E-mail: Pr@bcc.kz
Құрметті клиенттер!
Бизнес-клиенттерге қызмет көрсету бойынша тарифтер жинағына өзгерістер енгізілгенін хабарлаймыз:
- BCC Business web (Light, Standart) жүйесінде абоненттік қызмет көрсету, ай сайын – 1600 KZT.
Құрметпен, «Банк ЦентрКредит» АҚ
«Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес клиенттің банктік шотында 1 (бір) жылдан астам уақыт бойы ақша қозғалысы болмаған жағдайда, «ЦентрКредит Банкі» АҚ банктік шот шартын орындаудан бас тартуға (ағымдағы банктік шотты жабуға) құқылы.
№ 001«Банк ЦентрКредит АҚ»-та жеке тұлғаларға банктік қызметтер кешенін ұсынудың стандарт талаптарының (қосылу шарты) 351-тармағына сәйкес банктің құқықтары:
24-тармақша. Банк шотқа орындалмаған талаптардың болуына қарамастан клиенттің тиісті өтінішінсіз шотты жаба алады:
- шотта бір жылдан астам ақша болмаған кезде;
- шотта ақша қалдығы болған, бірақ бір жылдан астам уақыт бойы ақша қозғалысы болмаған кезде.
25-тармақша. Шотты жабу тараптардың қосылу шартын бұзуына әкеп соқпайды.
26-тармақша. Шотта бір жылдан астам уақыт бойы ақша болмаған жағдайда банк қызметтер көрсету шартын бұзуға құқылы, бұл ретте банк қызмет көрсету шартын бұзу туралы хабарламаны ЦентрКредит Банкінің сайтында, АТМ, ИПТ, мобильді қосымшада, қашықтан банкинг жүйесінде жариялайды және/немесе қызмет көрсету шартын бұзудың болжамды күніне дейін 15 (он бес) күнтізбелік күн бұрын SMS-хабарлама, push-хабарлама, клиенттің электрондық поштасына хабарлама жібереді. Шотта ақша болмаған кезде және хабарламада көрсетілген мерзім аяқталған кезде банк қызмет көрсету шартын бұзады және шотты жабады. Осы хабарлама клиентке хабарлау үшін жеткілікті және тиісті болып табылады және шартқа қол қою арқылы клиент өзінің онымен келісімін растайды. Сонымен бірге банк осы іс-әрекеттерді жүзеге асырмауға құқылы – бұл жағдайда қызмет көрсету шарты бұзылмайды және шот жабылмайды, шартта өзгеше көзделмегендіктен, тараптардың өзара қарым-қатынастары жалғасады.
Уважаемые клиенты, наш банк предоставляет возможность отсрочки платежей по кредитам для пострадавших в результате наводнений и затоплений в ряде областей Казахстана произошедших в марте 2024 года.
Отсрочка платежей предоставляется на 1 (один) месяц с возможностью ее продления.
Подать заявку можно перейдя по ссылке
2024 жылдың 19 наурызында халықаралық S&P Global Ratings агенттігі ЦентрКредит Банкінің рейтинг бойынша болжамын «Тұрақтыдан» «Оңға» өзгертті. Ұлттық шкала рейтингі «kzA-»-ден «kzA» деңгейіне жоғарылап, ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді несие рейтингтері «BB-/B» деңгейінде расталды.
S&P сарапшылары Қазақстанның қаржы жүйесі үшін Банк ЦентрКредиттің өсіп келе жатқан маңызын, оның активтері мен несие портфелі бойынша елдегі үшінші ірі банк ретіндегі позициясын, сондай-ақ жеке тұлғалардың депозиттері нарығының 10%-дан астам үлесін иеленетінін атап өтті.
«Болжамның оң болуы салалық тәуекелдерді төмендету және активтер сапасының тұрақты көрсеткіштерін сақтау кезінде алдағы 12-18 айда банк рейтингін көтеруге болады деген үмітімізді көрсетеді", - делінген S&P мәлімдемесінде.
Айта кетсек, өткен жылдың шілде айында S&P Global Ratings халықаралық агенттігі ЦентрКредит Банкінің рейтингін BB- деңгейіне дейін көтерген еді.
«Банк ЦентрКредит» АҚ – Қазақстан Республикасының жеке тұлғалардың депозиттеріне міндетті ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру) жүйесіне қатысушы.
Кепілдік берілетін салымдар:
- Мерзімді депозиттер, талап еткенге дейінгі депозиттер, шартты депозиттер;
- Ағымдағы шоттардағы және төлем карталарындағы ақша.
Бір салымшының әр банктегі барлық депозиттері мен банк шоттары бойынша төленетін мемлекеттік кепілдік:
- 20 миллион теңгеге дейін – ұлттық валютадағы жинақ депозиттері бойынша,
- 10 миллион теңгеге дейін – ұлттық валютадағы депозиттер бойынша,
- 5 миллион теңгеге дейін – шетел валютасындағы депозиттер бойынша (қатысушы банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күнге белгіленген валюта айырбастау бағамы бойынша эквиваленті).
Салымшының бір банкте бір мезгілде теңгемен де, шетел валютасымен де орналастырылған 2 және одан көп депозиті болған жағдайда, 20 миллион теңгеге дейін кепілді түрде өтемақы төленеді.
2024 жылғы 6 наурызда Халықаралық әйелдер күні қарсаңында «Қазақстан қор биржасы» АҚ (KASE) Халықаралық қаржы корпорациясымен (IFC) серіктестікте және БҰҰ-ның «Тұрақты қор биржалары» (SSE) бастамасы аясында жыл сайынғы Ring the Bell for Gender Equality сауда-саттығының ашылу рәсімін өткізді. Іс-шара тұрақты даму және ESG-қағидаттары саласындағы гендерлік инклюзивтілік пен теңдіктің маңыздылығын атап өтті.
Шақырылған спикерлер қатарында «Банк ЦентрКредит» АҚ Вице-президенті Нұрлан Шегебаев сөз сөйледі. «Invest in Women: Accelerate Progress» пікірталасына ерекше көңіл бөлінді. Талқылау аясында банк әйелдер кәсіпкерлігін қолдау, ESG стратегиясын іске асыру және ұйым ішіндегі гендерлік теңдікке жәрдемдесу бойынша тәжірибесімен бөлісті.
«Бүгін пікірталас аясында әйелдер кәсіпкерлігін қолдаудың маңыздылығы атап өтілді, бұл ESG стратегияларын іске асыруға және біздің банк ішінде гендерлік теңдікті ілгерілетуге ықпал етеді. Қазірдің өзінде жүргізіліп жатқан жұмыс біздің қоғамда айтарлықтай өзгерістерге әкелетінін, мүмкіндіктердің теңдігін қолдап, әйелдердің экономикадағы рөлін нығайта түсетінін көріп отырмыз», – деп Нұрлан Шегебаев өз ойымен бөлісті.
Сауда-саттықтың ашылу рәсімін өткізу қазақстандық қаржы қоғамдастығы мен KASE-нің халықаралық деңгейде гендерлік теңдік идеалдарын ілгерілетуге бейілділігін жетінші рет көрсетіп отыр.
Әлемнің 200 елінде 11 000-нан астам қатысушыны және 4 миллиард шотты біріктіретін жаһандық банк желісінде жылдам ақша аударымын жасауға мүмкіндік беретін SWIFT GO жаңа сервисін пайдаланыңыз.
SWIFT жоғары жылдамдықты төлем арналарын пайдаланады, соның арқасында халықаралық төлем жүргізу жылдамдығы жақсарды. Бұл банкке қызмет көрсету сапасын арттырып, клиенттеріміздің пайдаланушылық тәжірибесін жақсартуға мүмкіндік берді.
Біздің банктегі SWIFT GO ерекшеліктері:
- 4 сағат ішінде бенефициардың шотына есептелетін баламасы $10 000-ға дейінгі ақша аударымдары
- Валюталары: USD/EUR/GBP
- Swift GPI бойынша төлемді қадағалау
2 наурызда Шымкентте ерекше қажеттіліктері бар тұрғындарға арналған құрал-жабдықтар ұсынатын «Dos Ortopedia» компаниясының жаңа филиалы ашылды.
Шара барысында ерекше қажеттіліктері бар жандардың жағдайын жақсартуға бағытталған арбалар сыйға тартылды. Бастама ЦентрКредит Банкінің қолдауымен жүзеге асты.
«Dos Ortopedia» өкілдері бұл шараның маңызына тоқталды.
«Біз осы бір серіктестіктің арқасында ортақ мақсатымыз – баршамыз үшін өмір сүру сапасының артуына аяқ басып келеміз. Еуропалық брендтердің арбаларын ұсына отырып, біз қозғалысты қамтамасыз етіп қана қоймай, сапалы оңалту өнімдері туралы хабардар етеміз. Бұл өз кезегінде сапасыз өнімдердің таралуына бөгет болады. Біз қозғалыс құралын ұсынудан бөлек, тәуелсіз өмірге жол ашамыз», – дейді «Dos Ortopedia» компаниясының маркетинг және PR бөлімінің басшысы Сұлтан Қоңырбасов.
«Әлеуметтік жобаларды қолдау және қоғамға үлес қосу – банк қызметінің маңызды аспектісі. Теңдікті қамтамасыз ету бойынша мұндай бастамалар тұрақты, әділ, ізгі және дамыған қоғамға қарай қадам жасау және бұл бәріміз үшін маңызды», - деді ЦентрКредит Банкінің PR директоры Сәкен Нығмашев.
2024 жылғы 29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні уақыт белдеуін UTC +5-ке өзгерту бойынша жұмыстар жүргізіледі.
Осыған байланысты 29 ақпан күні сағат 23:00-ден бастап 1 наурыз сағат 02:00-ге дейін банк сервистерінің жұмысында үзіліс болуы мүмкін.
Уақытша келтірілген қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз.
2024 жылдың 26 ақпанында Алматыда халықаралық байланыстарды нығайту және кәсіби тәжірибе алмасу аясында "Банк ЦентрКредит" АҚ Тәжікстаннан келген "Банк Эсхата" ААҚ-мен бірлесіп телемаркетинг және сатуды басқару саласында іс-шара өткізді.
Кездесудің маңызды бөлімі банк өкілдерінің тұтынушылармен байланыс пен тиімді сатуды автоматтандыруға арналған озық платформа – Delta m жүйесімен жұмыс істеу бойынша білім және тәжірибе алмасу болды.
Сарапшылар клиенттерден түсетін нәтижелі өтініштері, онлайн мониторинг тәсілдері мен қоңырау сапасын бақылаудың маңызды аспектілерін талқылады. Бұл өз кезегінде қызмет көрсету деңгейін көтеру және тұтынушылардың тәжірибесін оңтайландырудың негізі.
"Бүгінгі оқиға қаржы индустриясында инновациялық шешімдерді дамыту және енгізу үшін халықаралық ынтымақтастық пен тәжірибе алмасудың маңызын айқындайды. Біз Эсхат Банкімен ынтымақтастықтың болашағы зор екеніне сенеміз және өзара тиімді тәжірибе алмасуды жалғастырамыз деп үміттенеміз. Бұл біздің клиенттерімізге қызмет көрсетудің сапасын одан әрі арттырып, сатылымның өсуіне ықпал етеді", – деп атап өтті ЦентрКредит Банкінің телемаркетинг дирекциясының басшысы Әлім Әлиев.
Екі банктің өзара серіктестігі кәсіби байланысты нығайтып, сонымен қатар клиенттерге қызмет көрсету сапасын едәуір жақсартып, қаржы секторында инновациялық тәсілдерді дамытуға ықпал ететін озық технологиялар мен жұмыс әдістерін енгізуге сеп болады.
"Эсхат Банкі" ААҚ – Тәжікстандағы банк операцияларының барлық негізгі түрлерін ұсынатын ірі банктердің бірі. Эсхат Банкінің желісіне Тәжікстан бойынша 22 филиал мен 295 банктік қызмет көрсету орталығы кіреді. Банк ұсынатын қызметтерге бизнесті дамыту үшін несиелеу, тұтынушылық көп мақсатты несиелеу, ақша аударымдары, банк карталары бойынша қызмет көрсету, мерзімді салымдар мен депозиттер, сауданы қаржыландыру, аккредитив және банк кепілдіктері, сейф ұяшықтарын жалға алу, кассалық есеп айырысу, инкассация қызметтері және т.б. операциялар кіреді.
Құрметті клиенттер!
«Банк ЦентрКредит» АҚ сыртқы экономикалық қызмет бойынша бизнес-клиенттерге арналған стандарт тарифке өзгерістер енгізілгенін хабарлайды:
Сыртқы экономикалық қызмет, ҚҚС-ны қоса алғанда: | |
Шартқа есептік нөмірді қағаз тасымалдағышта тағайындау/жаңғырту | 8 000 KZT |
BCC Business арқылы | 4 000 KZT |
| Есептік нөмірі бар шартқа қатысты толықтыруларды/өзгерістерді қағаз тасымалдағышта қабылдау | 2 000 KZT |
| BCC Business арқылы есептік нөмірі бар шартқа қатысты толықтыруларды/өзгерістерді қабылдау | 1 000 KZT |
| Валюталық шартты қағаз тасымалдағышта есептік нөмір тағайындаусыз тексеріп, қабылдау | 2 000 KZT |
| BCC Business арқылы | 1 000 KZT |
Стандартты тарифтерге сілтеме жасайтын мұрағатталған тарифтік пакеттердің шарттары да өзгеретінін ескеріңіз
Баға қойғаныңыз үшін сыйлық береміз💚
Бөлімшеге келіп, банк қызметін пайдаланғаннан кейін оған баға қойыңыз да, банктен мерч: пауэрбэнк, үстел сағаттары және суға арналған бөтелкелерді ұтып алыңыз.
📌Ұтыс ойынына қалай қатысуға болады?
2024 жылғы 1-30 маусым аралығында бөлімшеге келіп, банк қызметін пайдаланғаннан кейін 30 минут ішінде SMS немесе push-хабарлама сілтемесі бойынша сауалнамадан өтіп, автоматты түрде ұтыс ойынына қатысыңыз.
8 шілде күні парақшамыздың сторисінде 80 жеңімпаз анықталады:
- жеке тұлғалар арасында 50
- бизнес-клиенттер арасында 30
Егер жеңімпаз ұйымдастырушы бірінші қоңырау шалған сәттен бастап 48 сағат ішінде ұйымдастырушының қоңырауларына жауап бермесе немесе жүлдеден бас тартса, ұйымдастырушы резервтік жеңімпазбен байланысады.
ЦентрКредит Банкі (ЦКБ) тобы KASE-ге жиналған өтінімдер көлемі бойынша көш басында
ЦКБ тобы 2024 жылдың 29 қаңтары мен 8 ақпаны аралығында өткен Air Astana акцияларын бастапқы жария ұсыну (IPO) процесін сәтті аяқтады.
Осы маңызды оқиғаның нәтижесінде құрамына "Банк ЦентрКредит" АҚ және "BCC Invest" АҚ кіретін ЦКБ тобы инвесторлардан ішкі нарықта Air Astana IPO-cы аясында берілген 32 млрд теңгеден (72 млн. АҚШ долларына тең) астам сомаға өтінімдер жинады. Қаражаттың негізгі бөлігі жеке инвесторлардан тартылды, бұл аталмыш IPO-ға қызығушылықтың жоғары екенін айқындайды.
ЦентрКредит Банкі екінші деңгейдегі банктер арасында жетекші орынға ие болды. Өтінімдер көлемінің сомасы – 18 млрд теңге тең, бұл жалпы 8 811 өтінім берген 7 400-ден астам белсенді клиенттен келіп түскен.
Банк өз клиенттеріне алдын ала нарықта (пре-маркет) сауда-саттыққа қатысудың бірегей мүмкіндігін ұсынды, бұл оларға Air Astana акцияларына ерте қол жеткізіп, биржада негізгі сауда-саттық басталғанға дейін инвестициялау мүмкіндігін сыйлады.
Сауда-саттықтың бірінші күнінде ЦКБ клиенттері KASE-де Air Astana акцияларымен сауда-саттықтың сәтті басталуын қамтамасыз етуде банктің жетекші рөлін және белсенділігін растады. Осылайша олар жергілікті нарықта жасаған сауда-саттықтың барлық көлемінің 80%-ға жетті.
ҚНРДА 03.02.2020 ж. берген №1.2.25/195/34 лицензиясы.
Құрметті клиенттер!
Осы арқылы «Банк ЦентрКредит» АҚ 2024 жылғы 8 ақпаннан бастап жеке тұлғалардың ұлттық валютамен жаңадан тартылған «Чемпион», «Эталон», «Рақмет», «Рақмет+», «Менің мақсатым», «Балаларға арналған сандықша» және «Икемді» (ЭЦБ-дан көшірілген) депозиттері бойынша сыйақы мөлшерлемелеріне өзгерістердің енгізілгені туралы хабарлайды.
ЦентрКредит Банкі мен Documentolog IT-компаниясы "Жеке кәсіпкерлерге кредит беру" API бойынша пилоттық жобаны іске қосты.
Енді Documentolog клиенттері (жеке кәсіпкерлер) Documentolog Market цифрлық қызметтер платформасында банктен несие алуға өтініш бере алады. Бұл шешім B2B секторындағы несиелеу процестерін жеңілдету мен жеделдетудегі маңызды қадам болып табылады.
"Documentolog Market - бұл цифрлық қызметтердің алғашқы маркетплейсі. Біздің негізгі миссиямыз – компаниялар арасында құжаттар мен қызметтермен алмасуды жеңілдету арқылы жұмыс ортасын тиімдірек және ыңғайлы ету. Documentolog Market Documentolog экожүйесіне кіреді, оның пайдаланушылары бүгінде 100 000-нан астам компания және 120 000 жеке тұлға болып табылады", – деді Documentolog Market басшысы, Амина Байкенова.
Іске асырылған қызметтің арқасында ЦентрКредит Банкінің open API арқылы кредитке өтінім ресімдеуге, шешімді және банктен қарызды бірден online режимінде алуға болады.
"Банк Қазақстанның барлық қаржы секторы үшін осы бағыттың маңыздылығын түсіне отырып, open API технологияларын дамытуда. Біз серіктестеріміз үшін сапалы технологиялық сервистерді ұсынуға тырысамыз, олардың бизнесін дамытуға мүмкіндік туғызамыз", – деп атап өтті ЦентрКредит Банкінің президенті, Руслан Владимиров.
"ЦентрКредит Банкінің API-мен жұмыс істеу біздің компания үшін оң тәжірибе болды. Бұл біздің ынтымақтастығымыздың бастамасы ғана, біз елдегі қаржы секторын одан әрі дамыту үшін ауқымды даму болашағын көріп отырмыз", – деді Documentolog жобалық басқармасының басқарушы директоры Аклия Дзевульская.
Бүгінгі таңда кез-келген ұйым өз қызметін цифрландыруға өтініш беріп, өз клиенттерімен және серіктестерімен өзара әрекеттесуді Documentolog Market платформасында онлайн форматқа ауыстыра алады.
Картадан картаға аударымдарды (P2P аударымдар) жөнелтуге және алуға қатысты ЦентрКредит Банкінің төлем карталары бойынша лимиттердің өзгеретініне назар аударыңыз.
Енді аударымдарды жөнелту және аударымдарды алу бойынша лимиттер тең.
Лимиттермен толығырақ келесі сілтеме бойынша «Карточкалық операциялар бойынша лимиттер» бөлімінен таныса аласыздар: https://www.bcc.kz/personal/card-operation-limits/
Өзгерістер 29.01.2024 ж. бастап күшіне енеді.
Пакет услуг "Опция ВЭД", в рамках обновления тарифных планов, будет отключен по истечению срока своего действия.
Выбирайте новый тарифный план для осуществления внешнеэкономической деятельности.
Подключайте новый пакет услуг: https://www.bcc.kz/business/current-account/tariffs/
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің 2023 жылғы 29 желтоқсандағы № 99 қаулысына сәйкес Банк 19.01.2024 ж. бастап:
* электрондық және интернет-казинода операциялар жүргізу (шетелдік эквайер-банктер бойынша интернет саласында МСС 7995-пен жасалатын карточкалық операциялар);
* 21 жасқа толмаған жеке тұлғалардың ойын бизнесін ұйымдастырушылардың пайдасына кез келген операцияларды жүргізу мүмкіндігін шектеді (МСС 7995 карточкалық операцияларын жасауға және букмекер кеңселерінің пайдасына төлемдер жасауға тыйым салу).
Құрметті клиенттер!
Осы арқылы «Банк ЦентрКредит» АҚ 2024 жылғы 15 қаңтардан бастап жеке тұлғалардың ұлттық валютамен жаңадан тартылған «Рақмет», «Рақмет+», «Менің мақсатым», «Икемді» (ЭЦБ-дан көшірілген) және «Сенімді» (ЭЦБ-дан көшірілген) депозиттері бойынша сыйақы мөлшерлемелеріне өзгерістердің енгізілгені туралы хабарлайды.
Автокредит берудің жаңа бағдарламасын ұсынамыз: Hyundai автомобильдері 3,5% мөлшерлемемен
Толық шарттары:
- ЖТСМ: 3,55%
- Бастапқы жарна: 50%-дан бастап
- Мерзімі: 48 айға дейін
Егер сіз Hyundai автокөлігін 48 айдан астам мерзімге немесе 50%-дан аз бастапқы жарнамен сатып алғыңыз келсе:
- Мөлшерлеме: 21,3%-дан бастап
- ЖТСМ: 23,48%-дан бастап
- Бастапқы жарна: 10%-дан бастап
- Мерзімі: 84 айға дейін
Бағдарлама Tucson, Palisade, Staria модельдерінде жарамды.
Hyundai дилерлік орталығында толығырақ ақпарат алып, өтініш бере аласыз
Біз онлайн-ипотеканы ресімдеуге болатын тағы 4 қаланы қостық, олар – Атырау, Орал, Талдықорған және Түркістан
Қалалар тізімі: Алматы, Астана, Шымкент, Қарағанды, Өскемен, Ақтөбе, Тараз, Павлодар, Ақтау, Петропавл, Көкшетау, Семей және Қостанай, Атырау, Орал, Талдықорған және Түркістан.
Онлайн ипотеканың басты артықшылығы – бар болғаны 2 минутта қаралады.
Шарттары:
- сомасы 100 млн теңгеге дейін
- мөлшерлемесі 14%-дан бастап (ЖТСМ 15%-дан бастап)
- мерзімі 15 жылға дейін
- тек қайталама нарықтағы пәтерлер
Өтінімді біздің банктің кез келген бөлімшесінде беруге болады
Air Astana "Upcycling for the Future" көрмесі бизнес-серіктесі ЦентрКредит Банк қолдауымен және алаңында тағы да ашылды.
Көрме әуекомпанияның бастамасымен Boeing 767, Airbus A320 және Embraer 190 ұшағының бөлшектері мен борттық атрибутикасынан жасалған концептуалды жиһаз жинағынан тұрады.
Қанаттардың және тұмсықтың бөліктері, жүк сөрелері, пайдаланылған эконом және бизнес-класс креслолары қайта өңделіп, жаңа өмірді тапты.
"Upcycling for the Future" жобасы қоғамды тұрақты даму қағидаттарын ұстануға және қоршаған ортаға әсерді азайту үшін материалдарды қайта пайдалануға ұмтылуға шабыттандырады.
Сәкен Нығмашев, ЦентрКредит Банкінің PR директоры: "Біз Air Astana-ның экологиялық тұрақты болашақты құру бойынша бастамасын қолдаймыз және қазақстандық бизнеске ESG озық тәжірибесін енгізудің ортақ мақсатына қосыламыз. Алматылықтар мен қала қонақтарын осы концептуалды көрмені көруге шақырамыз, мұнда әрбір адам авиация әлемін жаңаша ашады."
Көрме 10 қаңтардан бастап, жұмыс күндері (9:00 – 18:00) Алматы қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 38 мекен-жайында орналасқан Банктің бас кеңсесінде өтеді.
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап валюталық заңнамадағы өзгерістерге назар аударыңыз:
№78 Экспорттық-импорттық валюталық бақылаудың жаңа қағидасы (№ 42 Қағиданың орнына) күшіне енеді.
№ 40 Валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидасына және № 64 Валюталық операцияларға мониторинг жүргізу қағидасына өзгерістер енгізілді.
Өзгерген мәселелер (негізгі өзгерістер):
Баламасы $50 000-нан астам соманы құрайтын немесе егер Шартта ҚР шекарасы арқылы тауарларды өткізу көзделмесе немесе электрондық ақшамен операциялар жүргізу көзделсе, мәміле сомасын көрсетпей-ақ барлық белсенді валюталық шарттар үшін есептік нөмір (ЕН) алу қажет.
Мұндай шарттар бойынша ЕН-ді 2024 жылғы 1 сәуірден кешіктірмей, бірақ валюталық шарт бойынша міндеттемелерді орындау басталғанға дейін алу қажет.
ЕН алғанға дейін мұндай шарт аясында төлемдер және (немесе) аударымдар жүргізілмейді.
Егер ЕН берілген шарт аясында төлемдер және (немесе) аударымдар бірнеше банк арқылы жүргізілсе, онда төлем және (немесе) ақша аударымы жүргізілгенге дейін бірақ 2024 жылғы 1 сәуірден кешіктірмей есептік тіркеу банкіне шарт бойынша міндеттемелердің орындалуы туралы мәліметтерді ұсыну қажет.
Егер банктің ақпараттық жүйесінде тауарларға арналған декларациялар, тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініштер, электрондық шот-фактуралар туралы мәліметтер болмаса, енді банкке мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйесінде осы деректердің бар екендігін растайтын анықтаманы ұсынудың қажеті жоқ.
Репатриациялау мерзімін бұзу бойынша есептілікті ұсыну мерзімдері:
1. Егер репатриациялау мерзімі аяқталса, ал бейрезиденттің валюталық шарт бойынша орындамаған міндеттемелері сомасының баламасы $50 000-нан асатын болса, 15-күнге дейін қоса есептегенде банктік бақылаудың жеке карточкасы (ББЖК) Ұлттық Банкке жіберіледі, ол жерден бір жұмыс күні ішінде мемлекеттік кірістер органдарына жіберіледі.
2. Егер репатриациялау мерзімі 2023 жылғы қарашада аяқталса және бейрезиденттің экспорттаушы/импорттаушы алдында орындалмаған міндеттемелері сомасының баламасы $50 000-нан асатын болса, онда ББЖК 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 15 қаңтарға дейін қоса есептелетін кезеңде ұсынылуы тиіс.
Қызмет көрсететін банк жаңа банкке ауысқан кезде:
1) экспорт/импорт бойынша валюталық шартты валюталық бақылауға қабылдау туралы өтініш;
2) валюталық шарттың ЕН берілгені туралы белгісі бар түпнұсқасы/көшірмесі.
ЕН тіркегеннен кейін жаңа банк клиентке бұрын қызмет көрсеткен банкке шарт бойынша міндеттемелердің орындалуы туралы ақпарат алуға сұрату жібереді, оны алғанға дейін жаңа банк төлемдер/аударымдар жүргізбейді. Алдыңғы банк жаңа банктен сұратуды алғаннан кейін 3 жұмыс күні ішінде клиенттің ЕН-ді алу туралы өтінішінсіз және ақпарат беруге келісімінсіз ЕН-ді есептік тіркеуден шығарады.
Экспорт немесе импорт бойынша валюталық шарт бойынша ЕН алу тәртібін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершіліктің болуына назар аударуды өтінеміз.
- Ұлттық Банк өзінің қаулысымен елден ақша шығару деп танылуы немесе валюталық заңнама талаптарын орындаудан жалтару ретінде қарастырылуы мүмкін валюталық операция түрлері мен критерийлерін бекітті. Осы операциялар бойынша резидент банкке* валюталық бақылау органдарына және құқық қорғау органдарына осы төлем және (немесе) ақша аударымы туралы ақпаратты тапсыруға, сондай-ақ уәкілетті банктің талабы бойынша өзге де құжаттар мен ақпаратты ұсынуға рұқсат береді. Бұдан басқа, банк осы операциялар бойынша Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңға сәйкес әзірленген және қабылданған ішкі бақылау ережелеріне сәйкес осындай операцияға мониторинг жүргізеді және зерттейді.
- Бұған операцияның келесі түрлері кіреді:
- егер сауда немесе исламдық қаржыландыру бойынша мәмілелерді, сондай-ақ бейрезиденттердің Қазақстандағы өзінің филиалдарымен жүргізетін операцияларын және елдегі шетелдік ұйымдардың өкілдіктері арасындағы операцияларды есептемегенде, шарттың/қосымша келісімнің талаптарымен банктегі шотқа ақша түсімі көзделмесе, бейрезиденттің – резидентке (банкті есептемегенде) берілетін кез келген қарызы;
- егер сауда немесе исламдық қаржыландыру бойынша мәмілелерді, сондай-ақ бейрезиденттердің Қазақстандағы өзінің филиалдарымен жүргізетін операцияларын және елдегі шетелдік ұйымдардың өкілдіктері арасындағы операцияларды есептемегенде, шарт талаптарымен қарызды пайдаланғаны үшін сыйақы төлеу көзделмесе, резиденттің бейрезидентке (үлестес емес тұлғаға) беретін қарызы;
- бейрезиденттің төлем мерзімі резиденттің міндеттемелерін орындаған күннен кейінгі 720 күннен асатын экспорт бойынша операциялар;
- бейрезиденттің міндеттемелерді орындау мерзімі, оның ішінде авансты/алдын ала төлемді қайтару бойынша мерзімі резиденттің міндеттемелерін орындаған күннен кейінгі 720 күннен асатын импорт бойынша операциялар;
- резиденттің клиенттердің тапсырмалары бойынша валюталық операцияларды жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы - бейрезидентке $50 мың доллардан астам сомаға ақша аударуы;
- резиденттің шетелдегі меншікті шотына $50 мыңнан астам сомаға ақша аударуы;
- резиденттен бейрезидентке $50 мыңнан астам сомаға қайтарымсыз ақша аударуы;
- бір бейрезидентпен жасалған екі немесе одан да көп валюталық шарт бойынша резиденттің күнтізбелік айдағы бұндай валюталық шарттарға ЕН берілуі тиіс шекті мәннен асатын жалпы сомадағы төлемдері және (немесе) ақша аударымдары.
* рұқсат беру еркін нысанда ресімделеді. Валюталық шарт аясында валюталық операциялар бойынша барлық төлемге және (немесе) ақша аударымдарына қатысты бір рұқсатты ұсынуға жол беріледі