Бизнеске арналған картаны электронды әмиянға қосу жолдары
Алайда заңды тұлғалар да банк картасын телефонға тіркей алады. Бұл күнделікті төлем жасауды айтарлықтай жеңілдетеді.
Корпоративтік картамен жасауға болатын төлемдер
Цифрлық әмиянға қосылған бизнес-карта кәсіпкерлік қызметке байланысты төлем жасауға мүмкіндік береді. Олардың қатарына мыналар жатады:
- Сатып алу шығыстары — шикізат, материалдар, кейін қайта сатуға арналған тауарлар, жабдық сатып алу.
- Шаруашылық қажеттіліктер — кеңсе техникасын, кеңсе тауарларын, кофе мен шығыс материалдарын сатып алу.
- Іссапар шығыстары — билет пен қонақүй ақысын төлеу, автокөлік жалдау.
- Көлік шығыстары — автокөлікке жанармай құю, тұрақ орнын немесе техникалық қызмет көрсету станциясының қызметтерін төлеу
- Өкілдік шығыстар — серіктестермен іскерлік түскі ас өткізу, ресми кездесу ұйымдастыру.
- Қызметтер — бағдарламалық жасақтама лицензиялары мен жазылымдарды сатып алу, хостинг, жарнама, интернет және бейінді мамандардың консультацияларын төлеу.
Бизнеске арналған шотты онлайн ашу
Бизнес-картамен жеке қажеттіліктерге арналған сатып алуды төлеуге болмайды. Мысалы, кәсіпкер корпоративтік картамен өзі үшін азық-түлік немесе туыстарына сыйлық сатып ала алмайды. Мұндай шығыстар кәсіпкерлік қызметке жатпайды. Егер сіз жеке кәсіпкер ретінде жұмыс істесеңіз, шығысты бөліп жүргізген дұрыс: бизнеске қатысты шығысты корпоративтік картамен, ал жеке қажеттіліктерді жеке картаңызбен төлеңіз
Контактісіз төлемнің артықшылықтары
Смартфон арқылы контактісіз төлем жасаудың басты артықшылығы — оңай әрі ыңғайлы болуы. Әмиянды өзіңізбен бірге алып жүрудің қажеті жоқ — үнемі жаныңызда болатын құрылғымен төлем жасай аласыз. Бұл смартфон ғана емес, смарт-сағат немесе планшет те болуы мүмкін.
Басқа да артықшылықтары бар:
- Қолма-қол ақшаға байланысты қиындықтар туындамайды. Ұсақ ақша іздеудің немесе қайтарым күтудің қажеті жоқ.
- Смартфонға тіркелген картаны кәдімгі пластик карта сияқты жоғалтып алу мүмкін емес. Қаражатыңыз қауіпсіз болады.
- Төлем барынша жылдам жасалады — небәрі бірнеше секунд қажет.
- Төлем контактісіз жасалады — картаны сатушыға немесе кассирге берудің қажеті жоқ, бұл төлем қауіпсіздігін арттырады.
- Төлем жасаған кезде картаның нөмірі дүкенге берілмейді. Бұл алаяқтық пен ақшаны ұрлау қаупін азайтады.
- Картаны ұрлау қиын. Оған «қол жеткізу» үшін алаяқ смартфонның, банктің және электронды әмиянның бірнеше қорғаныс деңгейінен өтуі керек.
ЦентрКредит Банкінің бизнес-картасын тіркеуге болатын электронды әмияндар
ЦентрКредит Банкі шығарған корпоративтік карталарды барлық танымал төлем сервистеріне қосуға болады:
- Apple Pay— Apple смартфондарының иелеріне арналған.
- Samsung Pay — Samsung смартфондарына арналған.
- Google Pay — өндірушісіне қарамастан Android негізіндегі құрылғыларға арналған.
ЖК-ны 0 теңгеге онлайн тіркеу
Бизнесті жеңіл бастаңыз
Картаны қосу bcc.kz қолданбасындағы бірінші басшының жеке кабинеті арқылы жүзеге асырылатынына назар аударыңыз. Барлығы онлайн режимде әрі бірнеше минутта орындалады. Төлем сервисіне әдеттегі есеп айырысу картасын ғана емес, кредит картасын да тіркеуге болады.
Әрі қарай әр сервиске қосылу жолын кезең-кезеңімен қарастырайық.
Картаны Apple Pay жүйесіне қосу жолы
Картаны үш төлем жүйесінің кез келгеніне тіркеу үшін қолданбаға кіріп, өзіңізге ыңғайлы тәсілмен (логин мен пароль немесе биометрия арқылы) авторизациядан өту қажет. Одан әрі не істеу керек?
- Басты экраннан «Өнімдер» бөліміне, одан кейін «Бизнес-карталар» бөліміне өтіңіз.
- Тізімнен смартфон арқылы төлем жасағыңыз келетін картаны таңдаңыз.
Таңдалған картаны басқару мәзірінен «Apple Pay жүйесіне қосу» батырмасын басыңыз. Содан кейін Apple интерфейсіне өтесіз, онда пайдаланушы келісімінің талаптарын қабылдау қажет. Қолданба ЦентрКредит Банкіне сұрау жібереді және ол бірден өңделеді. Экранда «Карта Wallet әмиянына қосылды» деген хабарлама пайда болады. Содан кейін «Дайын» батырмасын бассаңыз болғаны — төлем жасай беруге болады.
Картаны Samsung Pay жүйесіне қосу жолы
Қолданбада авторизациядан өткеннен кейін мына қадамдарды орындаңыз:
- «Шоттар мен карталар» бөлімінен төлем сервисіне қосқыңыз келетін картаны таңдаңыз.
- Картаны басқару мәзірінен «Samsung Pay жүйесіне қосу» батырмасын басыңыз.
- «Қабылдау» батырмасын басып, пайдаланушы келісімінің талаптарымен келісетініңізді растаңыз
- «Дайын» батырмасын басыңыз.
Тіркелген карта электронды әмиянның басты экранында көрсетіледі.
Картаны Google Pay жүйесіне қосу жолы
Бұл жағдайда да орындалатын қадамдар ұқсас:
- Басты мәзірден «Шоттар мен карталар» блогын таңдаңыз.
- Google электронды әмиянына тіркегіңіз келетін картаны таңдаңыз.
- Теңшеулерге өтіп, «Google Pay жүйесіне қосу» батырмасын басыңыз.
- Лицензиялық келісімнің талаптарымен танысып, «Қабылдау» батырмасын басыңыз.
- «Дайын» батырмасын басыңыз. Енді картаңыз электронды әмиянға қосылды — смартфон арқылы төлем жасай аласыз.
Кәсіпкерлер үшін картамен контактісіз төлем жасау — бизнес-процестерді оңтайландырудың тиімді мүмкіндігі. Атап айтқанда, бұл уақытты үнемдеуге (төлем жасау небәрі бірнеше секундты алады) және бухгалтерлік есепті автоматтандыруға мүмкіндік береді. Әрбір жасалған операция банктік үзінді көшірмеде тіркеледі — бухгалтерге бұл деректерді қолмен енгізіп, ондаған чек жинаудың қажеті жоқ. Барлық транзакция ашық әрі қолжетімді — оларды кез келген уақытта қолданбадағы жеке кабинеттен қарап шығуға болады.