Егер сіз қолданыста болған автокөлік сатып алсаңыз, оның «таза» болғаны, яғни оған ауыртпалық салынбауы маңызды. Автокөлікке ауыртпалық салу деген не? Бұл термин көлік иесі оны толықтай басқара алмайтын жағдайды білдіреді. Мысалы, көлікті сату немесе сыйға тарту мүмкін болмайды. Кредит алған кезде автокөлік кепілге беріліп, қамтамасыз ету құралы ретінде пайдаланылған болса, бұл ауыртпалық болып саналады. Сондай-ақ автокөлік ұрланған (іздеуде жүрген) немесе қарызға байланысты оған тыйым салынған болса, бұл да ауыртпалық болып есептеледі.
Жеңілдікті мемлекеттік тұрғын үй бағдарламалары, тұрғын үй кезегіне тұру, ипотека, субсидиялау немесе сот даулары — мұндай жағдайларда Қазақстанда мемлекеттік тізілімнен жылжымайтын мүліктің бар-жоғы туралы анықтама талап етіледі. Бұл анықтама 6-нысан бойынша ресімделеді. Құжатта нақты бір тұлғаның атына тіркелген жылжымайтын мүліктің бар-жоғы ресми түрде расталады.
Бүгінде жылжымайтын мүліктің бар-жоғы туралы анықтама алу үшін жауапты органға бару міндетті емес, қызмет онлайн көрсетіледі. Оның үстіне құжатты бірнеше тәсілмен сұратуға болады. Енді солардың ең ыңғайлы нұсқаларын қарастырайық.
Дүкендер, кофеханалар мен сұлулық салондары әрдайым коммерциялық жайларда: офис ғимараттарында, бизнес-орталықтарда немесе сауда кешендерінде ашыла бермейді. Көбіне олар көпқабатты үйлердің бірінші қабаттарында немесе жеке тұрғын үйлерде орналасады.
Жеке үйде немесе көпқабатты үйде дүкен ашуға бола ма? Мұндай мүмкіндік бар. Жылжымайтын мүлік тұрғын үйден коммерциялық жайға ауыстырылса, бизнес заңды түрде жұмыс істей алады. Пәтерді тұрғын үй қорынан қалай шығаруға болады? Ол үшін не істеу қажет? Бұл процедура қанша уақыт алады?
Саяхатқа дұрыстап дайындалу керек, мысалы, барлық құжаттың жиналғанына көз жеткізу керек. Қазақстаннан шығуға тыйым бар-жоғын тексеру де маңызды. Егер сізге шығуға тыйым салынғанын шекарада білсеңіз, демалысыңыз бұзылып, жоспарды жол-жөнекей өзгертуге тура келеді. Бұл туралы алдын ала біліп алған жөн, сонда жағдайды жол жүргенге дейін реттеп, демалыстың рақатына кенелесіз.