Байлық – жалпыға ортақ ұғым, бірақ әр халық оны өз болмысына сай түсінеді. Қазақ халқы үшін байлық отбасы, достық пен қонақжайлық. Басқа елдерде бұл ұғым таңдау еркіндігімен, біліммен немесе ертеңгі күнге деген сеніммен ұштасады.
Кейде байлыққа деген көзқарас күтпеген ұсақ-түйектен де байқалады. Мысалы, Вьетнамда үйде мысықты көп ұстамайды, өйткені олардың «мияу» деген дыбысы вьетнам тіліндегі nghèo сөзіне — «кедейлік» деген мағынадағы сөзге ұқсайды. Тіл мен мәдениеттің осылайша тоғысуы халықтың «жеткіліктілік» пен «ырыс» туралы түсінігін айқын көрсетеді.
Біз АҚШ, Португалия, Корея және Норвегияда оқып, жұмыс істеген қазақстандықтардан олардың түсінігінде байлықтың не екенін сұрадық. Тәжірибе көрсеткендей, байлық – бұл әрдайым ақшадан да үлкен нәрсе.
«АҚШ-та байлық – бұл балаларыңа жақсы білім беру, мысалы, оларды жекеменшік мектепте оқыту мүмкіндігі, әрі өзіңе ұнайтын іспен айналысу еркіндігі. Бай болу – өзің болу және өміріңді өз қалауыңмен құру деген сөз».
Америкалық мәдениет байлықты жеке еркіндік пен кәсіпкерлік қабілет тұрғысынан қарастырады. Мұнда адамның өз өміріне жауапкершілік алу, мансапты өз күшімен құру, бизнесті бастау қабілеті жоғары бағаланады. Байлық тек капиталмен емес, идеяны іске асырып, табысқа жеткізе білу қабілетімен өлшенеді.
Сол себепті мұнда кең тараған мақал бар: Time is money – «Уақыт – ақша». Бұл сөз тіркесі уақытты құнды ресурс ретінде қабылдаумен қатар оны жаңа жобаларға жұмсауға дайын болу мәдениетін де білдіреді.
Малика былай дейді:
«Мен, бізге, қазақстандықтарға, осы кәсіпкерлік рухтан үйренетін нәрсе көп деп ойлаймын. Бізде отбасы мен бір-біріне көмектесу құндылығы жоғары, бірақ кейде шамадан тыс сақпыз. Ал америкалықтар көрсетіп отырғандай, байлық жаңа нәрселерден қорықпай, әр минутты бағалай білуден қалыптасады».
«Португалияда байлық дегеніміз – бұл өз қалауыңа қарай өмір сүру: сапалы тамақтану, медициналық қызмет пен білім алу мүмкіндігі, саяхаттау. Мұнда мәртебе мен сән-салтанат емес, тыныштық, тұрақтылық және сүйікті іспен айналысу мүмкіндігі бағаланады».
Кредиттік #картакартамен қаржыны басқарыңыз
7 000 000 ₸ дейін лимит, ақшамен қайтарылатын кэшбэк, bcc smart арқылы бөліп төлеу, тегін шығару және қызмет көрсету
Португалиялықтар байлықты өлшеммен өмір сүру қабілетімен байланыстырады. Адамдар жұмыста кешке дейін қалмайды, дүкендер мен мейрамханалар уақытылы жабылады. Бұл жалқаулық емес, жеке өмір мен еркіндікке деген құрметтің көрінісі. Португалияда бай адам - көп табыс табатын емес, жұмыс пен өмірдің арасындағы тепе-теңдікті сақтай білетін адам.
«Quem tudo quer, tudo perde» – «Құныққан құриды» деген кең тараған мақал бар. Бұл сөздің мәні байлық мөлшерде емес, өмір сапасында және қанағатшыл болуда.
Айсұлу былай дейді:
«Маған Португалиядағы қарапайымдылық ұнайды. Адамдар бай болып көрінейін деп кредит алмайды. Байлық өмірдің сапасымен, уақытыңды қалай өткізетініңмен өлшенеді. Егер Қазақстанда да осындай «тыныш сән» мәдениеті орнықса, яғни өнерге, спортқа, сапалы демалысқа көбірек мән беріп, бренд қумайтын қоғам қалыптасса, үлкен жетістікке жетер едік».
«Мен үшін байлық – бұл денсаулық пен күйзеліссіз өмір сүру қабілеті. Кореяда байлық тікелей біліммен байланысты: бұл ел білім экономикасын құрып, халық оқу мен еңбек арқылы жетістікке жетеді».
Оңтүстік Корея бар болғаны бірнеше онжылдықта білімге негізделген экономикаға айналды. Мұнда ең басты құндылықтардың бірі – бедел мен абырой. Қоғамдық пікірдің күші соншалық, тіпті саясаткерлер де бедел дағдарысына байланысты биліктен кетіп жатады.ы
Мұнда жиі айтылатын нақыл бар: 배움은 곧 힘이다 – «Білім – күш». Бұл елде байлықтың негізі – білім, еңбек және қоғам құрметі.
Берік былай дейді:
«Мен, бізге де, Қазақстанда, білімге көбірек инвестиция салып, дақ түспеген атымызды сақтауға үйрену қажет деп ойлаймын. Себебі абырой мен білім – ақшамен өлшенбейтін, бірақ өмірде есік ашатын әрі қоғамның құрметін қалыптастыратын ең үлкен капитал».
«Норвегия қоғамында иерархияның болмауы мені таңқалдырды. Мұнда басшыға жағынып, мәртебесін көрсету деген түсінік жоқ. Байлық материалдық артықшылықпен емес, тең мүмкіндіктер мен бір-біріне деген сеніммен өлшенеді».
Норвегиялықтар үшін байлықтың мәні – теңдік пен сенімде. Бұл қоғамда ең бастысы – әлеуметтік тұрақтылық, өзара құрмет және өз болмысыңды сақтай алу еркіндігі. Мұнда сән-салтанат сыртқы белгілермен емес, тыныш, бәсекесіз өмір сүре білумен өлшенеді. Мынадай норвег мақалы бар: Den rikeste er den som er fornøyd – «Нағыз бай барға қанағат ететін адам». Бұл ой қазақтың «Қанағат қарын тойғызар» деген дана сөздерімен үндес
.
Сергейдің айтуынша:
«Норвегиялықтар маған қарапайым нәрсенің құндылығын түсінуді үйретті. Бұл қазақтарға да жат емес, өйткені бізде де қолда барға разы болу қасиеті бар. Алайда кейде мәртебе қуған өмір ырғағында соны ұмытып кетеміз. Құрмет, сенім және шектен аспай өмір сүре білу бізді шынымен бай ететінін ұмытпаған маңызды деп ойлаймын».
Еліміздің мәдениетінде «байлық» ұғымы ең алдымен қасыңдағы адамдармен, яғни туыстық байланыс, қоғамдағы құрмет пен өзара қолдау арқылы өлшенеді. Қуанышты сәтте де, қиын-қыстау кезде де жаныңнан табылған адамдар – нағыз байлығың.
Халық даналығы:
«Ағайын тату болса, ат көп, абысын тату болса, ас көп».
«Жолдасы көптің олжасы көп».
«Тату үйдің бақыты тасыр, ұрыс-керіс үйдің ырысы қашар».
Байлығымыз дүние-мүлікпен емес, берік отбасы мен қоғамдағы сый-құрметпен өлшенеді. Басқа елдердің тәжірибесі де мұны дәлелдейді: әр халықтың байлық туралы түсінігі әртүрлі болғанымен, оның түп мәні бір – ол адамдар мен ақшамен өлшенбейтін адами құндылықтар.
Богатство многолико. В США оно связано со свободой и предпринимательством, в Португалии — с комфортом и размеренностью, в Корее — со знаниями и репутацией, в Норвегии — с равенством и доверием. Но в Казахстане богатство всегда было и остаётся в людях, которых мы называем своей семьёй.