Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Суреттерді көрсету:
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Режим доступности
Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Суреттерді көрсету:
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Кіру
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Войти в BCC.KZ
Войти в BCC Business
bcc journal
12 қыркүйек 2025
Жаңартылды: 12 қыркүйек 2025

Отбасы бюджеті: ақша жайлы келісіп, ажыраспаудың жолы

Біз отбасы бюджетін жүргізудің әртүрлі үлгілерін салыстырып, өз тәжірибесін бөліскен жұптардың оқиғаларын жинадық. Бұл сізге өзіңізге қолайлы нұсқаны таңдауға көмектеседі.

Қаржы көбінесе отбасындағы жанжалдарға себеп болады. Қарым-қатынастың басында бәрі өздігінен реттелетіндей көрінеді. Бірақ уақыт өте келе мынадай сұрақтар туындайды: пәтер ақысын кім төлейді, демалысқа қалай ақша жинаймыз, жаңа смартфонды ортақ қаражаттан алуға бола ма?

Отбасы бюджетін қалай дұрыс жүргізуге болатынын анықтау үшін біз бюджетті әртүрлі жолмен жүргізетін төрт қазақстандық жұппен сөйлестік:

Мағжан бірнеше ай бұрын ғана үйленді және жұбайымен бірге ортақ бюджет жүргізеді.

Қарлығаш 18 жылдан бері тұрмыста. Әуелде барлық шығынды өзі бақыласа, қазір бұл жауапкершілікті күйеуі атқарады.

Береке жақында тұрмысқа шықты. Жұбайымен бірге шоттарды біріктірмесе де, отбасы шығынына табысына сай үлес қосады.

Анастасияның отбасында 7 жыл бойы барлық шығынды күйеуі өтеп келеді, ал өзінің ақшасын ол қалауынша жұмсайды.

Әділ мен жұбайы үш жылдық отбасылық өмірде аралас тәсілді қалыптастырды: ол күнделікті шығынды өтейді, ал жұбайы болашаққа ақша жинайды.

Кредиттік #картакартамен қаржыны басқарыңыз

7 000 000 ₸ дейін лимит, ақшамен қайтарылатын кэшбэк, bcc smart арқылы бөліп төлеу, тегін шығару және қызмет көрсету

Бірден ашық айтайық, әр жұптың өз тәсілі бар және барлығына ортақ бір ғана үлгі жоқ. Бірақ түрлі үлгілерді түсіну ұрыс-керісті болдырмауға ғана емес, екі жаққа да жайлы қарым-қатынас орнатуға көмектеседі. Біз бірнеше нұсқаны ұсынып, олардың артықшылықтары мен кемшіліктерін талдаймыз.

Ортақ бюджет

Бұл қалай жұмыс істейді: ерлі-зайыптылар табыстарын біріктіреді — оны бір шотқа аударады немесе барлық түсімді ортақ деп есептейді. Азық-түліктен бастап ипотека мен көлікке дейін барлық шығын осы бюджеттен жүргізіледі. Әдетте қаржыны ерлі-зайыптылардың бірі басқарады, ал екіншісі қажет болған жағдайда шығынды нақтылайды немесе қажет заттарды сатып алуға ақша сұрайды.

«Бірге жүргенімізге бір жыл, ал отбасын құрғанымызға төрт ай болды. Үйленгеннен кейінгі алғашқы айда-ақ барлық табысымызды ортақ деп есептеп, бірақ оларды бөлек шоттарда сақтаймыз деп келістік. Ресми түрде ақша әртүрлі карталарға түседі, алайда шын мәнінде бұл — бір бюджет.

Мен шығынды Google-кестеде жүргіземін, оны кезінде банкир ағамнан үйреніп бейімдегенмін. Күнделікті шығынды, тіпті 120 теңгелік автобус ақысы сияқты ұсақ-түйектерді де алдымен WhatsApp-тағы ортақ чатқа жазамыз. Кейін мен оларды кестеге енгіземін, ол жерде бәрі санаттарға бөлінеді: көлік, тамақ, үй және тағы басқалар. Бұдан бөлек, табыстың 10–15%-ын бірден жеке депозиттерге аударамыз (әркім өз депозитін өзі бақылайды).

Мұндай тәсілді біз саналы түрде таңдадық. Бір айдай шығынды жазбай өмір сүріп көрдік те, ақшаның қайда кетіп жатқанын бақылау қаншалықты қиын екенін бірден түсіндік. Қазір бәрі ашық: шешімді бірге қабылдаймыз, алдағы шығынды талқылаймыз, қаржымыз неге жететінін қараймыз. Қайшылық жоқ — керісінше, командалық рух бар.

Қаржылық жағынан мен көбірек қатысамын: кестені жүргіземін, шығынды есептеймін, көбінесе төлем жасаймын. Бірақ екеуіміздің бірімізге ақша қажет болса, жай ғана аударамыз. Біз бір-бірімізге сенеміз. Тіпті сыйлықтарды әуелі құпия ұстасақ та, кейін бәрібір ортақ шығын кестесіне енгіземіз.

Мұндай тәсіл негізгі шығын санаттарын көруге, үнемдеу мүмкіндіктерін табуға және бюджетімізді жақсырақ жоспарлауға көмектеседі. Болашақта ыңғайлы бір қолданбаға көшуіміз мүмкін, бірақ әзірге осы формат бізге қолайлы».

— Мағжан, 30 жаста.

Ең үздігі: жылдың ең танымал бестселлерден алынған жеке қаржыңызға қатысты 10 құнды кеңес
Қазақстанда пәтерді заңды түрде жалға беру жолдары
Қазақстандағы үйлену тойының құны

Артықшылықтары мен кемшіліктері. Бюджетті болашаққа ақшаны жоспарлай білетін адам басқарса, ол әлдеқайда түсінікті әрі ашық болады. Шығынды «сенікi» және «менікi» деп бөлудің қажеті жоқ — барлығы ортақ, сондықтан кім қанша қосты деген дау туындамайды. Бұл ыңғайлы: барлық шығын көрініп тұрады, басымдықтар айқын, үлкен қаржылық мақсаттарға жету жеңілдейді.

Алайда бұл үлгінің кемшін тұстары да бар. Егер табыс деңгейінде үлкен айырмашылық болса, тең үлес қоспаған серіктес өзін аз араласқандай сезінуі мүмкін. Бұған қоса жеке қаржысын бақылаудан айырылып қалғандай әсер пайда болады, өйткені әркімге бірдей дәрежеде ақшаны басқаруды сеніп тапсыру оңайға соқпайды. Осы туралы келесі оқиғада айтылады.

«Біздің үйленгенімізге 18 жыл болды, төрт баламыз бар. Бұрын бюджетті өзім жүргізетінмін, бірақ шынын айтсам, ақша жинау қолымнан келмейтін. Уақыт өте келе қазіргі үлгіге көштік: мен жалақымды аламын, бір кредитті төлеймін, 50 мың теңгені жанармай мен жеке шығыныма қалдырамын, қалғанын күйеуіме беремін. Сонымен қатар көпбалалы ана ретінде шамамен 60 мың теңге жәрдемақым бар. Ортақ бюджеттен күйеуім кредиттерді, үйірме, балабақша және асхана төлемдерін, сондай-ақ тамақтану, киім, азық-түлік шығынын өтейді. Бүкіл қаржылық жоспарлау қазір соның мойнында.

#IronCard – жоғары мәртебе

Жайлылық пен эксклюзивті бағалаушыларға арналған карта

Алғашында оңай болған жоқ. Ақшаны өзім басқармайтыныма үйрену үшін шамамен бір ай қажет болды. Бірақ біртіндеп үйреніп кеттім. Егер жетпей қалса, күйеуімнен сұраймын немесе отбасы бюджетінен «қарызға» алып, кейін қайтарып беремін. Енді мен мұның жақсы жақтарын көре бастадым. Осы уақыт ішінде менің ойланбай сатып алуым азайды, ал жалпы алғанда үлкен шығын жөніндегі шешімді күйеуім қабылдағандықтан, мен ол үшін жауап бермеймін. Бәрін қалай бөлу керек деп бас қатырмаймын. Қысқасы, уайым да жоқ, әурешілік те жоқ».

— Қарлығаш, 42 жаста.

Сенікі, менікі және ортақ

Бұл қалай жұмыс істейді: әрқайсысы өзіне жеке ақшасын қалдырады, бірақ ортақ бюджетке де үлес қосады. Бұл үлес не белгіленген сома, не табысқа пропорционалды болуы мүмкін. Ортақ қордан бірлескен шығын төленеді.

«Күйеуім екеуіміз кездесіп жүрген кезде, кездесулердің шамамен 90%-ын ол төлейтін, бюджетіміз бөлек болатын. Үйленгеннен кейін қаржыны қалай жүргізетінімізді талқылап, екеуімізге де ыңғайлы шешімге келдік.

Қазір бюджетіміз бөлек, бірақ шығынды әділ әрі ортақ келісіммен бөлеміз. Оның ақшасы — өзінікі, менің ақшам — менікі. Дегенмен ол көбірек табыс табатындықтан, ортақ шығынның негізгі бөлігін өзі көтереді. Мысалы, ол ірі шығынды өз мойнына алады, ал мен апта сайынғы күнделікті азық-түлікті сатып аламын. Әрқайсымыздың жеке шығынымыз бар және ол үшін өзіміз жауап береміз. Тіпті мен декретке шыққан кезде, ол маған шартты түрде «жалақы» аударып отырады, ал оны өз қалауымша жұмсай аламын деп алдын ала келісіп қойғанбыз.

Біз бұл форматты саналы түрде таңдадық, өйткені әділ серіктестікке негізделген қарым-қатынас құруды қалаймыз. Маған, мысалы, «оның ақшасы — ортақ, ал менікі — жеке» деген үлгі ұнамайды. Бұл әділетсіз болып көрінеді».

— Береке, 28 жаста.

Мұндай үлгі қаржылық дербестікті сақтауға көмектеседі және серіктестердің табысы әртүрлі болған жағдайда өте ыңғайлы, өйткені шығынды әділ түрде бөлуге болады. Бұдан бөлек ұсақ-түйек дауларға себеп те азаяды: әрқайсысының жеке ақшасы және жеке шығынға арналған кеңістігі бар.

Қазақстанда бизнес-жоспарды қалай дұрыс құру керек: мысалдар мен қадамдық нұсқаулық
Құрылыс салушы туралы ақпаратты қалай жинауға болады және ол туралы не айтылатынын қалай тексеруге болады?
Оңай, қарапайым, онлайн: автокөлікті қайта ресімдеу жолдары

Алайда жүйенің дұрыс жұмыс істеуі үшін тек келісіп қана қоймай, бұл тәсілді уақыт өте қайта қарап отыру қажет. Мұндай үлгі Береке мен жұбайы сияқты тұрақты талқылауды және икемділікті талап етеді, өйткені уақыт өте бәрі өзгеруі мүмкін, оған дайын болу маңызды.

Оның барлық ақшасы —ортақ, ал менікі — жеке

Бұл қалай жұмыс істейді: жұбайлардың бірі барлық шығынды өз мойнына алады, ал екіншісі қаражатты қажетіне қарай пайдаланады. Қаржылық шешім бірге қабылданады, бірақ соңғы шешімді қаржы кімнің қолында болса, сол қабылдайды. Анастасия мен оның жұбайының жағдайы дәл осылай.

«Біз бірге болған кезден бастап барлық шығынды күйеуім көтеріп келеді. Осы уақыт ішінде біздің қаржылық үлгіміз өзгерген жоқ. Мұндай формат оның бастамасымен қалыптасты, біз әлі де сол жүйемен жүрміз. Ол табыс табады, шығын артқан жағдайда кірісті қалай көбейтуге болатынын ойлайды. Ал мен, негізінен, қаражатты басқарамын. Егер мен өз ақшама бірдеңе алсам, айына бір-екі рет қанша жұмсағанымды айтып отырамын, ал ол маған сол соманы қайтарады.

#BlackEdition

жарқын өмір үшін

Қазақстанның барлық мейрамханаларында 10% кешбэк алыңыз

Барлық ірі сауданы бірге талқылаймыз, бірақ соңғы шешім, әдетте, күйеуімде қалады. Ақшаға қатысты бізде ешқандай келіспеушілік болмайды, өйткені бәрі ашық. Қолда қанша қаражат бар екенін әрдайым біліп отырамын және кез келген сәтте кез келген ақпаратты сұрай аламын.

Менің жеке ақшам да бар. Ол үшін есеп бермеймін, біртіндеп жиналып отырады, өйткені негізгі шығынның бәрін күйеуім көтереді. Өз шығынының есебін ол өзі жүргізеді.

Біздің отбасымыз үшін бұл — ең қолайлы нұсқа: бәрі айқын, тыныш әрі жанжалсыз».

— Анастасия, 37 жаста.

Артықшылықтары мен кемшіліктері: мұндай үлгі табыс табумен айналыспайтын жарға қаржылық қауіпсіздік береді, бюджетті жоспарлауды жеңілдетеді және ақшаға байланысты кикілжіңдердің алдын алады. Бірақ егер өз кірісі болмаса, уақыт өте келе тәуелділік сезімі пайда болуы мүмкін, ал әсіресе егер жұбайлар қаржыны ашық әрі тұрақты талқыламаса, шешімдерді бақылаудың жеткіліксіздігі байқалуы ықтимал.

Қазақстанда зейнетақы жинағын қалай алуға болады
ЦентрКредит Банкі қаржылық қамқорлықты күнделікті әдетке қалай айналдырды?
Инфантилизмнен инвестицияға дейін: Қазақстанда қаржылық мінез-құлық қалай өзгеріп жатыр?

Аралас тәсіл

Бұл қалай жұмыс істейді: жұбайлардың бюджеті бөлек, бірақ шығын тең бөлінеді немесе жауапкершілік салалары бойынша үлестіріледі: мысалы, біреуі жалдау ақысын төлейді, екіншісі азық-түлікке жауап береді. Бұл ретте жұптың ортақ мақсаттары мен шоттары болуы мүмкін.

«Жұбайым екеуіміздің үйленгенімізге үш жыл болды, бір жарым жыл бұрын ұлымыз дүниеге келді. Әу бастан қаржыны біріктірген жоқпыз, бірақ шығынды бөлістік. Бұл ешқандай ресми келісімсіз, өздігінен солай қалыптасты.

Қазіргі кезде мен күнделікті шығынға жауап беремін: ипотека, коммуналдық қызметтер, азық-түліктің басым бөлігі, көлікті күтіп ұстау және саяжайға байланысты шығын — құрылыс пен жөндеу жұмыстарын төлеймін. Жұбайым жинақ ақшаға жауап береді: жалақысының 70%-ына дейін бөліп қояды, тұрмыстық шығынның бір бөлігін жабады, сыйлықтар мен киім-кешек сатып алады. Әрқайсымыздың қажет болып қалған жағдайда пайдаланатын жеке жинақ ақшамыз бар.

Демалысқа жарты жылда бір рет баруға тырысамыз және шығынды тең бөлісеміз. Кафеге барған кезде көбіне мен төлеймін, кейде ол төлейді. Ақша біреуіне жетпей жатса, артық сөзсіз бір-бірімізге көмектесеміз. Маңызды шешімдерді әрқашан бірге талқылаймыз: жақында жоспарланбаған, бірақ қажет бір нәрсені сатып алуды ойластырып, ортақ келісімге келдік.

Біз үлгімізді түбегейлі өзгерткен емеспіз, тек жағдайға қарай бейімдедік. Ақшаға байланысты үлкен келіспеушіліктер болған емес: демек, біздің тәсіліміз шынымен де жұмыс істейді. Ол отбасылық сезімді әлсіретпей, керісінше әрқайсымызға жеке кеңістік беріп, келісуді және бір-біріміздің үлесімізді құрметтеуді үйретеді».

— Әділ, 40 жаста.

Артықшылықтары мен кемшіліктері: бұл тәсіл әрқайсысына қаржылық дербестік беріп, жағдайға бейімделуге мүмкіндік жасайды және жанжалдың алдын алуға көмектеседі. Алайда әлсіз тұстары да бар — бір тараптың шамадан тыс жүктелуі және рөлдер ашық талқылаусыз қалыптасса, әділ тепе-теңдік бұзылуы мүмкін.

Қорытынды орнына

Біз толығымен бөлек бюджетпен өмір сүретін кейіпкерлерді іздедік, бірақ ондай жағдайға жолықпадық. Бұл таңғаларлық емес те шығар: отбасы дегеніміз — серіктестік, ал серіктестік ортақ шығынды, жоспарлар мен мақсаттарды білдіреді.

Кейіпкерлермен әңгімелескен соң (біз мұны әу бастан мойындаған едік), мінсіз бюджет жүргізу тәсілі жоқ екеніне көз жеткіздік. Әр жұп табыс деңгейіне, әдетіне, мінезі мен өмір кезеңіне қарай өз жүйесін қалыптастырады. Біреулер барлық шығынды тиынға дейін ортақтастырады, біреулер қатаң бөліседі, ал енді біреулер тепе-теңдікті іздейді.

Сонымен бірге барлық жағдайда жұмыс істейтін ортақ принциптер бар. Егер отбасы бюджетін талқылап отырсаңыз, мына жайттарға мән беріңіз:

Бір-біріңізбен ашық сөйлесіңіз. Ақшаға қалай қарайтыныңызды, неден аулақ болғыңыз келетінін және серіктестен не күтетініңізді айтыңыз.

Табыс айырмашылығын ескеріңіз. Егер біреу көбірек табатын болса, шығынды тең сомамен емес, тең үлеспен бөлу әділ болады.

Қандай шығын ортақ, ал қайсысы жеке болатынын келісіп алыңыз. Бұл түсінбеушілікті болдырмай, ашықтықты сақтауға көмектеседі.

Әрқайсысына жеке кеңістік қалдырыңыз. Бюджет ортақ болса да, ешқандай есеп бермей-ақ жұмсай алатын жеке қаражат болуы маңызды.

Келісімдерді тұрақты түрде қайта қарап отырыңыз. Табыс, басымдықтар мен өмір ырғағы өзгеріп отырады, қаржылық үлгіңіз де соған сай бейімделгені дұрыс.

Отбасындағы қаржылық қатынастар тек сандар жайлы емес. Бұл — сенім, құрмет, икемділік және қалай өмір сүргіңіз келетіні жөніндегі ортақ түсінік. Әмбебап үлгі жоқ, бірақ әрдайым нәтиже беретін жалғыз жол — ашық диалог.

bcc journal арқылы жаңалықтардан хабардар болыңыз
Біздің хабар таратылымымызға жазылып, жаңа мақалалар мен өзекті ақпаратты шолуды жіберіп алмаңыз.
Поиск по сайту
Біз cookies файлдарын қолданамыз
Біз сайттың функционалын және сіздің пайдаланушылық тәжірибеңізді жақсарту үшін cookies файлдарын қолданамыз
Артқа
Cookie файлдарын баптау
Біз сайттың функционалын және сіздің пайдаланушылық тәжірибеңізді жақсарту үшін cookies файлдарын қолданамыз
Міндетті cookies файлдары
Әрқашан белсенді
Бұл Cookies файлдары сіз туралы маркетингтік мақсатта пайдаланылуы мүмкін ақпаратты жинамайды және Интернетте қашан болғаныңызды есте сақтамайды. Браузердің параметрлерін өзгертіп, осы Cookies файлдарын ажыратуға болады, бірақ бұл біздің сайтпен әрекеттескенде, веб-сайтыңыздың жұмысына әсер етуі мүмкін.
Қосымша cookies файлдары
Cookie файлдары пайдаланушы тәжірибесін жақсартуға және сізге берілген кез келген ақпараттың сіздің мүддеңіз бен қалауыңызға сәйкес келетініне кепілдік беруге көмектеседі. Cookies файлдары ақпаратты ешкім тікелей сәйкестендірілмейтіндей етіп жинайды