Премиум роуминг: Flexiroam-мен шекарасыз саяхат
Mastercard халықаралық төлем жүйесі мен малайзиялық байланыс операторы Flexiroam бірлескен жобаны дайындады. Акция аясында Mastercard премиум карталарының (World Black Edition) иелері шетелде SIM-картаны ауыстырмай-ақ 1 ГБ мобильді интернетті тегін пайдалана алады. Бұл жиі саяхаттайтын адамдар үшін тиімді мүмкіндік.
Flexiroam туралы толығырақ
Mastercard ұсынған Flexiroam қызметі жергілікті байланыс операторларының мобильді интернетіне eSIM арқылы қосылуға мүмкіндік береді. SIM-карта смартфонға кіріктіріліп, стандарт SIM-картаның орнына жұмыс істейді. Бұл туристер үшін интернет мәселесін жеңілдетеді: байланыс операторының офисін іздеудің, тарифтерді салыстырудың, сондай-ақ маршрут бірнеше мемлекетті қамтитын болса, симканы қайта-қайта ауыстырудың қажеті жоқ. Малайзиялық Flexiroam компаниясы әлемнің 150 еліндегі 580 байланыс операторымен серіктес.
Сонымен қатар аталған сервис өзге тарифтік жоспарларға 15% жеңілдік ұсынады.
#BlackEdition
жарқын өмір үшін
Қазақстанның барлық мейрамханаларында 10% кешбэк алыңыз
Flexiroam қызметін қалай пайдаланады?
Flexiroaming қызметін пайдалану оңай. Роумингті теңшеу үшін келесі әрекеттерді орындаңыз:
- 1. Flexiroam қолданбасын жүктеп алыңыз. Mastercard белгішесін басыңыз. Жүйе тариф жоспарына сәйкестігін тексереді.
- 2. Картаңыздың нөмірін көрсетіп, тіркеңіз.
- 3. email мекенжайын енгізіңіз. Бұл қолданбада аккаунт жасау үшін қажет.
- 4. Тариф жоспарын таңдап, төлем жасаңыз. Осылайша eSIM іске қосылады.
- 5. Смартфонның «Параметрлер» бөліміне өтіп, құлыпты ашыңыз және роумингті қосыңыз.
- 6. Деректерді беруді іске қосыңыз.
Қызметтің артықшылықтары
Flexiroam саяхатты жеңілдетіп, әлемнің кез келген елінде байланыста болуға мүмкіндік беретін қызмет. Сервистің басқа да бірқатар артықшылықтары бар:
- Көптеген смартфонмен үйлесімді.
- Технологияны бір рет қана теңшеу жеткілікті. Шекарадан өтсеңіз де байланыста боласыз.
- Қызмет пакеттеріне мобильді интернет, сонымен бірге қоңыраулар мен SMS те кіреді.
- Қызметті іске қосу оңай.
- Деректерді берудің жоғары жылдамдығы барлық маңызды тапсырманы шешуге мүмкіндік береді.
- Қызмет пакеттері күнтізбелік жыл сайын жаңартылады.
Mastercard пен Flexiroam қызметінің бірлескен бағдарламасы саяхатты бұрынғыдан да жайлы етеді.
Енді тұрмыстық ұсақ-түйекке алаңдаудың қажеті жоқ: бүкіл әлем бойынша жолда, қонақүйде немесе іскери кездесуде достарыңызға алған әсеріңізді фото және видео арқылы жіберіңіз, жұмыс чаттарында жауап беріңіз, поштаңызды тексеріңіз, сүйікті бейне-роликтеріңізді тамашалаңыз.
ЦентрКредит Банкі арқылы Mastercard төлем жүйесінің #BlackEdition премиум картасын ашып, кешбэк, мультивалюталық және әлемнің кез келген банкоматынан айына 1,5 млн теңгеге дейін қолма-қол ақшаны тегін алу сияқты көптеген артықшылыққа ие бола аласызира.