Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Суреттерді көрсету:
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Режим доступности
Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Суреттерді көрсету:
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Кіру
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
bcc journal
28 қаңтар 2026
Жаңартылды: 11 ақпан 2026

Қорықпай алынған кредит: қазақстандық кәсіпкерлер қарызды қалай өсімге айналдырады?

Кәсіпкерлердің көбі үшін кредит – әлі де ақша  тапшы болғанда қолданылатын «мәжбүрлі шара». Ал бизнес болса, сіздің капитал жинағаныңызды күтпейді. Нарықта кім жылдам әрекет етсе, сол ұтады.

Қазіргі бизнес көбіне қолдағы қаражаттың тарлығына тап болады: сұраныс бар, команда дайын, бірақ түсім амбицияға ілесе алмайды. Әрбір күткен ай – мәміле жасасудан, клиенттерден және пайдадан айрылу.

Кредит осы шектеуді жоя алады. Дұрыс есептелген жағдайда, қарыз қаражаты ауыртпалық емес, өсімді жеделдететін катализаторға айналады. Сондықтан мәселе енді «кредит алу немесе алмау» туралы емес, оны қалай дұрыс пайдаланып, тежеуіш емес, серпін беретін құралға айналдыру туралы.

Кредит отын ретінде: өсімге жол ашатын төрт тірек

Шағын және орта бизнес өседі, қайта құрылады және тұрақтылық пен нарықтық кеңею арасында тепе-теңдік іздейді. Осы процесте қарыз қаражаты алға жылжудың стратегиялық отынына айналуы мүмкін.

Масштабтау: күтпей-ақ болашаққа инвестиция жасау. Жабдықтарды жаңартуға немесе жайды кеңейтуге берілетін кредит – компанияның болашақ капиталына тікелей инвестиция. Өндіріске салынған инвестиция ағымдағы түсімнен баяу ақша жинауға қарағанда жылдам әрі қауіпсіз өсімге мүмкіндік береді.

Өтімділік: кассалық алшақтыққа жол бермеу. Тіпті тұрақты компанияларда кейде өтімділік жетіспеуі мүмкін. Клиенттер төлемді кешіктірсе, жеткізушілер алдын ала төлемді талап етуі мүмкін. Айналымдағы қаражатты толықтыруға берілетін кредит осы алшақтықты жабуға, қызметкерлерді сақтап қалуға және өндірісті тоқтатпай жалғастыруға көмектеседі.

Сергей Р., Астаналық кәсіпкер, кондиционер жүйелері саласында бизнесі бар, 5 адам жұмыс істейді: «Кредитті айналымдағы қаражатты толықтыру үшін алдым – тапсырыс берушіге төлем мерзімін кейінге жылжыту қажет болды. Кредит мәмілелер санын көбейтуге мүмкіндік берді. Табысты біршама азайтты, бірақ өзін толық ақтады».


Нарықты жаулап алу: жаңа өнімді іске қосуға және оны ілгерілетуге берілетін кредит. Қарыз қаражаты жаңа өнімді іске қосуға немесе оны нарыққа таныстыруға бағытталуы мүмкін. Бұл шағын бизнес үшін көзге түсуге, нарықта орнығуға және клиент базасын кеңейтуге берілетін маңызды мүмкіндік. 


Сенім: сенімді қаржы беделін қалыптастырамыз. Кредит міндеттемелерін тәртіппен орындау – тек борышты өтеу ғана емес, сонымен қатар сенім капиталын қалыптастыру. Әрбір сәтті жабылған қарыз компанияға неғұрлым тиімді талаптар мен ауқымды қаржыландыруға жол ашады.

Дастан К., Атыраулық кәсіпкер, қоғамдық тамақтану саласында бизнесі бар, 15 адам жұмыс істейді: «Айналымдағы қаражатты жылдам толықтыру және жаңа бағытты дамыту қажеттілігі түрткі болды. Кредит айналымдағы қаражаттың 1,4 есе өсуіне әкелді».



Бизнеске арналған шотты онлайн ашу 

Өсім тоқтап, тәуекел басталатын жер

Кредит дәлдік пен есептеуді талап етеді. Тәуекелдер борыштың өзінде емес, ақшаны айқын мақсатсыз және нақты болжамсыз алған кезде туындайды. Егер инвестициядан түсетін табыс кредит бойынша пайыздан аз болса, бұл даму емес, шығын болып саналады. Әрбір қарыз үшін өтелімділік мерзімі нақты көрсетіліп есептелуі тиіс.

Әмірбек Б., Астаналық кәсіпкер, құрылыс саласында бизнесі бар, 30 адам жұмыс істейді: «Жеткізушілерге тауарлар мен қызметтердің ақысын төлеу үшін айналымдағы қаражат қажет болды. Ол кезде біз өтелімділікті есептемедік және ашығын айтсам, кредит шығын әкелді. Пайыз пайданы «жеп қойды». Енді жүз рет ойлану керек екенін, қаржы үлгісін, өтелімділікті және тәуекелдерді есептеу маңызды екенін түсінемін. Кәсіпкерлердің басым бөлігі бұған мән бермейді»..

Ең тиімді қарыз – нақты жобаға бекітілген қарыз: мысалы, білдек сатып алу, өлшенетін KPI-мен жарнама науқанын іске қосу немесе өндірісті кеңейту.

Дастан К.: «Өтелімділікті есептеу үш есеп үлгісі арқылы жүргізілді (пайда мен шығын, ақшалай қаражат қозғалысы, баланс), сондай‑ақ DCF үлгісі, бюджеттеу үлгілері, тауар нарығының көлемін және ықтимал тәуекелдерді бағалау тәсілдері қолданылды».

«Қосымша сақтандыру» ретінде берілетін кредит сирек нәтиже береді, ал нақты жобаға салынған инвестиция әрдайым өзін ақтап, айтарлықтай әсер береді.

Қазір қолдануға болатын мүмкіндіктер

Қазақстан нарығы көрсетіп отырғандай, бизнес кредитті белсенді түрде құрал ретінде пайдаланады. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің деректері бойынша, шағын және орта кәсіпкерлікке берілген кредиттің көлемі нақты өлшемде 11,8%-ға өскен. Бұл ретте барлық кредиттің 66%-ы айналымдағы қаражатты толықтыруға бағытталған.

Шағын кәсіпорындардың түсімі 7,8%-ға, пайдасы – 3,8%-ға өсті; орта кәсіпорындардың түсімі 17,4%-ға, пайдасы – 18,6%-ға өсті.

Бұл сандар ШОБ-тың үштен екі бөлігі қарыз қаражатын өтімділікті қамтамасыз ету үшін пайдаланатынын көрсетеді. Жылдам өсу үшін бизнес өз тиімділігін дәлелдеген инвестициялық кредиттеуге қайта бағытталуы қажет.

Мемлекеттік бағдарламалар кәсіпкерлерге тәуекелдерді азайтуға көмектеседі. Мысалы, «Даму» қоры жылдық 7%-дан басталатын мөлшерлемелермен жеңілдікті кредит ұсынады, бұл бизнесті жаңғырту мен дамытуға инвестиция салуды қолжетімді етеді.

Сергей Р.: «Даму бағдарламасы бойынша кредит беруге күту тізімінде болдық, бірақ бізге әлі төмен пайыздық мөлшерлемелер берілмеді».

Дастан К.: «Мемлекеттік бағдарламаларды қолданған жоқпын, бірақ Даму қорының керемет бағдарламалары бар, тек ЭҚЖЖ бойынша талаптарға сәйкес келмедім».

Банк өнімдері де кеңейіп келеді. Мысалы, ЦентрКредит Банкі экспресс-кредит өнімдерінен бастап ұзақ мерзімді инвестициялық бағдарламаларға дейін ШОБ-қа арналған өнім желісін ұлғайтып отыр. Талаптар икемді, мерзім қысқа, шешім жылдам қабылданады, бұл сыртқы ресурстарды даму үшін тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

2026 жылы Қазақстанда ЖК-ны қалай ашуға болады
Paloma365 және ЦентрКредит Банкі: бизнесті автоматтандырудағы жаңа қадам
ҚР заңнамасындағы өзгеріс: 2026 жылдағы бизнестің жұмысы туралы

Кредит ала алдындағы дайындық

Кредит – бұл сіздің стратегияңызды күшейтетін және нарықты түсіну деңгейін арттыратын құрал. Бастысы – ақшаны қандай мақсатта алатыныңызды білу және ол сізді қайда жеткізетінін анықтау.

Кредит алмас бұрын мына тармақтарды тексеріңіз:

  • Айқын мақсат бар ма? (айналым, кеңейту, жаңа жабдық)
  • Өтелімділік есептелген бе?
  • Қаржы жоспары дайын ба?
  • Күтпеген шығынға қор қарастырылған ба?

Табыстылықты есептеп, маманға жүгініңіз. ЦентрКредит Банкінің мамандары бизнес-жоспарды талдап, жүктеме емес, даму жолында сенімді серпін беретін бағдарламаны таңдауға көмектеседі.

bcc journal арқылы жаңалықтардан хабардар болыңыз
Біздің хабар таратылымымызға жазылып, жаңа мақалалар мен өзекті ақпаратты шолуды жіберіп алмаңыз.
Поиск по сайту
Cookie файлдарын баптау
Әрқашан белсенді