BCC Invest пен bcc.kz-тегі инвестицияның айырмашылығы неде?
ЦентрКредит Банкінің екі инвестициялық сервисі де қор нарығына қол жеткізуге мүмкіндік береді. Алайда олар инвесторлардың әртүрлі санаттарына арналған. Енді олардың мүмкіндіктерін, нарықтарын, құралдарын, комиссияларын және жұмыс форматын салыстырып көрейік.
- Қысқаша: қай сервис кімге арналған?
- Бір сервистің екіншісінен қандай айырмашылығы бар?
- Екі сервистің негізгі айырмашылығы
- Биржалар мен нарықтар
- Қолжетімді құралдар
- Сауда платформалары
- Дербес сүйемелдеу, аналитика және дайын шешімдер
- Комиссия: нені ескерген жөн?
- Қолайлы нұсқаны қалай таңдауға болады?
- bcc.kz арқылы инвестиция жасауды қалай бастауға болады?
- Қорытынды
Қысқаша: қай сервис кімге арналған?
bcc.kz-тегі «Инвестиция» бөлімі қор нарығымен енді таныса бастаған немесе банк өнімдері мен инвестицияларын бір қолданбада басқарғысы келетіндерге қолайлы.
BCC Invest ең алдымен құралдардың кең таңдауын, көбірек нарыққа қол жеткізуді, аналитиканы және дербес сүйемелдеуді қажет ететін тәжірибелі инвесторларға арналған.
Бір сервистің екіншісінен қандай айырмашылығы бар?
BCC Invest — жеке компания: «BCC Invest» АҚ, яғни ЦентрКредит Банкінің еншілес ұйымы. Компанияның Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген жеке брокерлік лицензиясы, жеке сайты, мобильді қолданбасы және аналитиктер командасы бар. Негізінде, бұл — ЦКБ экожүйесінің құрамындағы толыққанды кәсіби брокер.
bcc.kz-тегі «Инвестиция» бөлімі басқаша жұмыс істейді. Бұл жеке компания немесе бөлек брокерлік қолданба емес, клиенттер аударым мен төлем жасап, шоттарын басқаратын банк қолданбасындағы функция. Бұл жағдайда брокерлік қызметті ЦентрКредит Банкі өзі көрсетеді.
Сондықтан кейбір клиенттер бағалы қағаздарды сатып алу үшін міндетті түрде BCC Invest қолданбасын орнату қажет деп ойлайды. Ал енді біреулері, керісінше, инвестиция жасау мүмкіндігі бұрыннан пайдаланып жүрген bcc.kz қолданбасында да бар екенін біле бермейді.
bcc.kz инвестициялар
KASE / KASE Global биржасында
акциямен сауда-саттық жасаңыз
Екі сервистің негізгі айырмашылығы
Бұл сервистердің бірін екіншісінен жақсы деп кесіп айту қиын: олардың әрқайсысы әртүрлі міндеттерді шешеді.
bcc.kz-тегі «Инвестиция» бөлімі қор нарығымен енді танысып жүрген немесе банк өнімдері мен инвестицияларын бір қолданбада басқарғысы келетіндерге қолайлы. BCC Invest ең алдымен құралдардың кең таңдауына, көбірек нарыққа қол жеткізу мүмкіндіге, аналитикаға және дербес сүйемелдеуге мән беретін тәжірибелі инвесторларға арналған.
Биржалар мен нарықтар
Екі сервис арқылы да KASE, KASE Global, NYSE және NASDAQ нарықтарында операция жүргізуге болады. Осылайша пайдаланушыларға қазақстандық бағалы қағаздармен қатар, АҚШ-тың екі ірі биржасының активтері де қолжетімді.
BCC Invest нарықтардың кеңірек таңдауын ұсынады: қосымша AIX, LSE Лондон қор биржасы және Xetra неміс сауда алаңы қолжетімді. Бұл портфеліне еуропалық активтерді қосқысы келетін инвесторлар үшін әсіресе маңызды. bcc.kz қолданбасындағы «Инвестиция» бөлімінде AIX пен Xetra нарықтарына қол жеткізу мүмкіндігі жоқ.
Қолжетімді құралдар
bcc.kz қолданбасында акциялар мен қорларды сатып алуға, сондай-ақ бастапқы нарықта облигацияларды орналастыруға, соның ішінде IPO және басқа да бастапқы орналастыруға қатысуға болады. Жеке инвесторлардың көпшілігі үшін мұндай құралдар жиынтығы жеткілікті.
BCC Invest инвестициялық құралдардың неғұрлым кең ауқымына қол жеткізуге мүмкіндік береді. Олардың қатарында қайталама нарықтағы облигациялар және халықаралық еурооблигациялар нарығы бар. Қайталама нарық борыштық бағалы қағаздар шығарылғаннан кейін оларды сатып алуға және сатуға мүмкіндік береді, ал еурооблигациялар шетел валютасымен номинацияланған қазақстандық және шетелдік эмитенттердің борыштық құралдарына инвестиция жасауға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар BCC Invest арқылы KASE-нің валюталық секциясы мен қысқа мерзімді өтімділікті басқару үшін пайдаланылатын РЕПО нарығына қол жеткізуге болады.
Сауда платформалары
Сервистер әртүрлі платформаларда жұмыс істейді. BCC Invest үшін жеке мобильді қолданба бар. Ал bcc.kz-тегі инвестициялық мүмкіндіктер банк қолданбасына тікелей кіріктірілген. Сондықтан таңдау қолжетімді құралдар жиынтығына ғана емес, нақты пайдаланушыға қай жұмыс форматы ыңғайлы екеніне де байланысты.
Дербес сүйемелдеу, аналитика және дайын шешімдер
Жеке бағалы қағаздарды сатып алып қана қоймай, дәйекті инвестициялық стратегия құрғысы келетін инвесторлар үшін BCC Invest-тің маңызды артықшылықтарының бірі — дербес сүйемелдеу.
Дербес брокер қызметі нарықтағы жағдайды бағалауға, құралдарды таңдауға және клиенттің мақсаттары мен бейініне қарай инвестициялық процесті ұйымдастыруға көмектеседі. Дайын шешімдерді қалайтын инвесторларға кәсіби команда басқаратын әртараптандырылған портфельдер —инвестициялық пай қорлары ұсынылады.
Сонымен қатар BCC Invest түрлі секторлар, құралдар, қазақстандық және халықаралық компаниялар бойынша нарыққа шолу, аналитикалық материалдар мен инвестициялық идеяларды дайындайды. Ал bcc.kz қолданбасындағы «Инвестиция» бөлімінде клиент инвестициялық шешімдерді өз бетінше қабылдайды.
Алтынға инвестиция салыңыз
Онлайн режимінде алтын құйма сатып алыңыз
Комиссия: нені ескерген жөн?
KASE-де екі сервистегі тарифтер бірдей — мәміле сомасының 0,03%-ы. Шетелдік сауда алаңдарында комиссия шарттары өзгеше.
BCC Invest инвестициялық компаниясының халықаралық нарықтардағы стандарт комиссиясы мәміле сомасының 0,155%-ына жетеді, бірақ 3 500 теңгеден кем емес. Ал bcc.kz-те басқа модель қолданылады: әрбір өтінім үшін 1 АҚШ доллары және сатып алынған әрбір бағалы қағаз үшін қосымша 0,15 АҚШ доллары алынады.
Шағын сомаға жүргізілген операция кезінде bcc.kz-тегі шарттар тиімдірек болуы мүмкін. Ал ірі мәміле жасаған кезде бағалы қағаздар саны мен операцияның жалпы сомасын ескере отырып, шығынды жеке есептеген дұрыс.
BCC Plus жазылымын пайдаланушыларға bcc.kz-тегі комиссия 0%-ға дейін төмендеуі мүмкін. Бұл жазылымды банктің басқа да артықшылықтарын пайдалану үшін ресімдеген клиенттерге әсіресе ыңғайлы болуы мүмкін.
Қолайлы нұсқаны қалай таңдауға болады?
bcc.kz-тегі «Инвестиция» бөлімі инвестиция жасауды енді бастап жүргендерге немесе мәмілені сирек жасайтындарға, негізінен қазақстандық және америкалық активтермен жұмыс істейтіндерге, қаржысын смартфон арқылы басқарғысы келетіндерге және тағы бір қолданбаны меңгергісі келмейтіндерге қолайлы.
BCC Invest тәжірибесі мол, капиталы ауқымды инвесторларға көбірек сәйкес келеді. Оларға жеке стратегия, еуропалық сауда алаңдарына қол жеткізу мүмкіндігі, кеңейтілген құралдар таңдауы және дербес брокердің қолдауы қажет.
Тағы бір маңызды айырмашылық: BCC Invest Қазақстанның бейрезиденттерімен де жұмыс істейді.
bcc.kz арқылы инвестиция жасауды қалай бастауға болады?
1. Брокерлік шот ашыңыз
bcc.kz қолданбасындағы «Инвестиция» бөліміне өтіп, брокерлік шотты онлайн ресімдеңіз. Процесс бірнеше минут уақытыңызды алады: банк сізді клиент ретінде әлдеқашан сәйкестендіргендіктен, жеке тұлғаңызды қайта растаудың қажеті жоқ. Банк бөлімшесіне барудың және қағаз құжаттарға қол қоюдың қажеті жоқ.
2. Шотты толықтырыңыз
Брокерлік шотқа ақшаны ЦентрКредит Банкінің кез келген картасынан өз шоттарыңыздың арасында ақша аударғандай оңай аударуға болады. Шотты тәулік бойы, лимитсіз толықтыруға және қаражатты шығаруға болады. Бұл әсіресе қаражатты шығару бірнеше жұмыс күнін алуы мүмкін басқа брокерлермен салыстырғанда ыңғайлы.
3. Бағалы қағаздарды таңдаңыз
Инвестиция жасауды шағын сомадан бастауға болады: қомақты қаражат қажет емес. Қолданбада мыңдаған құрал қолжетімді — қазақстандық компаниялардың бағалы қағаздары, америкалық «көгілдір фишкалар» және жаһандық ETF қорлары. Пайдаланушы нарықпен біртіндеп танысып, портфелін өзіне ыңғайлы қарқынмен толықтыра алады.
4. Портфельді бір қолданбада басқарыңыз
Инвестиция bcc.kz қолданбасында карталармен, шоттармен және депозиттермен қатар көрсетіледі. Бұл барлық қаржыңызды бір жерден көруге және инвестициялық портфельді бөлек әрі күрделі жүйе ретінде емес, күнделікті қаржыны басқарудың бір бөлігі ретінде қабылдауға мүмкіндік береді.
Қорытынды
BCC Invest пен bcc.kz-тегі «Инвестиция» бөлімі бір-бірімен бәсекелеспейді және бір сервисті қайталамайды. Бұл — әртүрлі қажеттіліктерге арналған екі шешім.
BCC Invest нарықтар мен құралдардың кеңірек таңдауын, аналитиканы, дербес брокерді және дайын инвестициялық шешімдерді қажет ететіндерге арналған. Ал bcc.kz-тегі «Инвестиция» бөлімі артық әрекет жасамай-ақ, өзіне таныс қолданбада және өзіне ыңғайлы уақытта инвестиция жасауды бастағысы келетін пайдаланушыларға арналған.
Енді инвестиция жасау үшін бөлек күрделі тіркеуден өту немесе бастапқыда арнайы білімнің болуы міндетті емес. ЦентрКредит Банкінің клиенттері алғашқы қадамды смартфон арқылы-ақ жасай алады: bcc.kz қолданбасындағы «Инвестиция» бөлімін ашып, бірнеше рет басу арқылы инвестиция жасауды бастауға болады.