Қазіргі микро, шағын және орта бизнеске көптеген міндет қойылады. Мысалы, төлем қабылдаудан бөлек, клиенттерге есеп айырысудың түрлі тәсілдерін де ұсыну қажет. Сонымен қатар тауар есебін жүргізу, қоймадағы қалдықты бақылау, кіріс пен шығыс операцияларын қадағалау, салық органдарына есептілік тапсыру да маңызды. Мұның барлығын Paloma365 компаниясы және ЦентрКредит Банкі іске қосқан «Қазақстандағы микро, шағын және орта бизнеске қолдау көрсету» бағдарламасы бірнеше қадам арқылы реттеуге мүмкіндік береді. Бұл шешім бизнестің күнделікті процестерін жеңілдетіп, автоматтандыруды жаңа деңгейге көтереді.
Әр істің бастауы бар
Paloma365 компаниясы 2013 жылы құрылды және Қазақстандағы бизнеске арналған бұлтты шешімдер нарығындағы алғаш жол салғандардың бірі болды. Компания кәсіпкерлерге дәстүрлі «қораптық» жүйелерге балама ретінде заманауи әрі икемді шешімдер ұсынды.
Бүгінде Paloma365 қоғамдық тамақтану, қызмет көрсету және сауда салаларында (микро, шағын және орта бизнес) жұмыс істейтін ұйымдарға арналған сенімді әрі тиімді бұлтты автоматтандыру жүйесін ұсынатын провайдер ретінде танымал. Сервисті сұлулық салондары, дүкендер, кафелер, кофеханалар мен мейрамханалар пайдаланады. Жүйенің басты артықшылығы – сатудан бастап қойма, жұмыскерлер және қаржыға дейінгі барлық бизнес-процесті интернет арқылы кез келген құрылғыдан басқару мүмкіндігі.
Бірнеше жыл бұрын Paloma365 АҚШ нарығына шығып, оң пікірге ие болды. Сервистің негізін қалаушы Инна Тонких әртүрлі шешімдерді тесттен өткізе отырып, жүйені тек POS-қа ғана емес, банктік POS-терминалға да кіріктіру идеясын ұсынды. Бұл қадам жүйе интерфейсін одан әрі оңай әрі түсінікті етуге мүмкіндік берді.
Paloma365 бұлтты шешімін банк терминалына енгізу үшін сенімді әрі тәжірибелі серіктес қажет болды. Мұндай серіктес елдегі ірі қаржы институттарының бірі – ЦентрКредит Банкі. Осы ынтымақтастықтың нәтижесінде «Қазақстандағы микро, шағын және орта бизнеске қолдау көрсету» бағдарламасы іске қосылды.
ЦентрКредит Банкі үшін Paloma365-пен ынтымақтастық Банктің даму стратегиясымен толық үйлесім тапты, яғни шағын және орта бизнесті қолдау бағытына сай келді. Бұл коллаборация Банкке күнделікті операцияларды автоматтандырып, кәсіпкерлердің уақытын ұзақмерзімді мақсатқа жұмсауына мүмкіндік беретін шешімдерді ұсынуға жол ашты. Атап айтқанда, бұлтты сервис бизнесін жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін аса тиімді, өйткені қызмет істі артық шығынсыз дамытуға мүмкіндік береді.
Қазіргі таңда сервис шағын кофеханалар, бутиктер, дәмханалар, тез тамақтану орындары мен сауда орталықтарындағы сауда орындары үшін тиімді шешім ретінде ұсынылып отыр. Дегенмен, ЦентрКредит Банкінің мамандары жақын болашақта клиенттер қатары кеңейіп, сервисті ірі бизнес өкілдері де пайдалана бастайды деп сенеді.
Қызмет арқылы шешімі табылған мәселелер
Бірлескен бағдарламаның негізгі мақсаты – бизнесті барынша артық шығынсыз автоматтандыру. Paloma365 сервисін пайдалану кезінде ЖК мен ЖШС-ға қымбат арнайы жабдық сатып алудың қажеті жоқ: оның орнын толықтай бұлтты шешім алмастырады.
Жүйені қолданудың пайдасы неде? Ол бизнесменге келесі мүмкіндіктерді береді:
- Барлық процесті оңтайландырып, жұмысты жеңілдету. Шағын және орта бизнес өкілдері көбіне бірнеше функцияны (тауар сатып алу, есеп жүргізу) қатар атқарады. Соның салдарынан даму стратегиясын құруға, ауқымын кеңейтуге уақыт жетіспейді.
- Шығынды азайту. Бұл әсіресе айналымы шағын компаниялар үшін маңызды. Сервисті пайдалану үшін серверлер мен терминалдар қажет емес, қымбат техникалық қызмет көрсету талап етілмейді. Жүйе кез келген құрылғыда, кез келген жерде онлайн іске қосылады.
- Табысты арттыру. Клиенттерге қызмет көрсету жылдамдығының өсуі, қорларды тиімді басқару және қателіктерді азайту есебінен кіріс көбейеді.
- Жұмысты барлық кезеңде бақылау. Официант қабылдаған тапсырыстан бастап, қоймадағы тауар қалдығына дейін толық қадағалау мүмкіндігі бар.
- Бейілділік құралдарын пайдалану. Стандарт бейілділік жүйесімен қатар, ірі желілік бизнес үлгісіндегі жеке бейілділік қолданбасын жасауға болады.
- Аналитиканы зерттеу. Есеп беру жүйесі икемді: бизнес иесі өзіне ыңғайлы аналитика форматын таңдай алады.
Paloma365 қамтитын қызметтер
Paloma365 – бизнесті тиімді басқаруға арналған толыққанды экожүйе. Ол бірнеше негізгі блоктан тұрады:
- Онлайн-касса. Қолма-қол ақшалай және картамен төлем қабылдайды, чектерді (соның ішінде электронды чектерді) қалыптастырады, деректерді фискалдық органдар мен салық қызметіне автоматты түрде жібереді.
- Қойма есебі. Жүйе тауар қалдықтарын көрсетеді, қандай тауар сатылғанын, нені қайта сатып алу керегін нақты көрсетіп отырады.
- Сатылымды бақылау. Бұлтты жүйе сатуға әсер ететін чектер, тапсырыстар, ауысымдар, қызметкерлердің жұмыс уақыты және оларға есептелетін бонустар сияқты барлық процесті қадағалауға мүмкіндік береді.
- Тағамдар мен өндіріс калькуляциясы. Жүйеге мекемеде дайындалатын барлық тағам ингредиенттердің толық тізімімен енгізіледі. Тағамға тапсырыс түскен сәтте қажетті өнім көлемі автоматты түрде есептен шығарылады. Бұл тағамның өзіндік құнын және ас үйдегі өнімдердің нақты бар-жоғын бақылауға мүмкіндік береді. Мысалы, қандай да бір өнім азайса немесе жеткізуші белгілі бір ингредиенттің бағасын көтерсе, кәсіпкерге бірден хабарлама келеді.
- Жеткізу қызметі. Жеткізуге тапсырыс қабылдауға, курьерлерді тағайындауға және тапсырыстың мәртебесін бақылауға мүмкіндік береді.
- Интернет-дүкен. POS-терминалға кіріктірілген бағдарламалық қамтамасыз етудің арқасында кәсіпкер бірнеше батырманы басып, өз интернет-дүкенін іске қоса алады.
- QR-мәзір. Қоғамдық тамақтану орындары үшін QR-мәзір ұсынылады: QR-кодты басып шығарып, үстелдерге орналастыру жеткілікті.
Аталған барлық блок банктің POS-терминалына алдын ала толықтай интеграцияланған.
Бұлтты шешімнің артықшылықтары
Сервис қазірдің өзінде кең қолданысқа ие және бұл жайдан жай емес:
- Жылдам. Барлық опцияны бір күннің ішінде іске қосуға болады.
- Ашық. Сервис бизнестің жұмысын бақылаушы органдар үшін барынша ашық етеді. Клиент төлем жасағаннан кейін чек туралы ақпарат автоматты түрде ФДО-ға (фискалдық деректер операторы) жіберіледі, кейін салық органдарына жолданады.
- Бейілді. Paloma365 қызмет көрсету сапасын арттыру арқылы клиенттердің бейілдігін күшейтеді. Мысалы, тапсырыс қабылдау кезінде даяшы POS-терминалда ыңғайлы санаттарға бөлінген мәзірді көреді. Тапсырыс бірден ас үйге түседі, ал дайын болған сәтте тағам қонаққа тез жеткізіледі. Сонымен қатар POS-терминал төлемнің икемді тәсілдерін, оның ішінде шотты бөліп төлеу мүмкіндігін ұсынады.
- Әмбебап. Бұлтты шешім бірнеше құрылғының моноблоктар, чек принтерлері, тапсырыстарды тіркеуге арналған смартфондар) орнын ауыстырады. Сервисті кез келген құрылғыда пайдалануға болады.
- Ұдайы. Бизнес жұмысын тәулік бойы бақылауға мүмкіндік береді. Кәсіп иесі Telegram арқылы ауысым есебі, жеткізушілер бағасының өзгеруі сияқты хабарламаларды алып отыра алады.
- Заманауи. Paloma365 технологиямен қатар дамиды. Мысалы, сервисте кәсіпкерлерге өзекті ақпарат беретін AI-көмекші бар. Сондай-ақ клиенттер тапсырысты өздері ресімдеп, төлем жасай алатын өзін-өзі қызмет көрсету кассаларын іске қосуға болады.
- Оңай. Қосылу процесі оңай, күрделі баптауларды қажет етпейді. Қызметті банк бөлімшесінде немесе онлайн түрде қосуға болады.
- Көптілді. Платформа төрт тілді қолдайды: қазақ, орыс, ағылшын және қытай тілдері.
- Тегін. Paloma365 сервисті кіріктірілген POS-терминалды ЦентрКредит Банкі тегін ұсынады. Қосымша жабдық сатып алудың немесе жалға алудың қажеті жоқ.
- Ыңғайлы. Банк қызметкерлері POS-терминалды жеткізіп, компания мамандарына құрылғымен жұмыс істеуді үйретеді.
- Тұрақты қолдау. Бизнеске арналған қолдау қызметі жұмыс істейді. Сервис АҚШ, Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстандағы 20 мыңнан астам нысанда қолданылады. Мамандар жүйеге қашықтан қосылып, қажетті операцияларды орындай алады. Техникалық қолдау демалыссыз, мерекесіз, жылына 365 күн жұмыс істейді.
Сервисті бизнес иелері ЦентрКредит Банкінің эквайринг тарифтері аясында пайдалана алады. Бұл тарифтер банк клиенттері үшін барынша қолайлы. Сондай-ақ пакеттік ұсыныстар да қарастырылған. Атап айтқанда, HoReCa саласында (қонақүйлер, мейрамханалар, кафелер) жұмыс істейтін клиенттерге арналған арнайы қызмет пакеттері әзірленген.
Шығындарды оңтайландыру, қызмет көрсетуге арналған қолайлы тарифтер және кең функционал Paloma365 пен ЦентрКредит Банкінің бірлескен шешімін бизнес үшін тиімді құралға айналдырады. Бұл шешім бизнесті іске қосуға, дамытуға және ауқымын кеңейтуге толық мүмкіндік береді.