Кіру
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Марина Рызабаева
Бухгалтер және аудитор
Автордың мақалалары
bcc journal
Кәсіпкердің қаржы сауаты: ақшаны бақылауда ұстап, бизнестен айырылып қалмау жолдары

Жеке кәсіпкерлікті ашқан кезде, ең бастысы идея мен күш-жігер деп ойлайсыз. Ақша өзінен-өзі келеді деп сенесіз: тауар сатып алдыңыз, саттыңыз — міне, пайда. Бірақ іс жүзінде қаржыны дұрыс ұйымдастырмау тіпті жақсы жобалардың да жабылуына себеп болып жатады. Бұған жол бермес үшін ақшаға сауатты көзқарасты қалай қалыптастыру керек? Маңызды жайттарды қарапайым тілмен түсіндіреміз.

bcc journal
ҚР заңнамасындағы өзгеріс: 2026 жылдағы бизнестің жұмысы туралы

Жаңа талаптар күтпеген жаңалық болмас үшін және бейімделу кезеңі қиындықсыз өтуі үшін қазірден бастап дайындалған жөн. Неліктен Қазақстанда 2026 жылы жаңа заң қажет болды? Салық түрлері қалай өзгереді?

bcc journal
Кімге, қалай және қанша: 2026 жылы Қазақстандағы оңайлатылған салық режимі

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап бизнес жүргізуге қатысты барлық мәселе жаңа Салық кодексімен реттелетін болады. Атап айтқанда, елеулі өзгерістер оңайлатылған салық режиміне енгізілді. Жаңартылған режим стандарт оңайлатылған салық режимі мен бөлшек салықты біріктіреді. Мұндай шара кәсіпкерлер мен бақылау органдарының жұмысын жеңілдетіп, салық салу жүйесін оңайлатады және оның ашықтығын арттырады.

bcc journal
Қазақстанда өзін-өзі жұмыспен қамтудың ерекшеліктері, қыр-сыры және күтпеген кедергілер

Қазақстанда кәсіпкерлердің барлығы бірдей ЖК немесе ЖШС ретінде тіркеле алмайды: табыс деңгейі, қызмет түрінің ерекшелігі мен ауқымы ескерілуі тиіс. Жыл басынан бері елімізде жаңа Салық кодексі қолданысқа енгізіліп, соған сәйкес ЖК-ге рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізімі едәуір қысқартылды. Ал ЖК немесе ЖШС талаптарына сәйкес келмейтін кәсіпкерлерге арнайы режим – өзін-өзі жұмыспен қамту қарастырылған. Енді осы режимнің ерекшеліктерін толығырақ қарастырайық.

bcc journal
2026 жылы Қазақстанға тауар импорттаған кезде салынатын салық

Егер кәсіпкер Қазақстанға тауар әкелсе (импорттаса), ол кедендік ресімдеуден өтуі қажет. Кедендік ресімдеу іс-шаралар кешенін қамтиды. Ол жүктің ел аумағында заңнама талаптарын сақтай отырып қозғалуына мүмкіндік береді әрі Қазақстан Республикасына әкелуге тыйым салынған жүктердің өтуіне жол бермейді.

Импорттаушылар қандай салық төлейді? Кедендік ресімдеу процесі қалай өзгерді?

bcc journal
Алдын ала ойланатын жайттар: Қазақстандағы ЖК мен ЖШС салығы

Кодекс 1 қаңтардан бастап күшіне енді, ал қазір қыркүйектің басы. Соған қарамастан, кәсіпкерлердің жартысы әлі де бухгалтерлік есепті асығыс түрде жаңа талаптарға бейімдеп, өтпелі кезеңнің уақытша қиындығы ретінде қабылдап жүр. Бірақ бұл уақытша құбылыс емес, бұл енді — ойынның жаңа ережесі. Мұны неғұрлым ертерек қабылдасаңыз, жыл соңында өсімпұл төлеу қаупі соғұрлым төмен болады.

Барлық өзгерісті бірден тізіп шығуды мақсат етпеймін. Оның орнына дәл қазір, 2026 жылдың күзінің басында нені ескеру маңызды екенін айтып өтемін. Желтоқсанды күтпей, жағдайды бүгіннен қолға алған жөн.

bcc journal
Қазақстанда салықты азайтудың 5 тиімді әрі заңды тәсілі

Елде қауіпсіздікті қамтамасыз ету, республикалық маңызы бар ірі жобаларды қаржыландыру, денсаулық сақтау саласын қолдау, жолдарды жөндеу, мектептер мен балабақшаларды күтіп ұстау сияқты міндеттердің барлығы, соның ішінде бизнестен түсетін салықтар есебінен жүзеге асырылады. Алайда кәсіпкерлер үшін салық жүктемесі кей жағдайда едәуір жоғары болып, бизнестің дамуын тежейді әрі оны кеңейтуге кедергі келтіреді. Бұл мәселені шешуге болады: салық жүктемесін заңды түрде азайтудың қолданыстағы тәсілдері бар.

bcc journal
Қазақстанда салықты қалай төлеуге болады? Өте оңай әрі қарапайым

Бір қарағанда салық төлеуде ешқандай қиындық жоқ сияқты көрінеді. Алайда көптеген адамдар төлемді қалай жасау керектігін нақты білмейді. Осы олқылықтың орнын толтырып, салық төлеудің негізгі жолдарын қарастырайық.

bcc journal
Кәсіпкерлер жаңа Салық кодексіне қалай бейімделуде?

Бұл жекелеген баптарға енгізілген ұсақ-түйек түзетулер де, терминологияны формалды жаңарту да емес,  бұл – салық салу жүйесін ауқымды түрде қайта құру. Мемлекет салықты басқару тәсілдерін бірізді түрде  жаңартып, цифрландыруды дамытуға, қаржы ағындарының ашықтығын арттыруға және салық міндеттемелерін адал емес тәсілдермен оңтайландыру мүмкіндіктерін қысқартуға басымдық беруде. Осындай жағдайда әрбір меншік иесі мен басшының алдында заң мәтінімен жай ғана танысып шығу емес, қалыптасқан бизнес-процестерді қайта қарап, қаржы моделін қайта есептеп, бастапқы есепке алу жүйесін тәртіпке келтіру міндеті тұр.


Материал авторы – сарапшы Марина Рызабаева. Мақалада келтірілген қорытындылар, бағалар мен ұсынымдар автордың жеке пікірін білдіреді.

bcc journal
Проблемалы шот-фактуралар: оларды жіберу неге қиындық туғызады

Тауарды жөнелтіп, электрондық шот-фактураны толтырдыңыз да, «Жіберу» батырмасын бастыңыз. Бірақ құжат «Қате» күйінде тұрып қалды. Сатып алушы ЭШФ алмайынша төлем жасамайды, ал сіз қай жерден қате жібергеніңізді түсінбей отырсыз. Таныс жағдай ма? Бұл қандай құжат, қашан қажет және оны жіберудің өзі неге қиындық туғызуы мүмкін екенін ретімен қарастырайық.

Материал авторы – сарапшы Марина Рызабаева. Мақалада келтірілген қорытындылар, бағалар мен ұсынымдар автордың жеке пікірін білдіреді. 

bcc journal
Камералық бақылау: салық органы «сәйкессіздік тапса», не істеу керек

Салық төлеушінің кабинетін ашсаңыз, сәйкессіздік туралы хабарлама келіп тұрғанын елестетіңіз. Ойыңызға бірден «тексеру!» деген сөз келеді. Сабыр сақтаңыз. Көп жағдайда бұл — камералық бақылау. Уақытылы әрі нақты жауап берсеңіз, мәселе тексерусіз, айыппұлсыз және артық уайымсыз шешіледі.

Бәрін ретімен қарастырайық.

Материал авторы – сарапшы Марина Рызабаева. Мақалада келтірілген қорытындылар, бағалар мен ұсынымдар автордың жеке пікірін білдіреді.


bcc journal
Как зарабатывать в декрете: три истории и что нужно знать в 2027 году

В 2027 году пособие по уходу за первым ребёнком у мамы без официальной работы не вырастет и останется на уровне 24 912 тенге в месяц: его, как и выплату на рождение, будут считать по МРП 2026 года. Это меньше четверти минимальной зарплаты, которая с 1 января вырастет до 110 000 тенге. Работавшие мамы получают больше, 40% от прежнего дохода, но и этой суммы редко хватает семье с малышом.

Я работала в декрете по 2–5 часов в день, а для этой статьи поговорила ещё с двумя мамами. Рассказываю, чем можно зарабатывать, как оформить доход законно и что изменится с 1 января 2027 года, когда выход на работу перестанет лишать выплаты.

Цифры и правила актуальны на ноябрь 2026 года. Суммы на 2027 год — по закону о республиканском бюджете, который Курултай принял 18 ноября 2026 года.

Поиск по сайту
Cookie файлдарын баптау
Әрқашан белсенді