Инвестиция пассив табыс табудың ең кең таралған құралдарының бірі ретінде қарастырылады. Алайда инвестиция салу жөніндегі пікірлер әртүрлі. Біреулер тиімді мәміле жасау үшін тәжірибе мен білім қажет болғандықтан, бұл күрделі процесс деп санайды. Енді біреулер, керісінше, инвестиция салу үшін тек қолданбаны жүктеп алып, активтерді сатып алу жеткілікті дейді. Ендеше, инвестиция салу дегеніміз не екенін қарастырып, Қазақстанда инвестиция салуды қалай бастауға болатынын түсініп көрейік.
Инвестиция салу – бұл пайда табу мақсатында қаражатты әртүрлі құралдарға (мысалы, акцияларға) салу. Оны қауіпсіздік жастығын дайындауға, ірі тауар сатып алуға (мысалы, жылжымайтын мүлік) не болмаса капиталды инфляциядан қорғауға пайдалануға болады. Көптеген инвестор қаржыны пассив табыс табу үшін салады, бұл оларға жұмыс істемеуге, сонымен бірге әдеттегі өмір сүру деңгейін сақтауға мүмкіндік береді.
Инвестор жеке тұлға, заңды тұлға және тіпті мемлекет те бола алады.
bcc.kz инвестициялар
KASE / KASE Global биржасында
акциямен сауда-саттық жасаңыз
Инвестицияның бірнеше түрі бар. Көбіне инвестиция нысанына байланысты жіктеледі:
Бұл – нақты нысандарға ақша салу. Мысалы, жылжымайтын мүлікке инвестиция: инвестор тұрғын үй сатып алып, кейін оны қымбат бағамен сатады. Табыс — сатып алу мен сату бағасының арасындағы айырма. Нақты инвестицияға зергерлік бұйымдар, өнер туындылары, антиквариат сияқты заттарға ақша салу да жатады.
Бұл – акциялар мен басқа да бағалы қағаздарға ақша салу, биржада сауда жасау. Банк салымы да қаржылық инвестиция ретінде қарастырылады. Бұл – ең кең таралған инвестиция түрі.
Бұлай бизнеске салынған инвестицияны атайды. Инвесторлар стартаптарға компания дамып, табыс әкеледі деген үмітпен қаржы салады. Сондай-ақ инвестиция тәуекел деңгейіне қарай бөлінеді. Консервативті инвестиция салу ең төменгі тәуекелмен байланысты. Қалыпты инвестиция салу — бұл орташа деңгейдегі тәуекел. Ал агрессивті инвестиция жасау жоғары тәуекелді білдіреді: мысалы, кейбір акцияларға ақша салу 30%-ға дейін табыс әкелуі мүмкін, бірақ одан да көп шығынға ұшырау қаупі бар.
Биржада инвестиция жасау үшін брокерлік шот қажет, барлық қаржылық операция осы шот арқылы жүргізіледі. Брокерлік шот жағдайында мәмілені инвестордың тапсырмасы бойынша брокер — сатып алушы мен сатушы арасындағы кәсіби делдал орындайды.
Сауда жасау үшін инвестициялық портфель құрастырылады, бұл — өзіңіз сатып алып, ұстап отыратын активтердің жиынтығы. Портфель консервативті (кірістілігі жоғары емес — 10-15%, бірақ тәуекел де аз — 5%-дан аспайды), агрессивті (кірістілігі 30%-ға дейін, бірақ тәуекел 15%-дан жоғары) болуы мүмкін.
Консервативті және агрессивті активтерді үйлестіретін бірқалыпты (теңгерімді) портфельдер де бар.
Тәуекелді төмендету үшін портфель әртараптандырылады, яғни инвестиция әртүрлі бағытқа бөлінеді. Инвесторлар қаражатты экономиканың әртүрлі салаларына салады: егер бір салада құлдырау болса, басқасы дамып кетуі мүмкін. Әртараптандыру мақсатында портфель әртүрлі құралдармен: жоғары тәуекелді деп саналатын активтермен және облигациялармен толтырылады. Жаңадан бастаған инвесторларға портфельдегі акциялар үлесін 15-20%-дан асырмау ұсынылады.
Әртараптандырудың басқа тәсілдері де бар. Мысалы, 1980-ші жылдардың басында Гарри Браун әзірлеген классикалық әдіске сәйкес, активтер төрт топқа бөлінеді (ұзақ және қысқамерзімді облигациялар, акциялар мен бағалы металдар), әрқайсысы 25%-дан. Миллиардер Рэй Далионың әдісі бойынша портфельдің 40%-ын облигацияларға, 30%-ын акцияларға бөлу ұсынылады.
Инвестиция салудың ең кең таралған құралдарына тоқталайық:
Бұл — бағалы қағаздар: оларды мемлекет немесе ірі компаниялар шығаруы мүмкін. Облигациялар қарыз құралдары болып саналады. Инвесторлар оларды сатып алған кезде, шын мәнінде эмитентке (яғни, бағалы қағаздарды шығарған тұлғаға) қарыз береді. Эмитент алған қаражатты даму үшін пайдаланып, белгіленген мерзім ішінде пайызбен қайтаруға міндетті.
Облигациялардың артықшылығы — олардың болжамдығы: инвестор нақты қай уақытта және қандай табыс алатынын біледі. Инвестор тұрақты түрде пайыздық төлемдер (купондар) алады. Облигациялардың кірістілігі салымдарға қарағанда біршама жоғары, бірақ акцияларға қарағанда төмен, бірақ оның есесіне бұл — тұрақты әрі болжауға болатын құрал.
Бұл бағалы қағаздар инвестордың компанияда үлесі бар екенін білдіреді. Егер компания белсенді дамып жатса, оның акцияларының бағасы өседі. Ал егер компания зиян шегетін болса, инвестор да табысын жоғалтады.
Инвестор акциялардан екі жолмен ақша таба алады. Бірінші — дивиденд алу.
Екінші — бағалы қағаздарды неғұрлым жоғары бағамен сату.
Акциялар жоғары кірістілігімен тартады, бірақ тәуекелдері де айтарлықтай жоғары.
Қор (Exchange-Traded Fund, яғни биржада саудаланатын қор) түрлі инвестициялық құралдардан тұруы мүмкін, мысалы, оған акциялар мен облигациялар кіреді. Әдетте мұндай жиынтық жеке бағалы қағаздардан арзан тұрады. Портфель агрессивті және консервативті тәуекелдермен акцияларды қамтуы мүмкін.
ETF акцияларының бір түрі — индекстік қорлар. Олар бағалы қағаздарды белгілі бір индекс (мысалы, Dow Jones) негізінде біріктіреді. Мұндай портфельдердің құрамы үнемі өзгеріп отырады: кейбір компаниялар индекстен «шығып кетеді», ал басқалары оған сәйкес келе бастайды.
Жаңадан бастаған инвестор қалай қауіпсіз инвестиция салуы керек? Сарапшылар жаңадан бастаған инвесторларға экономиканың 6-8 саласына жататын тәуекел деңгейі әртүрлі 5-10 бағалы қағаздан тұратын портфельді құруға кеңес береді. Сатып алған кезде тұрақты дамып жатқан компаниялардың (мысалы, Apple, Яндекс) бағалы қағаздарын таңдаған дұрыс.
bcc.kz инвестициялар
KASE / KASE Global биржасында
акциямен сауда-саттық жасаңыз
Инвестиция туралы ойлайтын адам түрлі жаңсақ пікірлерге тап болады.
Инвестиция биржаның жұмысы туралы терең білімді талап етеді немесе бос ақшасы бар ауқатты адамдарға ғана қолжетімді деген пікір бар. Жаңадан бастаған инвесторлар кімге көмекке жүгінетінін білмей жатады. Егер өз бетімен бастау қиын болса, дайын инвестициялық шешімдерді қарастыруға болады. Соның бірі — Қазақстан инвесторлары арасында кең таралған инвестициялық пай қорлары (ИПҚ).
Қарапайым сөзбен айтсақ, ИПҚ — бұл алдын ала дайындалған инвестициялық пакеттері бар қорлар. Оларды нарықты тұрақты түрде талдайтын кәсіби мамандар әзірлейді. Инвесторға өз бетінше қандай компаниялар немесе өнімдерге инвестиция салу керек екенін зерттеу қажет емес.
ИПҚ бірнеше инвестордың қаражатын біріктіреді, олар пайшылар деп аталады. Әр пайшы ақша сала отырып, өзінің жеке бағалы қағазын (пайын) алады, бірақ ИПҚ-ны басқаруды толықтай брокер жүргізеді. Брокер қандай активтерді сатып алу, ал қайсысын сату керек екенін талдай отырып, ең жоғары кірістілікке қол жеткізуге тырысады.
Қорлар бағалы қағаздарға, бағалы металдарға, жылжымайтын мүлікке және басқа активтерге инвестиция салады. ИПҚ-ны таңдаған кезде, қорды басқару ережесін оқып, әртүрлі кезеңдер бойынша (тек көрсетілген «ең жоғары» 12 ай бойынша емес) кірістілік туралы есепті қарау әрқашан маңызды, сондай-ақ комиссияны ескеру қажет. Кез келген инвестицияның тәуекелдері де бар екенін түсінген жөн, өйткені өткендегі кірістілік болашақта да солай болатынына кепілдік бермейді.
BCC Invest ИПҚ-ны бірнеше жыл бұрын әзірлеп, осы уақыт ішінде үлкен тәжірибе жинақтады:
bcc.kz қолданбасы арқылы инвестиция салудың артықшылықтары
ЦентрКредит Банкі клиенттерге кірістілік деңгейі мен инвестиция салу мерзіміне байланысты ерекшеленетін бірнеше қорды ұсынады. Мысалы, «Валюталық» ИАПҚ тұрақты дивиденд пен USD-мен кірістілікке кепілдік береді. «Парасатты баланс» ИАПҚ теңгемен жоғары табыс алуға мүмкіндік береді, бұған қоса бұл қор орташа тәуекелді қор болып саналады. BCC ELITE ИАПҚ өтімділікті басқаруға мүмкіндік береді, бұл – қысқа мерзімді бағдарлама.
ИПҚ пайдалылығы туралы ең нақты дәлелдер — цифрлық көрсеткіштер. «Валюталық» және BCC Elite бағдарламаларының пайларының есептік құны сенімді өсімді көрсетеді. 2024 жылдың соңына қарай «Валюталық» ИАПҚ бойынша пай 113,51 USD, ал BCC Elite бағдарламасы бойынша пай 1327,54 USD тұрды, бұл 2024 жылдың ортасымен салыстырғанда айтарлықтай жоғары.
Бастапқыда инвестициямен қалай дұрыс жұмыс істеу керек? Сарапшылар жаңадан бастағандарға келесі кеңестерді ұсынады:
Бүгінде инвестиция саласы тәжірибесі жоқ инвесторларға да қолжетімді, сонымен бірге олар әртүрлі құралдармен — акциялармен, облигациялармен және т.б. жұмыс істей алады. Классикалық инвестиция салу биржамен жұмыс істеу бойынша білімді талап етеді. Сондықтан инвестиция салуды нөлден бастау үшін инвестициялық пай қоры – ИПҚ сияқты құралды қарастырған жөн. Бұл құрал портфельді өз бетінше толтырып, оны әртараптандыру мен басқаруға дайын болмаған инвесторларға өте қолайлы, өйткені ИПҚ жағдайында бұл жауапкершілікті кәсіби брокерлер алады. Барлық ИПҚ түрлері туралы толығырақ ақпаратты BCC Invest сайтынан біле аласыз.