Көптеген адамдар үшін дағдылы дебеттік банк картасы арқылы клиент өз қаражаты есебінен төлем жасай алады. Кредит картасы да есеп айырысуға мүмкіндік береді, бірақ бұл клиенттің емес, банктің ақшасы арқылы орындалады. Кредит картасының не екенін жай сөзбен түсіндіріп көрейік, оның басқа карталардан айырмашылығы неде екенін қарастырайық.
Кредит картасы (халық оны кредитка деп атайды) – банктің ақшасы сақталатын төлем карточкасы. Клиент зат сатып алған кезде, ол банктен қарызға ақша алады, яғни оны қайтаруы керек. Одан басқа, классикалық кредит жағдайындағыдай, қарыз қаражатын пайдаланған кезде оларға пайыз есептеледі. Алайда бүгінгі таңда банктердің көпшілігі клиенттерге грейс кезеңін ұсынады, оның барысында қарыз қаражатын ең төменгі пайызбен немесе мүлдем пайызсыз пайдаланууға болады.
Кредиттік #картакартамен қаржыны басқарыңыз
7 000 000 ₸ дейін лимит, ақшамен қайтарылатын кэшбэк, bcc smart арқылы бөліп төлеу, тегін шығару және қызмет көрсету
Кредит картасымен банк карталарын қабылдайтын кез келген жерде: гипермаркетте, мейрамхана мен кафеде, интернет-дүкенде, жанармай құю бекетінде және т.б. төлем жасауға болады.
Көп жағдайда кредит картасынан қолма-қол ақша ала аласыз: мұны банкомат немесе банк кассасы арқылы жасауға болады.
Қызметті ресімдеген кезде банк маманы сізге кредит картасын береді. Оның сырттай дебеттік картадан айырмашылығы жоқ: пластик негізге стандартты деректер – 16 таңбалы бірегей нөмір, қолданылу мерзімі, иесінің тегі мен аты түсіріледі, бірақ карта атаулы болмауы да мүмкін.
Кредит картасында ақша болады, оның сомасы банк лимитімен шектеледі. Банк клиентке қарызға бере алатын ең көп ақша сомасы осылай аталады. Лимит әдетте пайдаланушының кіріс деңгейін, оның кредит тарихын, транзакциялар санын ескере отырып, жеке белгіленеді. Әдетте кіріс неғұрлым көп болса, банк клиентке соғұрлым көп қарыз қаражатын ұсына алады. Мысалы, ЦентрКредит Банкінің #картакарта карточкасы бойынша кредит лимиті 7 миллион теңгеге жетеді.
Сіз зат сатып алып, картамен есеп айырысасыз. Сатып алған затыңыздың ақысын қазір кредит лимиті есебінен төлеп, біршама уақыттан соң жұмсалған соманы қайтара аласыз.
Бұл шұғыл шығын жұмсау керек болған кезде өте ыңғайлы. Әдетте бір айдан кейін пайдаланылған кредит лимитін қайтару немесе ең төменгі төлемді жасау керек: кейбір банктер төлем жасау үшін белгілі бір күнді белгілейді, ал басқалары тек уақыт аралығын белгілейді (мысалы, ақы төлеген соң 20–25 күннен кейін). Шотты кез келген ыңғайлы тәсілмен, мысалы, бір картадан екінші картаға аудару арқылы, банкомат, касса немесе Astana Plat (Касса 24), Qiwi, RPS Asia (Yurta) терминалдары арқылы қолма-қол ақшамен толықтырады.
Көптеген жағдайда айыппұлсыз мерзімінен бұрын өтеу қарастырылғанына назар аударыңыз.
Көптеген кредит өнімдерінде грейс кезеңі бар (оны жеңілдік немесе пайызсыз кезең деп те атайды). Мысалы, #картакартада ол 55 күнді құрайды: бұл белгіленген кезеңде пайыз есептелмейтінін білдіреді – зат сатып алған кезде тек пайдаланылған кредит лимиті сомасын өтеу керек. Басқаша айтқанда, егер банкке борышты бұл кезең аяқталғанға дейін қайтарсаңыз, кредит қаражатын пайдаланған кезде сізде артық төлем мүлде болмайды. Грейс кезеңі қаржылық жүктемені азайтуға, бұл ретте барлық қажетті затты сатып алуға мүмкіндік береді.
Бұл банк өнімдерінің арасындағы басты айырмашылық ақшаның кімге тиесілі екендігінде: дебеттік картамен есеп айырысу клиенттің өз қаражатымен, ал кредит картасымен есеп айырысу банктің ақшасымен жүргізіледі.
Алайда басқа да ерекшеліктер бар:
Кредит картасы немесе дебеттік карта екенін қалай білуге болады? Көптеген банктер кредит карталарын Credit сөзімен таңбалап қояды, бұл жағдайда сәйкестендіру барынша оңай. Егер картада мұндай белгі болмаса, оның түрін анықтаудың ең ыңғайлы әрі жылдам тәсілі – мобильді қосымшаға немесе банктің сайтына кіру.
#IronCard – жоғары мәртебе
Жайлылық пен эксклюзивті бағалаушыларға арналған карта
Кредит өнімдері мыналардың есебінен пайда табуға мүмкіндік береді:
Кредит картасын жабу үшін пайдаланылған кредит лимитін және ол бойынша берешекті (болған кезде) өтеу керек. Борыштың мөлшерін нақтылау үшін банктің call-орталығына қоңырау шалуға немесе мобильді қосымшадағы, интернет-банкингтегі деректерді тексеруге болады.
Келесі қадам – банк бөлімшесіне бару, онда картаны және карта шотын жабу туралы өтініш жазу керек. Одан басқа, берешектің жоқтығы туралы анықтама алған да дұрыс. Бұл құжат сіздің банк алдындағы борышыңыздың өтелгенін және шоттың жабылғанын дәлелдейді.
Соңғы кезең – картаны банк жұмыскеріне беру және оны клиенттің көзінше жою.
Көптеген банктерде кредит картасын және ол байланыстырылған шотты жабу опциясын онлайн – мобильді қосымша немесе интернет-банкинг жүйесі арқылы қолдануға болады.
Кредит картасы – ақша қаражаты шұғыл қажет болған жағдайда оңтайлы құрал. Бұл сізге қажетті зат сатып алуға ғана емес, сонымен қатар пайда табуға да, мысалы, кешбэк алуға немесе қарыз қаражатын грейс кезеңінде артық төлемсіз пайдалануға мүмкіндік береді. Одан басқа, мұндай карта тез ресімделеді және оған барынша аз құжат қажет.
Қазақстанның Ұлттық банкі 2024 жылғы 13 желтоқсанға арналған доллардың теңгеге қатысты курсын 522,91 тг., ал ресей рублінің курсын 5,05 тг. деп белгіледі.
Өткен күнмен салыстырғанда доллар курсы әлсіреді. 2024 жылғы 12 желтоқсандағы курсымен салыстырғанда, өсім +5,98 тг. құрады (516,93 тг.-ден 522,91 тг.-ге дейін). Сонымен қатар, рубль курсы да сәл әлсіреп, өсім +0,07 тг. болды (4,98 тг.-ден 5,05 тг.-ге дейін).
Қазақстанның Ұлттық банкі 2024 жылғы 12 желтоқсанға арналған доллардың теңгеге қатысты курсын 516,93 тг., ал ресей рублінің курсын 4,98 тг. деп белгіледі.
Өткен күнмен салыстырғанда доллар курсы әлсіреді. 2024 жылғы 11 желтоқсандағы курсымен салыстырғанда, өсім +8,88 тг. құрады (508,05 тг.-ден 516,93 тг.-ге дейін). Сонымен қатар, рубль курсы сәл нығайып, төмендеу -0,08 тг. болды (5,06 тг.-ден 4,98 тг.-ге дейін).
Қазақстанның Ұлттық банкі 2024 жылғы 11 желтоқсанға арналған доллардың теңгеге қатысты курсын 508,05 тг., ал ресей рублінің курсын 5,06 тг. деп белгіледі.
Өткен күнмен салыстырғанда доллар курсы нығайды. 2024 жылғы 10 желтоқсандағы курсымен салыстырғанда, төмендеу -2,03 тг. құрады (510,08 тг.-ден 508,05 тг.-ге дейін). Сонымен қатар, рубль курсы да сәл нығайып, төмендеу -0,09 тг. болды (5,15 тг.-ден 5,06 тг.-ге дейін).