Кіру
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
bcc journal
26 тамыз 2024
Жаңартылды: 12 тамыз 2026

Эквайринг дегеніміз не, ол қалай жұмыс істейді және қандай артықшылықтарға ие?

ҚР Ұлттық Банкінің деректері бойынша, тек 2025 жылдың мамыр айында 18,1 трлн теңгеден астам сомаға банк карточкаларын пайдалана отырып, 1,3 млрд транзакция жасалды.

Банктегі эквайринг дегеніміз не?

Қарапайым сөзбен айтқанда, эквайринг клиенттерге тауар мен қызмет үшін банк карточкасы арқылы есеп айырысуға мүмкіндік береді. Ол картамен, смартфонмен немесе төлем сервисі қолданбасы орнатылған смарт-сағатпен төлем жасай алады.

Бизнеске арналған шотты онлайн ашу 

Мына қызмет бизнесінің кез келген масштабында және түрінде – шағын кофеханалар мен дүкендерден бастап жанармай құю стансалары, мейрамханалар мен медициналық орталықтарға дейін қолайлы.

Эквайринг түрлері 

Үш түрлі эквайринг бар, сондықтан сіз бизнесіңіздің ерекшеліктерін ескере отырып, шешімді таңдай аласыз:

1. Сауда эквайрингі 

ұл классикалық эквайринг, ол картамен POS-терминал (ағылшынша point of sale – сату нүктесі) арқылы төлем жасауды қарастырады. Терминалдар адамдардың тауар сатып алуға немесе қызмет ақысын төлеуге келетін орындарда: супермаркеттерде, дәріханаларда, жанармай құю станцияларында, кеңселерде сұранысқа ие.

«Банк ЦентрКредит»-тің BCCBOX дайын бизнес-шешімі аясында серіктес – Alsep(Digitech) компаниясының онлайн-касса, тауар есебі және штрих-код сканерімен үйлесетін POS-терминалдар ұсынылады. Сондай-ақ, кәсіпкер Учет.kz жүйесіндегі ТИС-ке және ағымдағы шотқа байланған бизнес-картаға қол жеткізеді. POS-терминал бір сағат ішінде іске қосылады – сіз дереу төлемдерді қабылдай аласыз. БЦК қолайлы комиссия мен тәулік бойы техникалық қолдауды ұсынады – барлық туындаған мәселелерді жедел шешуге мүмкіндік бар.

2. Мобильді

Бұл жағдайда төлем де терминал арқылы өтеді, бірақ ол мобильді, бұл курьерлік қызметтер, жеткізу қызметтері, такси үшін оңтайлы. Көбінесе терминал тікелей смартфонға немесе планшетке қосылады, оларға арнайы қосымша орнатылады.

3. Интернет арқылы

Мұндай эквайринг түрінде есеп айырысулар сайтта онлайн өтеді. Қызметті интернет-дүкендер таңдайды. Төлемді орындау үшін клиент қорғалған бетке өтеді, онда өзінің карта мәліметтерін енгізіп, электрондық пошта жәшігіне келетін чекті алады.

2024 жылы Қазақстанда қандай бизнес ашуға болады?
Қазақстанда бизнес-жоспарды қалай дұрыс құру керек: мысалдар мен қадамдық нұсқаулық

Карта бойынша төлем қалай жұмыс істейді?

Кофеханаға келуші латте сатып алып, картамен есеп айырысқысы келеді делік:

  • Сатып алушы карточканы терминалға жақындатады. Егер карта контактісіз төлемді қолдайтын болса, онда оны оқығыш құралға енгізудің қажеті жоқ – бүгінде карталардың көпшілігі осындай.
  • Төлем туралы ақпарат сатып алушының картасын шығарған банкке жөнелтіледі. Банк төлем жасауға қаражаттың жеткілікті болуын тексереді. Егер шотта ақша жеткіліксіз болса, банк операция жүргізуден бас тартады.
  • Егер ақша жететін болса, банк қаражатты карточкадан шығарып алып, эквайер банкке жібереді – бизнеске эквайринг қызметін көрсететін банкті осылай атайды. POS-терминал операцияның сәтті жүргізілгенін растайтын чекті басып шығарады.
  • Эквайер банк өз қызметі үшін комиссияны шегере отырып, компанияның шоты ашылған банкке қаражат аударады.


Банктер арасында ақша әдетте тез аударылады – ол бір тәулікке жуық уақытты алады, бірақ үш күнге дейін «кідіртілуі» мүмкін.

Онлайн-бухгалтерия

Бизнесіңіздің есебін оңай жүргізіңіз!

Бизнес үшін эквайрингтің артықшылықтары

    • Сату көлемі ұлғаяды. Адамдар қызмет пен тауар ақысын картамен төлеуді жөн көреді, бұл жылдам, ыңғайлы әрі қауіпсіз. Мысалы, қолма-қол ақшасыз төлеген кезде, артық ақшаның қайтарылуын күтудің қажеті жоқ, бұл кез келген сауда жасауға уақытты айтарлықтай қысқартады.
    • Клиенттік база кеңейеді. Клиенттердің саны тек карта бойынша есеп айырысуға үйренген адамдардың есебінен ғана артпайды. Карта бойынша сауда жасау шетелдіктерге де ыңғайлы: жай ғана карточканы терминалға жақындату қажет және валюта ағымдағы бағам бойынша айырбасталады – ақша айырбастау қызметін іздеудің қажеті жоқ. Көптеген банк кэшбэк қайтарылатын түрлі серіктестік бағдарламаларын ұсынады, бұл да адамдарды картаны таңдауға итермелейді.
    • Есеп айырысу қауіпсіздігі артады. Кассир қолма-қол ақшамен жұмыс істемейтіндіктен, ұрлық пен алаяқтық қаупі азаяды. Жалған купюра қабылдауға немесе артық ақшаны қате қайтаруға жол берілмейді. Кәсіпкер қолма-қол ақшамен байланысты мәселелерден құтылады, мысалы, оларды қауіпсіз сақтауды және шотқа салу үшін банкке тасымалдауды қамтамасыз етудің қажеті жоқ, купюраны тексерудің (олар ескірген немесе жалған болуы мүмкін), ұсақ ақшамен жұмыс істеудің қажеті жоқ.
    • Шығыс азаяды. Ақша бірден шотқа аударылады, сондықтан кәсіпкерге инкассация қызметін төлеудің қажеті жоқ. Бұған қоса, кассирдің есеп айырысуындағы қателіктерге байланысты қауіп-қатер төнбейді.

ЦентрКредит Банкі ұсынған онлайн-эквайринг

Эквайринг сатушыға ғана емес, сатып алушыға да ыңғайлы әрі тиімді. Оған өзімен бірге көп мөлшерде ақша алып жүрудің қажеті жоқ, ал төлем бірнеше секундта жасалады. Бұдан бөлек көптеген картада белгілі бір санаттарда төлем жасау үшін жоғары кешбэк қарастырылған — үнемделген ақшаны басқа саудаға жұмсауға болады.

ЦентрКредит Банкі Қазақстанда бұл мәселенің шешімін алғаш болып ұсынып, төлем сілтемесі арқылы онлайн-эквайринг қызметін іске қосты. Біз алғаш болып сайты жоқ кәсіпкерлерге толыққанды контактісіз төлем қабылдауға мүмкіндік бердік. Осылайша, қарапайым сілтемені мобильді терминалға айналдырдық.

Іс жүзінде бұл қалай жұмыс істейді?

Сіз BCC Business қолданбасында дербес сілтеме жасап, оны клиентке WhatsApp немесе Instagram арқылы жібересіз → сатып алушы Apple Pay, Google Pay, Samsung Pay немесе Қазақстандағы кез келген банктің картасы арқылы батырманы бір рет басып төлейді → ақша келесі күні-ақ шотыңызға түседі.

24/7 режимінде цифрландыру

Қызметті қосу толығымен тегін әрі автоматтандырылған — клиенттеріміздің 46%-ы интернет-эквайринг қызметін жұмыс уақытынан тыс кезде қосқан. Офиске барудың, қағаз құжаттар мен ұзақ сауалнамаларды толтырудың қажеті жоқ.

Барлығы оңай: тиімді ұсынысты көрдіңіз → SMS арқылы шартқа қол қойдыңыз → төлем қабылдай бастадыңыз. Айтпақшы, соңғы уақытта ең кеш қосылу түнгі сағат 2:59-да болды.

Шағын бизнеске арналған басты артықшылықтар:

Тиімді: жеке кәсіпкерлерге арналған тариф мөлшерлемесі небәрі 1,2%, ең азы — 25 ₸, ал басқа жергілікті заңды тұлғаларға — 1,8%, ең азы — 25 ₸

Сенімді: ресми төлем нысанының болуы сатып алушының сатушыға деген сенімін арттырады

Әмбебап: киім, косметика, хендмейд өнімдерін сатуға, сондай-ақ бьюти-мамандарға, репетиторларға және басқа да кәсіп иелеріне өте қолайлы.

bcc business қолданбасындағы онлайн-эквайринг сатушы мен сатып алушы арасындағы артық қадамдарды жояды. Сіз заңды мәртебеге ие болып, сату көлемін арттырасыз, ал клиентіңіз бірнеше секунд ішінде қауіпсіз әрі ыңғайлы түрде төлем жасайды.

bcc journal арқылы жаңалықтардан хабардар болыңыз
Біздің хабар таратылымымызға жазылып, жаңа мақалалар мен өзекті ақпаратты шолуды жіберіп алмаңыз.
Сізге ұнауы мүмкін
bcc journal
Зейнетақы аннуитеті: зейнет жасына жетпей төлемдер ала бастаудың жолы

Алайда заңнамада тағы бір мүмкіндік қарастырылған, ол — зейнетақы аннуитеті. Бұл

bcc journal
Қаржыңызды бақылауда ұстаңыз. Бизнестегі кассалық алшақтықтан қалай сақтануға болады?

Компанияңыздың клиенті офиске арналған жиһаз жасауға тапсырыс берді делік. Сіз қ

bcc journal
Кіріс пен шығыс теңгерімі. Шығынға ұшырамау нүктесін есептеу жолдары

Кез келген бизнес бірден пайда әкелмейді. Көп жағдайда компаниялар алдымен шығын

Бір рет шертіп, смартфоныңыздан төлем қабылдаңыз!

Айналым 45 млн теңгеге дейін болған кезде, комиссия алынбайды
Қосылу және абоненттік төлем 0 теңге

Поиск по сайту
Cookie файлдарын баптау
Әрқашан белсенді