2026 жылы Қазақстанға тауар импорттаған кезде салынатын салық
Егер кәсіпкер Қазақстанға тауар әкелсе (импорттаса), ол кедендік ресімдеуден өтуі қажет. Кедендік ресімдеу іс-шаралар кешенін қамтиды. Ол жүктің ел аумағында заңнама талаптарын сақтай отырып қозғалуына мүмкіндік береді әрі Қазақстан Республикасына әкелуге тыйым салынған жүктердің өтуіне жол бермейді.
Импорттаушылар қандай салық төлейді? Кедендік ресімдеу процесі қалай өзгерді?
Қосылған құн салығы (ҚҚС)
Тауар импорттаған кезде төленетін негізгі салықтардың бірі – ҚҚС.
Салық қашан төленеді?
ҚҚС барлық тауарға емес, тек белгілі бір тауар топтарына төленеді:
- ҚР аумағына кейіннен сату мақсатында әкелінетін тауарлар.
- Алыс-беріс шикізатынан дайындалған өнімдер. Мысалы, қазақстандық компания Ресей Федерациясында астықты қайта өңдеп, кейін дайын өнімді (ұнды) Қазақстанға әкелген жағдайда, импорт кезінде салық төлеу қажет. Бұл ретте ұйым жалпыға бірдей белгіленген салық режимін қолдануы тиіс (оңайлатылған режим және басқа да арнаулы салық режимдері енді ҚҚС-мен үйлеспейді).
Салық төленбейтін жағдайлар
Салық келесі жағдайларда төленбейді:
- Тауар бұрын ЕАЭО елдеріне шығарылып, кейін қайта әкелінсе (бұл ретте олардың қасиеттері мен сипаттамалары өзгермеген болса).
- Тауар ҚҚС-дан босатылған болса. Бұл топқа банкноталар, монеталар, бағалы қағаздар, дипломаттар мен консулдарға арналған жүктер жатады.
Салық салынбайтын тауарлар қатарына елімізге жеке пайдалану мақсатында әкелінетін тауарлар да кіреді. Алайда бұл тек жеке тұлғаларға қатысты және жеке кәсіпкерлер мен компанияларға қолданылмайды.
Бизнеске арналған шотты онлайн ашу
Қандай мөлшерлеме қолданылады?
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚҚС-ның базалық мөлшерлемесі 16%-ға тең. Алайда кейбір санаттарға төмендетілген (жеңілдікті) мөлшерлеме қолданылады. Мысалы:
- Дәрілік заттарға – 5%. 2027 жылдан бастап мөлшерлеме 10%-ға дейін ұлғайтылады.
- 10% ҚҚС отандық мерзімді басылымдарды өткізген кезде қолданылады.
ҚҚС қалай төленеді?
Салық төлеу тәртібі тауардың түріне, қызмет саласына ғана емес, сонымен қатар жөнелтуші елге байланысты:
- Егер тауар ЕАЭО елдеріненәкелінсе, кәсіпкер салық төлеп, оны салық есептілігінде көрсетеді.
- Егер тауар ЕАЭО-ға мүше емес мемлекеттен әкелінсе, салық кедендік ресімдеу барысында төленеді.
Есепке алу әдісі бойынша ҚҚС дегеніміз не?
ҚҚС төлеушілерге есепке алу әдісі елімізде өндірілмейтін (яғни ҚР-да мұндай өндіріс жоқ) тауарларды импорттаған кезде қолданылады. Оларға мыналар жатады:
- Ауыл шаруашылығы техникасы
- Жүк көліктері, кемелер, ұшақтар (соның ішінде оларға арналған қосалқы бөлшектер).
- Жабдықтар.
- Асыл тұқымды мал (өсімін молайту және тұқымды жақсарту үшін пайдаланылатын асыл тұқымды ауыл шаруашылығы жануарлары).
- Тірі мал (мысалы, сиыр, енеке, бұқа).
Егер кәсіпкер осы санаттағы тауарларды импорттаса, ол ҚҚС төлемейді, бірақ салық сомасын декларацияда көрсетеді.
Алайда есепке алу әдісін қолданатын кәсіпкерлер бірқатар талапты ескеруі қажет:
- Тауар тек Қазақстан аумағында пайдаланылуы тиіс.
- Тауарды қаржы лизингіне беруге болмайды.
- Тауарды сатуға тыйым салынады.
- Тауар кемінде 5 жыл пайдаланылуы тиіс. Ауыл шаруашылығы құстары үшін бұл мерзім 18 айға дейін қысқартылған.
Егер кәсіпкер осы талаптардың бірін бұзса, ол ҚҚС-ны толық көлемде төлеп қана қоймай, есептелген өсімпұлды да өтеуі қажет.
Импорт кезінде тағы қандай төлемдер төленеді?
ҚҚС-дан бөлек, импорт кезінде кәсіпкер кедендік баж бен акциз төлейді:
Кедендік баж. Кедендік баж мөлшері әкелінетін тауардың СЭҚ ТН коды бойынша айқындалады. Мысалы, жеңіл автокөліктерді импорттаған кезде кедендік баж мөлшерлемесі 15%, ал электрқозғалтқышы бар көліктер үшін 0%-ға тең.
Акциз. Тек акцизделетін тауарларға салынады. Оларға алкоголь және темекі өнімдері (соның ішінде қыздырылатын темекі жүйелері), дизель отыны, мұнай өнімдері, жеңіл автокөліктер және энергетикалық сусындар жатады.
Кәсіпкерлер қандай есептілік тапсырады?
Есептілік тапсыру және декларациялау тәртібі әр жағдайдың ерекшелігіне байланысты:
Егер тауар ЕАЭО елдерінен импортталса.
1.Тауарларды импорттау және жанама салықты (ҚҚС және акциз) төлеу туралы өтініш беріледі. Жанама салық 328.00 нысаны бойынша көрсетіліп, келесі айдың 20-сына дейін төленеді.
2. Барлық сома ҚҚС бойынша декларацияда көрсетіледі, ол 300.00 нысаны бойынша толтырылады.
Внешнеэкономическая деятельность
Все необходимое в одном банке
Егер тауар басқа мемлекеттерден әкелінсе.
ҚҚС кедендік ресімдеу барысында ресімделіп, төленеді.
Егер тауар жеке пайдалану мақсатында импортталса.
ҚҚС есептелмейді. Жеке декларация дайындаудың да қажеті жоқ.
Жаңа Салық кодексінде сыртқы экономикалық қызметті бақылауды күшейту қарастырылған. Жүктеменің артуына жол бермеу үшін кәсіпкерлер құжат айналымының ашықтығын қамтамасыз етіп, жасалатын мәмілелерді мұқият бақылауы және импортталатын тауарларға қатысты құжаттардың дұрыс ресімделуін мұқият қадағалауы қажет. Сонымен қатар контрагенттердің беделін тексеріп, оффшорлық белгілері бар бейрезиденттермен ынтымақтастықтан сақтанған жөн. Мұндай мәмілелер жоғары тәуекелді деп бағаланып, қосымша тексерулер жүргізуге себеп болуы мүмкін.