Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Суреттерді көрсету:
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Режим доступности
Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Суреттерді көрсету:
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Кіру
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Войти в BCC.KZ
Войти в BCC Business
bcc journal
2 сәуір 2025
Жаңартылды: 17 қазан 2025

Аллокирленбеген металл шот дегеніміз не және оны қалай пайдалану керек?

Бағалы металдарды сатып алу — инвестициялаудың ескі тәсілдерінің бірі. Бүгінде Қазақстанда мұны аллокирленбеген металл шот (АМШ) арқылы жасауға болады. АМШ банкте ашылып, қолма-қол ақшасыз операция жүргізуге мүмкіндік береді.

Металл шоты: бұл дегеніміз не?

Өзінің мақсаты бойынша АМШ — бұл бағалы металдардың есебін жүргізуге арналған шот.  Онда да қаражат сақталады, бірақ олар ақша түрінде емес, бағалы металдардың цифрлық баламалары түрінде ұсынылады. Басқаша айтқанда, банк клиенті шоттан металды ала алмайды — ол сатылғаннан кейін түскен ақшаны ғана алады. Сақталатын құндылықтардың физикалық белгілері (мысалы, сынама немесе салмақ) болмағандықтан, оны иесіздендірілген шот деп атайды, ал тек бағалы металдарға ғана арналғандықтан, металл шоты деп аталады.

#TravelCard — саяхатқа арналған артықшылықтары бар карта

Әуебилет сатып алу, қонақ үйде тұру және жалға автокөлік алу үшін жеңілдіктер мен кэшбэк алыңыз



АМШ ерекшеліктері

АМШ-ның бірнеше ерекшелігі бар:

  • Металды сақтау кезінде пайыз есептелмейді (мысалы, банктік салымнан айырмашылығы). АМШ сатып алынған бағалы металдарды сақтау үшін қолданылады. Егер клиент құймаларды сатқысы келсе, ол өз ақшасын актуалды бағам бойынша алады. Егер бағам өскен болса, клиент бағам айырмашылығынан пайда көре алады. Бірақ, егер бағам төмендеген болса, онда активтердің бағасы да азаяды.
  • Актив көлемін тек металды сатып алу арқылы ғана арттыруға болады.
  • Табыс алу кезінде (бағам айырмашылығынан туындаған) пайда салығын төлеу қажет болады. Клиент табысын декларациялайды және салықты өз бетінше төлейді. Салық бүкіл сомаға емес, тек өсімге ғана салынады.
  • Металл шоттарында бағалы металдар граммен есепке алынады.
  • Егер сіз әртүрлі металдарды (мысалы, алтын және күміс) сақтағыңыз келсе, онда әрбір бағалы метал үшін жеке шот қажет болады.

Шот ашу үшін қанша металл сатып алу керек

Ең төменгі шегі – 1 грамм бағалы металл. Ең жоғарғы шектер жоқ: құймаларды шектеусіз сатып алып, сақтауға болады.

АМШ мерзімсіз екенін ескеріңіз. Шотты өзіңізге қажет уақытқа дейін пайдалана аласыз.

АМШ бойынша қандай операция жүргізуге болады?

Аллокирленбеген металл шот бойынша екі негізгі операция қарастырылған: металл сатып алу және оны сату. Екі транзакция да бірнеше секунд ішінде жүзеге асырылады. Бір металды екіншісіне ауыстыру немесе шоттар арасында аударым жасауға болмайды.

Сатып алу және сату бойынша шектеулер жоқ: сіз алтынмен қалағандай операциялар жүргізе аласыз.

Кредиттік картаны максималды пайдамен пайдалану жолы: 5 лайфхак
Бүкіл әлемді қалай тиімді аралап шығуға болады: Бюджеттік сапарларға арналған 11 лайфхак
Қазақстандағы цифрлық теңге дегеніміз не және ол қазақстандықтарға не үшін қажет

Банктегі металл шоты: артықшылықтары мен кемшіліктері

АМШ арқылы инвестициялаудың бірқатар артықшылықтары бар:

  1. 1. Шот ашу тегін.
  2. 2. Операцияларды жүргізу үшін клиентке брокер қажет емес — барлық транзакцияны өз бетінше қолданба арқылы жүзеге асыруға болады.
  3. 3. АМШ-ның әлеуетті шектеусіз табыс әкеле алады. Егер алтынның бағасы көтерілсе, онда автоматты түрде сіздің активтеріңіздің құны да артады.
  4. 4. Металл шотында металл «цифрлық» нысанда сақталатындықтан, оны ұрлау мүмкін емес, бұл жоғары қауіпсіздік деңгейін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, цифрлық алтынды сақтау үшін көп орын және күзет шаралары қажет емес.
  5. 5. АМШ жоғары өтімділікке ие. Металды кез келген уақытта сатып алуға немесе сатуға болады.
  6. 6. АМШ-ның тағы бір артықшылығы – икемді шарттар. Кiрудiң ең аз сомасы, активтердi сатып алу және қажет болған жағдайда оларды сату мүмкiндiгi кез келген қаржы стратегиясын тиiмдi iске асыруға мүмкiндiк бередi.

АМШ-ның кемшіліктеріне пайыздық мөлшерлеменің және сақтандырудың болмауын, салық төлеудің қажеттілігі жатқызуға болады. АМШ – ұзақ мерзімді инвестициялау стратегиясы. Мұндай құрал жылдам пайда тапқысы келетін адамдарға жарамайды.

Кредиттік #картакартамен қаржыны басқарыңыз

7 000 000 ₸ дейін лимит, ақшамен қайтарылатын кэшбэк, bcc smart арқылы бөліп төлеу, тегін шығару және қызмет көрсету

Металл шотын қайда ашады?

Металл шотын ЦентрКредит Банкінің bcc.kz қолданбасында ашуға болады. Ол үшін «Сервистер» бөліміндегі «Бағалы металдар» қойындысына өту қажет. 

1-ден 100 граммға дейінгі құймаларды (999,9 сынама) сатып алуға болады.

Банктегі металл шоты – бұл ұзақ мерзімді инвестициялау әдісін ұстанатын және күтуге дайын клиенттер үшін тиімді шешім. Инвестициялық құрал өзі және отбасы үшін қаржылық «қауіпсіздік жастығын» құрып, әртүрлі құралдарды пайдалануды жөн көретіндерге сай келеді.

bcc journal арқылы жаңалықтардан хабардар болыңыз
Біздің хабар таратылымымызға жазылып, жаңа мақалалар мен өзекті ақпаратты шолуды жіберіп алмаңыз.
Поиск по сайту
Cookie файлдарын баптау
Әрқашан белсенді