырып есептеледі. Нақты соманы алу үшін орташа күндік жалақыны маман ауырған күндер санына (аурухана парағына сай) көбейтеді.
  • Аурухана парағына АЕК-пен қанша төленеді? 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданыстағы Әлеуметтік кодексте айына жәрдемақы 25 АЕК-тен аспайды деп жазып белгіленген. 2024 жылы бұл 92 300 теңгеге тең.
  • Егер маман компанияңызда 1 жылдан аз жұмыс істесе, онда жәрдемақы қызметкер нақты жұмыс істеген күндер негізінде есептеледі.

Онлайн-бухгалтерия

Бизнесіңіздің есебін оңай жүргізіңіз!

Аурухана парағы немесе анықтама: айырмашылық бар ма?

Атап өткеніміздей, жұмыскер ауырып қалған кезде, аурухана парағын ұсынғанда ғана төлем жасалуын талап ете алады. Бірақ дәрігерлер емделушілерге анықтама да береді. Бұл құжаттардың айырмашылығы неде?

Аурухана парағы да, анықтама да, біріншіден, адамның еңбекке уақытша қабілетсіз екенін, екіншіден, оның жұмыстағы міндеттерінен босатылғанын растайды. Басты айырмашылық мынада: анықтама бойынша жәрдемақы төленбейді. Төлемді алу үшін маман дәрігерге барып, еңбекке уақытша жарамсыздық парағын ресімдеп, сауыққан соң оны жауып, өз кәсіпорнының бухгалтеріне тапсыруы керек.

Дәрігерлер аурухана парағын әртүрлі жағдайларда ашады:

  • Адамның ауруы ерекше қабынған кезде немесе оның созылмалы ауруы жіті аурулар сатысына ауысқанда.
  • Әйел жүктілікті жасанды түрде тоқтату процедурасынан өткенде.
  • Әйел жүкті болғанда (30-аптадан бастап) немесе жақын арада босанғанда.
  • Жұмыскер (бұл анасы да, әкесі де болуы мүмкін) ауырып қалған балаға күтім жасағанда.
  • Қызметкер бала (қыз, ұл) асырап алғанда. Бұл жерде жаңа туған нәресте туралы айтылып отыр.
  • Маман ауруына байланысты карантинде болғанда.
  • Қызметкер шипажайда оңалтудан өтіп жүргенде.
  • Жұмыскер ортопедиялық протез орнату процедурасынан өтіп жүргенде.


Ал анықтама берудің «көрсеткіштері» әлдеқайда көп. Мысалы, егер маман инвазиялық әдістер қолданылатын тексеруден немесе алкогольге/есірткіге тәуелділікті емдеу курсын өтсе, анықтама ресімделеді.

2024 жылы ҚР-дағы жазатайым оқиғалардан қызметкерлерді міндетті әлеуметтік сақтандыру
2024 жылы ҚР-дағы әлеуметтік аударымдар

2024 жылы аурухана парағын тек ҚР азаматтары ғана емес, сонымен қатар қандастар, шетелдіктер және ҚР-да тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдар да ала алатынына назар аударыңыз.

Аурухана парағының бір данада ресімделетінін ескерген жөн. Егер маман әртүрлі ұйымдарда жұмыс істесе, онда ол бір жұмыс берушіге түпнұсқасын, ал басқаларына көшірмелерін ұсынады. Көшірмелеріне медициналық мекеменің басшысы міндетті түрде растап қол қоюы керек. Оларға емхананың немесе аурухананың мөрі қойылуы тиіс.

Тағы бір маңызды мәселе – Қазақстанда аурухана парағын қалай ашуға болатыны. Мұны әдеттегі тәсілмен емханаға барған кезде орындауға болады. Сондай-ақ аурухана парағын онлайн режимде – Egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы алуға болады. Қажетті нысан «Денсаулық сақтау» – «Медициналық көмек» бөлімінде берілген. Қызмет тегін, құжатты ресімдеуге жарты сағаттан аз уақыт кетеді.

Жұмыскер ауырып қалды: аурухана парағын қанша күнге ашуға болады? 

Алдымен қызметкердің өзінің денсаулығына байланысты проблемалар туындаған жағдайды қарастырайық. Ол Қазақстанда аурухана парағын қанша күнге аша алады? ҚР-да еңбекке уақытша жарамсыздық парағының мерзімі аурудың түріне байланысты.

Мысалы, ең көп таралған диагноз – ЖРВИ. Суық тиген кезде, аурухана парағы әдетте  күнтізбелік 3 күнге беріледі (кейбір жағдайларда – 6 күнге дейін). Егер қандай да бір себептермен (мысалы, науқаста бактериялық асқыну пайда болса) парақтың мерзімін ұзарту қажет болса, емделушіні оны емдеуші дәрігер ғана емес, сонымен қатар меңгеруші де қарап, тексереді. Әдетте парақ 20 күнге дейін ұзартылады (бұл – жалпы сан, яғни науқас қолданған күндер ескерілгенде).

Қиын жағдайларда аурухана парағының мерзімі 60 күнге дейін ұзартылуы мүмкін. Бірақ егер парақ 20 күннен асса, науқастың ДКК-ге баруына тура келеді, бұл –  дәрігерлік-кеңестік комиссия.

Егер аурухана парағының 60 күні өтіп кетсе, жұмыс берушінің маманды жұмыстан шығара алатынын ескерген жөн. Бұған кірмейтін жағдайлар: жүкті және енді ғана босанған әйелдер, ұзақ емдеуді қажет ететін аурулары бар (мысалы, туберкулезбен ауыратын) адамдар.

Тағы бір маңызды мәселе: аурухана парағының мерзімі науқас аурудың алғашқы белгілерін сезінген, бірақ медициналық мекемеге әлі бармаған күннен бастап емес, науқас дәрігерге келген және дәрігер еңбекке жарамсыздық парағын ресімдеген күннен бастап есептеледі.

Бала күтіміне байланысты аурухана парағы 

Енді компания қызметкерінің баласы ауырып қалған жағдайды қарастырайық. Бұл жағдайда аурухана парағын кез келген ата-ана (анасы да, әкесі де), сондай-ақ басқа туыстары (әжесі немесе атасы) ала алады. Егер бала үйде емделсе, онда аурухана парағын (күнтізбелік) 10 күнге дейінгі кезеңге ашады.

Внешнеэкономическая деятельность

Все необходимое в одном банке

Баламен ауруханада болған кезде мерзім ұзартылады. Мәселен, егер 3 жасқа толмаған балаңыз, 18 жасқа толмаған мүгедектігі бар балаңыз ауруханада емделіп жатса, онда аурухана парағының мерзімі емделіп жатқан күндер санын құрайды. Стационарда жатқан 3 жасқа дейінгі ауыр науқас балалардың ата-аналарына аурухана парағы бала күтімге мұқтаж болатын бүкіл кезеңге ресімделеді.

Ауруханада емделіп жатқан кезде аурухана парағын аурухана береді. Егер де ауруханадан шыққаннан кейін емдеуді үйде жалғастыру қажет болса, келесі аурухана парағын (10 күнге дейін) емхананың дәрігері ашады. Баланы ауруханаға жатқызғанға дейін ата-анасы баласымен аурухана парағын аштырған жағдай да болады. Бұл жағдайда ауруханадан шыққаннан кейін аурухана парағының тиесілі 10 күнінен пайдаланылған күндер шегеріледі. Мысалы, егер ата-ана ауруханаға дейін үйде 5 күн болса, демек, стационардан кейін оның тағы 5 күні қалады.

Қазақстанда аурухана парағына төлем қалай есептеледі? 

Біз ҚР-да төлем сомасының маманның орташа күндік жалақысы және аурухана парағын ашқызған күндер саны ескеріле отырып есептелетінін атап өттік. Бұл ретте төлемнің ең жоғарғы сомасы 25 АЕК-ті (92 300 теңгені) құрайтынын да анықтадық.

Нақты мысал негізінде қарастырайық. Жұмыскер күніне 11 000 теңге жалақы алады, ал аурухана парағын 10 күнге аштырды делік. Мұндай жағдайда төлем сомасы 110 000 теңгені (11 000 × 10) құрауы керек. Бірақ жалпы ереже бойынша жұмыс беруші 25 АЕК – 92 300 теңге төлейді.

Сома осы шектен асуы мүмкін бе? Шектен асыруға болмайды, бірақ кейбір жағдайларда жұмыс беруші төлемді 25 АЕК-ке дейін арттыра алады. Компанияның бұлай істей алатынын, бірақ бұлай істеуге міндетті емес екенін есте ұстаған жөн. Мұндай жағдайлар маманның бір күнгі орташа кірісі өте аз болған кезде жиі кездеседі.

Мысалы, жұмыскер күніне 5 000 теңге алады. Ол 10 күн ауырады. Төлем 50 000 теңгені (5 000 × 10) құрауы керек. Бірақ жұмыс берушінің бастамасы бойынша сома белгіленген шекке, яғни 92 300 теңгеге дейін көбейтілуі мүмкін.

Қазақстанда аурухана парағына қанша күнге төлем жасалады? 

Егер маман компанияңызда 1 жылдан аз жұмыс істесе, онда жәрдемақы қызметкер нақты жұмыс істеген күндер негізінде есептеледі.

Қызметкерлерге ақша аудару мерзімі Еңбекке уақытша қабілетсіздікке байланысты әлеуметтік жәрдемақыны тағайындау және төлеу ережелерінде белгіленген.

Ережелерге сәйкес маман аударылған ақшаны жұмыскер еңбекке жарамсыздық парағын берген айдан кейінгі айдың алғашқы онкүндігінен кешіктірмей алуы керек.

Жұмыс берушінің еңбекке уақытша жарамсыздық парағы бойынша төлем жалақыға теңестірілетінін есте ұстағаны жөн. Демек, оған салық салынуы тиіс. Атап айтқанда, жәрдемақыдан МЗЖ-ға 10 % (зейнетақы төлемі), ЖТС-ға 10 % (жеке табыс салығы), сондай-ақ МӘМСЖ-ға 2 % (міндетті медициналық сақтандыру) және ЖМЗЖ-ға 1,5 % (жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары) шегеріледі.

Автор
Асель Жумабаева
Сізге ұнауы мүмкін
Обзор валют
2024 жылғы 13 желтоқсандағы валюта бағамдары

Қазақстанның Ұлттық банкі 2024 жылғы 13 желтоқсанға арналған доллардың теңгеге қатысты курсын 522,91 тг., ал ресей рублінің курсын 5,05 тг. деп белгіледі.

Өткен күнмен салыстырғанда доллар курсы әлсіреді. 2024 жылғы 12 желтоқсандағы курсымен салыстырғанда, өсім +5,98 тг. құрады (516,93 тг.-ден 522,91 тг.-ге дейін). Сонымен қатар, рубль курсы да сәл әлсіреп, өсім +0,07 тг. болды (4,98 тг.-ден 5,05 тг.-ге дейін).

Обзор валют
2024 жылғы 12 желтоқсандағы валюта бағамдары

Қазақстанның Ұлттық банкі 2024 жылғы 12 желтоқсанға арналған доллардың теңгеге қатысты курсын 516,93 тг., ал ресей рублінің курсын 4,98 тг. деп белгіледі.

Өткен күнмен салыстырғанда доллар курсы әлсіреді. 2024 жылғы 11 желтоқсандағы курсымен салыстырғанда, өсім +8,88 тг. құрады (508,05 тг.-ден 516,93 тг.-ге дейін). Сонымен қатар, рубль курсы сәл нығайып, төмендеу -0,08 тг. болды (5,06 тг.-ден 4,98 тг.-ге дейін).

Обзор валют
2024 жылғы 11 желтоқсандағы валюта бағамдары

Қазақстанның Ұлттық банкі 2024 жылғы 11 желтоқсанға арналған доллардың теңгеге қатысты курсын 508,05 тг., ал ресей рублінің курсын 5,06 тг. деп белгіледі.

Өткен күнмен салыстырғанда доллар курсы нығайды. 2024 жылғы 10 желтоқсандағы курсымен салыстырғанда, төмендеу -2,03 тг. құрады (510,08 тг.-ден 508,05 тг.-ге дейін). Сонымен қатар, рубль курсы да сәл нығайып, төмендеу -0,09 тг. болды (5,15 тг.-ден 5,06 тг.-ге дейін).

Поиск по сайту
Біз cookies файлдарын қолданамыз
Біз сайттың функционалын және сіздің пайдаланушылық тәжірибеңізді жақсарту үшін cookies файлдарын қолданамыз
Артқа
Cookie файлдарын баптау
Біз сайттың функционалын және сіздің пайдаланушылық тәжірибеңізді жақсарту үшін cookies файлдарын қолданамыз
Міндетті cookies файлдары
Әрқашан белсенді
Бұл Cookies файлдары сіз туралы маркетингтік мақсатта пайдаланылуы мүмкін ақпаратты жинамайды және Интернетте қашан болғаныңызды есте сақтамайды. Браузердің параметрлерін өзгертіп, осы Cookies файлдарын ажыратуға болады, бірақ бұл біздің сайтпен әрекеттескенде, веб-сайтыңыздың жұмысына әсер етуі мүмкін.
Қосымша cookies файлдары
Cookie файлдары пайдаланушы тәжірибесін жақсартуға және сізге берілген кез келген ақпараттың сіздің мүддеңіз бен қалауыңызға сәйкес келетініне кепілдік беруге көмектеседі. Cookies файлдары ақпаратты ешкім тікелей сәйкестендірілмейтіндей етіп жинайды