Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Суреттерді көрсету:
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Режим доступности
Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Суреттерді көрсету:
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Кіру
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Кіру
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Мәзір
Войти в BCC.KZ
Войти в BCC Business
bcc journal
15 сәуір 2024
Жаңартылды: 9 қазан 2024

Стильді әрі тиімді: базалық гардероб дегеніміз не және оны қалай құруға болады?

Британдық модельер әрі әлемдегі ең танымал дизайнерлердің бірі Вивьен Вествуд өзінің стиль құпиясын ашты: «Киімді ақылмен таңдаңыз, сирек сатып алып, ұзақ уақыт киіңіз». Сондай-ақ оның сән сүйер қауым арасында танымал тағы бір сөзі бар: «Аз киім сатып алып, жақсысын таңдаңыз және бір-бірімен үйлестіріңіз». Өкінішке қарай, адамдардың көпшілігі бұл ережені ұстана бермейді: статистикаға сүйенсек, адамдар киім-кешекке бюджеттің 20%-ын жұмсайды. Десе де көбінің нәтижеге көңілі толмайды: ақша қалмағанымен, әлі де киетін ештеңе жоқ. Бұл гардеробыңыз дұрыс құрылмаған дегенді білдіреді.

Дұрыс құрылмаған гардероб – тиімсіз, капсула – оңтайлы

Дұрыс құрылмаған гардероб туралы «Үй шаруашылығы экономикасы» айдарына арналған видеода қазақстандық стилист және лайфстайл-блогер Меруерт Ізбасарова айтып береді. Оның пікірінше, қате құрылған гардеробтың басты мәселелерінің бірі – бұл жұп киімдер. Мысалы, сіз салтанатты іс-шараға арналған белдемшені таңдадыңыз. Бірақ оған сәйкес үстіге киетін киім – мысалы, жейде керек екенін түсінесіз. Сіз екеуін де сатып алып, оларды бір рет кигеннен кейін ендігәрі кимеуіңіз әбден мүмкін. Себебі бұл киімдер сіздің гардеробыңыздағы басқа заттармен үйлеспейді. Нәтижесінде ақша босқа жұмсалады.

Стилисттер көбінесе бір шыққанда киетін киімнің бағасы деген ұғымды пайдаланады. Егер сіз белдемшені 75 мың теңгеге сатып алып, оны бір рет қана кисеңіз, онда бір шыққанда киетін киімнің бағасы 75 мың теңгені құрайды. Біраз қымбаттау, иә?  

#IronCard – жоғары мәртебе

Жайлылық пен эксклюзивті бағалаушыларға арналған карта

Мәселені қалай шешуге болады? Меруерт қарапайым лайфхак ұсынады: ұнатқан белдемшеңіз гардеробыңыздағы қай киімдермен үйлесетінін ойлап көріңіз. Осылайша бұл киіммен бірнеше жинақтама жасай аласыз. Мысалы, белдемше + жейде + маңызды іс-шараға арналған қайықша, белдемше + жейде + офиске арналған лоферлер, белдемше + футболка + серуендеуге арналған кроссовкалар, белдемше + жейде + ірі тоқылған свитер + достармен кездесуге арналған үлкен табанды бәтеңке. Ал енді бір шыққанда киетін киімнің бағасына қайта оралайық: егер сіз белдемшені мысалы 5 рет кисеңіз, онда бір шыққанда киетін киімнің бағасы 15 мың теңгені (75 000:5) құрайды.

Мұндай тәсіл киімге жұмсалатын шығынды оңтайландыруға, сонымен қатар әрқашан стильді әрі сәнді көрінуге мүмкіндік береді. «Біздің бәрімізді сәнденуге үйретсе де, киінуге үйретпеді. Осыдан қаржы мәселесі туындайды: мұның бәрі ақшаны қажетсіз дүниеге жұмсауға әкеледі», – деп қорытындылады стилист. Шынында да, әдетте орташа статистикалық адамның киім-кешекке жұмсайтын ай сайынғы бюджеттің 20%-ын арманды орындауға немесе ақша жинауға жұмсауға болады.

Айтпақшы, тәсілдің басқа да артықшылықтары бар: ол таңертең киім таңдауға кететін уақытты қысқартуға, шешім қабылдау қажеттілігінен болатын стресті төмендетуге, сондай-ақ жөнсіз тұтынудың салдарынан қоршаған ортаға келтірілетін зиянды барынша азайтуға мүмкіндік береді.

«Көбінесе бізге мынадай қарапайым шешім жетіспейді: мен мына джинс шалбарды алып, оған гардеробтан үстіге киетін кез келген киімді таңдаймын. Шын мәнінде бәрі осылай болуы тиіс», – дейді Меруерт. Бұл қарапайым шешім – базалық (капсулалық) гардероб.

2024 жылы әйелдер мен ерлерге арналған базалық гардероб: 5 басты ереже

Капсулалық гардероб – бұл өмірдің белгілі бір саласына (жұмыс, демалыс, спорт және т.б.) сәйкес келетін және бір-бірімен өте жақсы үйлесетін киімдер жиынтығы (капсула).

2024 жылғы көктем-жаз, күз-қыс мезгілдеріне арналған базалық гардероб бес негізгі ережені ескере отырып қалыптастырылады:

Киімдер өмір салтына сәйкес келуі тиіс

Қарапайым мысал: іскерлік костюм мен қарындаш-белдемше жас ананың гардеробына үйлеспейді, ал джинс шалбар мен футболкалар қатаң дресс-коды бар офисте жұмыс істейтін әйелге жарамайды. Демек барлық киім бір стильде болуы тиіс. Егер осы ережені сақтасаңыз, онда гардеробыңыздағы кез келген белдемше кез келген жейдемен жақсы үйлесе кетеді.

Киімді дәл қазір киюге болады

Басқаша айтқанда, тар болып қалған немесе тым үлкен киімдерге, өмір салтыңызға мүлдем сай келмейтін киімдерге гардеробта орын жоқ. Бұл ереже киім сатып алған кезде де жұмыс істейді: «арықтағанда» немесе «ерекше жағдайда» киілетін киімнің сол қалпы шкафта ілініп тұра беру қаупі бар, ал ақша босқа жұмсалады.

Киім үлгісі сәнді болмаса да, дәл сізге лайықты болуы тиіс

Егер гардероб тек сәнді киімдерден құралса, онда оны әр маусым сайын дерлік жаңартуға тура келеді – мұндай міндетті орындауға кез келген қалта көтере бермейді. Сондықтан базалық гардероб капсуласын жасаған кезде, дене пішіміңізге жақсы үйлесетін, кемшіліктерді жасырып, артықшылықтарды көрсететін киім үлгісін таңдаған жөн.

Әрине, бұл сәнді заттарды сатып алуға болмайды дегенді білдірмейді – дизайнерлер «3-ке 1» формуласын ұстануды ұсынады, яғни үш базалық киімге бір ғана трендтегі киім келуі тиіс.

Сапалы материалдарға баса назар аударыңыз

Әйелдер мен ерлерге арналған базалық киімдер – сіздің уақытыңыз бен ақшаңызды үнемдеуге арналған ұзақмерзімді инвестиция. Егер сапасыз материалдан тігілген киімді таңдасақ, бұл мақсаттарға жете алмаймыз. Сондықтан дизайнерлер тозуға төзімді, берік табиғи маталардан жасалған, бірнеше маусым қызмет ететін киім үлгілеріне басымдық беруді ұсынады.

Кез келген жаңа киім гардеробтағы киімдермен үйлесуі тиіс

Бұл ереже саналы түрде сауда жасауға мүмкіндік беріп, артық төлемдерден құтқарады. Егер сіз ұнатқан киім үлгісі капсулаңызбен үлеспейтінін түсінсеңіз, онда оны сатып алудан бас тартқан жөн.

Премиум карта дегеніміз не?
Тігін бизнесі: арманнан мақсатқа. GUITEX компаниясының негізін қалаушы Гүлмира Айтымбетованың тарихы

2024 жылы әйелдер мен ерлер үшін капсулалық гардероб жалықтырмайды

Капсула жасауға наразылық танытатындар базалық гардероб жалықтырып жібереді деген пікірді басшылыққа алады. Шын мәнінде оның жалықтыруы екіталай:

Палитра

Шынында да, ақ, қара, сарғыш, қоңыр және сұр тәрізді ұстамды реңктер базалық гардероб үшін мінсіз болып саналады. Себебі бұл реңктер бір-бірімен өте жақсы үйлеседі. Бірақ сіз осы әмбебап тәсілді өз талғамыңызға қарай реттей аласыз. Мысалы, сіз жасыл түсті ұнатасыз делік. Демек база ретінде ашық жасыл немесе жалбызды түсті таңдап, гардеробқа хаки, зәйтүн, зүбаржат, қылқан жапырақтары реңктерін қосуға болады. Жасыл түспен қыша, қоңыр қызғылт, сарғыш, көгілдір, көк, сұр қоңыр және сұр тәрізді басқа да реңктер жақсы үйлеседі. Демек, сіздің капсулаңыз ақ-қара емес, жасыл-қыша-сұр реңкте болады.

Текстура және принт

Тіпті сіз ұстамды ақ-сарғыш реңктерді таңдасаңыз да, киімдер текстура (мысалы, жүн свитер) немесе принт (мысалы, жолақ жейде) есебінен қызықты көрінуі мүмкін. Мұндай киім үлгілері образды көз тартарлықтай әрі фактуралы етеді.

Аксессуарлар

Аксессуарлар образға ерекшелік сыйлап, жеке адамның даралығын көрсетеді. Мысалы, көк шалбар мен тік пішілген ақ жейдеден құралған классикалық жинақтаманы француз стилінде мойынға тағылған орамал немесе күннен қорғайтын ірі көзілдірік стильді түрде толықтырады.

Базалық гардероб: чек-парақ

Классикалық базалық гардероб қолдану саласын (жұмыс, демалыс және т.б.) ескере отырып, бірнеше капсуланы қамтиды. Бір капсула үшін әдетте 7-8 киім жеткілікті (әдетте 12 заттан артық емес). Демек, заттардың жалпы саны өзекті салалардың санына байланысты: кейбіреулеріне 20 зат, кейбіреулеріне – 30, ал журналист және Podium сән жобасының бас сарапшысы Нина Гарсия өмірдің барлық жағдайына 100 зат жеткілікті деп санайды. Оның кітабы «Мінсіз гардеробқа арналған жүз зат» деп аталады.

Гардеробтың базалық капсуласына кіре алатын нақты киімдердің мысалдарын қарастырайық:

Классикалық ақ жейде

Оны ресми киім деп санайды, бірақ бұл киім шынымен әмбебап. Ол қатаң іскерлік образға да (қарындаш-белдемшемен немесе шалбармен), күнделікті стильдегі образға да (майкамен немесе топпен және джинс шалбармен) сәйкес келеді.

Дизайнерлер ақ реңкті тіс эмалі мен көз ақуыздарының түсіне қарай таңдауға кеңес береді: осылайша күлімсірегенде тістеріңіз маржандай ақ, ал көздеріңіз айқынырақ болады. Айтпақшы, ақ түс інжу, алебастр, сүт және т.б. реңктерге бай.

Ақ футболка

Футболка да дәл жейде сияқты әмбебап зат. Шолақ шалбармен немесе джинс шалбармен киген кезде, футболка еркін серуендеуге ыңғайлы, ал шалбармен және ұзын пиджакпен бірге қатаң емес іскерлік стильге сәйкес келеді. Сонымен қатар бұл свитер мен жейдеден құралған көп қабатты жинақтама үшін тамаша бірінші қабат.

Джинс

Кең шалбар, клеш, банан, карго, тік шалбар – кез келгенін таңдауға болады. Ең бастысы, ол дене пішіміңізге сай келіп, өмір салтыңызға сәйкес келуі тиіс. Дизайнда кейбір шектеулер бар: капсуланы қалыптастырған кезде, классикалық көк және көгілдір гаммаға тоқтаған жөн, сондай-ақ анық көрінетін декордан (тозған джинс эффектісі, аппликация, кесте, тойтарма) бас тартқан жөн.

Джинс шалбар – дресс-кодты қатаң сақтау талап етілмеген жағдайда, демалуға және тіпті жұмыс істеуге ыңғайлы нұсқа. Оның үстіне джинс шалбар футболка мен жейдеден бастап пиджак пен кашемирден жасалған свитерге дейін дерлік бәрімен үйлесе береді.

Шалбар

Дәл джинс сияқты, шалбар үлгісін де өз талғамыңызға қарай таңдаңыз. Ал палитраға келген кезде, қара, қою сұр немесе қою көк түсті таңдаған жөн. Қатаң стильдегі шалбар, тіпті үстіге киген киім бейресми болса да (мысалы, футболка), образдың «іскерлігін» сақтауға мүмкіндік береді.

Қарындаш-белдемше

Кредиттік #картакартамен қаржыны басқарыңыз

7 000 000 ₸ дейін лимит, ақшамен қайтарылатын кэшбэк, bcc smart арқылы бөліп төлеу, тегін шығару және қызмет көрсету

Бұл киімсіз әйелдердің іскерлік капсуласын елестету қиын. Қарындаш-белдемше қатаң әрі әдемі образ жасауға көмектесіп қана қоймай, дене бітімін визуалды түрде «созады». Төмен жағы тарылған нұсқаны немесе классикалық тік нұсқаны таңдауға болады. Графит, қара, шоколад, қара көк сияқты қара түсті гамманы таңдаған абзал.

Қара көйлек

Көктемге арналған әйелдердің базалық гардеробына орташа ұзындықтағы (тізеден сәл жоғары) қара көйлекті де қосуға болады. Оның үстіне көйлек үлгісі кез келген болуы мүмкін: көйлек-пиджак, көйлек-жейде, қаусырмалы, тік, трапеция пішінді көйлек. Көйлек қатаң стильдегі пиджакпен, жеңіл кардиганмен, сондай-ақ ірі тоқылған свитермен керемет үйлеседі.

Свитер

Футболкадан, жейдеден немесе көйлектен құралған көп қабатты жинақтама үшін оңтайлы. Киімді қатаң емес іскерлік жинақтамаға қосуға мүмкіндік беретін еркін пішімге және бейтарап гаммаға тоқтаған жөн.


Пиджак

Тік пішінді ұзартылған пиджак үлгісі – әмбебап шешім. Сұр, қара, шоколад, көк, қою жасыл сияқты ұстамды гаммаға тоқталған жөн. Егер дресс-код рұқсат етсе, неғұрлым жарқын гамманы да қарастыруға болады – терракот, зүбаржат, қою көк-жасыл, қою қызыл. Жалғыз шектеу – сәндік жапсырмалар мен аппликациялар сияқты дизайнерлік элементтер қажет емес: образды аксессуарлардың көмегімен бірегей еткен дұрыс.

Пиджакты іскерлік және күнделікті образдарға емін-еркін қоса беруге болады.

Дизайнерлер базалық киімдер тізіміне водолазка, худи, кардиган, тренч, джинс күртеше, тік пішінді пальто сияқты киімдерді жиі қосып жатады. Айтпақшы, аяқ киімді, сыртқы киімді, сөмке мен аксессуарларды да капсулалық гардероб ережелерін ескере отырып таңдаған жөн.

Әрине, бәрін бірден сатып алудың қажеті жоқ – өзіңізге лайықтысына тоқталыңыз. Мысалы, егер сіздің гардеробыңызда джинс шалбар, пиджак, футболка және жейде болса, онда осы небәрі төрт заттан бес образ құрауға болады. Қатаң емес стильдегі дресс-коды бар жұмыс үшін – джинс шалбар + жейде + пиджак (немесе салқын уақытта – джинс шалбар + футболка + жейде + пиджак). Серуендеу үшін – джинс шалбар + футболка + жейде немесе джинс шалбар + футболка немесе джинс шалбар + жейде. Ал егер гардеробыңызда шалбар, белдемше, жейде, свитер болса, онда алты жинақтама болады: шалбар, жейде; белдемше, жейде; шалбар, свитер; белдемше, свитер; свитермен шалбар және жейде; свитермен белдемше және жейде. Бұл жинақ толық жұмыс аптасына жеткілікті және күн сайынғы образ кешегіден өзгеше болады.

Капсулалық гардеробты құру қиын болып көрінгенімен, аса күрделі емес. Оның үстіне сіз даралығыңызды жоғалтпай, шынымен де маңызды дүниеге бағыттауға болатын ресурстарды – уақытыңыз бен қаражатыңызды үнемдей аласыз.

Автор
Асель Жумабаева
Сізге ұнауы мүмкін
Обзор валют
2024 жылғы 13 желтоқсандағы валюта бағамдары

Қазақстанның Ұлттық банкі 2024 жылғы 13 желтоқсанға арналған доллардың теңгеге қатысты курсын 522,91 тг., ал ресей рублінің курсын 5,05 тг. деп белгіледі.

Өткен күнмен салыстырғанда доллар курсы әлсіреді. 2024 жылғы 12 желтоқсандағы курсымен салыстырғанда, өсім +5,98 тг. құрады (516,93 тг.-ден 522,91 тг.-ге дейін). Сонымен қатар, рубль курсы да сәл әлсіреп, өсім +0,07 тг. болды (4,98 тг.-ден 5,05 тг.-ге дейін).

Обзор валют
2024 жылғы 12 желтоқсандағы валюта бағамдары

Қазақстанның Ұлттық банкі 2024 жылғы 12 желтоқсанға арналған доллардың теңгеге қатысты курсын 516,93 тг., ал ресей рублінің курсын 4,98 тг. деп белгіледі.

Өткен күнмен салыстырғанда доллар курсы әлсіреді. 2024 жылғы 11 желтоқсандағы курсымен салыстырғанда, өсім +8,88 тг. құрады (508,05 тг.-ден 516,93 тг.-ге дейін). Сонымен қатар, рубль курсы сәл нығайып, төмендеу -0,08 тг. болды (5,06 тг.-ден 4,98 тг.-ге дейін).

Обзор валют
2024 жылғы 11 желтоқсандағы валюта бағамдары

Қазақстанның Ұлттық банкі 2024 жылғы 11 желтоқсанға арналған доллардың теңгеге қатысты курсын 508,05 тг., ал ресей рублінің курсын 5,06 тг. деп белгіледі.

Өткен күнмен салыстырғанда доллар курсы нығайды. 2024 жылғы 10 желтоқсандағы курсымен салыстырғанда, төмендеу -2,03 тг. құрады (510,08 тг.-ден 508,05 тг.-ге дейін). Сонымен қатар, рубль курсы да сәл нығайып, төмендеу -0,09 тг. болды (5,15 тг.-ден 5,06 тг.-ге дейін).

Поиск по сайту
Біз cookies файлдарын қолданамыз
Біз сайттың функционалын және сіздің пайдаланушылық тәжірибеңізді жақсарту үшін cookies файлдарын қолданамыз
Артқа
Cookie файлдарын баптау
Біз сайттың функционалын және сіздің пайдаланушылық тәжірибеңізді жақсарту үшін cookies файлдарын қолданамыз
Міндетті cookies файлдары
Әрқашан белсенді
Бұл Cookies файлдары сіз туралы маркетингтік мақсатта пайдаланылуы мүмкін ақпаратты жинамайды және Интернетте қашан болғаныңызды есте сақтамайды. Браузердің параметрлерін өзгертіп, осы Cookies файлдарын ажыратуға болады, бірақ бұл біздің сайтпен әрекеттескенде, веб-сайтыңыздың жұмысына әсер етуі мүмкін.
Қосымша cookies файлдары
Cookie файлдары пайдаланушы тәжірибесін жақсартуға және сізге берілген кез келген ақпараттың сіздің мүддеңіз бен қалауыңызға сәйкес келетініне кепілдік беруге көмектеседі. Cookies файлдары ақпаратты ешкім тікелей сәйкестендірілмейтіндей етіп жинайды