2026 жылғы 1 қаңтардан бастап бизнес жүргізуге қатысты барлық мәселе жаңа Салық кодексімен реттелетін болады. Атап айтқанда, елеулі өзгерістер оңайлатылған салық режиміне енгізілді. Жаңартылған режим стандарт оңайлатылған салық режимі мен бөлшек салықты біріктіреді. Мұндай шара кәсіпкерлер мен бақылау органдарының жұмысын жеңілдетіп, салық салу жүйесін оңайлатады және оның ашықтығын арттырады.
Оңайлатылған салық режиміндегі жаңалықтардың мәні неде? Жаңа жағдайда қалай жұмыс істеу керек? Оңайлатылған салық режимінде қандай қызмет түрлері қалады? Жаңа режимге қалай өтуге болады?
Үкімет бекіткен тыйым салынған қызмет түрлерінің тізімінде 44 санат пен 185 ЭҚЖЖ бар. Оларға жататын кәсіпкерлер 2026 жылы оңайлатылған салық режимін қолдана алмайды. Бұл үлкен көрсеткіштерге қарамастан, көптеген бизнес түрлері әлі де «ескі тәртіппен» жұмысын жалғастыра береді. Атап айтқанда, бұл:
Бизнеске арналған шотты онлайн ашу
Жалдау бизнесі. Оңайлатылған салық режимін тұрғын үйді, офисті немесе техниканы жалға беретін кәсіпкерлер сақтай алады. Базарлар, сондай-ақ 1-2 санаттағы сауда орталықтары бұл тізімге кірмейді.
Оңайлатылған салық режимін қолдана алмайтын компаниялардың тізімі қарастырылған. Бұл тізімге келесі ұйымдар кіреді:
Қазіргі уақытта оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін жылдық табысы 180 млн теңгеден аспайтын кәсіпкерлер қолдана алады. 2026 жылы Қазақстанда ЖК мен басқа да бизнес үшін оңайлатылған режимнің шекті мөлшері 600 000 АЕК болып белгіленді. Бұл жылына шамамен 2,5 млрд теңгеге тең.
Бұрын оңайлатылған режимде жұмыс істейтін кәсіпкерлер 30 қызметкерге дейін жалдай алатын. Ал бөлшек салық режимінде жұмыс істейтіндер үшін жалдамалы мамандар саны бойынша мүлде шектеу болмаған. Жаңа Салық кодексі барлық шектеуді алып тастайды, демек оңайлатылған жүйеде жұмыс істеген кезде кез келген мөлшерде қызметкер жалдауға болады.
Қазіргі уақытта оңайлатылған жүйеде мөлшерлеме 3%, ал бөлшек салық төлеушілерде 4% болып белгіленген. Жаңа ережеге сәйкес мөлшерлеме 4% болады. Алайда мәслихаттар (жергілікті өзін-өзі басқару органдары) мөлшерлемені өз бетінше 50%-ға арттыра немесе азайта алады. Осыған байланысты мөлшерлеме өңірге қарай 2%-дан 6%-ға дейін өзгеруі мүмкін.
Негізгі жаңалықтардың бірі – 2026 жылы Қазақстанда оңайлатылған салық режимін қолданатын ЖК мен ЖШС ҚҚС төлемейді.
Оңайлатылған жүйеде қалатын компаниялар әлеуметтік салық төлеуден босатылады. Бұл бизнеске түсетін салық жүктемесін азайтып, шығынды оңтайландыруға мүмкіндік береді.
Оңайлатылған салық режиміндегі кәсіпкерлерге географиялық шектеу қойылмайды, олар Қазақстанның кез келген өңірінде жұмыс істей алады.
Оңайлатылған режимде жұмыс істейтін кәсіпкерлер әртүрлі клиенттермен — жеке кәсіпкерлермен, заңды және жеке тұлғалармен ынтымақтаса алады.
Кәсіпкерлер жарты жылда бір рет 910.00-нысан бойынша декларацияны және тоқсанына бір рет 200.00-нысан бойынша декларацияны толтыруы тиіс.
Басқа өзгерістерді де ескерген жөн:
Компаниялар КТС бойынша белгілі бір шығыстарды шегерімге жатқыза алмайды. Бұл, ең алдымен, оңайлатылған салық режимінде жұмыс істейтін басқа бизнес субъектілерінен тауар сатып алу, қызмет көрсетуге немесе жұмыстарды орындауға тапсырыс беру шығыстарына қатысты.
Бизнес оңайлатылған жүйеде қызмет көрсеткен жағдайда, егер есеп айырысу қолма-қол ақшамен жүргізілсе, жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібіндегі (ЖСТ) тапсырыс берушілермен жұмыс істей алмайды.
Егер кәсіпкердің кірісі 24 000 АЕК-тен (шамамен 100 млн теңге) асса, салық салынатын кірісті ЕТҚ (еңбекақы төлеу қоры) мөлшеріне азайтуға болады.
Кредиттік #картакартамен қаржыны басқарыңыз
7 000 000 ₸ дейін лимит, ақшамен қайтарылатын кэшбэк, bcc smart арқылы бөліп төлеу, тегін шығару және қызмет көрсету
Осы жерде оңайлатылған салық режиміне қалай өтуге болады деген сұрақ туындайды. Оңайлатылған режимде қалу немесе оған өту үшін (егер бизнес жаңа талаптарға сай болса) салық органдарына тиісті өтініш беру қажет. Мұны 2026 жылғы 1 қаңтардан 28 ақпанға дейін жасау маңызды. Егер кәсіпкер салық органын белгіленген мерзімде хабардар етпесе, 1 наурыздан бастап ол автоматты түрде жалпыға бірдей белгіленген салық салу режиміне ауыстырылады.
1 қаңтардан бастап хабарламаны үш тәсілмен жіберуге болады:
1 қаңтардан бастап кәсіпкерлерге оңайлатылған салық режиміне өту қажеттілігі туралы push-хабарлама жіберіледі. Хабарламада процедураны жеңілдететін қадамдық алгоритм көрсетіледі. Сұрақтарыңыз болса, байланыс орталығы нөміріне қоңырау шалу арқылы Мемлекеттік кірістер комитетіне хабарласып, кеңес ала аласыз.
Қазір кәсіпкерлер не істеуі қажет? Егер сіз оңайлатылған салық режимінде жұмыс істеуді жалғастырғыңыз келсе немесе компанияңыз жаңа талаптарға сай болғандықтан оған өтуге жоспарласаңыз, салық органына уақытында хабарлама жіберу маңызды. Бұл қадам өту процесін жеңіл және қиындықсыз етіп, мәселелердің алдын алады: жалпыға бірдей белгіленген режимге автоматты түрде ауысу салық жүктемесінің ұлғаюына әкеп соғады.