Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Суреттерді көрсету:
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Режим доступности
Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Суреттерді көрсету:
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Кіру
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Кіру
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Мәзір
Войти в BCC.KZ
Войти в BCC Business
bcc journal
12 шілде 2024
Жаңартылды: 9 қаңтар 2025

Чтобы путешествие прошло гладко: как проверить запрет на выезд из Казахстана за границу

Саяхатқа дұрыстап дайындалу керек, мысалы, барлық құжаттың жиналғанына көз жеткізу керек. Қазақстаннан шығуға тыйым бар-жоғын тексеру де маңызды. Егер сізге шығуға тыйым салынғанын шекарада білсеңіз, демалысыңыз бұзылып, жоспарды жол-жөнекей өзгертуге тура келеді. Бұл туралы алдын ала біліп алған жөн, сонда жағдайды жол жүргенге дейін реттеп, демалыстың рақатына кенелесіз.

«Кетпейтіндер» тізіміне кім ілігеді? Қазақстаннан шығуға тыйым салынғаны қалай тексеріледі? Егер өзіңіздің борышкерлер тізімінде тұрғаныңызды көрсеңіз, не істеу керек? Барлық сұрақтың жауабы қарапайым.

ҚР-дан шығуға тыйым кімге қолданылады?

Шығуға шектеу қойылуына негіз болатын үш себеп бар:

#TravelCard — саяхатқа арналған артықшылықтары бар карта

Әуебилет сатып алу, қонақ үйде тұру және жалға автокөлік алу үшін жеңілдіктер мен кэшбэк алыңыз

  1. Азаматтың сот белгілеген міндеттемелерін орындамауы. Мысалы, адамның төлеп құтыла алмай жүрген борышының болуы.
  2. Адамның қылмыстық іске қатысушы болуы. Мысалы, соттың бас бостандығынан айыру немесе міндетті жұмыстар белгілеу жазасын тағайындауы. Сондай-ақ қылмыстық істер бойынша тергеп-тексеру жүргізетін уақытта шығуға салынған тыйым.
  3. Азаматтың құпия деректермен немесе мемлекеттік құпиямен байланысты қызметті өткеріп жүруі немесе лауазымды атқарып жүруі. 

Уақытша шектеулер екі жағдайда енгізіледі:

  1. Азаматтың хабарлама алған сәттен бастап үш ай ішінде өтемеген борышының болуы.
  2. Жеке тұлғаның борышының 40 және одан көп АЕК-ті (2025 жылы бұл – 157 280 теңге) құрауы.

Шектеу қою ерекшеліктері 

Заң үшін берешектің түрі маңызды емес. Бұл кредит бойынша борыш немесе төленбеген алимент, төленбеген айыппұл немесе коммуналдық қызмет ақысы болуы мүмкін.

Жеке тұлғаға уақытша шектеу қою үшін атқарушы органның шешімі жеткілікті. Егер борышкер заңды тұлғаның басшысы болса, онда сот отырысы өткізіледі. Азамат мәлімдеме алады, тыйым мәлімдеме жасалғаннан кейін 5 жұмыс күнінен соң қолданыла бастайды.

Назар аударыңыз, тыйым тек ұшуға ғана емес, сонымен қатар шекараны басқа тәсілдермен, мысалы, көлікпен, автобуспен немесе жаяу кесіп өтуге де қолданылады. Шектеу адамның демалу үшін қайда баруды ұйғарғанына байланысты емес.

Қазақстандағы криптовалюта: онымен не істеуге болады, не істеуге болмайды
Демалысқа! 2024 жылдың жазында Қазақстаннан қайда демалуға баруға болады және не көруге болады

Салынған тыйымды уақытша алуға бола ма? Иә, тәжірибеде мұндай жағдай болған. Бірақ бұлау істеуге азаматқа шетелде емделу қажет болған жағдайда рұқсат беріледі. Шектеуді алу туралы шешімді сот қабылдайды.

Шетелдікке де тыйым салынуы мүмкін, мысалы, ол ҚР-да борышкер болған жағдайда. Әдетте шетелдіктің берешегі болғанда, оны жер аударту және Қазақстанға кіруге тыйым салу қаупі туғанда.

Әйтсе де шекараны кесіп өтсе, не болмақ? 

Кейбір борышкерлер жалған құжаттардың немесе дерекқорлардағы қателіктердің арқасында шекараны кесіп өтіп кете алады. Мұндай жағдайда ҚР Әкімшілік кодексінің 669-бабына сәйкес азаматқа мынадай жаза қолданылуы мүмкін:

  • 5 АЕК (19 660 теңгені құрайды) мөлшерінде айыппұл салу немесе 7 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алу түрінде – бірінші рет бұзған кезде;
  • 10 тәулікке дейін қамауға алу немесе 30 АЕК (117 960 теңгеге тең) мөлшерінде айыппұл салу түрінде – қайталап бұзған кезде. Борышкерге тыйым салуды қолдану мүмкін болмаған кезде айыппұл түріндегі санкция қолданылады.


Азаматтың өзінің негізгі борышы мен айыппұл төлеуіне тура келеді.

Адамға жазаны сот тағайындайды.

Тыйымды қалай алу керек? 

Қазақстаннан шығуға рұқсат алу үшін стандартты шарт – берешекті төлеу. Борышты «Қазпошта» (терминал, сайт немесе қосымша) арқылы, сондай-ақ банктердің қосымшалары, мысалы, bcc.kz арқылы өтеуге болады. Төлемді мүмкіндігінше ертерек жасау маңызды, өйткені шектеулерді алу үшін бірнеше күн қажет. Әдетте тексеруге 1 жұмыс күні кетеді, бірақ әртүрлі себептермен процесс 3 жұмыс күніне дейін созылуы мүмкін. Бұл – рұқсат етілетін ең ұзақ мерзім. Төлем жасалғаннан кейін сот орындаушысына хабарлау қажет.

Сондай-ақ тыйымды басқа жағдайларда да алуға болады: мысалы, тараптар бейбіт келісімге келген немесе басшылық ауысқан кезде (егер борышкер заңды тұлғаның басшысы болса).

Кредиттік #картакартамен қаржыны басқарыңыз

7 000 000 ₸ дейін лимит, ақшамен қайтарылатын кэшбэк, bcc smart арқылы бөліп төлеу, тегін шығару және қызмет көрсету

Қазақстаннан шығуға тыйым бар-жоғын қалай білу керек? 

Қазақстанда борышкерлердің екі тізілімі бар: біреуі – шектеу қойылған борышкерлерге (мысалы, кредиттер немесе алименттер бойынша), екіншісі ҚР-дағы атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкерлерге қатысты. Сондықтан шығуға тыйым салынғанын осы екі тізілім бойынша тексеру керек. Ол үшін Т.А.Ә. және ЖСН (жеке тұлғалар үшін) немесе БСН (заңды тұлғалар үшін) көрсету қажет. Қызмет тегін көрсетіледі.

Сондай-ақ ҚР-дан шығуға тыйым салынғанын EGOV электрондық үкімет порталы арқылы (сайтта, мобильді қосымша арқылы немесе телеграм-бот арқылы) тексеруге болады. Бұл жағдайда құжаттарға ЭЦҚ арқылы қол қойылады. Шетелге шығуға шектеулерді басқа да тәсілдермен, мысалы, Қазақстан Әділет министрлігінің сайтынан тексеруге болады. Аталған ресурстарда жеке тұлға болып табылатын пайдаланушыға тыйым бар-жоғын анықтау үшін ЖСН де қажет болады.

Көптеген саяхатшылар Қазақстаннан шығуға шектеуді алдын ала тексеру туралы ұсынымды елемейді, ол туралы жолға шығар алдында, мысалы, әуежайда есіне түседі. Егер берешегіңіз болмаса, түк те болмайды. Бірақ егер берешегіңіз болса, онда борышты бір мезетте «жабуға» келмейді, атап өткеніміздей, 1 күннен бастап 3 күнге дейін уақыт қажет. Демалыс бұзылуы мүмкін, сондықтан әрдайым мәртебеңізді алдын ала анықтап алған дұрыс.

Автор
Асель Жумабаева
Держите руку на пульсе с bcc journal
Подпишитесь на нашу рассылку и не пропустите новые статьи и актуальные обзоры.
Сізге ұнауы мүмкін
Валюталар шолу
BCC Invest валюта бағамына арналған 2025 жылғы 14 наурыздағы аналитикасы

Сауда-саттық барысында теңге 507,7-ге дейін әлсірегенін көрсетті, бірақ түскі астан кейін ол күшейе бастады және 501 деңгейінде жабылды. Құбылмалылық сақталады. Көлемі жоғары.

Ағымдағы бағаммен валюта бағамдары бетінде және FX-айырбастау валюталарын айырбастауға арналған онлайн платформада танысуға болады.

Валюталар шолу
2025 жылғы 14 наурызға арналған валюта бағамдары

Қазақстан Ұлттық банкі 2025 жылғы 14 наурызға арналған доллардың теңгеге шаққандағы бағамын 495,28 теңге, ал ресейлік рубльдің бағамын 5,77 теңге деңгейінде белгіледі.

Өткен күнмен салыстырғанда доллар бағамы әлсіреді. 2025 жылғы 13 наурыздағы бағаммен салыстырғанда өсім 6,13 теңгені құрады (489,15 теңгеден 495,28 теңгеге дейін). Сонымен қатар, рубль бағамы да әлсіреді, өсім 0,13 теңгені құрады (5,64 теңгеден 5,77 теңгеге дейін).

Ағымдағы бағаммен валюта бағамдары бетінде және FX-айырбастау валюталарын айырбастауға арналған онлайн платформада танысуға болады.

Валюталар шолу
BCC Invest валюта бағамына арналған 2025 жылғы 13 наурыздағы аналитикасы

Теңге әлсіреп, бағам 498,50 деңгейіне көтерілді. Сауда көлемі орташа деңгейде сақталуда.

АҚШ долларының индексі (DXY) 104 деңгейіне жетті. Brent маркалы мұнай бағасы да құбылып, $71 деңгейіне көтерілгенімен, қайтадан $70 қолдау деңгейінде саудалануда.

Ағымдағы бағаммен валюта бағамдары бетінде және FX-айырбастау валюталарын айырбастауға арналған онлайн платформада танысуға болады.

Поиск по сайту
Біз cookies файлдарын қолданамыз
Біз сайттың функционалын және сіздің пайдаланушылық тәжірибеңізді жақсарту үшін cookies файлдарын қолданамыз
Артқа
Cookie файлдарын баптау
Біз сайттың функционалын және сіздің пайдаланушылық тәжірибеңізді жақсарту үшін cookies файлдарын қолданамыз
Міндетті cookies файлдары
Әрқашан белсенді
Бұл Cookies файлдары сіз туралы маркетингтік мақсатта пайдаланылуы мүмкін ақпаратты жинамайды және Интернетте қашан болғаныңызды есте сақтамайды. Браузердің параметрлерін өзгертіп, осы Cookies файлдарын ажыратуға болады, бірақ бұл біздің сайтпен әрекеттескенде, веб-сайтыңыздың жұмысына әсер етуі мүмкін.
Қосымша cookies файлдары
Cookie файлдары пайдаланушы тәжірибесін жақсартуға және сізге берілген кез келген ақпараттың сіздің мүддеңіз бен қалауыңызға сәйкес келетініне кепілдік беруге көмектеседі. Cookies файлдары ақпаратты ешкім тікелей сәйкестендірілмейтіндей етіп жинайды