Жаңа талаптар күтпеген жаңалық болмас үшін және бейімделу кезеңі қиындықсыз өтуі үшін қазірден бастап дайындалған жөн. Неліктен Қазақстанда 2026 жылы жаңа заң қажет болды? Салық түрлері қалай өзгереді?
Қолданыстағы кодекс бірнеше рет түзетілгенімен, ол мемлекеттік органдар мен бизнес үшін бірдей ыңғайлы жүйеге айнала алмады. Сондықтан салық жүйесін түбегейлі өзгерту қажеттілігі ең өзекті мәселелердің біріне айналды.
Жаңа СК-нің негізгі мақсаты:
Бизнеске арналған шотты онлайн ашу
Аталған мақсатқа сүйене отырып, әзірлеушілер келесідей бірнеше өзгеріс енгізді:
ҚҚС-ны ұлғайтты.
2026 жылдан бастап Қазақстанда жаңа ҚҚС 16% мөлшерінде белгіленеді. Бұл 2025 жылмен салыстырғанда 4% артық. Дегенмен, жеңілдетілген мөлшерлемелер де қарастырылған. Медицина қызметі мен дәрі-дәрмектер үшін 5%. Мұндай цифрлар 2026 жылы болады. Ал 2027 жылдан бастап ҚҚС 10%-ға дейін көтеріледі. Газет, журнал, күнтізбе және басқа да мерзімді басылымдарды сатумен айналысатын бизнеске де аталған мөлшерлеме бекітіледі.
Компанияларды ҚҚС бойынша тіркеу шегі төмендетілді.
2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап тіркелу шегі 10 000 АЕК мөлшерінде белгіленеді (бұл 2025 жылмен салыстырғанда екі есе аз).
КТС сараланып енгізілді.
Енді корпоративтік табыс салығының (компанияларға арналған салық) мөлшері сараланады. Осылайша, банктер мен ойын бизнесі үшін 25%, ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер үшін 3%, әлеуметтік саладағы компаниялар үшін 2026 жылы 5%, ал 2027 жылдан бастап мөлшерлеме екі есе, яғни 10%-ға өседі.
Арнайы салық режимдері (АСР) оңтайландырылды
Бұрын қолданылған 8 АСР орнына енді 3 режим ғана қалады.
ЖТС-ға прогрессивті мөлшерлеме енгізілді.
Бұл мөлшерлеме табысы жылына 8 500 АЕК-тен асатын азаматтарға қатысты қолданылады.
Салықтық әкімшілендіру жеңілдетілді.
Енді камералдық бақылау ескерту түрінде жүргізіледі. Егер кәсіпкердің шотында шағын берешек болса, шоты бұғатталмайды. Сонымен қатар берешек сомасына қарай жаңа шаралар қолданылады: қарыз көлемі 20-45 АЕК аралығында болса, банк шоттары бойынша банк операциялары уақытша тоқтатылады; қарыз 45 АЕК-тен жоғары болса, шот бұғатталып, мүлікке тыйым салынады. Бұл өзгеріс көптеген кәсіпкерлерді бизнес жүргізу тәсілін қайта қарауға итермелейді: біреулер ҚҚС төлеуші ретінде тіркелуге тиіс болса, енді біреулерге өзге салық режимін таңдау қажет болады. Сондықтан 2026 жылға дейін жаңа Салық кодексіне бейімделіп, бизнесті заң талаптарына сай жүргізу үшін алдын ала дайындық жасаған жөн.
Кейбір өзгеріске нақтырақ тоқталсақ.
2026 жылдан бастап Қазақстанда жеке кәсіпкерлер мен компанияларға арналған жаңа салық режимдері енгізіледі. Жаңа жүйеде ЖБТ (жалпыға бірдей белгіленген тәртіп) және барлығы үш АСР (арнайы режим) ғана қалады:
Бұл режимді пайдалану үшін бірнеше талап сақталуы тиіс:
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған АСР-дың бірнеше ерекшелігі бар. Біріншіден, олар ЖТС төлемейді, бірақ әлеуметтік төлем жасайды (ортақ мөлшерлеме – 4%). Екіншіден, салық органдарымен барлық өзара әрекет мобильді қолданба арқылы жүзеге асырылады.
Бұл режим шағын бизнеске бағытталған.
Қазіргі таңда көптеген қазақстандық кәсіпкерлер жеңілдетілген салық режимін пайдаланады, алайда 2026 жылдан бастап оның талаптары өзгереді:
ЖСР-ны пайдалана алмайтын тұлғалардың нақты тізімі
Фермерлер мен шаруа қожалықтарына.
Фермерлік және шаруа қожалықтарына бірқатар жеңілдіктер қарастырылған. Бұл олардың жұмысын жеңілдетіп, салықтық жүктемені азайтып, аграрлық саланы инвестициялар үшін тартымдырақ етуге бағытталған. КТС мөлшерлемесі 3%, жер салығы төленбейді, көлік құралдарына салынатын салық бойынша да жеңілдіктер қарастырылған.
2026 жылы Қазақстанда тек жеке кәсіпкерлер мен компаниялар үшін емес, сонымен қатар әлеуметтік төлемдер жүйесінде де өзгерістер енгізіледі:
Жаңалықтар электронды сервистерге де қатысты. Атап айтқанда:
Онлайн-бухгалтерия
Бизнесіңіздің есебін оңай жүргізіңіз!
Деректерді қорғауға қатысты жаңа талаптар енгізіледі. Ақпараттың сақталуы мен қауіпсіздігіне қойылатын талаптар артады. Мәліметтердің жария етілуіне енді бизнес өзі жауапты болады.
Жаңа ережеге көшу кезеңі қиындық тудырмас үшін дайындықты қазірден бастау ұсынылады. Сарапшылар кәсіпкерлерге келесі қадамдарды ұсынады:
Кәсіпкерлер үшін жаңа талаптарға бейімделу бастапқыда ыңғайсыздық пен қосымша дайындықты талап етеді. Алайда ұзақмерзімді болашақта бұл өзгеріс бизнесті ашық, әділ және тиімді етуге бағытталған. Бәсекелестік адал болады, нарыққа әділ кәсіпкерлер шығып, сапалы өнім мен қызмет көбейеді, бұл пайдаланушы үшін үлкен артықшылық. Ал кәсіпкерлер мен бақылаушы органдар үшін жұмыс оңай, айқын әрі уақыт үнемдейтін форматқа көшеді.