ҚР-да сатып алушы тауар мен көрсетілген қызмет ақысын төлей алуы үшін төлем жасауға арналған шот қажет, оны онлайн режимінде жасаған ыңғайлы әрі жылдам. Бұл – контрагенттер арасында есеп айырысқан кездегі негізгі құжаттардың бірі. Ақшаны сатушының немесе қызмет көрсетушінің шотына аудару оның қаншалықты дұрыс толтырылғанына байланысты болады.
Құжатты жасаған кезде, нені есте сақтаған жөн? ЖК-ге (-ден) төлем жасауға шотты онлайн қалай ұсынуға болады?
Онлайн-бухгалтерия
Бизнесіңіздің есебін оңай жүргізіңіз!
Құжатта маңызды мәліметтер көрсетіледі. Мысалы, жеткізілген тауарлардың саны, екі тараптың банктерінің деректемелері, төленетін сомасы, заңды тұлғаның мекенжайы және т.б.
Төлем жасауға арналған шот ҚР Қаржы министрлігі бекіткен нысан бойынша жасалатын құжаттар тізбесіне кірмейді (2012 жыл). Оның жасалуы «Бухгалтерлік есеп туралы» заңмен регламенттелген. Бұл заң ЖК мен заңды тұлғаларға нысанды дербес әзірлеуге мүмкіндік береді, алайда онда міндетті түрде кейбір деректер (құжаттың атауы, күні, ұйымның атауы, операцияның мазмұны және т.б.) жазылуы тиіс. Кейбір жағдайларда қосымша деректемелер талап етілуі мүмкін.
Төлем жасауға арналған шот орыс немесе қазақ тілдерінде жасалады.
Шот ұсыну үшін арнайы ресурстарды немесе банктік қолданбаны пайдалануға болады. ЦентрКредит банкінің business қолданбасы арқылы ЖК-ке төлем жасауға шотты қалай ұсынып, жіберуге болатынын қарастырайық:
Бизнеске арналған шотты онлайн ашу
Бірнеше батырма арқылы қолжетімді мүмкіндіктерді пайдаланыңыз
Сондай-ақ төлем жасауға шотты ұсыну бойынша бейненұсқаулықпен business қолданбасы арқылы таныса аласыз.
Контрагент төлем жасап, ақша сіздің шотыңызға аударылғаннан кейін сізге Push-хабарлама келеді. Төлем жасауға шотты қалай төлеуге болады? Сатып алушы есеп айырысуды өз банкінің интернет-банкингі арқылы жүргізеді, төлем тапсырмасын жасап, оны төлеу қажет. Процедураға бірнеше минут кетеді.
Төлем жасалған сәтке дейін құжат контрагентке есеп айырысу қажеттігі туралы хабарлап, бағаны бекіту мақсатын ғана көздейтінін ескеріңіз. Алайда тауар мен көрсетілген қызмет ақысы төленгеннен кейін, шот мәміленің жасалғанын растайтын толыққанды бастапқы құжатқа айналады.
Құжатты онлайн режимінде дайындау барынша аз уақыт алады. Алайда барлық жолды дұрыс толтырып, енгізілген ақпаратты мұқият тексеру маңызды, бұл жағдайда төлем мүмкіндігінше тез жасалады.
Қазақстанның Ұлттық банкі 2024 жылғы 6 желтоқсанға арналған доллардың теңгеге қатысты курсын 524,65 тг., ал ресей рублінің курсын 5,14 тг. деп белгіледі.
Өткен күнмен салыстырғанда доллар курсы аздап әлсіреді. 2024 жылғы 5 желтоқсандағы курсымен салыстырғанда, өсім +1,07 тг. құрады (523,58 тг.-ден 524,65 тг.-ге дейін). Сонымен қатар, рубль курсы да сәл әлсіреп, +0,13 тг. өсті (5,01 тг.-ден 5,14 тг.-ге дейін).
5 желтоқсандағы валюта сауда-саттығының жабылу кезіндегі теңге бағамы 0,61%-ға нығайып, сауда көлемі 219 млн АҚШ долларын құрап, 1 доллар үшін 521,79 теңге деңгейінде қалыптасты.
Теңгенің рубльге қатысты бағамы, керісінше, 0,99%-ға әлсіреп, 1 рубль үшін 5,085 теңгеге жетті.
Сарапшылар теңгенің нығаюының ағымдағы үрдістерінің сақталуын және орташа құбылмалылықты болжайды.
2024 жылғы 5 желтоқсанға арналған доллардың теңгеге қатысты курсын Қазақстанның Ұлттық банкі 523,58 тг. деп белгіледі, ал ресей рублінің курсы – 5,01 тг.
Өткен күнмен салыстырғанда доллар курсы аздап әлсіреді. 2024 жылғы 4 желтоқсандағы курсымен салыстырғанда, өсім +0,41 тг. құрады (523,17 тг.-ден 523,58 тг.-ге дейін). Сонымен қатар, рубль курсы да сәл нығайып, +0,08 тг. өсті (4,93 тг.-ден 5,01 тг.-ге дейін).