Бүгінгі сауданың нәтижесінде теңге әлсіреуін көрсетті: доллардың курсы 519,23 те
2024 жылғы деректер бойынша Қазақстанда банк карталары арқылы жасалатын қолма-қол ақшасыз төлемдердің үлесі 89%-ға дейін өсіп, мұндай транзакциялардың жалпы көлемі 962,7 трлн теңгеден асты.
Бүгінде тауардың немесе қызметтің ақысын кез келген жерде карта арқылы төлеуге болады: бұл сатып алушы үшін ыңғайлы, жылдам әрі қауіпсіз, ал кәсіпкер үшін табыс пен сенімділікті арттыратын тиімді құрал. Қолма-қол ақшасыз төлем жасау мүмкіндігі бизнестің клиентке бағдарлануын күшейтеді, сатып алушылар санын көбейтіп, табысты ұлғайтуға көмектеседі. Клиент карта арқылы төлем жасауы үшін POS-терминал (ағылшынша Point of Sale, яғни «сату нүктесі») қажет.
Қарапайым тілмен айтқанда, бұл – сатып алушыларға банк картасы, смартфон немесе смарт-сағат арқылы төлем жасауға мүмкіндік беретін құрылғы. Клиент жылдам төлем жасап, қайтарылатын ақшаны күтіп тұрмайды, ал сатушы үшін қиындықтар (қолма-қол ақшаны сақтау, банкке жеткізу немесе инкассациялау) туындамайды.
BCCBOX
Қазақстан заңнамасына сәйкес төлем терминалдары мемлекеттік кірістер органдарында тіркелмейді. Эквайрингті (терминал арқылы төлем қабылдау қызметі) пайдалану үшін банкпен шарт жасасу жеткілікті.
Мысалы, клиентіңіз POS-терминал арқылы төлем жасағысы келеді делік:
Сауда жасауға жұмсалған сома уақытша бұғатталып, біраз уақыттан соң (әдетте келесі жұмыс күні) сатушының шотына түседі.
Төлем тәсілі мен функционалдық мүмкіндіктеріне қарай POS-терминалдың келесі модельдері болады:
2021 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енген Қаулыға сәйкес келесі салаларда жұмыс істейтін бизнес POS-терминалсыз қызмет көрсете алмайды:
Сауда эквайрингі
Төлем қабылдау үшін қарапайым шешімдерді пайдаланыңыз
Егер сіздің компанияңыз заңнамаға сәйкес терминалмен жұмыс істеуге міндетті болса, бірақ сіз оны қолданбасаңыз, айыппұл санкциялары қолданылады. Бұл жағдай «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» Кодексте реттелген.
Егер бұзушылық алғаш рет анықталса, POS-терминалдың болмауы үшін төленетін құн – ескерту. Егер бір жыл ішінде мәселе шешілмей, бұзушылық қайталанса, айыппұл салынады. Оның мөлшері бизнес көлеміне байланысты. Шағын бизнес — 40 АЕК (2025 жылы бұл 157 280 теңге). Орта бизнес — 60 АЕК (235 920 теңге). Ірі бизнес — 80 АЕК (314 560 теңге)
Терминалды ЦентрКредит Банкінде ЖК мен заңды тұлғаларға арналған есеп айырысу-кассалық қызмет көрсету аясында қосуға болады. Артықшылықтарымыздың қатарында қолжетімді комиссия мен бизнес-картаны 0 теңгеге шығару бар.
Айналым 45 млн теңгеге дейін болған кезде, комиссия алынбайды
Қосылу және абоненттік төлем 0 теңге